21 01, 2020

Халықаралық сарапшының Қазақстанның солтүстік аймақтарына сапары

2020-03-20T10:44:42+00:0021. января 2020|

Сарапшы Мари Кюнстлинг ханымның (ИАК Лейпциг) Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Павлодарға сапары осы төрт әлеуетті  аймақтардағы  сүт өндіруге байланысты нақты жағдайды талдауға және талқылауға арналды. Атап айтқанда, мақсат тиісті облыстар мен аудан әкімшіліктерінен өсуге дайын қолайлы сүт фермалары туралы өзекті ақпарат алу және оны жүйелі түрде құжаттау болды.

Жоба ұжымының төрт аймаққа сапары туралы ақпараттандыру ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаеваның қолдауымен қамтамасыз етілді, ал әкімдіктер мен ауыл шаруашылығы басқармаларына әлеуетті пилоттық сүт фермаларының тізімін ұсыну туралы алдын ала сұраныс жіберілді. Шақырылған фермерлік шаруашылықтардың басшылары жоба, қатысу шарттары және кеңес беру тұжырымдамасы туралы сұрақтар қою мүмкіндігін қарқынды пайдаланды.

Жергілікті серіктестердің қызығушылығына, сондай-ақ жобаның екі қызметкері Айнагүл Аяганова мен Әділ Рахимовтың кең желісіне байланысты Павлодардағы Аграрлық несие корпорациясының филиалымен, Қостанайда KАЗ Консалтинг компаниясымен және Көкшетауда Солтүстік Қазақстан мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтымен маңызды келіссөздер жүргізілді.

«Жобалық аймақтарда жақсы қабылдау, Қазақстандағы сенімді алмасу және Германиядағы консалтинг қызметтерінің мазмұны мен іс — шараларына қызығушылық жоба табысты болады деп есептеуге негіз болады», — деді Мари Кюнстлинг. Ол барлық деңгейдегі серіктестер жобаға үлкен қызығушылық танытатынын және белсенді қатысып, ақпарат алғысы келетінін атап өтті.

Фото: KFM

21 01, 2020

Бірлескен жобаның басталуына байланысты кеңес

2020-03-20T10:53:13+00:0021. января 2020|

Бірлескен жобаның басталуына байланысты кеңесте қазақстандық серіктестердің, атап айтқанда Мал шаруашылығының ғылыми-инновациялық орталығы (МШ ҒИО) мен Аграрлық несие корпорациясының (АНК) өкілдері Нұр-сұлтан қаласында Германияның жауапты тұлғаларымен және жоба ұжымымен кездесті. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінен (АШМ) Еркебұлан Ахметов пен Республикалық сүтті және аралас ірі қара мал тұқымдарының палатасынан Руслан Бекішев және Кәрімов Қанат қатысты.

Жоба жетекшісі Уве Веддиге және оның орынбасары Айнагүл Аяганова жобаның мақсаттарын, күтілетін нәтижелер мен жобаны іске асыру тұжырымдамасын таныстырды. Басты назар Ақмола, Павлодар, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы болашақ пилоттық шаруашылықтарға бөлінді. Сүт өндірісін оңтайландыруға немесе кеңейтуге ниетті 50 — 400 сүт сиыры бар фермалар іріктелетін болады.

Торғын Нұрсейіт (АКК), Болат Сейсенов (жив ҒИО), сондай-ақ Бекішев Руслан (сүт тұқымдары палатасы) қолайлы шаруашылықтарды іріктеуге және тиісті тізімдерді жасауға қолдау көрсетуге уәде берді. Сонымен қатар, қысқамерзімді неміс сарапшысы Мари Кюнстлинг 2019 жылдың қараша айының ортасында жобаны облыстық және аудандық әкімшілік деңгейінде таныстырып, төрт әлеуетті аймақта ілгерілетеді.

Алынған «ұзын тізім» негізінде жоба ұжымы жобаға қатысушылардан тұратын жұмыс тобының көмегімен 15 пилоттық ферма анықтайды. Бұл органның төрағасы Еркебұлан Ахметов (АШМ) болады.

Желтоқсанның бірінші аптасында Берлинде консалтингтік фирмалармен, Ауылшаруашылық ренталық банк, фермерлік шаруашылықтар және Федералдық азық-түлік және ауыл шаруашылығы министрлігімен кездесу мақсатында Германияға мамандандырылған ақпараттық сапар жоспарланған.

Фото: KFM

10 01, 2020

Жобаның басталуы

2020-03-18T09:11:42+00:0010. января 2020|

«Қазақстанда кәсіпорындардың сүт өндірісін тұрақты дамыту саласындағы біліктілігін арттыру (қысқартылған: «Сүт өндіру саласындағы біліктілікті арттыру)» жобасы табысты басталды. Бастапқыда жоба 3 жылға жоспарланып отыр және оны Федералдық азық- түлік және ауыл шаруашылығы министрлігі (BMEL) қаржыландырады.

Жоба шеңберінде алғашында Қазақстанның солтүстігіндегі қазақстандық серіктестермен бірге өндірістік технологиялар саласындағы қарқынды өнеркәсіпп экономикасы мен өндірістік технологиялар бойынша кеңес беру үшін  15-ке жуық сүт фермасы (пилоттық фермалар) іріктелетін болады. Негізгі назар өзінің сүт мал шаруашылығының кеңейтіп, сапасын жақсартқысы  келетін немесе сүт өндірумен айналысқысы келетін шағын және орта сүт фермаларына аударылады.

Пилоттық шаруашылықтармен қарқынды консультациялық жұмыс нәтижесінде және осыған байланысты өндірістік жүйелерді оңтайландыру нәтижесінде алынған тәжірибе серіктес ұйымдардың кеңесберу дағдыларын нығайту және сүтті мал шаруашылығын жаңғырту үшін инвестициялар тартудың тиімділігін арттыру үшін жобалық жұмыста үнемі пайдаланылады. Осылайша, жоба, атап айтқанда, 2018-2027 жылдар аралығына жоспарланған сүт мал шаруашылығын қолдау мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруды қолдайды.

Осы жобаны іске асыру  ADT Projekt Consulting GmbH (жетекші серіктес) және оның серіктесі IAK Agrar Consulting GmbH компаниясынан құрылған консорциумге тапсырылған. Қазақстан тарапынан Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігі, мал шаруашылығы департаменті (саяси серіктес), сондай-ақ Нұр-Сұлтандағы Мал шаруашылығыныңі ғылыми-инновациялық орталығы мен Аграрлық несие корпорациясы институционалдық серіктес-мамандар ретінде негізгі серіктестер болып табылады.

Фото: KFM

Go to Top