Шоколад пен Рождество бір-біріне арналған. Көптеген адамдар ауыл шаруашылығынсыз шоколад болмайтынын түсінбейтің де шығар…. Бұл тәтті тағамның әрбір үзімінде какао бұршақтары мен дәмдеуіштер бар, барлық тәттіге құмар адамдар біледі оны, шоколад құрамындағы маңызды тағы бір бөлігі – қант. Ол егістікте өсірілген қант қызылшасынан немесе қант құрағысынан алынады. Және, әрине, сүт туралы ұмытпаңыздар. Мүмкін, сондықтан көптеген сорттар сүтті шоколад деп аталады. Мұқият қарасаңыздар, фермерлер бізді қоймаларымыз бен тоңазытқыштарымызды толтыратын барлық нәрселермен қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен қатар олар көптеген кішкентай және үлкен тағамдарға негіз болатын өнімдерді шығарады. Шоколад, торт, ірімшік, шұжық, алма, банан немесе нан болсын, бәрі ауыл шаруашылығынан келеді.
Осы бір себептің өзінен ақ ауыл шаруашылығы тек “азықтануды” ғана емес, сонымен бірге өркендеу мен бейбітшілікті де білдіреді. Ауыл шаруашылығы – болашақ, фермерлер қажет, олар Орталық Еуропада немесе Орталық Азияда болсын, біздің қоғам үшін таптырмас болып табылады. Кәсіби шектеулер, заңнамалық талаптар, бюрократия және экономикалық тәуекелдерге байланысты барлық ашуларға қарамастан, әсіресе фермерлер өздерінің қандай керемет, жауапты және маңызды жұмыс атқаратынын әрқашан есте сақтағандары маңызды.
Осыны ескере отырып мен Сіздерге мереке күндеріңізді жақсы өткізулеріңізді тілеймін,
Құрметпен Уве Веддиге
Сурет: KFM