14 12, 2023

Мастер-тренерларды оқыту басталады!

2024-01-24T04:36:46+00:0014. декабря 2023|

Сүт фермаларының саны тез өсуде, бірақ көбінесе жақсы дайындалған мамандар жетіспей жатады. Бұл тапшылықты жою үшін KFM жобасы өзінің кешенді оқыту және біліктілікті арттыру бағдарламасын белсендіруді жоспарлап отыр.

Біз семинарлар мен оқу курстарын өткізу үшін бірнеше жаттықтырушыларды/тренерларды қабылдаймыз. Бұл мамандар жаздан/күзден бастап шағын және ірі сүт өндіруші шаруашылықтарға  көптеген курстар өткізеді. Біз тәжірибе мен теория арасындағы тығыз байланысқа ерекше мән береміз. 2024 жылдың күзінен бастап «мастер-тренерлар» сүт өндіру бойынша кеңесшілердің бірінші тобын оқытады.

Үміткерлердің сүт өндіру немесе сүт өндіру бойынша кеңес беру саласында расталған тәжірибесі болуы және қарқынды түрде оқуға қызығушылығы болуы керек.

Болашақ жаттықтырушыларды оқыту төрт айлық бағдарламасы сүт өндіру, жем өндіру, құрылыс және шаруашылықты басқару сияқты салаларға бағытталған. Олар сонымен қатар әдістемелік және дидактикалық құралдарды пайдалануды үйренеді.

Оқу бағдарламасы наурыз айының басында басталып, маусым айының соңында бітіру емтиханымен аяқталады. Бағдарламаны сәтті аяқтаған соң қатысушылар  Германияда тағылымдамадан өтеді деп жоспарланған.

Оқуға қабылдау және оқу туралы сұрақтарға Айнагуль Аяганова (тел.: +7701 910 3375, e-mail: ainagul.ayaganova@adt.de) мен Сымбат Сагындыкова  (тел.:+7707 124 2466, e-mail: sagyndykova.sr@mail.ru)  жауап береді.

Уве Веддиге

Фото: KFM

13 12, 2023

“Байсерке-Агро” оқу ғылыми-өндірістік орталығындағы тұяқ күтімі бойынша тренинг

2023-12-13T08:40:21+00:0013. декабря 2023|

Тұяқтарға дұрыс күтім жасалмаса, сиыр көбінесе  тұяқтың сыртқы жартысына сүйеніп тұрады. Бұл көбінесе тұяқтың зақымдануының және тұяқ  жараларының себебі болып табылады. Нәтижесінде тұрақты шамадан тыс жүктеме пайда болады, бұл сыртқы тұяқтарға  басып жұру беру арқылы күшейеді.

Қорада байланбай ұсталатын жағдайда «ылғалды жер тұяқтардың пішіні жайсыз болып қалыптасуына әкеледі», — деп түсіндіреді Хольгер Пловка Байсерке-Агро  фермасының қорасындағы тұяқ күтімі бойынша тренингке қатысушыларға. Бұл ретте ол тұяқтың тым өсіп кеткен бетін және ең алдымен сиырдың дене салмағының көп бөлігі түсетін қуыс ойықтардың жоқтығын көрсетеді. «Бұл табанның ішкі бөлігіне үлкен салмақ түсіреді», — деп жалғастырады неміс сарапшысы,»бұл терінің зақымдануына және көбінесе табан жарасының дамуына әкеледі».

Содан кейін ол «функционалды тұяқ күтімі»  аясында тұяқтарды қалай кесу керектігін көрсетті. Бірнеше күнге созылатын оқу курсының барлық қатысушылары стандартты күтімді ғана емес, сонымен қатар өсіп кеткен немесе қабынған тұяқтармен де күрделі жұмыстарды орындайды. «Мен Хольгердің қалыптырды орнықтыру мен таңғыштарды қолдануы барысында көп нәрсені үйрендім», — дейді қатысушылардың бірі оқу нәтижелерін жоғары бағалай отырып.

Уве Веддиге

Фото: KFM

7 12, 2023

Бұзауларға арналған жылы микроклимат

2023-12-07T06:03:33+00:007. декабря 2023|

Сиырлар салқындықты жақсы көреді, ал бұзаулар температура төмендесе, тез тоңып қалады. Сонымен қатар олардың өмірінің алғашқы айларында ересек мал үшін жылудың күшті көзі болып табылатын месқарыны жоқ. Өмірінің алғашқы үш аптасында бұзаулар үшін 15 °C -дан төмен температура стресс болып сезіледі! Ересек бұзаулар 5 °C -ден төмен температураны суық деп сезінеді.

Бұзауларға жылу болу үшін ұсынылатын бес қарапайым шара:

  1. Азықтандыру: дені сау бұзаудың денесі, егер ол жеткілікті энергия алатын болса, жететіндей мөлшерде жылу шығара алады. Егер сыртқы температура төмендесе, көп су беру немесе сүт алмастырғыштың дозасын ұлғайту қажет, өйткені жылуды өндіруге энергия жұмсалады.
  2. Құрғақ, терең сабан төсеніші: бір рет бұзау қорасында тізерлеп отырып көріңіз — егер тізелеріңіз құрғақ болса, бәрі дұрыс. Егер тізелеріңіз ылғалданса, төсенішті ауыстыру қажет. Жатқан бұзауларды байқап көріңіздер! Сабан төсенішінің қалындығы жеткілікті екенін бағалау үшін бұзауды күнделікті бақылау кезінде төсеніштің тереңдігін бағалау шкаласын пайдаланыңыз.

— 1 ұпай: бұзаудың аяқтары толығымен көрінеді — көбірек сабан салыңыз!

— 2 ұпай: бұзаудың аяқтарының жартысы көрінеді — көбірек сабан салыңыз!

— 3 ұпай: бұзаудың аяқтары көрінбейді — бәрі дұрыс!

  1. Бұзауларыңыздың үсті құрғақ болсын: жаңа туған бұзаулардың терісін тез кептіру керек, сиырдың жалағаны жеткіліксіз! Терісі құрғақ болса ғана жылуды жоғалтудан қорғай алады. Өмірдің алғашқы 12 сағатында ауасы жылынатын немесе жылытқышы бар бокстарды қолданған жөн.

4. Бұзауларға арналған көрпешелерді пайдаланыңыз: бұзаулардың терісі құрғақ болуын, көрпешелердің де құрғақтығын  және дұрыс жабылғанын қадағалаңыз. Дымқыл, қатты ластанған көрпелерді ауыстыру керек. Келесі бұзауды жылыту үшін пайдаланар алдында көрпелерді кемінде 60 ° C температурада жуу керек.

Уве Веддиге

Сурет: calfcare.ca

5 12, 2023

Метрит – салдары бар ауру

2023-12-05T06:06:04+00:005. декабря 2023|

Бұзаулағаннан кейін сиырдың жатыры қалпына келе бастайды. Оның барлық гормондық теңгерімі қалпына келеді және осы кезеңде жаңа жүктілік үшін негіз қаланады. Екінші жағынан, егер сиырда бөлінділер болса, онда ол көбінесе буаз бола алмайды.

Метрит немесе эндометрит сияқты аурулар ашық босану жолдарында микробтар аса қаптап кеткенде, сонымен қатар ағзаның табиғи қорғаныш күштері мен механизмдері олармен күресу үшін жеткіліксіз болғанда пайда болады. Зерттеулер көрсеткендей, клиникалық эндометритпен ауыратын сиырларда сервис-кезеңі орта есеппен 32 күнге созылады, әдетте ұрықтандыру 10% -ға көбірек және ұрықтандыру проблемаларына байланысты түсік тастау қаупі 70% -ға жоғары болады.

Температураның көтерілуі — ағзадағы қабыну процесінің бірінші белгісі. Жануарларды қарқынды бақылаумен қатар күнделікті температураны тексеру арқылы ғана ауру белгілерін тез анықтау мүмкін. Бөлінділері байқалаған әрбір сиырды емдеу шаралары бойынша одан арғы әрекеттерді мал дәрігермен талқылау қажет.

Уве Веддиге

Сурет: KFM

30 11, 2023

KFM ұжымына арналған марапат

2023-11-24T04:16:45+00:0030. ноября 2023|

«Ауыл шаруашылығы, азық-түлік және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күніне» орай Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Уве Веддиг мырзаға қазақстандық ауыл шаруашылығын дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс айтып, құттықтады.

Өз ұжымың атынан марапатты қабылдаған неміс ауыл шаруашылығы сарапшысы 2020 жылдан бастап «сүт өндіру құзыреттілігін арттыру» (KFM) жобасының жетекшісі болып жұмыс істейді. Осыған байланысты ол қазақстандық серіктестермен сындарлы және нәтижелі ынтымақтастықты атап өтті.

Қарашаның басында жобаның екінші кезеңінің басталуымен KFM қазақстандық-неміс ұжымы Алматы маңында сүт өндіру бойынша құзыреттілік және консалтинг орталығын құруға қолдау көрсетеді.

Уве Веддиге

График: KFM

28 11, 2023

Бірлескен мәлімдеге қол қойылды

2023-11-24T03:53:44+00:0028. ноября 2023|

15-17 қарашада Берлинге сапары барысында Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Әбілқайыр Тамабек пен парламенттік Мемлекеттік хатшы доктор Офелия Ник «Аграрлық-саяси диалог» жобасы бойынша екіжақты ынтымақтастықты жалғастыру туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойды.

Министрдің орынбасары » Аграрлық-саяси диалог «, «Неміс аграрлық орталығы» (НемАЦ) және «Қазақстанда сүт өндіру саласындағы құзыреттілікті арттыру» (KFM) екіжақты жобалары аясындағы қарқынды өзара ынтымақтастықты ерекше атап өтті. «Қолданыстағы орталықтар мен жобалардың қызметін екі тарап та оң бағалайды және аграрлық сектордағы қазақстан-герман ынтымақтастығының дамуына елеулі үлес қосады», — деп атап өтті вице-министр.

Ол қазақстандық делегация 2024 жылғы 19-28 қаңтар аралығында Берлинде өтетін «Жасыл апта 2023» 88-ші Халықаралық ауыл шаруашылығы көрмесіне қатысатынын айтты.

Уве Веддиге

Сурет: BMEL

 

21 11, 2023

Буаздыққа тексеру тесті: жаңа құрал

2023-11-21T08:51:31+00:0021. ноября 2023|

Заманауи ғарыштық технологиялардың ілеспе өнімі ретінде австралиялық компания сиырлардың тыныс алуын диагностикалауға арналған құрал әзірледі. Бұл технология сиырдың буаздығын 18-ші күннен бастап тануға мүмкіндік беруі тиіс. Ультрадыбыстық зерттеулермен салыстырғанда бұл процедура көп уақытты үнемдейді және сәйкесінше ірі қара малының өнімділігін арттырады.

Егер буаздылықты 18-ші күні анықтау мүмкін болса, күйлеу белгілері анық көрінбесе оны шамамен 21-ші күні сенімді түрде анықтауға болады. Дегенмен, тестті кейінірек қайталау нәтижеге кепілдік береді.

Құралды сиырдың тыныс алуындағы ұшпа органикалық қосылыстарды анықтау үшін сиырдың танауының алдына 15 секунд ұстайды. Осы қосылыстар арқылы буаз сиырларды буаз емес сиырлардан ажыратуға болады.

Әдістің маңызды артықшылығы — бұл малдың ағзасына ешқандай араласуды қажет етпейді. Технология фермерлер оны өздері пайдалана алатындай етіп жасалған. Бұл Қазақстандағы ветеринарлық дәрігерлердің аздығын ескере отырса, болашақта маңызды рөл атқаруы мүмкін. Әзірлеуші компания тест құрылғысы нарыққа 2024 жылдың ортасында шығады деп жоспарлап отыр.

Уве Веддиге

Фото: agscent

8 11, 2023

«Cүт жобасының 4 жылы «…

2023-11-08T11:25:27+00:008. ноября 2023|

пилоттық шаруашылықтармен, қауымдастықтармен, Астана мен Берлиндегі екі ауыл шаруашылығы министрлігімен, сүт саласының көптеген сарапшыларымен, сондай-ақ басқа да жобалармен сындарлы ынтымақтастықта өтті.

«Рахмет» деп айтуға, қол жеткізілген нәтижелерге қарап, әлі не істеу керектігі туралы ойлануға уақыт келді. Қазіргі уақытта бір ғана нәрсе айтуға болады: жобаның бағыты  жаңартылып, мақсаттары біраз өзгертілді, бірақ ол өзінің жұмысын жалғастыруда.

Бұл туралы толығырақ біздің ақпараттық бюллетенімізден оқи аласыздар.

Фото: KFM

7 11, 2023

Құрамында антибиотик қалдықтары бар сүт бермеңіздер

2023-11-07T09:35:09+00:007. ноября 2023|

Антибиотиктермен емделген сиырлардың сүтін пайдалану үнемді болуы мүмкін, бірақ антибиотиктер мен микоплазма сияқты патогендік бактериялардың қалдықтары проблемаларға әкелуі мүмкін. Көбінесе мұндай сүтпен қоректенетін бұзаулардың нәжісімен антибиотиктерге төзімді патогендер сыртқа шығарылып аурулар таратылады.

Бұзауларға не беруге болады? Бұзаудың денсаулығы әрқашан да бірінші орында. Сондықтан:

  • желіні ауру сиырлардың сүтін бермеңіз (мысалы, E. coli немесе Pasteurella spp.). Бұзаулаға инфекция жұғып, ауырып қалуы мүмкін.
  • Инфекциялармен ауыратын сиырлардың ұызын бермеңіздер.
  • Шикі сүтті және әсіресе уызды бөлме температурасында сақтамаңыздар. Ондағы микроорганизмдер тез көбейеді.
  • Сүтінің құрамында антибиотик қалдықтары болуы мүмкін сиырлардың сүтін бермеңіздер. Бұл микробтардың антибиотиктерге төзімділік дамыту қаупін тудырады және бүкіл табынның денсаулығына ұзаққа созылатын зиян келтіреді.

Дереккөз: Ma et al., 2022: «Антибиотикпен өнделген сүтті беру бұзаулардың өсу қарқынына, метаболизміне, антиоксиданттық күйіне және иммунитетіне әсері тұралы шолу».

Фото: KFM

3 11, 2023

Қыста бұзау өсіру

2023-11-03T15:32:44+00:003. ноября 2023|

Суық күндері бұзаулар едәуір көбірек азық қажет етеді және олардың күнделікті салмақ қосуы  азаяды. Сонымен қатар, дененің қорғаныс жүйесі әлсірейді. Патогендік микроорганизмдер оңай таралады және бұзау ауруының қаупі арта түседі. Диарея мен пневмония жиі кездеседі.

Күнделікті салмақ қосуының төмендегені мен  қосымша емдеу шығындарынан басқа, бұл жерде бірінші төлдеу мерзімі кештеу болатынына және болашақта сүт өнімділігінің төмендеуіне байланысты шығындар туралы да айта кету керек.

Осыған байланысты бұзауларды азықтандыруды да суықтан болатын стресске бейімдеу керек. Әдетте, сүт алмастырғыш мөлшері 150 г/литр құрайды. Температура 5 °C-тан төмен түскеннен кейін мөлшерін 160 г/литр суға дейін арттыру керек, ал берілетін сүттін мөлшерін шамамен 20% арттыру керек.

Бұл тақырып бойынша KFM жобасының «Қыста бұзауларды азықтандыру», «Сүт алмастырғыш мөлшері тұралы» және «Төсеніштің терендігін бағалау шкаласы» атты жадынамаларын жүктеп алуға болады.

Уве Веддиге

Сурет: Naturstall-Shop

Go to Top