Көптеген табындар тепе-теңдікке жете алмайды. Қашанда бір жерде проблема бар сияқты: жануарлардың денсаулығына немесе сүтке байланысты. Төлдеуден кейінгі талықсу, мастит және соматикалық жасушалардың көп мөлшері метаболикалық аурулармен кезектесіп тұрады және сіз себептерін анықтай алмайсыз ба?
Сіз өзіңіздің табыныңыздың иммундық жүйесі тұрақты, күшті болғанын қалайсыз, өйткені қазір жануарлар әр инфекцияны жұқтырады, ал сауым мөлшері де ойдағыдай емес. Мәселе қайда жатыр? Ветеринардың біліктілігінде ме, немесе азықтандыру туралы білімде ме? Ешқашан ұмытпаңыздар: азықтандыру жануарлардың денсаулығына тікелей әсер етеді, сонымен қатар шығындардың ең үлкен факторы болып табылады.
Сондықтан сіздің мақсатыңыз – табын мен ферма үшін дұрыс шешім қабылдау үшін азықтандыру бойынша сарапшы болу. Азықтандырудағы қателіктерден құтылсаңыздар, жұмыс уақытын үнемдейсіз, ұйқысыз түндерден ғана емес, ең алдымен шығындардан да арыласыз. Жануарлардың қазіргі сүт мөлшері мен денсаулық жағдайы ғана емес, сонымен қатар ферманың болашағы да азықтандыруға байланысты.
“Жақсы жемшөп = сау сиыр!” тақырыбы бойынша сіздер Арқабайдағы Сүт өндіру құзыреттілігі орталығындағы семинарлар мен тренингтерден біле аласыздар.
Уве Веддиге
Фото: KFM