6 02, 2024

Метан тракторларға жанармай ретінде?

2024-02-06T05:47:54+00:006. февраля 2024|

Сиыр күн сайын климатқа зиянды 600-ден 650 литрге дейін метан шығарады. Зерттеушілер бұл газды сиыр қорасынан алудың практикалық технологиясын жасауға тырысуда. Ол метанды ауылшаруашылық техникасын жүргізу үшін пайдалануға болады.

Футтеркамптағы сиырлардың метан шығарындыларын азайту жолдарын қарастырып жатқан жобадан айырмашылығы (біз бұл туралы 2024 жылдың 1 ақпанында хабарлаған болатынбыз), «MethAnLand» жобасы шығарындыларды олардың пайда болған жерінен тікелей шығаруға бағытталған.

Думмерсторфтағы ауылшаруашылық жануарларының биологиясы ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары сиырлар шығаратын метанды сорып алу және оны моторларға жанармай ретінде пайдалану әдісін қарастыруда. Екі сатылы процесс барысында көмірқышқыл газы бөлініп, метан сұйылтылуы керек.

Думмерсдорф сарапшыларының деректері бойынша, бір сиыр күн сайын 650 литрге дейін метан шығарады. Болашақта ауыл шаруашылығындағы бұл шығарындыларды тиімді түрде азайтуға болады. Биометанды тракторларға пайдалану қазірдің өзінде бар, бірақ Думмерсторф зерттеушілерінің сиырлар дем алатын ауадан метанды алу идеясы әлем бойынша бірегей әдіс болып табылады.

Ендігі мақсат — қораларға орнатуға болатын практикалық техниканы әзірлеу. Қазіргі уақытта эксперименттер Думмерсторфтағы тәжірибелік сиыр қорасында жүргізілуде. Дегенмен, идеяның мал шаруашылығында қолданылуына дейін тағы 10-20 жыл өтуі мүмкін. Германия үкіметі зерттеулерге қаржылық қолдау көрсетеді.

Уве Веддиге

Фото: Веддиге

1 02, 2024

Метан ингибиторлары басты назарда

2024-02-01T04:44:36+00:001. февраля 2024|

Шлезвиг-Гольштейн ауылшаруашылық палатасы ірі қара малға метан ингибиторларын қолдану мүмкіндігін зерттеп жатыр. Мақсат — климатқа зиянды газдың шығарындыларын азайту.

Арнайы жемшөп қоспалары сүтті сиырлардың көміртегі ізіне қалай әсер ететінін білу үшін метан ингибиторларын қолдануды егжей-тегжейлі зерттеу қажет.

Жоба Футтеркамп атты оқу-тәжірибе орталығында жүзеге асырылады.

Метан климатқа әсер ететін парниктік газдардың бірі болып табылады және мал шаруашылығында негізінен күйіс қайыратын жануарлардың ас қорытуында ыдырау өнімі ретінде және көңді сақтау кезінде аз мөлшерде түзіледі. Мал шаруашылығындағы метан шығарындылары 47 % құрайды және ауыл шаруашылығы секторындағы шығарындылардың ең үлкен көзі болып табылады. «Соңғы жылдары мал шаруашылығында метан шығарындыларын азайту үшін көбірек қосымша жем әзірленуде. Алайда оларды практикалық ауылшаруашылығында қолдану тәжірибесі іс жүзінде жоқ.

Жобаның басында Футтеркамптың сүт табынындағы метан шығарындылары қазірдің өзінде жиналған мәліметтер негізінде анықталады. Бұл сүттегі май қышқылдарының мөлшері, сауу және азықтандыру сияқты параметрлерді ескереді. Екінші кезеңде Bovaer жем қоспасымен жемдеу сынағы болады, оны өндіруші метан шығарындыларын 30% — ға азайтуы керек деп санайды.

Сонымен қатар, белгілі бір жануарларда метанды үнемі өлшеу жүргізіледі. Метанды өлшеуден басқа, сауу, жем мен суды тұтыну және руминация белсенділігі тіркеледі және талданады.

Уве Веддиге

Фото: Футтеркамптағы сүтті сиырлар (Веддиге)

30 01, 2024

Нарықта жануарлар тектес заттарды пайдаланбай өндірілетін ақуыздар пайда болады!

2024-01-30T08:25:19+00:0030. января 2024|

Израильдік Foodtech-Startup Imagindairy Ltd. фирмасы жақында АҚШ-та сүт және ірімшік сияқты сүт өнімдерін өндіруде жануарлар тектес заттар қосылмаған ақуыздарын пайдалануға рұқсат алды.

Imagindairy израильдік Remilk (біз 2022 жылдың 6 маусымында хабарлаған болатынбыз) және Калифорниядағы Perfect Day компаниясынан жануарлар тектес заттар қосылмаған сарысу ақуыздары үшін Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасынан (FDA) рұқсат алған үшінші компания болды.

Профессор Тамир Туллер (Тель-Авив университеті) әзірлеген технология бойынша сарысу ақуыздары сүтті имитациялайтын өнімдердің құрылыс материалы ретінде өндіріледі. Олардың құрамында сиыр сүтіндегідей ақуыз бен май бар, бірақ холестерин мен лактоза жоқ.

Жас компания дәміне, бағасына және тәжірибесіне нұқсан келтірместен сүт, кілегейлі ірімшік, балмұздақ және йогурт сияқты негізгі тағамдарды нарыққа шығару үшін азық-түлік өнеркәсібімен ынтымақтасуды жоспарлап отыр.

Француз сүт алыбы Danone жақында Imagindairy компаниясына стратегиялық инвестиция жасады, бұл стартаптың ойынынша, жануарлар тектес заттарсыз сүт өнімдерін әзірлеуде ынтымақтастыққа жол ашуы мүмкін.

Бүгінгі таңда Imagindairy компаниясында Entrée Capital, Target Global, Strauss Group, Emerald Technology Ventures, Green Circle Foodtech Ventures, Collaborative Fund және New Climate Ventures сияқты инвесторлардан 30 миллион доллар жиналды.

Дереккөз: The Times of Israel

Фото: Imagindairy

25 01, 2024

Төлдегеннен кейін де тың!

2024-01-25T03:03:11+00:0025. января 2024|

Көптеген сиырлар төлдегеннен кейінгі алғашқы 14 күнде жұқпалы және метаболикалық ауруларға шалдығып жатады. Мұның себебі көбінесе жануардың суалған кезеңнен лактацияға ауысу кезіндегі метаболизмінің күрт өзгеруі болып табылады.

Осы ауысуға байланысты стрессті азайту үшін сиырларды төлдеуге жақсылап дайындау қажет. Ол үшін сиырлардың суалу кезіндегі менеджментті мұқият тексеру керек. Орналасу тығыздығы, суалу кезеңнің ұзақтығы және азықтандыру да негізгі бақылау нүктелері болып табылады.

Төлдегеннен кейінгі алғашқы 10-14 күнде барлық сиырлардың жағдайын күнделікті жүйелі түрде тексеріп тұру керек. Тексеру жануардың азықтануын, зейінін (құлақ пен көз) алдынан бақылаудан басталады. Содан кейін аш шұңқырдың толғандығын (жемшөп тұтыну көрсеткіші), нәжістің консистенциясын, қынаптық бөліністерін, кетозды және температураны тексеру керек. Әрбір жануарға кем дегенде бір-екі минут ұақыт кетеді. Егер осыны жаттыққан қызметкерлер барынша ұқыптылықпен, керекті құжаттамасымен жасайтын болса, бұл әдіс ауру жануарларды анықтаудың алтын стандарты болып табылады.

Уве Веддиге

Фото: KFM

23 01, 2024

Ферма қалдықтарынан алынатын тыңайтқыштар маңызды бола түсуде!

2024-01-23T07:43:50+00:0023. января 2024|

Садыра мен көн азот, фосфат, калий және магний сияқты өсімдік қоректік заттарының маңызды жеткізушілеріне айналуда. Оларды пайдалану өсімдіктердің өсуіне ықпал етіп қана қоймайды, сонымен қатар органикалық заттар егістік топырақтағы гумустың құрамын жақсартады.

Өсімдіктердің қоректік заттарға қажеттілігін және олардың өсімдіктерге қол жетімді мөлшерін білу фермер үшін өте маңызды.

Садыра мен көнді тыңайтқыш ретінде пайдалану кезінде қоректік заттардың тиімділігін қамтамасыз етуге көбірек көңіл бөлінеді. Топыраққа уақтылы шашу және дереу топыраққа енгізу қоректік заттардың жоғалуын айтарлықтай азайтуға көмектеседі. Алайда, сұйық тыңайтқыштарды бөлу және қатты субстраттарды компосттау қоймалардың жеткілікті болуына байланысты болады.

Экономиканың тұйық циклінің тиімді болуы үшін садыраны,  көңді және жем қалдықтарын мақсатты пайдалануға көбірек көңіл бөлу керек.

Уве Веддиге

Фото: Веддиге

19 01, 2024

Күніне үш рет сауғанда проблема болмайды ма?

2024-01-19T05:33:28+00:0019. января 2024|

Күніне үш рет сауу әдісінде сүт мөлшері туралы алаңдаудың қажеті жоқ деп жиі айтылады. Өйткені сиырды күніне үш рет сауу сүт мөлшерін көбейтетіндігі бәрімізге мәлім.

Бұл расында да мүмкін, егер сиырлар әр 8 сағат сайын тұрақты тұрде сауылатын болса ғана. Егер сауу арасындағы уақыт аралықтары біркелкі болмаса, онда сүт мөлшері кұткендей көбеймейді, керісінше азаяды. Мысалы, 1990 жылдардың аяғында Батыс Германияда жүргізілген зерттеулер сауу аралықтары 12 сағат емес, 9-дан 16 сағатқа дейін ауытқыған кезде сауудың 4% — ға төмендегенін анықтады.

Дегенмен, сиырлар әр сегіз сағат сайын сауылса да, желін толықтай босатылмаса, бұл өнімділіктің жоғарылауына әкелмейді. Өйткені альвеолярлы ингибитор дегеніміз бар. Ол тұрақты түрде болып тұрса сүт секрециясын төмендетеді. Нәтижесінде бар патогендер желінді зақымдауы мұмкін.

Осылайша, егер сіз сиырларыңыздың өнімділік әлеуетін толығымен пайдаланғыңыз келсе және желіндерінің сау болғанын қаласаңыз, сізге жиі ғана емес, сонымен қатар желінді  толығымен босатып сауу керек.

Дереккөз: «Der Hoftierarzt 6/2023»

График: KFM

16 01, 2024

Сүт зауыттарына арналған биогаз?

2024-01-16T06:13:16+00:0016. января 2024|

Сүт өнімдерін өндіру үшін сүт зауыттары көп мөлшерде электр және жылу энергиясын қажет етеді. Алайда, осы уақытқа дейін олар негізінен табиғи газ сияқты қазба отындарын пайдаланып келеді. Жақында Мюнстер қаласындағы қолданбалы ғылымдар университетінде сүт өнеркәсібін энергиямен қамтамасыз етуді тұрақты ету бойынша «ReMolk» ғылыми жобасы басталды.

Доктор Эльмар Брюггинк бастаған топ Naarmann атты сүт зауытымен бірлесіп, қолданыстағы ауылшаруашылық қалдықтары негізінде тұрақты түрде энергиямен қамтамасыз ету тұжырымдамасын әзірлеуде. Болашақта сүт зауытының аралас жылу электр станциялары бұрынғыдай табиғи газбен емес, биогазбен жұмыс істейтін болады.

Зерттеушілер биогаз қондырғыларына назар аударып отыр. «Оларда микроорганизмдер сұйық көң, қи, шлам сияқты органикалық материалдарды, сондай-ақ тамақ өндірісінің қалдықтарын ашытады. Нәтижесінде электр және жылу өндіру үшін пайдалануға болатын метан газы пайда болады», — дейді зерттеушілер.

Ұжым сүт өңдеу процесінде сүт зауыттарында қандай шикізат қалдықтары шығады және оларды энергия өндіру үшін қалай пайдалануға болатынын зерттейді. Сондай-ақ, сүт өндіретін кәсіпорындарда жиналатын сүйық көң, қи және өсімдік қалдықтарынан газ өндіру әлеуеті анықталады.

Зерттеушілердің пікірінше, нәтижелерді басқа сүт зауыттарында да қолдануға болады.

Уве Веддиге

Фото: Веддиге

11 01, 2024

Вакансия: сүтті ірі қара мал шаруашылығының маманы

2024-01-12T03:54:52+00:0011. января 2024|

Біз өз ұжымымызға

ірі қара мал денсаулығы туралы терең білімі бар

тәжірибелі мал дәрігері немесе табын менеджерін іздеудеміз.

Бұл лауазымда Сіз кіше де, ұлкен де сүт фермаларына кеңес бересіз және аграрлық мамандарды оқыту процесінде оқытушы және жаттықтырушы ретінде жұмыс істейсіз. Сүт өндіру саласында үлкен практикалық тәжірибе болуы және неміс және/немесе ағылшын тілдерін жақсы білу қажет.

Сүт өндіру саласындағы біліктілікті арттыру орталығына жету оңай, Алматы қаласынан шығысқа қарай 25 км-дей жерде, Тянь-Шань таулары мен Алтын Эмл ұлттық паркіне жақын орналасқандықтан, өте тартымды ландшафты және демалу үшін кең мүмкіндіктері бар аймақта.

Толық ақпарат алу үшін

Айнагуль Аягановаға хабарласыңыз

+7 705 595 6264    Ainagul.Ayaganova@adt.de

11 01, 2024

Неміс фермерлері демонстрацияға шығуда

2024-01-11T08:09:02+00:0011. января 2024|

Тракторлар мен ауылшаруашылық дизельіне салық жеңілдіктерін алып тастау туралы хабарландыру фермерлерді наразылық акцияларына шығарды. Өкінішке орай, бұл даусыз: тек субсидиялар арқасында көптеген фермерлер өндірістерін тиімді жүргізе алады және осылайша халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуге кепілдік береді. Германияға бидай импорттау керек болды деп бір сәтке елестетіп көрсек. Жемістер, көкөністер мен жұмыртқаларға келетін болсақ, олардың мөлшері ішкі нарыққа жеткіліксіз.

Дегенмен, нақты мәселе тереңірек жатыр: субсидияларға тәуелді фермерлерге климатты қорғау, жануарларға жайлы жағдай жасау, қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму бойынша саяси бағдарлар айтарлықтай әсер етеді. Сонымен қатар, неміс тұтынушылары әдетте Еуропаның қалған бөлігімен салыстырғанда азық-түлікке ақшасын өте аз жұмсайды.

Фермерлер субсидия тұзағынан шыға алуы үшін азық-түлік бағасы айтарлықтай өсуі керек. Алайда, елдегі көңіл-күйді ескере отырып, шығындарды жабатын бағалар саяси тұрғыдан мүмкін емес. Неміс тұтынушыларының сөрелері өнімдерге толы болып тұрғанда, олардың құндылығы білінбей қалып тұра береді. Субсидиялар арқылы тұтынушы салық төлеуші ретінде сатып алу кезінде үнемдейтін ақшасын төлейді.

Сонымен қатар, мал шаруашылығы қысқарып барады, өйткені жергілікті тұрғындар жағымсыз иістерге шағымданады. Сұйық көңді енгізу, пестицидтерді қолдану сияқты процестер көпшілікке жағымсыз болып келеді. Сонымен қатар, жарнамалық роликтер бұрын-соңды болмаған ауыл шаруашылығының романтикалық бейнелерін көрсетеді.

Егер федералды үкімет субсидияларды қысқартса, бұл шыдамнын таусылуына апарады. Алайда, сонымен бірге наразылықтар саясат пен қоғам арасындағы шиеленістің бар екендігін көрсетеді.

Фермерлер өздерінің наразылықтарында жалғыз емес; оларға тасымалдаушылар мен қолөнершілер қосылды. Федералды үкімет дәрменсіз хәлде отырған сияқты, бірақ талап етілген жаңа сайлау өтетін болса да, бұл қазіргі мәселелерді шешуге айтарлықтай әсер етуі екіталай.

Уве Веддиге

Сурет: dpa

9 01, 2024

Ежелгі білім қайта пайдалануда!

2024-01-09T06:03:33+00:009. января 2024|

Сауын залына алғаш рет келген жас сиырлар үрейленіп, мазасызданатыны бәрімізге таныс жағдай. Олар үшін барлығы дерлік жаңа: сауын залындағы жағдай, бейтаныс шу, оғаш иістер, сауыншы, желінге тию және сонымен қатар сауу аппаратын тағу. Мұның бәрі жануарларды үлкен күйзеліске әкеледі. Нәтижесінде олар сауу құрылғысын орнатуға мүмкіндік бермейді, сүт шықпай қояды.

Бұл жағдайда сиырдың қынапшасына ауа енгізу тәсілі көмектеседі. Бұл көптеген жылдардан бері таныс әдіс сүт шығару процесін іске қосатын «Фергюсон рефлексі» деп аталады. Зерттеулер көрсеткендей, қынапқа ауаны үрлеу нәтижесінде қандағы окситоцин деңгейі желінді қолмен ынталандырумен салыстырғанда жеті-он есе жоғарылайды!

Үрлеу әдісі гормондарды пайдалануды азайтуға және жануарларды ауыртпалықсыз, өте жағымды және жұмсақ тұрде тыныштандыруға көмектеседі.

Бұл әдіс ірі қара малмен жұмыстың кез-келгенін жеңілдетеді, мейлі ол желіннің қабынуын жергілікті емдеу, тік ішекті тексеру, вакцинация немесе дәрі-дәрмектерді беру болсын.

Ауаны кері қайтартпайтын клапанмен жабдықталған ауыстырылатын мүштігі,  ұзындығы шамамен 1,20 м силикон шлангісі бар ұзындығы шамамен 30 см тот баспайтын болаттан жасалған түтік қолданылады. Түтікті қынапқа енгізгеннен кейін (шамамен 10 см жеткілікті), сіз 2 рет үрлеп, 4-5 литр ауа шығарып, тыныштандыратын әсердің бірден пайда болғанын көресіздер.

Осы тақырып бойынша толығырақ кеңестерді KFM жобасының «Blowfixx үрлеу әдісі туралы» жадынамасынан оқи аласыздар.

Уве Веддиге

Фото: BoviTools

Go to Top