26 06, 2023

Алматы облысында сүт өндірушілерге арналған консалтингтік қызмет орталығын құру жоспарланып отыр

2023-06-26T05:40:01+01:0026. июня 2023|

Алматы облысында «Байсерке-Агро»оқу-ғылыми-өндірістік орталығының базасында сүт өндірушілерге арналған консалтингтік қызмет орталығын құру жоспарланып отыр. Жоба Қазақстанның сүт өндіретін шаруашылықтарында білікті кадрлардың жетіспеушілігі мәселесін шешуге көмектеседі. Бұл туралы жақында Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жобаны іске асыруды ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев пен «сүт жобасының» басшысы Уве Веддиге талқылады. Сондай-ақ, KFM жобасының бағдарламасын оңтүстік аймақтарға кеңейту мәселесі талқыланды.

Жобаны іске асыру басталғаннан бері халықаралық және отандық сарапшылардан құралған KFM командасы Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы 16 пилоттық шаруашылықта техникалық және басқару персоналына кеңес береді және олардың біліктілігін арттырады.

«Практикалық жұмыс сиырлардың өнімділігін арттыруға, жемшөпке талдау жүргізуге, жұмыс хаттамаларын құруға және сақтауға және т.б. бағытталған. Жұмыс нәтижелері өсу үшін айтарлықтай әлеуетті көрсетті және жергілікті кәсіпорындармен де, саладағы жүйелі өзгерістермен де одан әрі ынтымақтастықты талап ететін бірқатар өзекті мәселелерді анықтады», — деп атап өтті министр.

“Сүт жобасы” жұмысының екінші кезеңінде қол жеткізілген нәтижелерді бекітіп, республиканың солтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлеріне фермерлерді қолдау аймағын кеңейтіп, білікті мамандар даярлайды.

Қазақстан АШМ баспасөз қызметі, қысқартылған нұсқасы Уве Веддиге

Фото: АШМ

23 06, 2023

Сиырларға берілетін су: 3 маңызды кеңес

2023-06-23T04:05:34+01:0023. июня 2023|

Қазақстандық қораларда мал суаратын қондырғылардың саны жиі жеткіліксіз болады, өйткені көптеген жобалаушылар аязда қатып қаладау деген жерлерде ондай қондырғыларды орнатпайды. Жылы күндері бұл су ішетін жерлерде тым көп сиырлар жиналып тұрады, соңында әлсіз жануарлар шөлін қандыра алмай қала береді.

1-кеңес: қондырғыларды жеткілікті мөлшерде орнатыңыздар! Бір қондырғы ең көбі 20 сиырға есептелуі керек. Бір сиырға қондырғының ұзындығынан 10 см ден жоспарлануы керек. Қорадағы мал суаратын қондырғылар санын есептеңіздер. Олардың саны мен көлемі сиырлардың санына сәйкес келе ме?

2-кеңес: судың ағыны өте маңызды. Әсіресе, қондырғының қасындағы орындардың жетіспеушілігі жағдайында, қондырғыға судың тез ағуы сиырлар әлі су ішіп жатқанда оларды қайта толтыру үшін өте маңызды. Әр қондырғыдағы су ағыны кем дегенде 20 л/мин болуын қамтамасыз етіңіздер.

3-кеңес: тазалыққа назар аударыңыздар! Барлық мал суаратын қондырғыларды күніне бір рет щеткамен тазалау міндетті шарт болып табылады. Әсіресе жылы күндері бактериялар көбейетін пленкалардың пайда болу қаупі артады.

Толығырақ ақпаратты KFM жобасының «Сумен қамтамасыз ету» және «Малға беретін судың сапасын қамтамасыз ету» жадынамаларынан таба аласыздар.

Уве Веддиге

Фото: KFM

19 06, 2023

Егер сиыр сүт бермесе

2023-06-19T06:20:19+01:0019. июня 2023|

Сиырдың қынабына ауаны үрлеу сүт безіне окситоциннің бөлінуін тудырады. Бұл синтетикалық жолмен өндірілген окситоцинді қолдануды азайтуға болатындығын білдіреді. Сүт өндіріші фермерлерінің окситоциннің табиғи бөлінуі туралы ежелгі білімдері енді қайта қолдануда.

Бұл тәсіл одан да көп нәтиже бере алады: жануарлар роботпен немесе сауу қондырғысымен сауылған кезінде болсын, жануарларды ауырсындырмай және қиналтпай «BlowFIXX» көмегімен тыныштандырады. Бұл процесс барлық қатысушылар үшін стресс пен жазатайым оқиғалар қаупін айтарлықтай төмендетеді.

BlowFIXX ұзындығы шамамен 30 см тот баспайтын болаттан жасалған түтіктен (пластикалық тұтқасы бар түзу немесе имек), ұзындығы шамамен 1,20 м силикон түтіктен және ауыстырылатын ұшынан тұрады. BlowFIXX-ті қынапқа енгізгеннен кейін (шамамен 10-20 см жеткілікті), сіз 2 тыныс алу кезінде шамамен 4-5 литр ауаны үрлеп, тыныштандыратын әсерді бірден көресіз.

Бұл әдіс жас сиырларды сауу кезінде ғана емес, сонымен қатар желін инфекцияларын жергілікті емдеу шаралары,  желіннің жүнін алу, тұяқтарды аздап өңдеу, тікішекті тексеру, вакцинация және дәрі-дәрмектерді беру кезінде де пайдалы.

Уве Веддиге

Фото: KFM

15 06, 2023

Су ойлағанымыздан маңыздырақ

2023-06-15T06:01:06+01:0015. июня 2023|

Су — бұзау өсірудің жиі назардан тыс қалатын аспектісі. Зерттеулер көрсеткендей, көптеген фермалар бұзауларға өте кеш кезеңдерде ғана су береді. Алайда, сарапшылардың көпшілігі өмірдің бірінші күнінен бастап бұзауларға жеткілікті су беру керек деп бірауыздан келіседі.

Бұл шара месқарынның дамуын жақсартудың ең қарапайым және үнемді стратегияларының бірі болып табылады және осылайша бұзауларды емшектен жеңіл айырууға дайындайды.

  • Стартерді жеуді жақсартады: суды қалаған кезінде еркін іше алатын бұзаулар бастапқы жемді көбірек тұтынады және тезірек өсе бастайды.
  • Месқарынның дамуын жақсарту: бұзау жұтқан сүт ұлтабарға кетеді. Екінші жағынан, бұзаулар су ішкенде, ол месқарынға түсіп, бұзауларға арналған стартердің ашыуына ықпал етеді, бұл өз кезегінде месқарынның дамуына жақсы әсер етеді.

Тәжірибиелік кеңестер

Бөлек шелектер: сүт шелектерінің әрқашан емізігі болады, ал су шелектерінің үсті ашық. Азық берілетін шелектер жемшөп суға түспеуі үшін су шелектерінен бөлек болуы керек.

Тазалау: таза шелектер дене салмағының күнделікті өсуіне ықпал ететіні дәлелденген, шелектерді күніне екі рет тазалау ұсынылады.

Судың сапасы: судағы минералдардың көп болуы, микробтармен және қоршаған ортадағы заттармен  ластануы, сондай-ақ оның ішіндегі қатты заттардың болуы бұзаулардың азық тұтынуын азайтады, месқарынның дамуына кедергі жасайды  және осылайша денсаулықты нашарлатады.

Уве Веддиге

Фото: Веддиге

12 06, 2023

Жануарлардың денсаулығы жақсарып келеді

2023-06-12T05:46:33+01:0012. июня 2023|

Сиырлардың сау және өнімді болғаны сүт өндірудің негізгі алғышарты болып табылады. Күтіп бағу жағдайлары мен гигиенаны оңтайландыру сияқты алдын-алу шаралары жануарлардың денсаулығын сақтау мен жақсартудың маңызды құралы болып табылады.

Осыған байланысты барлық дерлік KFM жобасының пилоттық шаруашылықтарында айтарлықтай прогресс байқалады. Екі ветеринар Әсет Ерғалиев пен д-р Йоахим Клин фермаларға барған кезде осындай қорытындыға келіп отыр. «Біздің тренингтерімізге сүйенсек, вакцинация вакцина өндірушілерінің алдын ала белгіленген стратегияларына емес, сұранысқа негізделген», — деп атап өтті неміс сарапшысы д-р Клин. Оның қазақстандық әріптесі Әсет Ерғалиев тұяқ күтімі бойынша тренингтер мен жануарлар денсаулығы бойынша семинарлардың әсерін ерекше атап өтті: «Қарқынды практикалық сабақтардың арқасында теориялық білім алумен ұштастыра отырып, жақсы жетістіктерге қол жеткізілді».

Дегенмен, екеуі де әлі де көп нәрсе істеу керек екенін атап өтті: әсіресе бұзауларды жеткілікті сүтпен, сумен, шөппен және мюслимен қамтамасыз етуге, сондай-ақ сауын сиырларды өнімділігіне сәйкес азықтандыруға көп көңіл бөлу керек. Сонымен қатар, көптеген фермалар суалған сиырларды азықтандыру бойынша қарқынды жұмыс істеуі керек.

Алдағы бірнеше аптада KFM жобаcы тұяқтарды күту және сауын сиырларды азықтандыру бойынша тренингтер ұйымдастырады. Егер қатысатын болсаңыздар, Айнагүл Аягановаға +7 701 910 3375 телефон арқылы хабарласыңыздар.

Уве Веддиге

Фото: KFM.

8 06, 2023

Сауу аппаратының емізік рәзенкелері мәңгілік емес

2023-06-08T06:58:19+01:008. июня 2023|

Сауу жүйелерін жоспарлы тексеру кезінде тозған емізік рәзенкелері кездесіп жатады. Олар желіннің денсаулығына қауіп төндіреді!

Материал тозып тұрақсыз болғандықтан кластер жоғары көтеріліп кетеді. Осының салдарынан емшек түбі қысылып қалады. Егер резеңкеде қандай да болса жарықшақтар болса, желін терісі қысылып қалады. Екеуі де сиырларға ауыр тиеді, сондықтан емізік резеңкесі зақымдалған аппаратпен кейбір сиырларды толығымен сауу мүмкін емес.

Сауу жүйесінің резеңке бөлшектеріндегі жарықшақтар әрқашан желіннің гигиенасы мен денсаулығына қауіп төндіреді. Емізік резеңкесінің өзегіндегі жарықшақтар әсіресе қауіпті. Олар арқылы сүт пульсациялық камераға түседі және бактериялар мен басқа микробтар үшін оңтайлы көректік алаңы болып табылады.

Сауу және тазалау процесі материалды  тоздырады, ол кедір-бұдырлы және осал болады. Микрожарықшақтар пайда болады, әсіресе резеңке  өзегінде. Сондықтан өндірушілер қара рәзеңкелерді 2500 сауудан кейін, ал силикон рәзенкелерді 5000 сауудан кейін ауыстыруды ұсынады. Басқа өндірушілер 750 немесе 1500 сағат жұмыс істегеннен кейін ауыстыруға кеңес береді. Ақауларды тез анықтап, оларды жою үшін сауу жүйесінің барлық резеңке бөлшектерін айына кемінде бір рет мұқият тексеру қажет.

Тозған, кеуекті немесе ескі рәзенкелер желіннің денсаулығына үлкен қауіп төндіреді. Гигиеналық мәселелерден басқа, икемділіктің төмендеуі желінге ауыр тиеді және сауу жылдамдығының төмендеуіне әкеледі.

Уве Веддиге

Фото: Веддиге

1 06, 2023

Ең жақсы терапия — гигиенаға көбірек мән беру

2023-06-01T05:12:46+01:001. июня 2023|

Streptococcus uberis бүкіл әлем бойынша клиникалық және субклиникалық желін инфекцияларының көпшілігінің себебі болып табылады. Қоздырғыш сиыр көңінде және шламда кездеседі, сонымен қатар сау сиырлардың нәжісімен шығарылуы мүмкін. Сондықтан қоршаған ортаны таз ұстау шаралары жақсы сауу процессімен қатар сиырлардың  денсалығын нығайту үшін  маңызды.

Желіннің бір бөлігінде Streptococcus uberis болған сиырлардың желін тіндерінің зақымдануына байланысты қайта жұқтыру қаупі артады. Жедел желін инфекцияларымен қатар созылмалы желін инфекциялары да белгілі.

Алдын ала зертханалық диагностика жасап уақтылы емдеу маңызды. Ұзақ мерзімді перспективада инфекцияның пайда болуын азайту үшін қорадағы жағдайларды, азықтандыруды, суалған сиырларды күтіп-бағуды және сауу процесін сауу техникасымен бірге қадағалап тұру қажет.

Жақында қоршаған ортаға байланысты деп саналатын маститтің қоздырғышы S. uberis сиырдан сиырға берілуі мүмкін екендігі алғаш рет көрсетілді. S. uberis инфекциясының пайда болуын болдырмау үшін терапияны күшейтуге емес, сиыр жататын және жүретін жерлердегі гигиенаны жақсарту сияқты профилактикалық шараларға назар аудару керек.

Уве Веддиге

Фото: Веддиге

29 05, 2023

Жемшөптің салқындығы сиырлардың денсаулығына жақсы

2023-05-29T05:08:17+01:0029. мая 2023|

Жемді жоғары және тұрақты көлемде тұтыну сиырды қоректік заттармен қамтамасыз ету үшін, демек оның денсаулығы мен беретін сүт мөлшері үшін өте маңызды. Желінетін  жемшөптің әр килограмы маңызды! Әсіресе лактацияның басында жемді тым аз тұтыну және осымен байланысты болған энергия тапшылығы метаболизмнің бұзылуын және репродуктивтік проблемалар тұдырады.

Әсіресе жаздың жылы айларында жемшөп аз желінетіндігінің  шешуші себебі оның жылып кетуі болып табылады. Зерттеулер көрсеткендей, жылып кеткен жемшөпті сиырлар 13% дейін аз жейді.

Жылып кеткен жемшөп/сүрлем энергияның жоғалуына және қорытудың төмендеуіне апарады. Мұның салдарлары — желіннің қабынуы, кетоз, диарея, құнарлылық проблемалары және өнімділіктің төмендеуі.

Жемшөптің жылып кетуі негізінен ашытқыдан туындайды. Ауа оттегімен байланыс олардың тез көбеюіне әкеледі, жемшөп өте қысқа мерзімде жылууы мүмкін. Астаудағы/жемшөп үстеліндегі және араластырғыштағы қалдықтар олардың қызуын тездетеді. Әсіресе сүт қышқылын ыдырататын және осылайша РН мәнінің жоғарылататын ашытқы зиян. Нәтижесінде сүрлем көгере бастайды.

Не істеуге болады?

  • Жемшөп араластырғышын әрқашан толығымен босатыңыз.
  • Жемшөп үстелін таза ұстаңыз.
  • Жемшөп салынатын жердегі кедір-бұдырлы бетонның үстін тегістеңіз.
  • Күніне екі рет азықтандырыңыз.
  • Траншеядан сүрлемді алғанда аптасына кемінде 3 метрге дейін алып отырыңыз.
  • Сүрлемнің кесіліп алған жері тегіс және біркелкі болуын қадағалаңыз.

Уве Веддиге

Фото: Веддиге

25 05, 2023

Жаңа емізіктер бұзаулардың денсаулығын нығайтады

2023-05-25T07:26:58+01:0025. мая 2023|

Біздің жануарлардың анатомиясы мен әрекет-қылықтары туралы біліміміз олардың денсаулығын нығайтуға көмектеседі. Мысалы, жаңадан шығарылған емізіктер бұзаулардың өздерінің табиғатына сай жолмен сүт соруына мүмкіндік береді. Емізіктердің сүт ағынын шектейтін және сол арқылы сілекейдің бөлінуіне ықпал ететін 5 домалақ тесігі бар.

Жаңа емізіктер сүттің өңештен ұлтабарға өтуіне көмектеседі. Егер бұзаулар сүтті үсті ашық ыдыстардан немесе тым үлкен тесіктері бар жарамсыз емізік арқылы ішсе, өңеш толығымен жабылмауы мүмкін. Бұл жағдайда сүт жиі месқарынға өтіп кетеді, онда ол сіңірілмейді және ақырында ауыр ацидоз мен метеоризмге әкеледі.

Сондай-ақ, жаңа емізіктерді қолданған кезде бұзаулардың бірін-бірі өзара соруы сирек кездеседі. Бұзаулар анасының сүтін сорғанда, оларға бір литр сүт алу үшін 4-5 минут қажет. Кәдімгі емізіктен сүтті сорған кезде, олар бүкіл порциясын бір-екі минут ішінде сіңіре алады. Бұл олардың табиғи сору инстинктін қанағаттандырмайды, сондықтан олар көбінесе басқа бұзауларды сора бастайды.

Жаңа буын емізіктерін қолданатын фермерлар бұзауларды жеке ұстау және төлді бөлуге арналатын шығыршық қажет болмайтынын айтады. Бұл бұзауларға табиғи түрде әрекет етуге мүмкіндік береді және жануарлардың саулығын айтарлықтай жақсартады.

Жаңа емізіктерді кәдімгі емізік бөтелкелерінде, ішетін ыдыстарда және 38 мм саңылауы бар шелектерде қолдануға болады. Өндіруші максималды биоқауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін оларды хлорсыз сілтілі тазартқышпен дезинфекциялауды ұсынады.

Уве Веддиге

Сурет: Wennemars

19 05, 2023

Бақытты сиырлар өнімдірек

2023-05-19T11:11:29+01:0019. мая 2023|

Сүт сиырларының әлеуметтік қажеттіліктері мен жүріп-тұру үлгілері әлі де арғы тегіне  өте ұқсас. Бұл табиғи қасиеттерін түсіну және сиыр үшін «қалыпты» нәрсені білу арқылы ғана біз оның денсаулығы мен психологиялық әл-ауқатын қамтамасыз ете аламыз.

«Жеке сиырдың және бүкіл табынның мінез — құлқы бізге олардың тіршілік ету ортасын қалай жабдықтау керектігі туралы белгі береді, — дейді ветеринар Оуэн, — бұл мал иелерінің оларға деген назарын күшейтеді және оларды ойлауға және әрекет етуге шақырады».

Сиырларға өздерінің табиғатына сәйкес жұріп-тұру үшін және еркін қозғалу үшін жеткілікті орын қажет. Ол стрессті азайтады, және нәтижесінде әр сиыр жеткілікті жемшөп жей алады. Тек осы жағдайда еден таза болып қалады және тұяқтардың денсаулығы сақталады. Сиырға 10 м2 оңтайлы болып саналады, оның 3-тен 3,5 м2-ге дейін орыны жатуға арналған болуы керек.

Фермерлер әрқашан жануарларын бақылап отыруы керек. Ол жер тар емес пе? Сиырларға қысым жасала ма, олар бір-біріне үстемдік көрсетпейді ме? Тұяқ аурулары бар ма? Қанша сиырдың дене көрсеткіші 2,5-тен аз немесе 3,5-тен жоғары деп бағаланады? Олар өз бокстарында жатқан жерінен қаншалықты жеңіл тұра алады? Сиырлардың жемшөп үстелінде әрбіреуіне қанша орын бар, жем жылып кетпей ме, сиырлар оны сұрыптап жей ме?

Алты маңызды көрсеткіш осыған бастапқы баға беруге көмектеседі:

  • Таза су: күніне 50-130 литр
  • Жемшөп: астаудың ұзындығы 70 см / сиыр
  • Жарық: тәулігіне 16 сағат ішінде 200 люкс
  • Ауа температурасы: 0-15 °C. 22 °C-тан жоғары ентігуге әкеледі
  • Демалу: сиырлар күніне 20 минут қана ұйықтайды, бірақ күніне кемінде 12 сағат жатуы керек.
  • Кеңістік: бір сиырға 10 м2. Жемшөп жеу үшін бір сиырға 70 см қажет. Егер жемшөп берілетін орын тар болса, басым сиырлар әлсіз сиырлардың алдындағы жемшөпті жеп қояды.

Уве Веддиге

Фото: Веддиге

Go to Top