“Мен маститке қарсы не істей аламын?”- бұл біздің кеңес беру жұмысымызда жиі кездесетін сұрақ. Дегенмен, созылмалы қабыну кезінде өнімділіктің төмендеуін желіннің денсаулығын жақсарту арқылы айтарлықтай азайтуға болады.

Атап айтқанда, стресс факторлары, мысалы, қорадағы сиырлар тығыздығы, иерархия, қорадағы климат және т.б. метаболизмге, демек, желіннің денсаулығына әсер етеді. Кальцийдің жетіспеушілігіне көбінесе назар аударылмайды. Бұл емшек сфинктерінің бұлшықеттерінің жұмысына теріс әсер етеді және осылайша микробтардың сүт безіне енуіне ықпал етеді.

Желінде қалатын сүт мөлшері көп болғандығы да  желіннің қабынуына әкелуі мүмкін. Егер сиырлардың 20% – дан астамының әр емшегінен 15 секунд ішінде 4 рет толық ағынды қалдық сүт сауылатын болса, шара қолдану керек. Басқа ықтимал себептерге алдын-ала иітіп алмағандығы, емшектердің нашар күйіне байланысты сүт ағынының жеткіліксіздігі, сауу аппараттарының дұрыс орналаспауы және сауу жүйесіндегі техникалық ақаулар жатады.

Емшектердің өзгеру себептерін анықтау әсіресе көп уақытты қажет етеді. Бақылау тізімі өте көлемді: сауу ұзақтығы, сүт ағыны 1 кг/мин. төмен немесе бос желіннің әрі қарай сауылуы, вакуум деңгейі және құралдың дұрыс кигізілмеуі. Көбінесе бактериялардың көп болуының себебі – ескірген немесе сәйкес келмейтін резеңкелер.

Микробтар сауыншылар  колдарының терісінде де қалады және осылайша сиырдан сиырға тарайды. Мұны қолғап кию арқылы азайтуға болады. Бастапқы сүт ағынын сауып алуға арнайы стаканды пайдалану арқылы да құрамында патогендер бар сүттің сауу бөлмесінің еденіне немесе жануарлардың аяқтарына тиіп әріқарай таралыуына жол бермейді. “Бір сиырға бір шүберек” әдісімен желінді құрғақ тазалау да инфекция қаупін азайтуға көмектеседі. Қосымша ақпаратты KFM жобасының “Сауу процесі” және “Сауу құрылғысы” чек-парақтарынан, сондай-ақ “Сауы қуралының резеңке таспаларын ауыстыру туралы”  жадынамадан табуға болады.

Уве Веддиге

Фото: KFM