Жақында Орталық Азия мен Еуропадан келген 250-ден астам қатысушы Қырғызстандағы Ыстықкөлдің таңғажайып қарлы тауларының аясында өсімдік шаруашылығы, бау-бақша және мал шаруашылығындағы тік және көлденең интеграцияның тиімді үлгілері туралы көбірек мәлімет алмасу үшін кездестіі. Әсіресе мал шаруашылығын кәсібилендіру Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстанның ауылдық аудандарында жоғары құнды құруға кең мүмкіндіктер ашады.

Осыған байланысты Уве Веддиге “Сапалы сүт өндіруге 7 қадам” туралы презентация жасады. “Өңірге бөлшек сауда желілері арқылы сатуға жарамды жоғары сапалы және біртекті өнімдерді өндіру үшін технологиялық процестерді жаңғырту қажет”, – деп атап өтті KFM жобасының жетекшісі, сөзін өндірістік компаниялар мен ауылшаруашылық бірлестіктерінің сарапшыларына  жолдап.

“Конгресс аймақтық агроөнеркәсіптік кешен мамандарына жаңғырту үшін құнды құралдарды ұсынды және экономика мен қаржыландыру модельдерімен, сондай-ақ сүт, дәнді дақылдар мен картоп өндірісін дамыту стратегияларымен таныстырды”,-деп түсіндірді іс-шараны ұйымдастырушы, неміс Ауылшаруашылық қоғамының (DLG) өкілі д-р Ольга Хунгер.

Уве Веддиге

Фото: KFM