Жақында Қазақстандағы сүт өндірісі бойынша құзыреттілік орталығының болашақ мастер-тренерлері Германияда өз білімдері мен дағдыларын кеңейте алды. Арқабайдағы орталықта төрт айлық қарқынды оқу курсы Германиядағы Вайенштефан-Трисдорф қолданбалы ғылымдар университетінде мазмұнды оқу бағдарламасымен аяқталды.
Қазақ зоотехниктері мен мал дәрігерлері азықтандыру және сауу бойынша тренингтерге қатысты, бағдарламада жаңа туған бұзауларға кұтім жасау, тұяқтарды өндеу және жалпы ірі қара малмен жұмыс істеу бойынша оқыту шаралары болды. Жануарларға тиімді жағдай жасау, олардың денсаулығы сияқты маңызды тақырыптар да назардан тыс қалмады. Екі апталық оқу бағдарламасы “тек қарап қана қоймай, іске кіріс” ұранына сәйкес практикалық сабақтарға бағытталған.
KFM командасының қолдауымен мастер-тренерлер алған білімдерімен болашақта семинарлар мен практикалық сабақтарда сүт фермаларының мамандарымен бөліседі.
Қыркүйек айының басынан бастап қызығушылық білдіретін тұлғалар Аркабайдағы “Байсерке” оқыту орталығында және басқа да фермаларда өтетін кең ауқымды практикалық оқу бағдарламаларына қатыса алады.
Уве Веддиге
Сурет: ADT