Алғаш рет зертханалық жағдайда сиыр еті стейкі өндірілді. Бұл туралы жақында швейцариялық компания Mirai foods жариялады. Жаңа технология кәдімгі етке ұқсас етіп тіндерді өсіруге мүмкіндік береді, дейді швейцариялық компания.

Құрылымсыз фарш биореакторларда осыған дейін жасалып шығарылған. Бірақ стейк филесі – бұл “қиын міндет”, – деп атап өтті Mirai Foods компаниясының атқарушы директоры және негізін қалаушы Кристоф Майр, өйткені ол күрделі ет құрылымын жасайтын жасушалардың әртүрлі түрлерінен тұрады. “Бұл құрылымдау процесі технологиялық тұрғыдан күрделі және стейктерді дайындауды едәуір қиындатады”, – деп түсіндірді Майр.

Ұзын және жетілген бұлшықет талшықтары компанияның өзі жасаған биореакторында өсіріледі, содан кейін ферменттермен біріктіріліп, өсірілген май тінімен біріктіріледі. Компанияның айтуынша, мұның бәрі гендік инженерияны қолданбай жасалады.

Филе дайын болғанға дейін бес күн өтеді, содан сол одан кез-келген қалыңдықтағы стейктерді кесуге болады. Ақпан айының басында ағылшын 3D Bio-Tissues (3DBT) компаниясы әлемдегі алғашқы рет өсірілген жасушалардан шошқа филесін шығара алғанын хабарлады. Ол да паттенттелген меншікті технологияның негізінде жасалған еді.

Уве Веддиге

Сурет: LebensmittelZeitung