7 05, 2024

Малдың азықты тұтыну мөлшері: азық құрғақ затының мөлшері шынымен де 24 кг ба?

2024-05-13T07:50:20+01:007. мая 2024|

Әрбір табын басқарушыcы сиырлардың қажеттіліктеріне сәйкес қоректік заттармен қамтамасыз етілуін бақылау үшін өз сиырларының азық құрғақ затын тұтыну мөлшерін білуі тиіс.

Азықты тұтыну негізінен 3 факторға байланысты.

  1. Жануарлармен байланысты және азықты тұтыну деңгейіне әсер ететін факторлар — бұл лактацияның жай-күйі, лактациялардың саны, тірі салмағы мен сауым сүт мөлшері. Лактацияның алғашқы апталарында сауым күрт өсетіндіктен, бұл кезеңде жемнің жоғары энергетикалық тығыздығы маңызды. Мал азығын тұтыну да сауымның өсуімен ұлғаяды. Алайда мал тұқымы азықты тұтынуға да әсер етеді.
  2. Азықты көбірек тұтынуға байланысты ең маңызды фактор дәмді, хош иісті және энергияға бай жемшөп болып табылады. Азықтағы энергияның жұғымдылығы мен құрамы да оның желінуіне үлкен әсер етеді. Судың жоғары мөлшері, қоқыстың көптігі және құрамындағы шабылған қатаң азықтың ұзындығы азықтың тұтынуын едәуір азайтады. Артық кетпеңіздер: егер рационның құрылымдық тиімділігі тым төмендесе, бұл азық беру процесіне байланысты ауруларға әкеледі.
  3. Қоршаған орта факторларының арасында бірінші кезекте қоршаған ортаның температурасын атап өткен жөн. Жоғары температура азықты тұтынуға теріс әсер етеді. Сүт сиырлары ылғалды және жылы климаттық жағдайларға қарағанда суық және құрғақ ауа райына жақсы төзеді. Алайда, жем-шөпті тұтынуға сондай-ақ жануарларды азықтандыру мен ұстау жағдайының барлық процесі әсер етеді, мысалы, азықты тарату және сүрлемді дайындау/сақтау және азықты уақытында сиырлардың алдына итермелеп тұру.

Қорытындылай келе, суалған сиырларға оңтайлы күтім жасалса және табынның денсаулығы жақсы болса, олар азықты жақсы жейді деп айтуға болады. Тек тұяқтары сау, ауырмайтын және стресске ұшырамайтын сүтті сиырлар азықты жақсы және жиі жейді. Бұл азықты тұтынудың жоғары деңгейіне қол жеткізудің негізгі алғышарты.

Уве Веддиге

Сурет: Веддиге

2 05, 2024

Жаз: сиырларға ыстықтын әсері

2024-05-02T06:04:49+01:002. мая 2024|

Жаз жақындап қалды. Сондықтан сүтті ірі қара мал табынының жазғы мезгілден аман-есен өтуі үшін шаралар қолдану қажет. Сиырлар ауа температурасы 25 ° C дейін болған кезде жылудың әсерінен болатын күйзелісін сезінеді, бұл сүттің азаюына және оның құрамындағы компоненттердің азаюына әкеледі.

Сиыр қораның әрқашан жақсы желдетілуін қадағалаңыз. Сиыр қорасының есіктерін, перделерін және терезелерін ашу шығын қажет етпейді. Қораға орнатылған желдеткіш те жақсы әсер етеді. Осьтік желдеткіштер мен Casablanca желдеткіштерін орнату бойынша біздің жаднамаларымызбен танысыңыздар.

Су бүріккіш және спринклерлер жүйесі қораның суытылуын судың ұсақ тамшыларының булануы арқылы қамтамасыз етеді. Ылғалды ауа саунадағыдай әсер бермеуі үшін жақсы ауа айналымын қамтамасыз ету маңызды. Жүйе дұрыс орнатылған жағдайда жануарлар мен еден құрғақ күйінде қалады, сондықтан гигиенаға зиян келтірілмейді. Әсіресе 15 минуттық ырғақ тиімді екені анықталған: 3 минут суды шашырату, 12 минут оның буға айналуына кетеді.Таза судың жеткілікті мөлшерде болғанын қадағалаңыздар. Жазда сиыр күніне 150 литрге дейін су ішеді.

Жазғы температурада сиырлар терлеп, тек сұйықтықты ғана емес, сондай-ақ бағалы тұздар мен минералдарды жоғалтады. Жануарларыңыздың әрқашан жеткілікті мөлшерде сумен қамтамасыз етілуін қадағалаңыз, ал ыстық күндері ірі қара мал үшін минералдар мен тұздың мөлшерін шамамен 20% -ға ұлғайтыңыз. Тұз блоктарының немесе жалайтын тұз салынған шелектердің әрқашанда сиырлардың алдында болуы да өзінің тиімділігін іс жүзінде дәлелдеген.

Уве Веддиге

Сурет: Weddige

30 04, 2024

Ірі қара малдың денсаулығы бірінші орында

2024-04-30T09:30:38+01:0030. апреля 2024|

«Сиырлардағы ең өнімділерінің бірінде жатыр қабынуы бар», — деп хабарлайды табын басқарушысы. Осыған байланысты ол сүттің азаюы туралы ғана емес, жоғары температура мен емдеуге жұмсалатын шығындар туралы да ойлайды. Мұндай жануарларда буаз болуына байланысты проблемалар болады екенін оның жақсы білетінін айтпағанда.

Осы жағдайда бірнеше сұрақ туындайды: мен сиырлар төлдеген сон ауырып қалмайтындай не істей аламын? Ауру жануарларды ертерек анықтауға қандай мүмкіндіктерім бар?

Осы және басқа да көптеген мәселелер бойынша «Байсерке Агро» ғылыми-практикалық орталығында тренинг өтті. Ханна Мари Дайстинг пен доктор Хуберт Бурдің басшылығымен KFM болашақ мастер-тренерлері жаңа төлдеген сиырлармен жұмыс істеуді, сондай-ақ түрлі алдын алу шаралары мен шұғыл емдеу жолдарын үйреніп, машықтанды.

«Біз барлығымыз бір апта ішінде екі сарапшының басшылығымен құнды білім мен дағдыға ие болдық», — деген болашақ мастер-тренерлердің бірауыздан пікірі осындай болды.

Уве Веддиге

Фото: KFM

26 04, 2024

Бұзау өсіру басты назарда

2024-04-26T09:19:35+01:0026. апреля 2024|

Құрметті оқырмандар,

тек сау бұзаулар өнімді сүтті сиырларға айналады. Бұл тұрғыда біз сүт пен сүт алмастырғышты салыстырып көреміз . Біздің кезектң шығарылымымызда біз азықтандыру жоспарын қалай құру керектігін, сіздің фермаңызға қандай әдістер сәйкес келетінін және бұзау өсіру процесін қалай жеңілдетуге және жақсартуға болатынын қарастырамыз. Осыған байланысты біз толық сүтпен азықтандыруды сыни тұрғыдан қарастырамыз және сонымен бірге егжей-тегжейлі талқылаймыз. Сондай-ақ, біз сіздерге бұзауларға жылу стрессінің қалай әсер ететіні және жылу стрессін азайтудың қарапайым шаралары туралы егжей-тегжейлі айтып береміз. Біздің ақпараттық бюллетень мазмұны сіздер үшін пайдалы болады деп үміттенеміз.

KFM жобасының ұжымы

19 04, 2024

Жапония: сиыр немесе зебра?

2024-04-19T07:23:46+01:0019. апреля 2024|

Жапондық ірі қара мал — Күншығыс елінде өзінің ең жақсы Вагю сиыр етімен танымал төрт тұқымның бірі. Алайда, фермерлер ұзақ уақыт бойы сиырларға шыбындар мен сона сияқты жәндіктер әсер етеді деп шағымданады. Бұл сиырларда стресс, ыңғайсыздық және ауырсынуды тудырады, тіпті бүкіл табынның көбеюіне әсер етеді. Ямагата префектурасы ғалымдарының зерттеулеріне сәйкес, шыбындар жолақты сиырларға онша жоламайды, ал көбінесе жүні кәдімгі біркелкі сиырларды мазалайды. Осы себепті, осы провинциядағы мал өсірушілер жануарларының үстін зебраның жолақтарына ұқсатып жұмсақ ағартқышпен және бояумен бояй бастады.

«Көптеген фермерлер малдарын жайылуға жіберуден қорқады, өйткені оларға соналар мен масалар жиі шабуыл жасайды», — дейді провинцияның Ауыл шаруашылығын дамыту бөлімінің қызметкері. «Бірақ қазір біз зебра жолақтарына ұқсатып бояу арқылы малдың демалуына және сау өсуіне көмектесе аламыз».

Ғалымдар сиырларды бақылау арқылы бұл шешімнің тиімділігін қадағалады. Олар зебра жолақтарымен боялған сиырларды қарапайым сиырлармен бірге жайылымға жіберді.

Зерттеу көрсеткендей, жолақсыз сиырларға минутына шамамен 16 рет шабуыл жасалады, ал «жолақты сиырларға» минутына 5 рет жақындайды. Зерттеушілер бұл құбылысқа әлі ғылыми түсініктеме бере алмады.

Minh Hoa (жаңалықтар газеті, Tri tric журналы) Фото: PLOS ONE

11 04, 2024

Сүт жолы

2024-04-11T06:50:23+01:0011. апреля 2024|

Жаңа сүт сауын залынан салқындатқыш танкке түседі. Бірақ одан әрі не болады? Шикі сүт қалай және қайда йогурт, кварк, май және басқа да сүт өнімдеріне айналады?

Салқындатқыш танкіде жаңа піскен шикі сүт 4-8 градус Цельсийге дейін тез салқындатылады және сақталады. Температурасын, иісін және шикі сүттің түсін тексергеннен кейін оны сүт тасығышқа жібереді.

Сүт таситын машина сүт зауытына келгенде, барлық көлемдегі жинақталған сынама ветеринарлық препараттардың қалдықтарының бар-жоғына тексеріледі және pH деңгейі анықталады. Бұдан басқа, жекелеген жеткізушілердің үлгілері бірқатар параметрлер бойынша іріктемелі талдауға жатады.

Одан әрі өңдеу үшін сүт үлкен центрифугаларда майсыздандырылған сүтке және кілегейге бөлінеді. Бұл екі компонент өнімдердің кең спектрін өндіру үшін негіз болып табылады.

Сүт өндіру кезінде қатаң гигиенаны сақтаған кезде де әлеуетті патогенді микроорганизмдерді жүз пайыз жою мүмкін болмағандықтан, оны термиялық өңдеуден өткізеді. Пастерлеу кезінде сүтті 72-75 градус Цельсийге дейін 15-30 секунд бойы қыздырады, содан кейін бірден салқындатады. Пастерлеу сүттегі ауру тудыратын барлық микроорганизмдердің жойылуына, ал барлық маңызды витаминдердің едәуір дәрежеде сақталуына кепілдік береді. Одан кейін «гомогендеу» процессі өтеді. Бұл ретте сүттегі май тамшылары 150-300 бар қысыммен ұсақталады. Бұл сүттің үстінен кілегей қабатының пайда болмауын, сондай-ақ адам ағзасының сүтті жеңіл сіңіруін қамтамасыз етеді.

Майсыздандырылған сүт пен кілегей барлық қалған сүт өнімдері үшін де негіз болып табылады. Мысалы, жақсы сүтті сиырдан бір тәулікте сауылған 27 кг суттен 27 литр қаймағы алынбаған сүт, немесе 6 қорап сары май, шамамен 2 кг майсыздандырылған сүт немесе шамамен 3 кг қатты ірімшік өндіруге болады.

DIALOG MILCH, қысқартқан Уве Веддиге

Фото: KFM

9 04, 2024

Сау тұяқтар — сау сиырлар

2024-04-09T09:01:06+01:009. апреля 2024|

Жайылымдағы сиырлардың тұяқтары әр қадам сайын қажалады, ал жұмсақ жерде жұргенде тұяққа салмақ азырақ тұседі. Екінші жағынан, қорада ұстаған ірі қара мал қатты жерде жүреді. Жануарлар қатты бетон ұстімен жүргенде алдымен майтабанға басып, содан кейін сыртқы тұяққа, одан кейін ішкі тұяққа басып жүреді. Қатты жерде тұяқ жерге батып кете алмайды. «Тұяқтың ұшы қажалмай, ұзара береді, әсіресе артқы сыртқы тұяқтар шамадан тыс ынталандырылған сайын өсе береді», — деп түсіндіреді Хольгер Пловка.

Германиядан келген тұяқ кесу бойынша маман қазіргі уақытта Байсерке-Агро фермасында KFM жобасы аясында мастер-тренерлерді оқытып жүр. 5 күндік оқу курсын аяқтағаннан кейін қатысушылар өздерінің күткен сертификаттарын ала алады.

«Тұяқ проблемаларын мен көбінесе малдың тұрып-жататын жері нашар фермаларда көремін», — дейді неміс сарапшысы өз тәжірибесінен. Егер сиырлардың тұрып қайта жатуына орын аз болса немесе сол орыны қатты, ылғалды және лас болса, онда жануарлар көп уақыт бойы тұрып қалады». «Тұру – тұяққа у сияқты әсер етеді», — дейді Пловка,»көң қырғыш тым ұзақ үзіліс жасайтындықтан, жүретін жерлері лас және ылғалды болғандықтан да тұяқтарға зақым келеді».

Тұяқтарды өңдеу бойынша оқытуға сұраныс жоғары. Әрбір қатысушының тәжірибелі тұяқ кесу маманының қадағалауымен жұмыс істеуге жеткілікті уақыты бар. KFM ұжымы осы жазда тағы да басқа оқу курстарын ұсынуды жалғастырады.

Уве Веддиге

Фото: KFM

5 04, 2024

Фермерлерді оқытуда симуляторлар қолданылады

2024-04-05T13:28:33+01:005. апреля 2024|

Теориялық білімнен басқа, ауыл шаруашылығы мамандары кең практикалық дағдыларға ие болуы керек. Бұған бұзаулардың мүйізін күйдіру сияқты жануарлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары туралы білім де кіреді. Оны үйрену үшін жасайтын тиісті жаттығулар әрқашан жануарлар мен адамдардың жарақат алу қаупіне байланысты ерекше проблема болып табылады. Сондықтан, Хаус Дюсстегі ғылыми-зерттеу және оқыту орталығында цифрлық қолдауы бар үлгі/симулятор әзірленді, оның көмегімен болашақ мамандарға мүйіз күйдіруді бұзауларды қинамай ұлгімен/симулятормен жаттығу жасап  қауіпсіз түрде үйрете алады.

Бастапқыда теориялық материал әртүрлі сандық құралдар қолдану арқылы оқытылады. Планшеттердің көмегімен оқушылар планшетте кеңейтілген шындықта (AR) қимылдайды. Кейінірек олар «point & click» көмегімен кеңістікті шарлау кезінде қосымша оқу материалын зерттеу үшін виртуалды шындық көзілдірігі мен 360° бейнені пайдаланады.

Содан кейін білім алушылар алған білімдерін үш блоктан тұратын үлгіде пысықтайды: бас моделі, демонстрациялық құрал және визуализация блогы. Мүйіз күйдіру  кезіндегі қимыл ретін модельдің басындағы демонстрациялық құрал көмегімен жасауға болады. Бейнелеу блогы кері байланысты қамтамасыз етеді және қимылдарды реттейді. Қажетті қозғалыстар графикалық түрде көрсетіледі, бағдаршам жүйесі қолданылады. Осылайша, мамандар нұсқаушының қатысуымен қолдың дұрыс қимылдары мен қозғалыс тізбегін үйренеді. Оларды студент меңгергенше қайталауға болады.

Бұл әдіс мамандарға өз бетінше материалдық және кәсіби білім алуға және алған дағдыларын нақты практикалық жағдайларда қолдануға мүмкіндік береді.

Солтүстік Рейн-Вестфалия Ауыл шаруашылығы палатасы, өңдеген Уве Веддиге

Сурет: LWK NRW

2 04, 2024

Мастер-тренерлерді оқыту басталды

2024-04-02T10:37:40+01:002. апреля 2024|

Алдағы апталарда «Байсерке-Агро» оқу орталығында барлық іс-шара сүтті ірі қара малдың, жас малдың және бұзаудың айналасында болады. Сонымен қатар жемшөп өндіру, құрылыс, технология, электр қуаты мен газбен қамтамасыз ету, бизнесті басқару тақырыптарына да мастер-тренерлерге арналған оқудың бірінші ағымында назар аударылады. Қатысушылардың кейбіреулері қазірдің өзінде тәжірибелі мамандар, бірнеше қатысушылар Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институтында және «Байсерке Агро» — да жұмыс істейді, сонымен қатар сүт өндірісінде алғашқы тәжірибесі бар аграрлық университеттің студенттері де бар. Барлығының мақсаты — мамандандырылған тақырыптар бойынша дағдыларды игеріп қана қоймай, сонымен қатар кеңес берудегі әдістемелік және дидактикалық құралдарды үйрену. Соңғы бірнеше айда KFM ұжымы «жаттықтырушыларды оқыту» тұжырымдамасына сәйкес төрт ай ішінде білікті «мастер-тренерлердің“ бірінші тобын оқыту мен дайындаудың кешенді жоспарын әзірледі.

Олардың міндеті 2024 жылдың күзінен бастап келесі мастер-тренерлер топтарын және көптеген мамандар мен менеджерлерді оқыту болады. «Біз сондай — ақ 2024 жылдың күзінен бастап сүт өндіру саласының он болашақ кеңесшілерінің бірінші тобын оқытамыз деп отырмыз», — дейді KFM жобасының жетекшісі Уве Веддиге, жоспарланған іс-шараларды таныстыра келе. Он ай ішінде Германияның ауылшаруашылық палаталарының оқу бағдарламалары негізінде мал шаруашылығы мен технологиялық процестердің, ферма мен бизнесті басқару, сондай-ақ кеңес беру дидактикасы бойынша оқыту жүргізіледі.

Уве Веддиге

Фото: KFM

 

27 03, 2024

Қажетті іс: қораны күнделікті тексеру!

2024-03-27T07:55:25+00:0027. марта 2024|

Сүтті сиырлар  табынының өнімділігі әрқашан генетикалық бейімділік факторларына, ұстау жағдайларына және сіздің басқаруыңызға байланысты.

Ұстау жағдайында және басқаруда бар әлеуетті айқындапалып, пайдалану өте маңызды. Сіз малды жаңа немесе ескі қорада ұстайтыныңыз маңызды емес. Сіздің міндетіңіз — әрдайым жақсартудың үнемді жолдарын іздеу.

Бәріні мұқият тексеруге уақыт бөліңіз. Жануарлар таза ма, ақсап жүрген жоқ па? Жалпы қандай әсер қалдырады?

Басқа фермаға сын көзбен қарайтын қонақ сияқты қораңызды аралап шығыңыз. Келесі тармақтарға назар аударыңыз:

  • Менің жануарларым сиыр қораның тиісті аймағының қандай болуын қалайды? Жануарлардың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін не істей аламын? Бұл, ең алдымен, жарықтандыру, қорадағы климат және кеңістік сияқты факторларға қатысты.
  • Сиырларыңыз бокста жата кету үшін қанша уақыт кетеді? Ең дұрысы, олар боксқа кіргеннен кейін 2 минуттан кейін жата кетеді. Таңертең барлық сиырларыңыздың жатқанын байқасаңыз да, бұл бокстың жайлы болғандығының белгісі емес. Себебі көптеген сиырлар түнде ұзағырақ жатады.
  • Сиырларыңыз жемшөп салынған жерге жету үшін оңай тұра ма? Сауын бөлмесіне немесе роботқа бару оларға жайлы ма, және олардың күйлеу белгілері анық білінеді ме? Жүретін жерлер тым тайғақ және лас емес пе?
  • Жемшөптін тазалығынан басқа, сиырларыңыздың жем жеуін жақсарту үшін жем мен судың үнемі қамтамасыз етіліуі маңызды. Жемшөп салынатын жер әрбір сиырға жеткілікті жақын және таза ма? Жемшөп торы мен мойын түтігі дұрыс биіктікте орнатылуы керек. Суару құрылғылары жеткілікті ме? Су ағыны дұрыс па және барлық құрылғылар күнделікті тазаланады ма?

Дениз Фёлькер, өндеген Уве Веддиге

Фото: KFM

Go to Top