Мал қорада ұсталатын сиырларда жайылымдағы сиырларға қарағанда ұстау жағдайына байланысты маститтің даму қаупі жоғары болады. Бұл ретте төсеніш материалдары қоршаған орта арқылы жұғатын патогендердің негізгі көзі болып табылады. Сондықтан инфекция қаупін азайту үшін бокстағы төсеніштің құрғақ және бактериологиялық тұрғыда қауіпсіз болуы маңызды. Сонымен қатар, жайлылық — жатып демалатын және жатып күйіс қайтаратын сиырлар үшін, олардың өнімділігі мен саулығы үшін маңызды.
Сиырлар құрғақ төсенішті өте жақсы көреді. Ылғалды төсеніштер сиырларда стресс тудырады, өйткені үстемдік етуші сиырлар ең құрғақ жерлерді иеленеді.
Сиыр жатқанда, оның желіндері мен емшектері жататың жердің бетіне тиіп тұрады. Төсеніш тек құрғақ қана емес, сонымен қатар оның патогенді бактериялары мүмкіндігінше аз болуы керек.
Төсеніш нәжіспен және зәрмен, сондай-ақ басқа көздерден келген бактериялармен ластанады. Алайда төсенішті дұрыс таңдау және оны жүйелі түрде ауыстыру инфекция қаупін азайтуға көмектеседі. Төсеніш материалдарының әртүрлілігі олардың гигиеналық жарамдылығының кең ауқымын көрсетеді. KFM-нің «Жақсы төсеніш мастит қаупін азайтады» деген жақында жарияланған жадынамасын қараңыздар.
Желін мен сирақ буындарының тазалығына қарап төсеніштердің сапасы мен тазалығы туралы білуге болады. Бұл мәселе бойынша KFM-нің тиісті жадынамалары www.kfm-kasachstan.net сайтында бар.
Уве Веддиге
Фото © Веддиге