Ыстықтан тек сауын сиырлар ғана зардап шекпейді. Бұзау үйшіктері де тікелей күн сәулесі астында тез жылынуы мүмкін.

20°С-тан жоғары температурада бұзаулар да көлеңкелі жерлерді іздейді. Бұзаулар терлеп, ауыздарын ашып, ақыры ағзасы сусызданғанша ауыр тыныс алады. Бұлшықеттері дірілдеп, құрысу пайда болады. Дене қызуы 40°С-қа дейін көтерілуі мүмкін.

Жаз мезгілінде жануарлар суды көбірек қажет етеді, ал сүт алмастырғыш арқылы түсетін сұйықтық көлемі азаяды. Бұзаулардың алдында кез келген уақытта жеткілікті мөлшерде таза су болуы керек!

Үйшікті көлеңкелі жерге қою немесе тентпен күн сәулесінен қорғау керек. Үйшіктегі ауа айналымын жақсарту үшін барлық тесіктерді ашып, мүмкіндігінше үйшікті тастармен «тіреу» керек. Жеке үйшіктер арасындағы қашықтықтың алыстау болуы да ауа айналымын жақсартады.

Егер бұзаулар қорада ұсталса, терезелер мен перделерді ашып, қосымша желдеткіштерді пайдалану керек. Бірақ бұзаулар тікелей өтпелі желге ұшырамауы тиіс. Желсіз әрі ыстық күндері сыртта болса да желдеткіштер әсерінен олар жеңілденіп қалады. Ыстық күндері бұзауларды басқа қораға/топқа ауыстыру, мүйіздерін күйдіру, көңді жинау сияқты әрекеттерден міндетті түрде бас тарту керек.

Уве Веддиге

Фото: Бұл бұзаулар көлеңкедегі орынға риза болар еді © KFM