Әрбір табын басқарушыcы сиырлардың қажеттіліктеріне сәйкес қоректік заттармен қамтамасыз етілуін бақылау үшін өз сиырларының азық құрғақ затын тұтыну мөлшерін білуі тиіс.
Азықты тұтыну негізінен 3 факторға байланысты.
- Жануарлармен байланысты және азықты тұтыну деңгейіне әсер ететін факторлар – бұл лактацияның жай-күйі, лактациялардың саны, тірі салмағы мен сауым сүт мөлшері. Лактацияның алғашқы апталарында сауым күрт өсетіндіктен, бұл кезеңде жемнің жоғары энергетикалық тығыздығы маңызды. Мал азығын тұтыну да сауымның өсуімен ұлғаяды. Алайда мал тұқымы азықты тұтынуға да әсер етеді.
- Азықты көбірек тұтынуға байланысты ең маңызды фактор дәмді, хош иісті және энергияға бай жемшөп болып табылады. Азықтағы энергияның жұғымдылығы мен құрамы да оның желінуіне үлкен әсер етеді. Судың жоғары мөлшері, қоқыстың көптігі және құрамындағы шабылған қатаң азықтың ұзындығы азықтың тұтынуын едәуір азайтады. Артық кетпеңіздер: егер рационның құрылымдық тиімділігі тым төмендесе, бұл азық беру процесіне байланысты ауруларға әкеледі.
- Қоршаған орта факторларының арасында бірінші кезекте қоршаған ортаның температурасын атап өткен жөн. Жоғары температура азықты тұтынуға теріс әсер етеді. Сүт сиырлары ылғалды және жылы климаттық жағдайларға қарағанда суық және құрғақ ауа райына жақсы төзеді. Алайда, жем-шөпті тұтынуға сондай-ақ жануарларды азықтандыру мен ұстау жағдайының барлық процесі әсер етеді, мысалы, азықты тарату және сүрлемді дайындау/сақтау және азықты уақытында сиырлардың алдына итермелеп тұру.
Қорытындылай келе, суалған сиырларға оңтайлы күтім жасалса және табынның денсаулығы жақсы болса, олар азықты жақсы жейді деп айтуға болады. Тек тұяқтары сау, ауырмайтын және стресске ұшырамайтын сүтті сиырлар азықты жақсы және жиі жейді. Бұл азықты тұтынудың жоғары деңгейіне қол жеткізудің негізгі алғышарты.
Уве Веддиге
Сурет: Веддиге