3 04, 2023

Дене температурасы бізге нені білдіреді?

2023-04-03T03:12:48+01:003. апреля 2023|

Бұзаулар алдындағы және одан кейінгі кезең, транзиттік фаза деп аталады,ол лактацияның жақсы басталуы үшін өте маңызды. Дене температурасын үнемі өлшеу — бұл фазада жануарлардың денсаулығын бақылаудың қарапайым да және арзан әдісі.

Бұл қарапайым шара жақындап келе жатқан босану кезеңін анықтауға мүмкіндік береді: бұзаулар алдында бірнеше күн бұрын дене температурасы 39,0-39,5°C дейін көтеріледі. Температура 0,5-1,0°C төмендегесе, келесі 12-24 сағат ішінде сиыр бұзаулайды деп күтуге болады.

Егер бұзаулағаннан кейін дене температурасы 38,2°C-тан төмен түссе, бұл кальций жетіспеушілігінің алғашқы белгісі болуы мүмкін. Осылайша, сүт безгегімен күресу шаралары ерте басталуы мүмкін. Тәбеттің болмауымен қатар, 38,2°C-тан төмен температура кетоздың белгісі болуы мүмкін.

Алайда, егер бұзаулағаннан кейін дене температурасы 39,5°C-тан жоғары көтерілсе, бұл қабыну процесінің айқын белгісі. Себептер, мысалы, шудың түспегені немесе желіннің қатты қабынуы болуы мүмкін.

Жануардың денсаулығының әдеттегі мониторингімен қатар, дене температурасын өлшеу — бұл бұзаулау уақытын анықтаудың және метаболикалық бұзылуларды немесе қабынуды ерте анықтаудың қарапайым әдісі.

Осы тақырып бойынша KFM жобасының «Дене температурасы бізге нені білдіреді?” атты жаднамасын оқұға ұсынамыз.

Уве Веддиге

Графика: KFM/Gasteiner

31 03, 2023

2023-03-31T12:50:30+01:0031. марта 2023|

Су болмаса, сүт болмайды

Сиырларға күніне 200 литрге дейін су қажет. Бұл қажеттілік салмаққа, күнделікті жем-шөп тұтынуға және қоршаған ортаның температурасына байланысты, бірақ сүт пен лактация күні де маңызды рөл атқарады. Су жеткіліксіз болса, өндірілген сүт мөлшері азаяды.

Мысалы, суалған сиырға 50 — ден 70 литрге дейін, ал жоғары өнімді сиырға ыстық күндері 200 литрге дейін қажет. Ауыз су сиырлардың жалпы тәуліктік су қажеттілігінің 80-90% құрайды. Қалғаны жем арқылы сіңеді. Сиыр қорасындағы сиыр су ішуге күніне 3 — тен 10 ретке дейін, ал жайылымда 2-ден 5 ретке дейін келеді, онда ол минутына орта есеппен 5-тен 8 литрге дейін су ішеді. Бұл көрсеткіш әлдеқайда жоғары болуы мүмкін, минутына 25 литрге дейін. Суға деген қажеттілік сауу мен жем қабылдағаннан кейін жоғары болады.

Көптеген консультациялық сапарлар кезінде жануар мен ішетін астаудың тым жақын болғаны, дұрыс орналаспауы және ішетін ыдыстардың функционалдық кемшіліктері байқалады. Әсіресе биопленка, жем қалдықтары және нәжіспен ластанғаны, сондай-ақ судың сапасыздығы жем жеуді қысқартады. Сонымен қатар, жануарлар зәрді аз шығарады, бұл оның концентрациясын арттырады. Бұл сиырлардың ауруларға тез шалдығып қалуын жоғарылатуы мүмкін.

Әсіресе жаз айларында судың жетіспеушілігі жылы температурамен бірге жануарлардың денесі мен метаболизміне кері әсер етуі мүмкін. Нәтижесінде сиырлар жемді аз жейді және сәйкесінше аз сүт береді.

Қазір сумен қамтамасыз етуді сыни тұрғыдан тексеретін уақыт келді. KFM жобасының «Сүтті сиырларды сумен қамтамасыз ету», «Судың сапасын тексеру» және «Сиыр ішетін суды тазарту» туралы жаднамаларын оқыңыз.

Уве Веддиге

Графика: KFM

27 03, 2023

Зертханада шығарылған сиыр еті стейктері

2023-03-27T03:17:57+01:0027. марта 2023|

Алғаш рет зертханалық жағдайда сиыр еті стейкі өндірілді. Бұл туралы жақында швейцариялық компания Mirai foods жариялады. Жаңа технология кәдімгі етке ұқсас етіп тіндерді өсіруге мүмкіндік береді, дейді швейцариялық компания.

Құрылымсыз фарш биореакторларда осыған дейін жасалып шығарылған. Бірақ стейк филесі — бұл «қиын міндет», — деп атап өтті Mirai Foods компаниясының атқарушы директоры және негізін қалаушы Кристоф Майр, өйткені ол күрделі ет құрылымын жасайтын жасушалардың әртүрлі түрлерінен тұрады. «Бұл құрылымдау процесі технологиялық тұрғыдан күрделі және стейктерді дайындауды едәуір қиындатады», — деп түсіндірді Майр.

Ұзын және жетілген бұлшықет талшықтары компанияның өзі жасаған биореакторында өсіріледі, содан кейін ферменттермен біріктіріліп, өсірілген май тінімен біріктіріледі. Компанияның айтуынша, мұның бәрі гендік инженерияны қолданбай жасалады.

Филе дайын болғанға дейін бес күн өтеді, содан сол одан кез-келген қалыңдықтағы стейктерді кесуге болады. Ақпан айының басында ағылшын 3D Bio-Tissues (3DBT) компаниясы әлемдегі алғашқы рет өсірілген жасушалардан шошқа филесін шығара алғанын хабарлады. Ол да паттенттелген меншікті технологияның негізінде жасалған еді.

Уве Веддиге

Сурет: LebensmittelZeitung

20 03, 2023

Сауын залы: еденді жаңартыңыз!

2023-03-20T02:52:50+00:0020. марта 2023|

Көбінесе бұл сиырлардың сауу бөлмесіне барғысы келмеуінен басталады, олар жиі тайп кете береді және еденде алғашқы шалшықтар пайда болады. Ылғал, нәжіс, зәр және сүт және сиырлардың тұрақты жүруі еденнің тозуына әкеледі. Бір күні оны жаңарту қажет. Бірақ қалай?

Оларды жұмыс жүріп жатқан жағдайда жаңарту үлкен күш-жігерді қажет етеді. Жаңа еден оңай және тез тазаланатын болуы керек. Сиырлар үшін ең маңызды факторлар — жақсы орнықтылық пен тұрақтылық. Және ол еден сиырладың жүруіне жайлы болуы керек.

Эпоксидті жабындар ең тиімді болып табылады және ұзақ қызмет етеді де оңай тазаланады. Құйылған асфальт та жақсы, оны сауу арасында резеңке жабындар сияқты орнатуға болады. Бетон мен кафель ұзақ колдану жағынан ұтымды емес және қазіргі заманға сай келмейді.

Сауын залын жаңарту оңай шаруа емес және көп жұмысты қажет етеді. Керек емес жерде үнемдемеңіз! Тиісті материалдарды қолданатындар және оларды дұрыс орнататындар ғана алдағы 10 жыл ішінде адамдар мен жануарларға жақсы жағдай жасай алады.

Уве Веддиге

Фото: Веддиге

15 03, 2023

Қытай супер сиырлары

2023-03-15T07:39:52+00:0015. марта 2023|

Қытай ғалымдары АҚШ-тағы қазіргі сүтті сиырларға қарағанда сүт өнімділігі 50% жоғары болатын сүтті ірі қара шығарады. Екі-үш жылдан кейін Қытайдың сүт пен ірі қара импортына тәуелділігін азайту мақсатында 1000 «супер сиырдан» тұратын табын алу жоспарланған.

Қытайдағы Солтүстік — Батыс A&F университетінің жауапты ғалымдары түсіндіргендей, алғашқы үш бұзаудың туылғаны соматикалық жасуша ядросын тасымалдау әдісі арқылы «супер сиырлардың» ұрық плазмасының ресурстарын арттырудың алғашқы сәтті эксперименті болып табылады.

Жаңадан туылған бұзаулар Қытайға бірнеше жылдар бойы әкелінген және өмір бойы 100 000 кг немесе одан да көп сүт беретін, 18 000 кг-ға дейін сүт өндіруге қабілетті Гольштейн-Фриз сиырларынан алынған.

Global Times газетінің хабарлауынша, сарапшылар Қытайда сүт өнімдеріне сұраныс артып келеді және Қытай асыл тұқымды мал мен сүт өнімдерінің импортына тәуелді деп мәлімдейді.

Уве Веддиге

Сурет: KFM

12 03, 2023

Аммиак шығарындыларын азайту

2023-03-12T03:05:10+00:0012. марта 2023|

Қораларда аммиак шығарындыларын (NH3) азайту үшін жақын арада уреаза ингибиторлары деп аталатын заттарды мал жүретін жерлерде қолдану ұсынылуы мүмкін. Қазіргі уақытта Брауншвайг қаласындағы Юлий Кюн институтында (JKI) Кильдегі Кристиан Альбрехт университетімен бірлесіп эксперименттік сынақтар жүргізілуде.

Сынақ барысында Анника Емкенің командасы уреаза құрулуын төмендететін затты қолдануды ұсынады. Зат не көң тазалайтын роботтың көмегімен, не жолдардың үстіндегі рельстермен өтетін бүріккіш штанганың көмегімен себіледі. Нәтижесінде несепнәрдің /мочевинаның аммонийге айналуы әлдеқайда баяу жүреді. Нәтижесінде NH3 шығарындыларының 40% — дан 60% — ға дейін төмендеуі ғана емес, сонымен қатар қорадағы ауаның айтарлықтай жақсаруы күтілуде.

Практикалық қолдану арқылы ғалымдар жануарларға, адамдарға және қоршаған ортаға зиянсыздығын дәлелдей алды. Сиыр қорасында пайдалануға рұқсат алу 2023 жылдың соңына жоспарланған.

Дереккөз: Düsser Milchviehtage 2023

Фото: KFM

7 03, 2023

Тұяқ ваннасына арналған ерітіндінің дұрыс дозасы

2023-03-07T06:31:31+00:007. марта 2023|

Тұяқтарды дезинфекциялауға арналған ванна ерітіндісінің артық дозалануы терінің тітіркенуі мен зақымдалуын тудырады. Ол Мортелларо және панариция сияқты жұқпалы ауруларға жол ашады. Ол жағдайды жақсартудың орнына нашарлатады. Белсенді заттың тым төмен концентрациясы табындағы микробтардың қысымын төмендетпейді. Шын мәнінде, ондай дезинфекциялық ванна «инфекциялық ваннаға»айналады.

Осы орайда үш қадам маңызды:

  1. Қандай белсенді ингредиент, қандай концентрацияда және тұяқтарды дезинфекциялау қаншалықты жиі жүргізілетіні әрқашан табын тұяқтарының денсаулығына байланысты. Тәжірибелі мал дәрігерлері мен жақсы тұяқ күтімі мамандары белгілі бір шаруашылыққа ұсыныстар береді.
  2. Белсенді заттың нақты дозасы үшін ваннаны толтырудың практикалық көлемін анықтау қажет. Ваннаны есептелген шелек сумен толтыру үшін аз күш жұмсаған жөн.
  3. Тұяқтарды дезинфекциялауға немесе күтуге арналған өнімнің белсенді ингредиентінің белгілі бір концентрациясы болуы қажет. Белсенді затты тұяқ ваннасына ұсынылған концентрацияға сәйкес салу үшін міндетті түрде оны есептеу керек.

Ваннадағы ерітінді теріні тітіркендірмеуі үшін рН көрсеткішін бақылап отыру керек. Белсенді зат нәжіс, зәр және су қосылып кетсе, сұйылтылады, ерітінді тиімсіз болып оның рН көрсеткіші жоғарылайды. Дегенмен, ол РН 4,0-5,5 диапазонында тұрақты болуы керек.

Тұяқ ваннасы әрқашан профилактикалық әсер етуі мүмкін, бірақ ол емдік шара емес! Мысалы, Мортелларо ауруынан жазылуы үшін зақымданған тұяқтарды тиісті құралмен және таңғышпен емдеу керек.

Уве Веддиге

График: KFM

3 03, 2023

Көбірек су ішетін бұзауларда диарея сирек болады

2023-03-03T05:41:26+00:003. марта 2023|

Бұзау қорасында сусыз болмайды. Бұзауларға өмірдің бірінші күнінен бастап су беру керек.

Суды кез келген уақытта іше алатын бұзауларда диарея сирек кездесетіні дәлелденді. Егер диарея пайда болса, суды қабылдау сұйықтық пен буфердің жоғалуынан болатын алмасу үдерістерінің бұзылуын азайтуы мүмкін.

Қыста бұзаулар үшін су ішу өте маңызды, өйткені ол тыртықтың дамуына, демек, концентрацияланған жемді ерте тұтынуға ықпал етеді. Судың жылы болуы маңызды. Температура 38-39 °C болуы керек, яғни жануардың дене температурасымен бірдей. Егер су тым суық болса, бұзаулар оны жылыту үшін қосымша энергияны қажет етеді. Тағы бір артықшылығы — су тез қатып қалмайды.

Біздің кеңес: әрқашан суды бір уақытта ұсыныңыз. Осылайша сіздің бұзауларыңыз үнемі су ішуге тез үйренеді.

Уве Веддиге

Фото: KFM

28 02, 2023

Желінге су тимейтін болсын!

2023-02-28T03:59:07+00:0028. февраля 2023|

Сиырлар сауу залынан шыққан кезде сауу машинасы мен мал жүретін жолдар көбінесе сумен тазаланады. Бұған жол бермеу керек, өйткені сауу кезектері арасында сауу орынын су бүркіп тазалау желіннің денсаулығына зиян тигізеді.

Сауғаннан кейін емшек арналары кең ашылып тұрады. Олардың жабулына дейін шамамен 30 минут қажет. Еден сиырлар сауу аймағынан шыққан кезде тазаланатын болса, еденнен су мен кірдің жұқпалы қоспасы тікелей сиырлардың емшегіне ену қаупі бар. Патогендер ашық арналар арқылы оңай еніп, желіннің қабынуына әкелуі мүмкін.

Сондықтан сауу залы мен сауу аппаратын әр сауудан кейін су шашыратып тазалауға болмайды. Алайда, егер бұл қажет болса, барлық сиырлар шашыратқан су тимейтіндей сауу залынан шыққанша күткен дұрыс.

Уве Веддиге

Фото: KFM

23 02, 2023

Күртеше бұзауға пайдалы!

2023-02-23T04:56:36+00:0023. февраля 2023|

Сиыр төлдеген соң бұзауын мұқият жаласа да, үсті бәірібір кеппей қалады. Көптеген шаруашылықтарда қазір бұзауды жеке боксқа салмас бұрын оны кептіру үшін жылытқыш бокстар қолданылады.

Көбінесе қоралар суық, ал ауа ылғал болады. Бұзау тоңып, осының салдарынан ауыра бастайды. Мұндай жағдайларда бұзауларға арналған күртеше (попона) өте пайдалы.

Қыста тонып қалмас үшін біз шкафтан қалың курткаларымызды шығарамыз. Ал бұзаудың оны жылытатын жүні бар, бірақ суық және ылғал күндері оның өзі де жылыта алмайды. Зерттеулер көрсеткендей, күртеше кигізілген  бұзаулардың суық мезгілде сол жастағы күртешесіз бұзауларға қарағанда тәуліктік өсімі көбірек болады. Бұның себебі анық: күртешесіз  бұзаулар жылуды сақтау үшін көбірек энергия жұмсайды. Сонымен өсуге энергия жетпей қалады.

Аурған кезде күртеше бұзаудың мүмкіндігінше тез қалпына келуіне көмектеседі. Осылайша, сыртта суық болған кезде жылуды сақтауға қосымша энергия жұмсалмайды, бірақ денені қалпына келтіруге және сауықтыруға жұмсалады.

Қорытынды: бұзау күртешелері қыста қолданылғаны пайдалы. Алайда, жыл бойы жалпы қолданудың керегі жоқ.

Уве Веддиге

Сурет: Masterrind

Go to Top