26 08, 2024

Жүгері жинау: піскендігін анықтау

2024-08-26T06:14:08+01:0026. августа 2024|

Сүрленетін жүгеріні жинау кезеңі әрқашан техниканың болуына емес, өсімдіктердің пісуіне байланысты! Егер тым ерте жинаса, онда өнім аз болып шығады. Егер кеш жиналса, ұсақталған материалды жеткілікті түрде тығыздау қиынға соғады, нәтижесінде сүрлемнің сапасы нашарлайды! Егер оңтайлы уақытта жинамаса, астық өнімі 15 пайызға дейін айтарлықтай төмендеуі мүмкін.

Сүрленетеін жүгеріні жинаудың оңтайлы уақыты өсімдіктің жалпы құрамындағы құрғақ заттың (ҚЗ) көрсеткішіне байланысты, ол көрсеткіш 32-ден 36% — ға дейін болуы керек. Сонда астық өнімі мен сапа сәйкес келеді. Сонымен қатар, дәндердің пісіп жетілуі мен қалған өсімдіктің сіңімділігі арасындағы жақсы сәйкестік оңтайлы cүрленуін және осылайша азықтың жоғары сапалы болуын қамтамасыз етеді.

Жетілу дәрежесін анықтауға арналған нұсқаулық ретінде KFM жобасының «Жүгері жинау кезеңін анықтау» жаднамасын жүктеп алуға болады.

Уве Веддиге

Сурет: KFM

20 08, 2024

Мастер-тренерлер Трисдорфта

2024-08-20T14:50:08+01:0020. августа 2024|

Жақында Қазақстандағы сүт өндірісі бойынша құзыреттілік орталығының болашақ мастер-тренерлері Германияда өз білімдері мен дағдыларын кеңейте алды. Арқабайдағы орталықта төрт айлық қарқынды оқу курсы Германиядағы Вайенштефан-Трисдорф қолданбалы ғылымдар университетінде мазмұнды оқу бағдарламасымен аяқталды.

Қазақ зоотехниктері мен мал дәрігерлері азықтандыру және сауу бойынша тренингтерге қатысты, бағдарламада жаңа туған бұзауларға кұтім жасау, тұяқтарды өндеу және жалпы ірі қара малмен жұмыс істеу бойынша оқыту шаралары болды. Жануарларға тиімді жағдай жасау, олардың денсаулығы сияқты маңызды тақырыптар да назардан тыс қалмады. Екі апталық оқу бағдарламасы «тек қарап қана қоймай, іске кіріс» ұранына сәйкес практикалық сабақтарға бағытталған.

KFM командасының қолдауымен мастер-тренерлер алған білімдерімен болашақта семинарлар мен практикалық сабақтарда сүт фермаларының мамандарымен бөліседі.

Қыркүйек айының басынан бастап қызығушылық білдіретін тұлғалар Аркабайдағы «Байсерке» оқыту орталығында және басқа да фермаларда өтетін кең ауқымды практикалық оқу бағдарламаларына қатыса алады.

Уве Веддиге

Сурет: ADT

30 07, 2024

Сиырлардың ақсақтығын ерте анықтау

2024-08-03T05:12:51+01:0030. июля 2024|

Сиырлар ақсаған кезде олар оны ауырсынады. Бұл айтарлықтай экономикалық шығындарға әкелуі мүмкін. Сондықтан ақсақтықты мүмкіндігінше ертерек анықтау және емдеу немесе ең жақсы жағдайда оның алдын алу өте маңызды. Тіпті бір қарағанда сиыр тұрғанда немесе жүргенде арқасы доғадай бүгілгені сияқты ақсақтықтың белгілерін байқауға болады. Егер сиыр басын изеп жүрсе, бұл ақсағандықтан аяқтарына салмақ түсірмеуге тырысқанын көрсетеді. Ақсақ жануарларды стратегиялық тұрғыдан дұрыс және ерте анықтау үшін KFM командасы мал өсірушілерге KFM тексеру парағын қолданып бұл процессті күнделікті жұмысқа еңгізуді ұсынады. Онда қолданылатын ақсақтықты бағалау бес деңгейі бар:

  • 1- деңгей — қалыпты: сиыр қалыпты жүреді және тұрады,тұрған кезде арқасы түзу болады.
  • 2- деңгей — сәл ақсандайды: сиырдың арқасы тұрғанда қалыпты, бірақ жүру кезінде ол тұяқ ауырғандығын жеңілдету үшін сәл бүкірейеді.
  • 3- деңгей- орташа ақсандайды: сиырдың арқасы тұру және жүру кезінде доға тәрізді. Сиыр бір немесе бірнеше аяқпен қысқа қадамдар жасайды.
  • 4- деңгей — қатты ақсайды: сонымен қатар, сиыр кем дегенде бір аяғына салмақ түсіріп баса алмайды.
  • 5- деңгей — қатты ақсайды: сиыр енді бір аяққа мүлде салмақ түсірмейді немесе тұра алмайды/тұруға қиналады.

Сенімді нәтиже алу үшін, мүмкін болса, ақсайтын сиырларды тұрақты түрде бір адам бақылап анықтап жүруі керек. Табыннан артта қалатын жануарларға назар аудару керек. Дегенмен, ұстау жағдайы, оның ішінде қораның дұрыс емес өлшемдері, кедергілер мен көлеңке түсіп тұруы немесе қорадағы садыра сияқты гигиеналық мәселелерге байланысты ақсақтық пайда болуы мүмкін.

Уве Веддиге

Фото: KFM

26 07, 2024

Жылу стрессі бұзаулардың микробиомасына әсер етеді

2024-07-24T08:26:40+01:0026. июля 2024|

Қазіргі зерттеулер жылу стрессінің ішек тосқауылына теріс әсер ететінін және жергілікті және жүйелік қабынумен және ішектегі әртүрлі бактериялардың (дисбиоз) теңгерімсіздігімен байланысты екенін көрсетеді. Зерттеудің мақсаты жылу стрессіне ұшыраған Гольштейн бұқа бұзауларының қабынуға апаратын және қабынуға қарсы белгілер мен микробиома құрамын зерттеу болды.

Температурасы бақыланатын жерде орналастырылған жақсы дамыған 12 апталық бұзаулар жеті күн бойы жылу стресс жағдайында болды және термо-бейтарап жағдайда ұқсас топпен салыстырылды. Эксперимент аяқталғаннан кейін ғалымдар жылу стрессінен туындаған тоқ ішектегі бактериялық қауымдастықтардағы өзгерістерді талдады. Butyrivibrio spp көбеюі және бактериялардың метаболизміндегі өзгерістері ерекше байқалды. Ректальды температура мен қабынуға қарсы Eggerthii spp арасында күшті оң корреляция байқалды.

Бұл зерттеу жұмысы жылу стрессінің ішек тосқауылының қызметін бұзатындығын көрсетеді. Сонымен қатар, жылу стрессіне ұшыраған бұзаулардың тоқ ішегіндегі бутират өндіретін организмдер санының көбеюі тоқ ішектің шырышты қабығының жұмысын сақтау үшін сәтті реакцияны көрсетуі мүмкін, өйткені Butyrivibrio түрлері қабынуға қарсы ішек бактерияларының қатарына жатады.

Уве Веддиге доктор Хайкенің материалдары бойынша

Фото: KFM

24 07, 2024

Жылы сүрлем: пропион қышқылы көмектесе ме?

2024-07-24T06:37:59+01:0024. июля 2024|

Сіздің сүрлеміңіз қызиды және сіз кесілген жеріне пропион қышқылын себу туралы кеңесті жиі естідіңіз бе? Содан кейін сіз бұл мақаланы міндетті түрде оқып шығуыңыз керек. Біз, KFM командасы, төрт жылдан астам уақыт бойы сүт өндірушілердің көбіне кенес беріп  келеміз және біздің жаднамаларымыз бен бақылау тізімдеріміз тек Қазақстанда ғана емес, көрші елдерде де қолданылады. Жазда біз «сүрлем алынған жер қызған кезде пропион немесе құмырсқа қышқылын пайдаланған дұрыс»деген кеңесті жиі естіп жүрміз. Біз кеңестерімізді тек тәжірибемізге сүйеніп беретініміздіктен бұл құралды Аркабайдағы «Байсерке Агро» ғылыми-зерттеу және оқыту орталығында қолданып көрдік. Бұл кеңесті көптеген кеңесшілер беретінін білеміз. Сондықтан оның әсерін өздеріңіз тексеруді ұсынамыз…. бірақ сіздер оның іс жүзінде пайдасы жоқ екеніне көздеріңіз жетеді.

Бірақ неге? Тым жоғары дозада препарат жемді тұтынуға теріс әсер етуі мүмкін болса да, бүркігенде сүрлем алынатын кезде оттегінің түсуіне байланысты қызитын қабаттарға жетпейді. Оған қарсы бірінші шара ретінде сүрлемді алу кезінде оны қопсытпауға тырысу керек. Сүрлемді алуға арналған қолда бар техника шынымен талапқа сай қолданыла ма, немесе тиеуіштің шөмішімен ”тезірек» алына сала ма, соны  тексеріңіздер.

Екінші кезеңде рационды түзетуге болатындығын және осылайша алу жылдамдығын арттыруға болатындығын тексеріңіздер. Содан кейін, әрине, рационды тұрақтандыру керек, араластыру кезінде немесе күндізгі уақытта жем үстелінде қосымша қызбайтындай. Бұл кезеңде калий сорбаты сияқты дәмі сезілмейтін өнімдерді қолдану керек. «Ыстық азық» жануарлардың денсаулығына ұзақ мерзімді проблемалар тұдырады, әсіресе жазғы жылу стрессімен қоса. Кеңесшімен бірге себебін анықтаңыз. Бұл үшін сіздің жануарларыңыз сізге риза болады!

Уве Веддиге

Фото: KFM

18 07, 2024

Жеке қосалқы шаруашылықтар ақпарат алуда

2024-07-18T09:57:04+01:0018. июля 2024|

Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігі мен Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен шағын жеке қосалқы шаруашылықтардың 23 басшысы жақында сүтті сиырларды азықтандыру және бағу бойынша оқудан өтті. Абай облысынан тағы 15 фермер онлайн қатысты.

Тіпті жеке шаруашылықтардың өзінде сиырларды азықтандыру мен оларға жайлы жағдай жасау бойынша қарапайым шаралар, мысалы, жеткілікті кеңістік, таза ауа және жарық, жануарлардың өнімділігі мен денсаулығын жақсартуға көмектеседі. Иден оқу-зерттеу орталығының сарапшысы Томас Энгельхардт Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің ғимаратында ірі қара малдың асқазан-ішек жолдарының қалай жұмыс істейтінін нақты түсіндірді. Сиырларға тек энергия мен ақуыз ғана емес, сонымен қатар олардың ас қорыту жүйесінің ерекшеліктеріне байланысты құрылымдық жасұнық қажет.

Сарапшы сонымен қатар концентраттардың мөлшері көп болғаны месқарынды қатты қышқылдандыратынын түсіндірді:»күнделікті рационды бірнеше порцияға бөліп азықтандыруға тырысыңыздар, сонымен қатар ең маңызды және ең арзан азық су екенін ұмытпаңыз». Егер сиыр күніне 20 кг сүт берсе, онда қыста ол 55 литр су ішеді, ал жазда-90 литр. Сонымен қатар, шабуға арналған шөпті ол қатая бастағанға дейін шабу керек. Саны емес, сапасы маңызды! Сақтау шығындарын қолжетімді флиспен жабу немесе қарапайым қорада ұстау арқылы қысқартуға болады.

Жоба басшысының орынбасары Айнагүл Аяганова тұрақты кездесулердің маңыздылығын атап өтті: «тәжірибеге негізделген кеңестер мен семинарларға қатысу тәжірибе алмасуға, жаңа білім алуға және өндірістік процестерді жетілдіруге көмектеседі. Сонымен қатар, KFM жобасы www.kfm-kasachstan.net сайтындағы жаднамалар мен бақылау парақтарында пайдалы ақпарат ұсынады». KFM жобасы ақпараттық кооперативтерге біріктірілген шағын жеке шаруашылықтар үшін үнемі семинарлар, тренингтер және топтық консультациялар ұйымдастыруға әрқашан дайын.

Айнагүл Аяганова

Фото: KFM

16 07, 2024

Азықтандыру: оңтайландыру әлеуетін табу

2024-07-16T07:12:54+01:0016. июля 2024|

«Сүтті ірі қара малдың ірі және кіші табындарында жеке жануарға да назар аударуды ұмытпау керек», — деп атап өтті Томас Энгельхардт Аркабайдағы семинар апталығының басында.

15-тен астам қатысушы неміс сарапшысынан «сауын сиырларды азықтандыруды табысты басқару» туралы көбірек білу үшін Қазақстанның оңтүстігіндегі Байсерке-Агро орталығына келді. Энгельхардт қажеттіліктің қазіргі мөлшері мен кейбір азықтардың нәрлілігін сипаттап қана қоймай, сонымен қатар қазақстандық негізгі азыққа көңіл бөлді. Ол жоңышқа сүрлемінің жүгері сүрлемімен қосындысының құндылығын/нәрлілігін ерекше атап өтті, сонымен қатар құрғақ егістіктерді өңдеу мен суарудың әсеріне тоқталды.

Иден қаласындағы Мал шаруашылығы және техника орталығының кеңесшісі суалған сиырлардың ерекше маңыздылығына көп назар аударды. Суалған және төлдеу кезінде малдың күйі бір қалыпта болуы керек. Бұл кезеңдегі өзгерістердің маңызы зор. Ең бастысы, транзиттік кезеңде азықты көп тұтыну, фермер сиырдың аштық шұңқырын үнемі қадағалап отыруы керек.

Энгельхардт қатысушыларға сиырдың азықтану белгілері бойынша кеңес беріп қана қоймай, сонымен қатар азық рационын бағалау мақсатында практикалық жаттығулар контекстінде азық пен нәжісті елеуішпен елеп талдау жасауды түсіндірді. Ол жануарлардың денсаулығын міндетті тұрде күнделікті бақылау керек екенін, бұл ферманың табысының орталық элементтерінің бірі екенін атап өтті.

Уве Веддиге

Сурет: KFM

11 07, 2024

Қора ішіндегі жарық

2024-07-11T06:22:26+01:0011. июля 2024|

Ірі қара малдың көру қабілеті адамдікімен салыстырғанда айтарлықтай өзгеше болады. Ірі қара малдың көру өрісі өте үлкен — 330° ғана емес, көру өткірлігі де адамдыкімен салыстырғанда айтарлықтай төмен. Ірі қара контурларды бұлыңғыр ғана ажыратады. Сондықтан сиырлардың кедергісіз қозғалуы үшін күні бойы біркелкі жарық болғаны өте маңызды. Атап айтқанда, олардың жүретін жолдарында біресе жарық, біресе қараңғы жерлердің болмағаны дұрыс. Әйтпесе, жануарлар жарықтың өзгеруіне бейімделу үшін ондай жерде көбінесе тұрып қалады.

Ымырт түскенде ірі қара адамдарға қарағанда әлдеқайда жақсы көреді. Сондықтан түнде қорада кеңістік бағдарлау үшін жарық қажет емес. Дегенмен, бұл жануарларды түнде тексеруді жеңілдетеді. Сарапшылар күндізгі жарықтың қарқындылығы шамамен 150 люкс болуын ұсынады. Түнде жарықтандыру қарқындылығы 10 люкстан аспауы керек. Сегіз сағаттық қараңғылық кезеңдері мелатонин концентрациясының түнде жоғарылауына кедергі болмауын қамтамасыз етеді. Жарықтың ұзақтығы міндетті түрде маусымға сәйкес болып тұруы керек

Жарықтандыру ұзақтығы 14 сағат болғаны жеткілікті деп саналады.

Уве Веддиге

Фото: KFM

9 07, 2024

Ферма салуға субсидиялар: бас тартпаңыздар!

2024-07-09T11:59:42+01:009. июля 2024|

2019 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Министрлігі тұрақты өндірістік процестер үшін сүт фермаларында біліктілікті арттыру бойынша Қазақстан мен Германия арасындағы KFM жобасымен тығыз байланыста жұмыс істейді.

Теориялық және практикалық білімдерден басқа, нұсқаушылар әрбір сүт өндірушіге өндірісті қолдаудың ағымдағы жай-күйі туралы, сондай-ақ олардың өзгерістері мен түзетулері туралы хабардар ете алуы керек.

Сондықтан, мал шаруашылығы бөлімінің бас сарапшысы Светлана Пучкова ханым жуырда Арқабайдағы «Байсерке-Агро» оқу орталығында болашақ жаттықтырушыларға мемлекеттік қолдау мен реттеу шараларының алуан түрлі спектрін түсіндірді.

Тренингтер шеңберінде 50 басқа арналған отбасылық үлгідегі сүт-тауар фермасын құрудың үлгілік сценарийін есептеу бойынша шебер-жаттықтырушылар үшін әртүрлі жаттығулар ұсынылды: асыл тұқымды мал сатып алынды, жабдықтар сатып алынды, шығыстардың бір бөлігін өтеуді, сондай-ақ сүт өндіру құнын арзандату нормативтері бойынша субсидиялау құралдарын есептеді, ауыл шаруашылығы жануарларын сақтандыру мүмкіндігін қарастырды және т. б.

Көпкүндік тренинг аясында тренерлер нақты сценарийлер негізінде асыл тұқымды мал, жабдықтар сатып алуға, ферма салуға арналған әртүрлі субсидияларды оңтайландырып көрді. Одан кейін қатысушылар сарапшының басшылығымен субсидиялардың өндіріс шығындарына әсерін есептеді.

«Осылайша, біз кез-келген ауылшаруашылық қызметі мемлекеттік ережелермен тығыз байланысты екенін түсіндік», — деді қатысушылардың бірі. Ол жағдайды үнемі талдап, ақылға қонымды, дәлелді шешімдер қабылдаудың қаншалықты маңызды екенін айтты.

Светлана Пучкова

Сурет: KFM

5 07, 2024

Жақсы ойластырылған қоралар – сиырлар денсаулығы үшін жайлы орта

2024-07-05T10:01:53+01:005. июля 2024|

Сиыр ежелден суық климатқа шыдамды дала жануары болып табылады, сондықтан ол салыстырмалы температура диапазонында да өзін жайлы сезінеді. Сонымен қатар, сиырлар табын жануарлары боғандаықтан қораларды жоспарлау кезінде әрқашан олардың топтық әлеуметтік ерекшеліктерін ескеру қажет.

«Біз сиырдың қажеттіліктеріне назар аударуымыз керек» деген ұстаным Байсерке-Агро оқу орталығында өткен қора салу және оны жабдықтау бойынша көпкүндік семинардың ортақ тақырыбы болды.

Уве Веддиге  ғимараттардың жайлылығы үшін манызды қасиеттеріне назар аударды. Бірақ ол қора климаты мен сиырлардың жатып-тұратын жерлеріне ғана емес, сонымен қатар көп еңбекті қажет ететін сауу залы мен мал емделетін немесе төлдейтін аймақтарға да тоқталды. «Дұрыс  жоспарламаса жұмысшылар мұнда көп уақыт жоғалтып қана қоймай, сонымен қатар жұмысты да ойдағыдай істей алмайды»,-деп атап өтті Шлезвиг-Гольштейн ауыл шаруашылығы палатасының құрылыс жөніндегі бұрынғы кеңесшісі.

Автоматтандыру, цифрландыру және жасанды интеллект (ЖИI) жаһандық мегатрендтер болып саналса да, қандай техника қай жерде қолданылатынын мұқият қарастырған жөн. Мысал ретінде ол ірі компанияларда сауу жұмыстарын автоматтандырудың кейбір қадамдарын атап өтті. Екінші жағынан, азықтандыру, мал табынының өз төлінен өсіп-өнуі және қорадағы климат салаларында оңтайландыру әлеуетінің көлемі кең болады, оны міндетті түрде пайдалану керек. «Болашақта жасанды интеллект бізге жануарларды бақылауға көмектеседі және “мал иесінің қырағы көзінің” кору аймағын кеңейтеді», — деп сенеді ауыл шаруашылығы инженері.

Уве Веддиге

Сурет: KFM

Go to Top