27 12, 2021

Сіздің сиырларыңыз не жейді?

2021-12-27T04:44:17+00:0027. декабря 2021|

Бәлкім, Сіз жем араластырғышыңыздың таразысының көрсеткіштерін анық білесіз, бірақ ол жоғарыдығы сұраққа жауап беру үшін жеткіліксіз.

Сүрлемде зең қабаттары жиі байқалады. Ондай партиялар сүрлемде болмауы керек, бұл бәріне белгілі. Алайда, мұндай сүрлемдерде болатын әртүрлі микотоксиндер коктейлінің жануарлардың денсаулығына қаншалықты қауіпті екендігі әдетте жете бағаланбайды.

Мес қарынның «детоксикация әсері» туралы жиі айтылады. Бұл ішінара дұрыс: микотоксиндер метаболизмнің аз уытты өнімдеріне айналса да, мес қарынның сезімтал флорасына зақым келеді. Улану салдарынан алдынғы қарын метаболизмінің кез-келген бұзылуы өнімділіктің сипатты емес төмендеуіне әкеледі.

Сүрлемде зең пайда болуы әрқашан да сүрлем технологиясындағы кемшіліктердің белгісі. Жеткіліксіз тығыздалуы, дұрыс жабылмауы және сүрлемді шығарып алудағы қолайсыз стратегиялары ауаның енуіне, демек, зең көбеюіне ықпал етеді.

Не істеу керек? Жем араластырғышты толтырар алдында иістенген бөліктерді және барлық көгеріп ластанған қабаттарын мұқият алып тастаңыз. Пленка әрдайым бірнеше күнге ғана алынады. Қалған пленка ауаның енуіне жол бермеу үшін салмақ салып бастырылуы керек, пленка «үрленбеуі» керек. Сонымен қатар, алу кезінде траншеядағы сүрлем шамадан тыс қопсытылуына жол бермеу керек. Жүргізушілерге сүрлем тұрағышты дұрыс пайдалану туралы нұсқау берілуі керек.

Гигиеналық тұрғыдан мінсіз негізгі жем — бұл жоғары сүт өнімділігі мен жануарлардың денсаулығының негізі болып келеді. Араластыру процесінде жемде зең бөлшектері байқалмаса да, оларға толық қоспа рационында орын жоқ!

Уве Веддиге

Фото: KFM

17 12, 2021

2022/2023 жылдарғы көрмелер мерзімдері

2021-12-23T04:43:54+00:0017. декабря 2021|

АГРИТЕХНИКА сандық көрмесі жалғасуда! Бұрын хабарланғандай, пандемияға байланысты шектеулерге байланысты офлайн көрме болмайтын болды.

Бірақ, кем дегенде, қосымша сандық ұсыныс әлі де қол жетімді: жоспарланғандай, ол 2022 жылдың наурыз айының соңына дейін www.dlg-connect.com. сілтеме бойынша жарамды болады. Келушілер ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілердің соңғы ұсыныстарымен және ақпараттарымен таныса алады, цифрлық іс-шараларға қатысып компаниялармен және фермерлермен байланыс орната алады.

Келесі АГРИТЕХНИКА 2023 көрмесі жоспар бойынша 2023 жылдың 12-18 қарашасы аралығында өтеді.

Мал өсірушілер 2022 жылдың 15-18-қарашасы аралығында Ганноверде өтетін  келесі ЕвроТир көрмесіне назар аударуы керек. DLG Неміс ауылшаруашылық қоғамы «Мал шаруашылығын трансформациялау» ұранымен мал шаруашылығы мамандарына арналған жетекші әлемдік көрмені қолдаудың мамандандырылған бағдарламасын өткізеді.

«Өндіріс пен қосылған құн тізбегін қалыптастыру, сондай — ақ мал шаруашылығына қойылатын әлеуметтік және экологиялық талаптар үнемі дамып келеді», — дейді ЕвроТир жобасының жетекшісі Инес Ратке, — фермерлер, шаруашылық басшылары және компаниялар болашақты белсенді түрде қалыптастырады: басқару, сатып алу, маркетинг салаларында. ЕвроТир халықаралық платформа бола отырып, өзекті мәселелер бойынша ғана емес,көптеген  инновациялар мен шешімдер стратегияларын көрсетеді».

Мәтін және сурет: Уве Веддиге

10 12, 2021

Агритехника: көрме өткізілмейді

2021-12-10T10:06:05+00:0010. декабря 2021|

Соңғы күндері көптеген жорамал жасалды: Агртихеника 2022 жылдың басында офлайн көрме ретінде өткізілмеуі мүмкін. Неміс ауылшаруашылық қоғамы (DLG) бұрын 27 ақпаннан 5 наурыз аралығына кейінге қалдырылған ауылшаруашылық көрмесін өткізбейміз деп жоспарлап отыр. Ганновердегі ауылшаруашылық технологиясының басты көрмесі болмайтыны сөзсіз: Төменгі Саксония жер үкіметінің пандемияға қарсы шаралар туралы шешімдері көрмені әдеттегі шеңберде өткізуге мүмкіндік бермейді. Коронавирустық инфекцияны таратпау талаптарына байланысты келушілердің саны өте аз болады деп күтулуде. Қазір барлық дайындықтар көрмені 2023 жылы өткізуге бағытталған.

Уве Веддиге

Фото: Fendt

3 12, 2021

Бұзаулар суық күндері: Nesting-Score -төсеншенің тереңдігінің көрсеткіші

2021-12-03T07:58:55+00:003. декабря 2021|

Бұзаулардың салмағына қарағанда дене беті көлемі басымырақ. Егер қоршаған орта суық және ылғалды болса, мысалы, сабан төселмеген иглуста, дене температурасын ұстап тұру үшін бұзауға көп энергия қажет болады. Өсуге керек энергия бұндай суықта  жеткіліксіз болып қалады.

«Бұзаулар тұғанда, олардың днесеінде май аз болады, бірақ ағзадағы май иммундық жүйе үшін маңызды және дене температурасын ұстап тұруға көмектеседі», — деп түсіндіреді Уве Веддиге. Қыста бұзаулар суықтан күйзеліске ұшырайды.

Сондықтан сабан төсеп тұру арасындағы аралықты сақтау өте маңызды.

Айнагүл Аяғанованың тәжірибесіне сәйкес, төсеніш тереңдігі 3 балл болатын фермаларда бұзаулардың тыныс алу органдарының аурулары әлдеқайда аз кездеседі, өйткені жануарлар дене температурасын ұстап тұру үшін май қорларын кетірмейді. Сондықтан олар иммундық жүйені күшейтуге жұмсалады. Ол төсеніштің көлемі мен сапасының үш деңгейін түсіндіреді: 1 баллдық «Nesting-Score» болса, бұзаудың аяқтары сабанда толығымен көрінеді, 2 балл болса, олар жартылай көрінеді, ал 3 баллдық төсеніштен аяқтары мүлдем көрінбейді».

Алайда, төсеніштің үстіне көп сабан салу жеткіліксіз,»сүт мөлшері мен сүт алмастырғыштың концентрациясы да қысқы температураға бейімделуі керек» дейді KFM жобасының жетекшісі. Ауа температурасы 5°C төмен болса, қаймағы алынбаған сүттің көлемін 20% көбейту керек, сүт алмастырғыш үшін әдетте концентрацияны бір литріне 20 г арттыру жеткілікті. Өндірушінің нұсқауларын орындау өте маңызды.

Уве Веддиге

 

 

1 12, 2021

Жасыл апта 2022 көрмесі өткізілмейтін болды

2026-02-19T05:14:04+00:001. декабря 2021|

Берлинде 2022 жылғы Халықаралық Жасыл апта көрмесі болмайды. 21-30 қаңтар аралығында жоспарланған тұтыну жәрмеңкесінің болмайтыны Германия бойынша аурудың өршуі және коронавирусқа байланысты жоспарланып отырған шектеулерге байланысты.

«Халықаралық Жасыл апта» кездесу,  жаңалықтар ашу мен сусын-тағамдардың дәмін татып көру мүмкіндіктерін ұсынуға негізделген. Маскалар және қашықтықты сақтау сияқты  жағдайларда біздің келушілердің «жасыл аптадан» күткендері  ақталмайды», — дейді Messe Berlin компаниясының өкілі Ларс Йегер.

Федералды ауыл шаруашылығы министрлігінің «Азық-түлік және ауыл шаруашылығы бойынша жаһандық форум (GFFA)» іс-шарасы цифрлық форматта өтеді. 2022 жылғы 24-28 қаңтар аралығында виртуалды форумда саясат, бизнес, ғылым және азаматтық қоғам саласындағы 2000-ға жуық халықаралық қатысушылар ауыл шаруашылығы және азық-түлік саясаты мәселелерін талқылайды. GFFA 2022 «Жерді тұрақты  пайдалану: азық-түлік қауіпсіздігі топырақтан басталады»тақырыбына арналған.

Болжам бойынша, келесі Халықаралық Жасыл апта 2023 жылдың 20-29 қаңтары аралығында Берлин көрме кешенінде өтеді.

Уве Веддиге

Фото: berlin.de

27 11, 2021

Неміс Аграрлық Орталығындағы семинар: жұмыс бұзау қорадан басталады!

2021-11-27T15:48:23+00:0027. ноября 2021|

Неміс Аграрлық орталығындағы семинар: жұмыс бұзау қорадан басталады!

Бұзаудың дамуының кешігуі, қайталана беретін диарея, уыз сүтті көп тұтыну: көптеген фермаларда бұзау өсіру оңай емес. Тек сау бұзаулар ғана сау сүт сиырларына айналады!

Консультанттардың күнделікті тәжірибесінде дәлелденген он кеңестің көмегімен Уве Веддиге сиырлардың жайлылығының бұзаулардың денсаулығына әсері туралы түбегейлі білім берді. «Суалту кезеңі — бұл сүт сиырлары үшін демалыс сияқты. Олардың денсаулығы жақсы болғанда ғана бұзаулары сау және мықты болып туады», — дейді сарапшы.  Сиырды бұзаулатуға арналған сабаны мол төсеніші бар қоршаулар тиімді екені анықталған. Ұызды уақтылы ішу өмірдің сау басталуы үшін өте маңызды, ал келесі апталарда бұзауды сәтті өсіру үшін оларға сұт-жем беру кестесі де аса маңызды. «Мұнда үнемдеу  қажет емес, әсіресе қыста күніне 6-7 кг сүт беру — ол  өте аз», — дейді Уве Веддиге, фермалардағы жағдайды сипаттай келе.

Жануарларды үнемі бақылау және олардың денсаулығын тексерудің орынын ештеңе толтыра алмайды.»Әсіресе пневмония және диарея жағдайында уақытты өткізіп алмау керек», — деп Айнагүл Аяганова бұзаулардың денсаулығы туралы өз сөзінде ескертті және қатысушыларды мұндай жағдайларда тез және дәйекті әрекет етуге шақырды. «Көп жағдайда емдеу шараларын өткізу қажет, бірақ алдын алудың барлық мүмкіндіктерін пайдаланған дұрыс», — деді мал дәрігері Әсет Ерғалиев сүт табындарында вакцинациялаудың тексерілген стратегияларын ұсына отырып.

Уве Веддиге ұсынған  бұзауларға беретін құрғақ жемнің негізінде жасалатын қоспа рационына қатысты қарқынды пікірталас Олеся Кобзеваның (DAZ) басшылығымен өтті. «Бұл қоспалар сүт беру кезеңінде қосымша жем ретінде пайдалану үшін өте жақсы, оларды жасау оңай және олар бірнеше апта бойы жақсы сақталады, сонымен қатар бұзаулар оны жақсы көтереді», — дейді кеңесші.

Чаглинкадағы бір күндік іс-шараға қатысушылар сиыр мен бұзаудың денсаулығы арасындағы байланыс туралы және бұзаудың туылғанан бастап сүт беретін сиыр болғанға дейін әсер ететін көптеген факторлар туралы алған білімнің маңыздылығын атап өтті. Неміс Аграрлық Орталығында өткен бір күндік іс-шараның 35 қатысушысының бірі:» барлық процесстерді тұтас түсіну — сүт өндірудегі табыстың негізі болып табылады», — деп қорытынды жасады.

Уве Веддиге

18 11, 2021

“Серфингсіз” сауу

2021-11-18T11:48:39+00:0018. ноября 2021|

Соматикалық жасушалардың жоғары көрсеткіштері, сиыр саууға көп уақыт кететіндігі және қызметкерлердің аусуы сауу процессіне аса назар аударуға себеп болып табылады. Тек дұрыс сауу — бұл сапалы сүт пен желіннің денсаулығының негізі!

Пилоттық фермалардағы тренингтер барысында Уве Веддиге теория мен практикадағы сауу техникасы, желіннің физиологиясы және сауу процесі туралы негізгі дағдылар мен білімге үйретеді. Практикалық сауу кезінде ол желіннің гигиенасы қалай «сақталынатындығы» және емізіктер қалпына қарап нені анықтауға болатындығын көрсетеді.

Көбінесе желінді қажетсіз сулап тазалау, сауу стакандарының дұрыс салынбауы және оларды автоматты түрде алу жүйесі өшіріліп тұрғаны жийі кездеседі. Әр сауудың соңында сауу аппаратын қолмен шешіп алу – неміс тілінде оны «серфинг» деп те атайды — көп уақыт алады және жұмыс процесіне кедергі келтіреді.

«Массаж» деп аталатын алдын — ала ынталандыру, сауу стакандарын дұрыс кигізу және жұмыс тиімділігін арттыру тренингтердің басты назарында», — деп түсіндіреді KFM жобасының жетекшісі. «Сіз бұларды теориялық тұрғыдан түсіндіре алсаңыз,  мен бұл білімді ұзақ уақыт есте сақтап қалатындай әсерлі түрде толық бір сауу процессі кезінде сіздермен бірге сиыр сауып жеткізе аламын», — дейді неміс сарапшысы.

Пилоттық фермалардағы осы жеке тренингтер аясында Уве Веддиге сапалы сүт өндіру, сүтті өңдеу және салқындату, сондай-ақ желіннің құрылымы, желіндегі физиологиялық процестер, гигиена және желіннің денсаулығы туралы маңызды білім береді.

Уве Веддиге

18 11, 2021

D3 дәрумені көбірек сүт

2021-11-18T05:19:03+00:0018. ноября 2021|

Кәдуілгі сиыр сүтіне қарағанда сиырлар 20 есе көп D3 дәрумені бар сүт бере алады.

Баварияда Армин Хегенауэр қорасында сиырлар жататын жердің үстінде жоғарыда бес шам ілулі тұр. Олардың жарығы күн сияқты әсер беріп жануарлардың денесінде D3 дәрумені өндірілуін ынталандырады, мұнда күнге күйю қауіпі болмайды.

Мал дәрігері Петер Цигердің пікірі бойынша, осы арнайы шамдардың қосымша жағымды тағы бір әсері бар: жануарлардың хал-жағдайы мен денсаулығы жақсарады. Мал дәрігердің байқауынша, жануарлар әлдеқайда тыныш болып және денсаулықтары да әлдеқайда жақсарған сияқты.

Шамдарды орнатқаннан кейін Армин Хегенаудың сиырларында желіннің қабыну ауруы әлдеқайда азайды. Жылына бір немесе екі жануарда ғана кездеседі. Және онын айтуынша, сиырларды ұрықтандыру нәтижелілігі бұрынғыға қарағанда жақсарды. Бұл сиырлар өздерін жақсы сезінетіндігінің белгісі.

Шамдар күніне 16 сағат бойы жанып тұрады. Қора іші 8 сағат бойы қараңғы. Күн-түн ырғағы, жаздың ортасындағыдай. Сиырлар маусымдық өзгерістердің жоқтығын байқамайтын сияқты, дейді ветеринар Питер Зигер. Керісінше:»оларға осы күнделікті тәртіп ұнайды».

Бұрын сиырлар жайылымда көп болған, сондықтан олардың сүтінде D дәрумені де көп болатын, дейді D3-сүтін сатумен айналысатын Сабина Обермайер. Оның компаниясы «күн дәрумені бар сүтін» сатады, бір литрі 2,19 — 4,19 евро аралығында.

Алайда, адам D3 витаминін тамақпен бірге қандай көлемде қабылдау қажет деген сұрақ туындайды. Егер адам күн сәулесінің астында көп болса, оның ағзасында бұл витамин өзі өндіріледі. Сондықтан бәрі оның  далада таза ауада қанша болатынына байланысты. «Егер сіз күн сәулесіне шықпасаңыз, сізге қосымша D3 дәрумені қажет», — дейді Бонн университетінің тамақтану жөніндегі маманы профессор Петер Штеле.

Уве Веддиге

Фото: Карстен Веддиге

10 11, 2021

Бұзаулар туралы көбірек біліңіз

2021-11-10T15:56:25+00:0010. ноября 2021|

Бұзау өсіру саласында қандай қателіктерден аулақ болу керек? Неліктен қыста бұзаулар жем-шөбі басқаша болады, ауру бұзауды қалай анықтауға болады және диареяның себептері қандай?

Жоғары өнімді табынның ұрпағы ретінде сау және тез өсетін бұзаулар — бұл сүтті мал шаруашылығымен айналысатын әр фермердің қалауы. Өкінішке орай, іс жүзінде көбінесе басқаша болады, және көп жағдайда фермерлер не істерін білмей қалады.

Бұл жерде Айнагүл Аяганова мен Уве Веддигенің бұзаулар денсаулығы бойынша тәжірибеге бағытталған, бұзауды күту және азықтандыру бойынша дәлелденген шешімдер ұсынатын дәрістері көмектесе алады (екеуі де KFM атты сүт өндірісі саласындағы біліктілікті арттыру жобасынан). Бұл тақырыптар ірі қара мал жөніндегі мал дәрігері Әсет Ерғалиевтің бұзауларды вакцинациялау бағдарламаларын іске асыру туралы баяндамасымен, сондай-ақ  Юлия Вильдбранттың (Caisley компаниясынан) бұзауларды сәйкестендіру туралы ақпаратымен толықтырылатын болады.

Семинар сүт өндірушілерге де, сүт өндірумен айналысуды жоспарлап отырған фермерлерге де арналған.

Іс-шара

Неміс Аграрлық Орталығында 17 қараша күні сағат 10:00 өтеді.

Мекен-жайы: 021231 Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Чаглинка ауылы.

Семинар ақысы 6500 тенге. Жататын орын және тамақтану Немс Аграрлық Орталығында тегін.

Қосымша ақпарат алу және тіркелу үшін Олеся Кобзевамен (НемАО) осы телефон арқылы байланысыңыздар: +7 705 754 32 72.

9 11, 2021

Шешім кілті — мал денсаулығы

2021-11-09T09:31:17+00:009. ноября 2021|

Мал денсаулығы тұрғысынан пилоттық фермаларда жағдай қалай? Желіннің немесе тұяқтың ауруларына байланысты проблемалар қалай шешіледі? Дұрыс жемделмеген немесе толық егілмегендіктің салдарынан қандай проблемалар туындайды және малдың көбеюі мен бұзаудың өсуін қалай жақсартуға болады?

Алдағы бірнеше ай бойы тәжірибелі мал дәрігері пилоттық фермалардың басшыларымен кездесіп, малдардың ұсталынатын жағдайын өз көзімен көріп, сиырлардың, төлдер мен бұзаулардың деңсаулығын тексереді. Ол сонымен қатар фермаларда сынамалар алады. Оларды өзі талдап, малды сауықтыру туралы кеңестер береді.

Ерекше ештеңе жоқ сияқты, бірақ Әсет Ерғалиевқа қазақстандық сарапшы ретінде өткізетін жергілікті сапарлары барысында неміс мал дәрігері д-р Хуберт Буер онлайн-қолдау көрсетеді. Екі сарапшы табындардағы медициналық тарихты бірге талқылайды, сонымен бірге диагноз қойып, емдеу және алдын-алу шаралары бойынша  ұсыныстар жасайды.

Сонымен қатар, олар KFM ұжымына фермаларда мал денсаулығын қадағалау шараларын үйрету үшін маңызды кеңестер береді, өйткені бірқатар мәселелерді фермерлердің өздері малдың дене температурасын, қозғалыс белсенділігін, руминациясын және су ішуін жақсы бақылау арқылы анықтап шеше алады. Денсаулыққа қатысты проблемалар туралы жануарлардың иелері неғұрлым ертерек білсе, соғұрлым олар тезірек әрекет етіп, аурулардың дамуын бәсендете алады.

Бұл нәтижелер мен тәжірибе сүт өндірушілер мен ветеринарларға пайдалы болатыны анық. KFM жобасы өзінің жұмысы барысында мұндай ақпаратты фермерлер әрқашанда қандай қызығушылықпен қабылдайтынын көріп жүр: олар өз жануарларының сау болғанын қалайды.

Уве Веддиге

Go to Top