16 01, 2024

Сүт зауыттарына арналған биогаз?

2024-01-16T06:13:16+00:0016. января 2024|

Сүт өнімдерін өндіру үшін сүт зауыттары көп мөлшерде электр және жылу энергиясын қажет етеді. Алайда, осы уақытқа дейін олар негізінен табиғи газ сияқты қазба отындарын пайдаланып келеді. Жақында Мюнстер қаласындағы қолданбалы ғылымдар университетінде сүт өнеркәсібін энергиямен қамтамасыз етуді тұрақты ету бойынша «ReMolk» ғылыми жобасы басталды.

Доктор Эльмар Брюггинк бастаған топ Naarmann атты сүт зауытымен бірлесіп, қолданыстағы ауылшаруашылық қалдықтары негізінде тұрақты түрде энергиямен қамтамасыз ету тұжырымдамасын әзірлеуде. Болашақта сүт зауытының аралас жылу электр станциялары бұрынғыдай табиғи газбен емес, биогазбен жұмыс істейтін болады.

Зерттеушілер биогаз қондырғыларына назар аударып отыр. «Оларда микроорганизмдер сұйық көң, қи, шлам сияқты органикалық материалдарды, сондай-ақ тамақ өндірісінің қалдықтарын ашытады. Нәтижесінде электр және жылу өндіру үшін пайдалануға болатын метан газы пайда болады», — дейді зерттеушілер.

Ұжым сүт өңдеу процесінде сүт зауыттарында қандай шикізат қалдықтары шығады және оларды энергия өндіру үшін қалай пайдалануға болатынын зерттейді. Сондай-ақ, сүт өндіретін кәсіпорындарда жиналатын сүйық көң, қи және өсімдік қалдықтарынан газ өндіру әлеуеті анықталады.

Зерттеушілердің пікірінше, нәтижелерді басқа сүт зауыттарында да қолдануға болады.

Уве Веддиге

Фото: Веддиге

11 01, 2024

Вакансия: сүтті ірі қара мал шаруашылығының маманы

2024-01-12T03:54:52+00:0011. января 2024|

Біз өз ұжымымызға

ірі қара мал денсаулығы туралы терең білімі бар

тәжірибелі мал дәрігері немесе табын менеджерін іздеудеміз.

Бұл лауазымда Сіз кіше де, ұлкен де сүт фермаларына кеңес бересіз және аграрлық мамандарды оқыту процесінде оқытушы және жаттықтырушы ретінде жұмыс істейсіз. Сүт өндіру саласында үлкен практикалық тәжірибе болуы және неміс және/немесе ағылшын тілдерін жақсы білу қажет.

Сүт өндіру саласындағы біліктілікті арттыру орталығына жету оңай, Алматы қаласынан шығысқа қарай 25 км-дей жерде, Тянь-Шань таулары мен Алтын Эмл ұлттық паркіне жақын орналасқандықтан, өте тартымды ландшафты және демалу үшін кең мүмкіндіктері бар аймақта.

Толық ақпарат алу үшін

Айнагуль Аягановаға хабарласыңыз

+7 705 595 6264    Ainagul.Ayaganova@adt.de

11 01, 2024

Неміс фермерлері демонстрацияға шығуда

2024-01-11T08:09:02+00:0011. января 2024|

Тракторлар мен ауылшаруашылық дизельіне салық жеңілдіктерін алып тастау туралы хабарландыру фермерлерді наразылық акцияларына шығарды. Өкінішке орай, бұл даусыз: тек субсидиялар арқасында көптеген фермерлер өндірістерін тиімді жүргізе алады және осылайша халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуге кепілдік береді. Германияға бидай импорттау керек болды деп бір сәтке елестетіп көрсек. Жемістер, көкөністер мен жұмыртқаларға келетін болсақ, олардың мөлшері ішкі нарыққа жеткіліксіз.

Дегенмен, нақты мәселе тереңірек жатыр: субсидияларға тәуелді фермерлерге климатты қорғау, жануарларға жайлы жағдай жасау, қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму бойынша саяси бағдарлар айтарлықтай әсер етеді. Сонымен қатар, неміс тұтынушылары әдетте Еуропаның қалған бөлігімен салыстырғанда азық-түлікке ақшасын өте аз жұмсайды.

Фермерлер субсидия тұзағынан шыға алуы үшін азық-түлік бағасы айтарлықтай өсуі керек. Алайда, елдегі көңіл-күйді ескере отырып, шығындарды жабатын бағалар саяси тұрғыдан мүмкін емес. Неміс тұтынушыларының сөрелері өнімдерге толы болып тұрғанда, олардың құндылығы білінбей қалып тұра береді. Субсидиялар арқылы тұтынушы салық төлеуші ретінде сатып алу кезінде үнемдейтін ақшасын төлейді.

Сонымен қатар, мал шаруашылығы қысқарып барады, өйткені жергілікті тұрғындар жағымсыз иістерге шағымданады. Сұйық көңді енгізу, пестицидтерді қолдану сияқты процестер көпшілікке жағымсыз болып келеді. Сонымен қатар, жарнамалық роликтер бұрын-соңды болмаған ауыл шаруашылығының романтикалық бейнелерін көрсетеді.

Егер федералды үкімет субсидияларды қысқартса, бұл шыдамнын таусылуына апарады. Алайда, сонымен бірге наразылықтар саясат пен қоғам арасындағы шиеленістің бар екендігін көрсетеді.

Фермерлер өздерінің наразылықтарында жалғыз емес; оларға тасымалдаушылар мен қолөнершілер қосылды. Федералды үкімет дәрменсіз хәлде отырған сияқты, бірақ талап етілген жаңа сайлау өтетін болса да, бұл қазіргі мәселелерді шешуге айтарлықтай әсер етуі екіталай.

Уве Веддиге

Сурет: dpa

9 01, 2024

Ежелгі білім қайта пайдалануда!

2024-01-09T06:03:33+00:009. января 2024|

Сауын залына алғаш рет келген жас сиырлар үрейленіп, мазасызданатыны бәрімізге таныс жағдай. Олар үшін барлығы дерлік жаңа: сауын залындағы жағдай, бейтаныс шу, оғаш иістер, сауыншы, желінге тию және сонымен қатар сауу аппаратын тағу. Мұның бәрі жануарларды үлкен күйзеліске әкеледі. Нәтижесінде олар сауу құрылғысын орнатуға мүмкіндік бермейді, сүт шықпай қояды.

Бұл жағдайда сиырдың қынапшасына ауа енгізу тәсілі көмектеседі. Бұл көптеген жылдардан бері таныс әдіс сүт шығару процесін іске қосатын «Фергюсон рефлексі» деп аталады. Зерттеулер көрсеткендей, қынапқа ауаны үрлеу нәтижесінде қандағы окситоцин деңгейі желінді қолмен ынталандырумен салыстырғанда жеті-он есе жоғарылайды!

Үрлеу әдісі гормондарды пайдалануды азайтуға және жануарларды ауыртпалықсыз, өте жағымды және жұмсақ тұрде тыныштандыруға көмектеседі.

Бұл әдіс ірі қара малмен жұмыстың кез-келгенін жеңілдетеді, мейлі ол желіннің қабынуын жергілікті емдеу, тік ішекті тексеру, вакцинация немесе дәрі-дәрмектерді беру болсын.

Ауаны кері қайтартпайтын клапанмен жабдықталған ауыстырылатын мүштігі,  ұзындығы шамамен 1,20 м силикон шлангісі бар ұзындығы шамамен 30 см тот баспайтын болаттан жасалған түтік қолданылады. Түтікті қынапқа енгізгеннен кейін (шамамен 10 см жеткілікті), сіз 2 рет үрлеп, 4-5 литр ауа шығарып, тыныштандыратын әсердің бірден пайда болғанын көресіздер.

Осы тақырып бойынша толығырақ кеңестерді KFM жобасының «Blowfixx үрлеу әдісі туралы» жадынамасынан оқи аласыздар.

Уве Веддиге

Фото: BoviTools

5 01, 2024

Мүйізсіздендіруді кәсіби түрде жасаңыз!

2024-01-05T04:15:29+00:005. января 2024|

Қорада байланбай ұсталынатын сиырлар еркің жүріп тұра алады, бірақ сонымен бірге қызмет көрсетуші персонал үшін де, жануарлардың өздері үшін де жарақат алу қаупі арта түседі. Сондықтан мүйізсіздендіру практикалық және кең таралған әдіс болып табылады. Бұл процедураны бұзаулардың тұғанынан алғашқы 14 күнінде термиялық кескішпен жүргізу ұсынылады. Бұл жаста мүйіз бүршіктері салыстырмалы түрде әлі де кішкентай және жануарларды бақылау да оңайырақ. Мүйіз бүршігі пен оның айналасындағы тіндер арасында қабықшалар болмаған жағдайда ғана мүйіздің өсуін шектеу мүмкін. Германияда бұзауларды алдын ала седациялау міндетті тұрде өтеді, Қазақстанда — ұсынылады!

Жан-жақты практикалық тестілеу нәтижесінде 220 В батареямен жұмыс істейтін құрылғылар пайдаланудың қарапайымдылығы талаптарына сай келеді және мүйізді күйдіру  әрқашанда сәтті өтеді. Газбен жұмыс істейтін құрылғылар да жақсы нәтиже көрсетті, бірақ қолайлы газ баллондарының болуын үнемі қадағалап отыру қажет. KFM командасының тәжірибесіне сәйкес, ауаны қыздыру арқылы жұмыс істейтін құрылғыларды пайдаланған қиындау, өйткені сыртқы температура төмен болса, күйдіруге жеткілікті температураға дейін қыздыру мүмкін бола бермейді. Нәтижесінде мүйізді күйдіру тым ұзаққа созылады, бұл мүйіз айналасындағы тіндерді аса қыздыруға және соның салдары ретінде, зақымдануына апарады.

KFM ұжымы 2024 жылдың наурыз айынан бастап «Байсерке-Агро» жанындағы сүт өндіру құзыреттілігі орталығында бұзауларды мұйізсіздендіру бойынша практикалық сабақтар өткізетін болады. Осы тақырып бойынша нұсқауларды KFM жобасының жаднамасында табуға болады.

Уве Веддиге

Фото: KFM

2 01, 2024

Жаңа жылдарыңызбен!

2024-01-02T08:08:56+00:002. января 2024|

Құрметті достар және KFM жобасының ұйымдастырушылары, бұл жыл біз үшін шараларға толы жыл болды — жобаның бірінші кезеңінің аяқтап, екінші кезеңіне көштік. Осы қол жеткізген жетістіктеріміз бен алдағы 2024 жылда келер мүмкіндіктер үшін РАХМЕТ деп, сіздерге  алғыс айту бізге маңызды. Барлық пилоттық шаруашылықтарға, әріптестік ұйымдар мен жобаларға, Астана мен Берлиндегі екі ауыл шаруашылығы министрлігіне, сондай-ақ бізді әрқашан қолдап келген сүт шаруашылығы секторының көптеген сарапшыларына ерекше алғысымызды білдіреміз. Біздің барлығымызды құзыреттілік орталығын құру бойынша үлкен жұмыс күтіп тұр.

Наурыз айында мастер-тренерларды дайындау мен біздің кеңесшілерді оқытудың өзі келесі бірінші жылы көп күш салуды талап етеді. Бұл елдің оңтүстігіндегі жаңа пилоттық шаруашылықтарды анықтауға да, шағын және ұсақ шаруашылықтарды қолдау мен елдің солтүстігіндегі пилоттық шаруашылықтарға да кеңес берудің жалғастырылуына қатысты. 2024 жылы алда кездесетін мәселелерді шешуде сіздердің қолдауларыңызға үміттенеміз. Сіздерге 2024 жылда сәттілік, денсаулық пен бақыт тілейміз.

Сіздердің KFM  ұжымыңыз

29 12, 2023

Көгерген сүрлемді малға бермеңіздер!

2024-01-02T08:14:18+00:0029. декабря 2023|

Көгерген жемшөп сиырлардың денсаулығына айтарлықтай қауіп төндіреді.

Зең токсиндері көп жағдайда бактериялық ас қорыту процестерін бұзады. Егер месқарын бактериялары өлсе, күйіс қайыратын малдың асқазанында толық ас қорыту процесі бұзылады, сонымен қатар ішектің шырышты қабығының микотоксиндермен тікелей зақымдалуына байланысты қатты диарея мен іштің бұрап ауруы жиі кездеседі.

Ластанған жемді жейтін көптеген сиырлар желін немесе өкпенің жедел қабынуынын зардап шегеді. Сонымен қатар, көгеру токсиндерінің әсерінен туындаған тұяқ дермасының зақымдануы жиі кездеседі, бұл ламинит ауруының жоғарылауына әкеледі.

Зеңдердің өсуі үшін оттегі қажет, сондықтан тиісті пленкаларды қолдана отырып, сүрлемнің жақсы жабылуы және дұрыс тығыздалуы маңызды. Сүрлемді алу кезінде оның қопсытылмауын қамтамасыз ету керек, алынған жерлері  тегіс және тығыз болуы керек.

Шөп пен сабан теңдері де көгеріп кетуі мүмкін, әсіресе сыртта сақталатын болса. Дәнді дақылдар қоспалары мен концентрацияланған жемшөптерді қолданар алдында әрқашан көгермегенін тексеру керек.

Уве Веддиге

Фото: KFM

27 12, 2023

Сиырлар еш қиындықсыз қыстап  шыға алады!

2023-12-27T03:49:32+00:0027. декабря 2023|

Жоғары температура жылу стрессін тудырады, ал аяз сиырларға қалай әсері етеді?

Жоғары температура жағдайында сиырлар жылу жүктемесін жеңілдету үшін жемшөп жеуін азайтады. Суық мезгілде жылу шығара алатындай энергияны қамтамасыз ету үшін жемшөпті көбірек жейтін болуы керек еді. Алайда, бұл көрсеткіш шамалы ғана өседі.

Жоғары өнімді ірі қара мал қыста өзінің жоғары мөлшерде сұт өндіргенінің барысында жылу шығаратындығынын арқасында суыққа төзімді болады, бірақ оның жүні құрғақ болған жағдайда ғана. Сондықтан қорада жел өтіні мен шамадан тыс ылғалдылық болмауын қамтамасыз ету керек. Сиырлар жататын жерде міндетте тұрде құрғақ, қалын төсеніштің болуы керек.

Ашық қораларда су құбырлары мен астаулар аязға төзімді болуы керек. Дегенмен, -15 °C-тан төмен температура ұзақ уақыт бойы сақталып тұрса, жабдық жұмыс істемей қалуы, ал селекциялық қақпалар -20 °C-тан төмен температурада қатып қалуы мүмкін. Қораның перделері бар болса, ауа ағынын реттеуге болады. Бұл жүйелерді ауа-райы датчиктері арқылы реттеу дұрыс болар.

Суық өнімділікке іс жүзінде жағымсыз әсер етпейді. Сиырлар сау болса және жел мен ылғалдан қорғайтын қорада ұсталса, суыққа төзімді болады.

Уве Веддиге

Фото: KFM

21 12, 2023

Шағын шаруашылықтар — негізгі проблемалар неде?

2023-12-21T08:05:35+00:0021. декабря 2023|

Шағын шаруашылықтар — негізгі проблемалар неде?Неміс сарапшысы жақында оңтүстік Қазақстанда жағдайды талдап, семинарларға, оқу курстарына және консультациялық қызметтерге қажеттіліктерді анықтау үшін болды. Үш облыста — Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарында — доктор Ульрих Шмидт сүт өндірудегі проблемалар мен мүмкіндіктерге қатысты көптеген шағын сүт өндірушілер мен өңдеушілерден сұхбат алды.

Қазақстандық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының әйелдер ұйымымен, ауыл шаруашылығы әкімшілігімен және жергілікті әкімдіктермен байланыс шағын фермерлік шаруашылықтардың жағдайы туралы құнды мәліметтер алуға мүмкіндік берді. Бұл деректер аулдардағы жеке үй шаруашылықтар топтарына арналған оқыту курстарын әзірлеу кезінде пайдаланылатын болады.

Ветеринарлық гигиена, тамақтандыру, сүт гигиенасы және фермераралық ынтымақтастық сияқты тақырыптар тез арада манызды деп анықталды. Сондықтан KFM жобасы тиісті үй шаруашылықтары немесе ауылдық қоғамдық ұйымдар үшін жылына кемінде үш курс ұсынатын болады. Курстарды ұйымдастыру кезінде жұмыс істейтін әйелдердің сабақтарды өткізу уақыты мен орны тұрғысынан мүмкіндіктері ескерілетін болады.

Уве Веддиге

Фото: KFM

19 12, 2023

Қытай сүт нарығы

2023-12-19T16:26:15+00:0019. декабря 2023|

Қытай, әрине, сүт өнімдерінің ең ірі импорттаушыларының бірі болып табылады. ФАО мәліметтері бойынша, 2022 жылы Қытайға әлемдік сүт саудасының шамамен 35% — ы түскен. Алайда импорт ішкі нарықтағы көлемнің күрт өсуі және сұраныстың баяу өсуі аясында азайып барады.

Қазіргі уақытта шикі сүт өндірісі шамамен 41 миллион тоннаны құрайды, оның 60% — дан астамы сүт зауыттарында өңделеді. Қалғаны тікелей тұтынылады немесе ел ішінде қайта өңделеді. ФАО мәліметтері бойынша, Қытайда тұтынылатын сүттің шамамен 70% — ы ел ішінде өндіріледі және шамамен 30%-ы импортталады-негізінен аса жоғары температурада өңделген сүт және құрғақ қаймағы алынбаған сүт ұнтағы, сондай-ақ майсыздандырылған сүт ұнтағы және көбінесе ірімшік түрінде.

Сарапшылар 2024 жылы ішкі өндірістің өсуіне байланысты құрғақ қаймағы алынбаған сүттің де, құрғақ майсыз сүттің де импорты төмендейді деп күтеді.

Ультра жоғары температурада өңделген лы сүт (UHT сүті) Қытай сүт нарығында басым өнім болып табылады. Тұтынушылар UHT сүтінің көптеген пайдалы қасиеттері бар деп санайды, әсіресе балалар мен қарт отбасы мүшелері үшін. Импортталған UHT сүті жақсы рейтингке ие, сонымен қатар сапасы мен бағасы бойынша Қытай сүтінен артықшылығы бар. Бұл өнімдерге жоғары нарықтық сұраныс ішкі өндірістің де, импорттың да өсуіне ықпал етеді.

Уве Веддиге

График: agrarheute

Go to Top