Шаруашылықтарды аралау кезінде сырт көзге сау көрінетін, алайда басында, аяғында да алопециясы бар бұзауларды жиі көруге болады.
Бәлкім, бұл «сүттің месқарынға құйылып” қанның шамадан тас қышқылдануының салдары болуы мүмкін. Бұл жануарлардың ішкен сүті ұлтабарға емес, дамымаған мескарынға кұйылады. Бұл аса қышқылдануға әкеледі, нәтижесінде диарея пайда болады.
Сүттің месқарынға түсудің себебі оның тым суық болуы, асығыс ішу немесе дұрыс азықтандырмау салдарынан «жұту рефлексінің» бұзылуы болуы мүмкін. Мамандар оған бұзаудың ашық шелектен су ішуі де жиі себеп болады деп отыр. Ал егер бұзау енесінің емшегінен немесе шелектің емізігінен емсе, жұту рефлексі сүттің месқарынға құйылмай, ұлтабарға түсуін қамтамасыз етеді.
Ішкен сүті месқарынға түсетін бұзауларды емдеу малдың жалпы жағдайына байланысты және мал дәрігерімен келісілуі керек. Шұғыл шараларға диарея кезінде электролиттер енгізу, күйзелістің алдын алу, таза су беру, шөп пен концентрат жемшөпті тұтынуды ынталандыру жатады. Ауыр жағдайларда месқарынды тазалау қажет болуы мүмкін.
Алдын алу шаралары туралы толық ақпаратты KFM «Азық қорыту бұзылыстары бар бұзауларға көмек» тегін жадынамасынан таба аласыздар.
Уве Веддиге
Фото © KFM