Стресс ағзаға салмақ түсіреді, ал кейбір жануарларға ол әртүрлі әсер етеді. Бұл ауыртпалықтың деңгейі стрестің фертильділікке қаншалықты әсер ететінін айқындайды. Ірі қара малдың негізгі стресс факторларына қоршаған ортаның әсері, аурулар, өндірістік жүктемелер, рационның өзгеруі және психологиялық стресс жатады.
Стресс тудыратын физиологиялық жүктеме жатырдың саулығына, аналық жасушалардың сапасына, аналық бездердің жұмысына және эмбриондардың даму мүмкіндігіне теріс ықпал етеді.
Сауын сиырлары жылу стресіне ерекше сезімтал, себебі жоғары сүт өнімділігімен қатар ағзада метаболикалық жылу да пайда болады.
Осылайша, жылулық стресс пен жоғары өнімділік малдың буаздық кезеңіне теріс ықпал етеді. Сауын сиырлардың жем-шөпті аз жеуіне бір жағынан қоршаған ортаның стресстік факторлары себеп болса, екінші жағынан, бұл тек жылулық стресстен туындайтын метаболикалық өзгерістердің салдары болып табылады.
Жаз мезгілінде сауын сиырлардың ыстықтан болатын стресі күнделікті мәселеге айналады. Бұл буаздық барысын тікелей нашарлатады. Сондықтан сиыр қораларында желдетудің автоматты жүйелерін орнату және оларды дұрыс пайдалану аса қажет.
Қосымша ақпаратты KFM-нің «Осьтік желдеткіштерді орнату» және «Casablanca желдеткіштерін орнату» ақпараттық парақшаларынан табуға болады
Уве Веддиге
Фото: бұл сиырға біраз салқындық қажет © KFM