Жыл басында кәсіби қызмет саласында әдетте біршама тыныш болады, кеңес бойынша тек бірнеше сұраныс келіп түседі, ал 2025 жылғы жаңа семинар бағдарламасына дайындық негізінен аяқталған болады.
Мен алдағы айларда не істегім келетінін жоспарлау ойлау үшін жаңа жылдың алғашқы күндерін пайдаланғанды ұнатамын. Ал сіздерде жағдай қалай? Сіздер және сізддердің командаларыңыз 2025 жылға қандай мақсаттар қойдыңыздар? Сіз не істегіңіз келеді? Сіз не үйренгіңіз келеді? Жедел мақсаттарды үжыммен алдын ала талқылаңыз және оларды бірге анықтаңыз:
- Мақсаттарды жазып қойыңыз.
- Мақсатқа жету күнін анықтаңыз.
- Кезең бойынша мақсаттарды белгілеңіз.
- Мотивация үшін оларды көзге түсетін жерге іліп қойыңыз!
- Ешқашан 3-тен артық негізгі мақсат жазбаңыз!
Көптеген шаруашылықтарда эструсты бақылаудың жаңа жүйесін алу немесе жаңа бұзаулаған сиырларды ұстау менеджментің енгізу сияқты мақсаттар қойылып жатады. Демалу, біліктілікті арттыру және ұжымды біріктіру сияқты “жұмсақ дағдылар” / “soft skills” туралы ұмытпаңыздар! Сіздер мақсаттарыңыздың біріне қол жеткізгеннен кейін, оны қызметкерлеріңізбен бірге атап өтіңіздер. Бұл сіздердің шаруашылықтарыңызды одан әрі дамытуға көмектеседі және сіздерде келесі мақсаттар үшін жаңа идеялар пайда болуына түрткі болады.
Уве Веддиге
Графика: KFM