5 01, 2024

Мүйізсіздендіруді кәсіби түрде жасаңыз!

2024-01-05T04:15:29+00:005. января 2024|

Қорада байланбай ұсталынатын сиырлар еркің жүріп тұра алады, бірақ сонымен бірге қызмет көрсетуші персонал үшін де, жануарлардың өздері үшін де жарақат алу қаупі арта түседі. Сондықтан мүйізсіздендіру практикалық және кең таралған әдіс болып табылады. Бұл процедураны бұзаулардың тұғанынан алғашқы 14 күнінде термиялық кескішпен жүргізу ұсынылады. Бұл жаста мүйіз бүршіктері салыстырмалы түрде әлі де кішкентай және жануарларды бақылау да оңайырақ. Мүйіз бүршігі пен оның айналасындағы тіндер арасында қабықшалар болмаған жағдайда ғана мүйіздің өсуін шектеу мүмкін. Германияда бұзауларды алдын ала седациялау міндетті тұрде өтеді, Қазақстанда — ұсынылады!

Жан-жақты практикалық тестілеу нәтижесінде 220 В батареямен жұмыс істейтін құрылғылар пайдаланудың қарапайымдылығы талаптарына сай келеді және мүйізді күйдіру  әрқашанда сәтті өтеді. Газбен жұмыс істейтін құрылғылар да жақсы нәтиже көрсетті, бірақ қолайлы газ баллондарының болуын үнемі қадағалап отыру қажет. KFM командасының тәжірибесіне сәйкес, ауаны қыздыру арқылы жұмыс істейтін құрылғыларды пайдаланған қиындау, өйткені сыртқы температура төмен болса, күйдіруге жеткілікті температураға дейін қыздыру мүмкін бола бермейді. Нәтижесінде мүйізді күйдіру тым ұзаққа созылады, бұл мүйіз айналасындағы тіндерді аса қыздыруға және соның салдары ретінде, зақымдануына апарады.

KFM ұжымы 2024 жылдың наурыз айынан бастап «Байсерке-Агро» жанындағы сүт өндіру құзыреттілігі орталығында бұзауларды мұйізсіздендіру бойынша практикалық сабақтар өткізетін болады. Осы тақырып бойынша нұсқауларды KFM жобасының жаднамасында табуға болады.

Уве Веддиге

Фото: KFM

2 01, 2024

Жаңа жылдарыңызбен!

2024-01-02T08:08:56+00:002. января 2024|

Құрметті достар және KFM жобасының ұйымдастырушылары, бұл жыл біз үшін шараларға толы жыл болды — жобаның бірінші кезеңінің аяқтап, екінші кезеңіне көштік. Осы қол жеткізген жетістіктеріміз бен алдағы 2024 жылда келер мүмкіндіктер үшін РАХМЕТ деп, сіздерге  алғыс айту бізге маңызды. Барлық пилоттық шаруашылықтарға, әріптестік ұйымдар мен жобаларға, Астана мен Берлиндегі екі ауыл шаруашылығы министрлігіне, сондай-ақ бізді әрқашан қолдап келген сүт шаруашылығы секторының көптеген сарапшыларына ерекше алғысымызды білдіреміз. Біздің барлығымызды құзыреттілік орталығын құру бойынша үлкен жұмыс күтіп тұр.

Наурыз айында мастер-тренерларды дайындау мен біздің кеңесшілерді оқытудың өзі келесі бірінші жылы көп күш салуды талап етеді. Бұл елдің оңтүстігіндегі жаңа пилоттық шаруашылықтарды анықтауға да, шағын және ұсақ шаруашылықтарды қолдау мен елдің солтүстігіндегі пилоттық шаруашылықтарға да кеңес берудің жалғастырылуына қатысты. 2024 жылы алда кездесетін мәселелерді шешуде сіздердің қолдауларыңызға үміттенеміз. Сіздерге 2024 жылда сәттілік, денсаулық пен бақыт тілейміз.

Сіздердің KFM  ұжымыңыз

29 12, 2023

Көгерген сүрлемді малға бермеңіздер!

2024-01-02T08:14:18+00:0029. декабря 2023|

Көгерген жемшөп сиырлардың денсаулығына айтарлықтай қауіп төндіреді.

Зең токсиндері көп жағдайда бактериялық ас қорыту процестерін бұзады. Егер месқарын бактериялары өлсе, күйіс қайыратын малдың асқазанында толық ас қорыту процесі бұзылады, сонымен қатар ішектің шырышты қабығының микотоксиндермен тікелей зақымдалуына байланысты қатты диарея мен іштің бұрап ауруы жиі кездеседі.

Ластанған жемді жейтін көптеген сиырлар желін немесе өкпенің жедел қабынуынын зардап шегеді. Сонымен қатар, көгеру токсиндерінің әсерінен туындаған тұяқ дермасының зақымдануы жиі кездеседі, бұл ламинит ауруының жоғарылауына әкеледі.

Зеңдердің өсуі үшін оттегі қажет, сондықтан тиісті пленкаларды қолдана отырып, сүрлемнің жақсы жабылуы және дұрыс тығыздалуы маңызды. Сүрлемді алу кезінде оның қопсытылмауын қамтамасыз ету керек, алынған жерлері  тегіс және тығыз болуы керек.

Шөп пен сабан теңдері де көгеріп кетуі мүмкін, әсіресе сыртта сақталатын болса. Дәнді дақылдар қоспалары мен концентрацияланған жемшөптерді қолданар алдында әрқашан көгермегенін тексеру керек.

Уве Веддиге

Фото: KFM

27 12, 2023

Сиырлар еш қиындықсыз қыстап  шыға алады!

2023-12-27T03:49:32+00:0027. декабря 2023|

Жоғары температура жылу стрессін тудырады, ал аяз сиырларға қалай әсері етеді?

Жоғары температура жағдайында сиырлар жылу жүктемесін жеңілдету үшін жемшөп жеуін азайтады. Суық мезгілде жылу шығара алатындай энергияны қамтамасыз ету үшін жемшөпті көбірек жейтін болуы керек еді. Алайда, бұл көрсеткіш шамалы ғана өседі.

Жоғары өнімді ірі қара мал қыста өзінің жоғары мөлшерде сұт өндіргенінің барысында жылу шығаратындығынын арқасында суыққа төзімді болады, бірақ оның жүні құрғақ болған жағдайда ғана. Сондықтан қорада жел өтіні мен шамадан тыс ылғалдылық болмауын қамтамасыз ету керек. Сиырлар жататын жерде міндетте тұрде құрғақ, қалын төсеніштің болуы керек.

Ашық қораларда су құбырлары мен астаулар аязға төзімді болуы керек. Дегенмен, -15 °C-тан төмен температура ұзақ уақыт бойы сақталып тұрса, жабдық жұмыс істемей қалуы, ал селекциялық қақпалар -20 °C-тан төмен температурада қатып қалуы мүмкін. Қораның перделері бар болса, ауа ағынын реттеуге болады. Бұл жүйелерді ауа-райы датчиктері арқылы реттеу дұрыс болар.

Суық өнімділікке іс жүзінде жағымсыз әсер етпейді. Сиырлар сау болса және жел мен ылғалдан қорғайтын қорада ұсталса, суыққа төзімді болады.

Уве Веддиге

Фото: KFM

21 12, 2023

Шағын шаруашылықтар — негізгі проблемалар неде?

2023-12-21T08:05:35+00:0021. декабря 2023|

Шағын шаруашылықтар — негізгі проблемалар неде?Неміс сарапшысы жақында оңтүстік Қазақстанда жағдайды талдап, семинарларға, оқу курстарына және консультациялық қызметтерге қажеттіліктерді анықтау үшін болды. Үш облыста — Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарында — доктор Ульрих Шмидт сүт өндірудегі проблемалар мен мүмкіндіктерге қатысты көптеген шағын сүт өндірушілер мен өңдеушілерден сұхбат алды.

Қазақстандық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының әйелдер ұйымымен, ауыл шаруашылығы әкімшілігімен және жергілікті әкімдіктермен байланыс шағын фермерлік шаруашылықтардың жағдайы туралы құнды мәліметтер алуға мүмкіндік берді. Бұл деректер аулдардағы жеке үй шаруашылықтар топтарына арналған оқыту курстарын әзірлеу кезінде пайдаланылатын болады.

Ветеринарлық гигиена, тамақтандыру, сүт гигиенасы және фермераралық ынтымақтастық сияқты тақырыптар тез арада манызды деп анықталды. Сондықтан KFM жобасы тиісті үй шаруашылықтары немесе ауылдық қоғамдық ұйымдар үшін жылына кемінде үш курс ұсынатын болады. Курстарды ұйымдастыру кезінде жұмыс істейтін әйелдердің сабақтарды өткізу уақыты мен орны тұрғысынан мүмкіндіктері ескерілетін болады.

Уве Веддиге

Фото: KFM

19 12, 2023

Қытай сүт нарығы

2023-12-19T16:26:15+00:0019. декабря 2023|

Қытай, әрине, сүт өнімдерінің ең ірі импорттаушыларының бірі болып табылады. ФАО мәліметтері бойынша, 2022 жылы Қытайға әлемдік сүт саудасының шамамен 35% — ы түскен. Алайда импорт ішкі нарықтағы көлемнің күрт өсуі және сұраныстың баяу өсуі аясында азайып барады.

Қазіргі уақытта шикі сүт өндірісі шамамен 41 миллион тоннаны құрайды, оның 60% — дан астамы сүт зауыттарында өңделеді. Қалғаны тікелей тұтынылады немесе ел ішінде қайта өңделеді. ФАО мәліметтері бойынша, Қытайда тұтынылатын сүттің шамамен 70% — ы ел ішінде өндіріледі және шамамен 30%-ы импортталады-негізінен аса жоғары температурада өңделген сүт және құрғақ қаймағы алынбаған сүт ұнтағы, сондай-ақ майсыздандырылған сүт ұнтағы және көбінесе ірімшік түрінде.

Сарапшылар 2024 жылы ішкі өндірістің өсуіне байланысты құрғақ қаймағы алынбаған сүттің де, құрғақ майсыз сүттің де импорты төмендейді деп күтеді.

Ультра жоғары температурада өңделген лы сүт (UHT сүті) Қытай сүт нарығында басым өнім болып табылады. Тұтынушылар UHT сүтінің көптеген пайдалы қасиеттері бар деп санайды, әсіресе балалар мен қарт отбасы мүшелері үшін. Импортталған UHT сүті жақсы рейтингке ие, сонымен қатар сапасы мен бағасы бойынша Қытай сүтінен артықшылығы бар. Бұл өнімдерге жоғары нарықтық сұраныс ішкі өндірістің де, импорттың да өсуіне ықпал етеді.

Уве Веддиге

График: agrarheute

14 12, 2023

Мастер-тренерларды оқыту басталады!

2024-01-24T04:36:46+00:0014. декабря 2023|

Сүт фермаларының саны тез өсуде, бірақ көбінесе жақсы дайындалған мамандар жетіспей жатады. Бұл тапшылықты жою үшін KFM жобасы өзінің кешенді оқыту және біліктілікті арттыру бағдарламасын белсендіруді жоспарлап отыр.

Біз семинарлар мен оқу курстарын өткізу үшін бірнеше жаттықтырушыларды/тренерларды қабылдаймыз. Бұл мамандар жаздан/күзден бастап шағын және ірі сүт өндіруші шаруашылықтарға  көптеген курстар өткізеді. Біз тәжірибе мен теория арасындағы тығыз байланысқа ерекше мән береміз. 2024 жылдың күзінен бастап «мастер-тренерлар» сүт өндіру бойынша кеңесшілердің бірінші тобын оқытады.

Үміткерлердің сүт өндіру немесе сүт өндіру бойынша кеңес беру саласында расталған тәжірибесі болуы және қарқынды түрде оқуға қызығушылығы болуы керек.

Болашақ жаттықтырушыларды оқыту төрт айлық бағдарламасы сүт өндіру, жем өндіру, құрылыс және шаруашылықты басқару сияқты салаларға бағытталған. Олар сонымен қатар әдістемелік және дидактикалық құралдарды пайдалануды үйренеді.

Оқу бағдарламасы наурыз айының басында басталып, маусым айының соңында бітіру емтиханымен аяқталады. Бағдарламаны сәтті аяқтаған соң қатысушылар  Германияда тағылымдамадан өтеді деп жоспарланған.

Оқуға қабылдау және оқу туралы сұрақтарға Айнагуль Аяганова (тел.: +7701 910 3375, e-mail: ainagul.ayaganova@adt.de) мен Сымбат Сагындыкова  (тел.:+7707 124 2466, e-mail: sagyndykova.sr@mail.ru)  жауап береді.

Уве Веддиге

Фото: KFM

13 12, 2023

“Байсерке-Агро” оқу ғылыми-өндірістік орталығындағы тұяқ күтімі бойынша тренинг

2023-12-13T08:40:21+00:0013. декабря 2023|

Тұяқтарға дұрыс күтім жасалмаса, сиыр көбінесе  тұяқтың сыртқы жартысына сүйеніп тұрады. Бұл көбінесе тұяқтың зақымдануының және тұяқ  жараларының себебі болып табылады. Нәтижесінде тұрақты шамадан тыс жүктеме пайда болады, бұл сыртқы тұяқтарға  басып жұру беру арқылы күшейеді.

Қорада байланбай ұсталатын жағдайда «ылғалды жер тұяқтардың пішіні жайсыз болып қалыптасуына әкеледі», — деп түсіндіреді Хольгер Пловка Байсерке-Агро  фермасының қорасындағы тұяқ күтімі бойынша тренингке қатысушыларға. Бұл ретте ол тұяқтың тым өсіп кеткен бетін және ең алдымен сиырдың дене салмағының көп бөлігі түсетін қуыс ойықтардың жоқтығын көрсетеді. «Бұл табанның ішкі бөлігіне үлкен салмақ түсіреді», — деп жалғастырады неміс сарапшысы,»бұл терінің зақымдануына және көбінесе табан жарасының дамуына әкеледі».

Содан кейін ол «функционалды тұяқ күтімі»  аясында тұяқтарды қалай кесу керектігін көрсетті. Бірнеше күнге созылатын оқу курсының барлық қатысушылары стандартты күтімді ғана емес, сонымен қатар өсіп кеткен немесе қабынған тұяқтармен де күрделі жұмыстарды орындайды. «Мен Хольгердің қалыптырды орнықтыру мен таңғыштарды қолдануы барысында көп нәрсені үйрендім», — дейді қатысушылардың бірі оқу нәтижелерін жоғары бағалай отырып.

Уве Веддиге

Фото: KFM

7 12, 2023

Бұзауларға арналған жылы микроклимат

2023-12-07T06:03:33+00:007. декабря 2023|

Сиырлар салқындықты жақсы көреді, ал бұзаулар температура төмендесе, тез тоңып қалады. Сонымен қатар олардың өмірінің алғашқы айларында ересек мал үшін жылудың күшті көзі болып табылатын месқарыны жоқ. Өмірінің алғашқы үш аптасында бұзаулар үшін 15 °C -дан төмен температура стресс болып сезіледі! Ересек бұзаулар 5 °C -ден төмен температураны суық деп сезінеді.

Бұзауларға жылу болу үшін ұсынылатын бес қарапайым шара:

  1. Азықтандыру: дені сау бұзаудың денесі, егер ол жеткілікті энергия алатын болса, жететіндей мөлшерде жылу шығара алады. Егер сыртқы температура төмендесе, көп су беру немесе сүт алмастырғыштың дозасын ұлғайту қажет, өйткені жылуды өндіруге энергия жұмсалады.
  2. Құрғақ, терең сабан төсеніші: бір рет бұзау қорасында тізерлеп отырып көріңіз — егер тізелеріңіз құрғақ болса, бәрі дұрыс. Егер тізелеріңіз ылғалданса, төсенішті ауыстыру қажет. Жатқан бұзауларды байқап көріңіздер! Сабан төсенішінің қалындығы жеткілікті екенін бағалау үшін бұзауды күнделікті бақылау кезінде төсеніштің тереңдігін бағалау шкаласын пайдаланыңыз.

— 1 ұпай: бұзаудың аяқтары толығымен көрінеді — көбірек сабан салыңыз!

— 2 ұпай: бұзаудың аяқтарының жартысы көрінеді — көбірек сабан салыңыз!

— 3 ұпай: бұзаудың аяқтары көрінбейді — бәрі дұрыс!

  1. Бұзауларыңыздың үсті құрғақ болсын: жаңа туған бұзаулардың терісін тез кептіру керек, сиырдың жалағаны жеткіліксіз! Терісі құрғақ болса ғана жылуды жоғалтудан қорғай алады. Өмірдің алғашқы 12 сағатында ауасы жылынатын немесе жылытқышы бар бокстарды қолданған жөн.

4. Бұзауларға арналған көрпешелерді пайдаланыңыз: бұзаулардың терісі құрғақ болуын, көрпешелердің де құрғақтығын  және дұрыс жабылғанын қадағалаңыз. Дымқыл, қатты ластанған көрпелерді ауыстыру керек. Келесі бұзауды жылыту үшін пайдаланар алдында көрпелерді кемінде 60 ° C температурада жуу керек.

Уве Веддиге

Сурет: calfcare.ca

5 12, 2023

Метрит – салдары бар ауру

2023-12-05T06:06:04+00:005. декабря 2023|

Бұзаулағаннан кейін сиырдың жатыры қалпына келе бастайды. Оның барлық гормондық теңгерімі қалпына келеді және осы кезеңде жаңа жүктілік үшін негіз қаланады. Екінші жағынан, егер сиырда бөлінділер болса, онда ол көбінесе буаз бола алмайды.

Метрит немесе эндометрит сияқты аурулар ашық босану жолдарында микробтар аса қаптап кеткенде, сонымен қатар ағзаның табиғи қорғаныш күштері мен механизмдері олармен күресу үшін жеткіліксіз болғанда пайда болады. Зерттеулер көрсеткендей, клиникалық эндометритпен ауыратын сиырларда сервис-кезеңі орта есеппен 32 күнге созылады, әдетте ұрықтандыру 10% -ға көбірек және ұрықтандыру проблемаларына байланысты түсік тастау қаупі 70% -ға жоғары болады.

Температураның көтерілуі — ағзадағы қабыну процесінің бірінші белгісі. Жануарларды қарқынды бақылаумен қатар күнделікті температураны тексеру арқылы ғана ауру белгілерін тез анықтау мүмкін. Бөлінділері байқалаған әрбір сиырды емдеу шаралары бойынша одан арғы әрекеттерді мал дәрігермен талқылау қажет.

Уве Веддиге

Сурет: KFM

Go to Top