Уыз жас малдың өзінің иммундық жүйесін қалыптастыруындағы маңызды негізін құрайды. Уыз арқылы пассивті иммунитет  беріледі және ол осылайша өмірдің алғашқы күндерінде патогендерден қорғаудың және қалыпты дамудың негізі болып табылады.

Антиденелерге толы таза және жоғары сапалы уыз  – бұл күнделікті жұмыстағы мақсат ретінде ең жоғары басымдыққа ие болуы керек. Уыз сүтін бактериялармен ластап алмау керек.

Сондықтан микробтарды жою үшін белгілі және жиі қолданылатын әдіс уызды жылыту болып табылады. Термиялық өңдеу уызға қалай әсер ететіні АҚШ-та 100-ден астам бұзауға жүргізілген зерттеуде қарастырылған.

Нәтижесінде, уызды жылыту бұзауларға жалпы оң әсер етеді және олардың денсаулығын нығайтады деп айтуға болады. Жылытылмаған сүтпен салыстырғанда, 60 минут бойы жылытылған уыз ішкен бұзаулардың қанында антиденелер 27 % – ға көп болды. Бұл иммундық жүйенің қоздырғыштармен сәтті күресуінің маңызды факторы.

Сүттегі микробтардың мөлшері жылытқан кезде азаятын болса да, абсолютті гигиенаны сақтау қажет. Антиденелердің құрамын үнемі қадағалап отыру үшін уыздың сапасын үнемі тексеріп отырыңыз. Американдық ғалымдар уызды 60 °C дейін 60 минут қыздыру керек деп ұсынады.

Уве Веддиге

Фото: KFM