Күнделікті консалтинг бойынша жұмыста көбінесе назар жануарларға аударылады, бұл белгілі жайт. Мен малшаруашылық фермасына барған кезде – Қазақстанда болсын, Германияда болсын – мен күнделікті жұмыс процестерінің егжей-тегжейіне дейін біліп алуға тырысамын. Мұның бәрі” бақылау және тіркеуден ” басталады, содан кейін талдау және бағалау үшін әрдайым табын менеджерімен әңгіме болады.
Сиыр қорадағы жұмысшылардың жануарлармен қалай әрекеттесетінін көру және есту қызықты әрі маңызды. Жануарлардың стресстік реакциялары қорқынышты білдіре ме, әлде олар “тыныш” тұра бере ме?
Жануарлар көбінесе адамды ықтимал қауіп ретінде қабылдайды, кейде олар оған мән бермейді және оған назар аудармайды. Қалай болғанда да, ол “азық құдайы” сияқты болып көрінеді және оны әлеуметтік серіктес ретінде де қабылдауға болады. Мен осының әр түрлі формадағы барлық варианттарын кездестіріп жүрмін.
Стресстік реакциялар өндірістің түпкі нәтижесіне нақты әсер етеді. Стресс сүт өнімділігін төмендетеді. Осыған жақсы мысал – бір фермадағы әр түрлі сауу бригадаларының арасындағы жалпы сауу уақыты мен жалпы сүт өнімділігі бойынша айырмашылық. Табын менеджерлері бұл әсерді біледі, бірақ көбінесе оның себебін түсіндіре алмайды.
Қорқыныш пен стресс жануарлардың теріс әрекетін тудырады, сиырлар бір орында тұрмайды, сүт бермейді-біз бұл жағдайларды бәріміз білеміз. Осының салдары қандай? Сауыншылардың шыдамы таусылып, адам мен жануар арасындағы қарым-қатынаста шырғалаң шеңбер пайда болады.
Қазіргі мал шаруашылығында адамдар мен жануарлар арасында ауыртпалық түсірмейтін байланыс жоқ деуге болады. Болғанның өзінде де мұйіз кесу, тұяқ күту және вакцинация сияқты шаралар жануардың ауырсынуын тудырады. Нәтижесінде жануарлар қорқыныш пен стрессті сезінеді, жағдайлары нашарланадыі, ал адамдар еңбек қауіпсіздігінің, тиімділіктің, кірістің және қанағаттанудың болмауынан зардап шегеді.
Бұл теріс шырғалаң шеңберді малға қарайтын адамдардың ішкі көзқарасын өзгерту арқылы ғана бұзуға болады. Егер адамдардың мінез-құлқы оң бағытта өзгерсе, онда уақыт өте келе жануарлардың мінез-құлқы да сол бағытта өзгереді.
Уве Веддиге
Фото: KFM