Бұзау диареясы-көптеген фермаларда күнделікті көрініс. Себебін анықтау көбінесе қиын болады. Бұл инфекция ма, әлде паразиттер ме? Мүмкін азықтандыру барысында температуралық режимі сақталмайды? Азықтандыру кестесі дұрыс жасалған ба? Сүт алмастырғыш дұрыс па?

Көбінесе өте қарапайым нәрселер үлкен әсер етеді:

  • Бұзауларға арналған шелектердің тазалығы: көптеген фермаларда шелектерді жууға арналған су мен дезинфекциялау құралдары тазартылатын шелектердің санына қарамастан өте сирек ауыстырылады. Егер соңғы шелектерді жууға қалған су өте ластанып кетсе және тым суық болса, онда мұндай тазалау тиімсіз. Егер тазартылған шелектер кептірілгеннен кейін сәл майлы болып тұрса, онда тазалау сәтсіз болғаны!
  • Емізікті тазалау: көптеген фермаларда емізіктер де бөлек немесе жеткілікті мұқият тазаланбайды.

Ұсыныс: табысты шаруашылықтарда бұзауларға арналған ыдыстар мен емізіктерді тазарту бойынша нақты нұсқаулар болады. Бұл нұсқаулардың орындалуы үнемі тексеріліп отырады.

Осы тақырып бойынша “Бұзауларға арналған шелектерді тазалау” атты KFM жобамыздың жадынамасын оқыңыздар.

Әрине, тазарту көп уақытты қажет етеді, бірақ бұл бұзауларды өсіруде үлкен жетістіктерге жеткізе алады. Қолмен тазалау қиын және тым көп уақыт кетеді десеңіздер, “шелек жуғыштар” көптен бері ұсынылып келеді. Он шелекті толық тазарту үшін “Grete” жабдығына 15 минут және 45 литр су қажет: https://www.cowsignals.com/en/blog/mein_name_ist_%E2%80%9Egrete%E2%80%9C

Уве Веддиге

Фото: KFM