“Сүтті ірі қара малдың ірі және кіші табындарында жеке жануарға да назар аударуды ұмытпау керек”, – деп атап өтті Томас Энгельхардт Аркабайдағы семинар апталығының басында.

15-тен астам қатысушы неміс сарапшысынан “сауын сиырларды азықтандыруды табысты басқару” туралы көбірек білу үшін Қазақстанның оңтүстігіндегі Байсерке-Агро орталығына келді. Энгельхардт қажеттіліктің қазіргі мөлшері мен кейбір азықтардың нәрлілігін сипаттап қана қоймай, сонымен қатар қазақстандық негізгі азыққа көңіл бөлді. Ол жоңышқа сүрлемінің жүгері сүрлемімен қосындысының құндылығын/нәрлілігін ерекше атап өтті, сонымен қатар құрғақ егістіктерді өңдеу мен суарудың әсеріне тоқталды.

Иден қаласындағы Мал шаруашылығы және техника орталығының кеңесшісі суалған сиырлардың ерекше маңыздылығына көп назар аударды. Суалған және төлдеу кезінде малдың күйі бір қалыпта болуы керек. Бұл кезеңдегі өзгерістердің маңызы зор. Ең бастысы, транзиттік кезеңде азықты көп тұтыну, фермер сиырдың аштық шұңқырын үнемі қадағалап отыруы керек.

Энгельхардт қатысушыларға сиырдың азықтану белгілері бойынша кеңес беріп қана қоймай, сонымен қатар азық рационын бағалау мақсатында практикалық жаттығулар контекстінде азық пен нәжісті елеуішпен елеп талдау жасауды түсіндірді. Ол жануарлардың денсаулығын міндетті тұрде күнделікті бақылау керек екенін, бұл ферманың табысының орталық элементтерінің бірі екенін атап өтті.

Уве Веддиге

Сурет: KFM