Ірі қара малдың көру қабілеті адамдікімен салыстырғанда айтарлықтай өзгеше болады. Ірі қара малдың көру өрісі өте үлкен – 330° ғана емес, көру өткірлігі де адамдыкімен салыстырғанда айтарлықтай төмен. Ірі қара контурларды бұлыңғыр ғана ажыратады. Сондықтан сиырлардың кедергісіз қозғалуы үшін күні бойы біркелкі жарық болғаны өте маңызды. Атап айтқанда, олардың жүретін жолдарында біресе жарық, біресе қараңғы жерлердің болмағаны дұрыс. Әйтпесе, жануарлар жарықтың өзгеруіне бейімделу үшін ондай жерде көбінесе тұрып қалады.

Ымырт түскенде ірі қара адамдарға қарағанда әлдеқайда жақсы көреді. Сондықтан түнде қорада кеңістік бағдарлау үшін жарық қажет емес. Дегенмен, бұл жануарларды түнде тексеруді жеңілдетеді. Сарапшылар күндізгі жарықтың қарқындылығы шамамен 150 люкс болуын ұсынады. Түнде жарықтандыру қарқындылығы 10 люкстан аспауы керек. Сегіз сағаттық қараңғылық кезеңдері мелатонин концентрациясының түнде жоғарылауына кедергі болмауын қамтамасыз етеді. Жарықтың ұзақтығы міндетті түрде маусымға сәйкес болып тұруы керек

Жарықтандыру ұзақтығы 14 сағат болғаны жеткілікті деп саналады.

Уве Веддиге

Фото: KFM