26 09, 2024

Сиырлар өтетін жолдар: олардың тайғақ болмауын қамтамасыз ету

2024-09-26T12:13:14+01:0026. сентября 2024|

Сиырлар тайғақ емес жолмен жайбарақат, жылдам және басын көтеріп өтеді. Ал тайғақ жерде олар аяқтарын ептеп басып, баяу жүреді.

Олар жүретін жолдар уақыт өте бұлдырлығын жоғалтып, тайғақ болып кетеді. Оларды қалпына келтірудің екі жолы бар: механикалық жолмен кертпе салу немесе қышқылмен өңдеу.

Бетон үстін химиялық жолмен өңдеп несеп тас сияқты бейорганикалық қалдықтарды кетіруге болады. Дегенмен, алдымен өнделетң жерді мұқият тазалау керек.  Содан кейін ғана тазартқыш қолданылады. Ең оңай жолы — лимон қышқылының ұнтағын (C₆H₈O₇) пайдалану, оны алдын ала тазаланған әлі ылғалды бетон үстіне себу керек. Шамамен 15 минуттан кейін сумен шайылады.

Сонымен қатар, 5% тұз қышқылын қолдануға болады. Бетіндегі кернеуді азайту үшін жуғыш затты қосқан дұрыс. Химиялық реакция өтіп жатқанын көбік пен будың пайда болғаны көрсетеді. 15 минуттан кейін өнделген жерді сумен жақсылап шайыңыздар. Бірнеше сағат аралығында үш рет қолдану үшін дайын ерітіндінің 1,0 л/м2 жеткілікті. Қышқыл қалдықтарын сұйық көңмен бірге шығаруға болады, онда олар зиян келтірмейді, тек аммиакты байланыстырады.

Назар аударыңыздар: қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар!

Тұз қышқылы-өте каустикалық және коррозиялық сұйықтық. Теріге немесе көзге тисе, сондай-ақ реакция кезінде шығатын бумен дем алғанда терінің қатты тітіркенуі, тыныс алудың қиындауы және тіпті тыныс алу жолдарының химиялық күйіп қалуы мүмкін:

— Жұмысты тек тиісті қорғаныс құралдарын қолданып (көзілдірік, резеңке етік, алжапқыш, қолғап киіп), жақсы желдетілетін жерлерде жасаңыздар,

— Қолдануға дайын ерітіндіні дайындаған кезде терінізге тиіп кетпеуін және  шыққан бумен дем алмауыңызды қадағалаңыздар. Қауіпсіздік көзілдірігін міндетте тұрде тағу керек!

— Әрқашан шелекке алдымен су, содан кейін қышқылды қуяды, керісінше емес.

— Әрқашан қасыңызда ағынды су мен көз жууға арналған ерітіндісі бар бөтелке дайын тұрсын.

Уве Веддиге

Сурет: KFM

24 09, 2024

Сауу қондырғылары: тазарту процесін тексеру

2024-09-24T08:06:39+01:0024. сентября 2024|

Сүт зауыттары жоғары сапалы сүтті қажет етеді, сондықтан сиырлар сау және сауу қондырғылары мұқият тазаланып, дезинфекцияланған болуы керек.

Жеткілікті деңгейде тазарту үшін сүт құбырлары мен сауу машиналарында су мен жуғыш ерітінділер жеткілікті уақыт бойы әсер етуі керек; негізгі тазарту процесі, егер кері ағын судың температурасы кемінде 40° C болса, шамамен 15-20 минут уақыт алады.

Қажетті нәтижеге тек сапалы сілтілі және қышқылды тазартқыштарды кезектесіп қолдану арқылы ғана қол жеткізуге болады. Сілтілі жуу ерітіндісі сүт майын, ақуыздарды ерітсе, қышқыл жуу ерітіндісі минералды шөгінділерді кетіреді.

Бактериялар мөлшерінің көбею көбінесе фермерлердің кеңес алуына себеп болады. Сонда көп жағдайларда сауын машинасының резеңкелері мен шлангтардың жүйелі түрде ауыстырылмағандығы анықталып жатады. Микроорганизмдер резеңке бетіндегі жарықшақтарда орналасады. Сонымен қатар жеткілікті температура мен жуғыш ерітіндінің қажетті концентрациясы сақталмайтыны да жиі кездеседі. Бұл қателерді көбінесе қарапайым өлшеу құралдарымен тез анықтауға болады.

Сауу қондырғыларының тазарту жүйесі жақсы жұмыс істеп тұрса, бактериялардың мөлшері төмендей түседі. Дегенмен, саууға дейін, сауу кезінде және одан кейін де гигиена сақтау маңызды. Сүтті басында біраз сауып алмаса, емшектер мен желінді мұқият тазаламаса, сондай-ақ бокстар мен сиырлар өтетін жолдар таза болмаса, жоғары сапалы сүт алу мүмкін емес. Қондырғыларды тазалау туралы толығырақ біздің «Сауу қондырғыларын тазарту» жадынамамыздан біле аласыздар.

Уве Веддиге

Фото: KFM

19 09, 2024

KFM жобасы басты назарда

2024-09-19T07:08:08+01:0019. сентября 2024|

Федералдық канцлер Олаф Шольцтың Астанаға (Қазақстанға) ресми сапары Германия мен Қазақстан арасындағы қатынастарды одан әрі дамытуға маңызды белгі болды. Қазақстан Президенті Қасымжомарт Тоқаевпен бірге ол Қазақстанда жұмыс істейтін неміс компаниялар мен жобалардың өкілдерімен кездесті.

Айнагүл Аяғанова кездесуде біздің жобамызды таныстыру құрметіне ие болды. Жоба басшысының орынбасары соңғы төрт жылда сүт өндіретін пилоттық шаруашылықтарда жүргізілген табысты консультациялық жұмыс және сүт өндірудің барлық аспектілері бойынша семинарларға деген сұраныс туралы айтты. Екі мемлекет басшылары Айнагүл Аяганованың Аркабайда сүт өндіру бойынша құзыреттілік орталығын құру туралы презентациясына ерекше қызығушылық танытты.

Бұл күндері Алматы маңындағы «Байсерке Агро» фермасының аумағында алғашқы оқу курстары басталады. Уве Веддигенің басшылығымен арнайы дайындалған тренерлер ауыл шаруашылығы мамандары үшін курстар ұйымдастырады. Практикалық сабақтардың тақырыптары жануарлардың денсаулығы, азықтандыру, қора салу, табын басқару және қызметкерлермен жұмыс істеу сияқты көптеген мәселелерді қамтиды.

Барлық апталық курстар мен бір-екі күндік іс-шаралар практикалық білім беруге және дағдыларды дамытуға арналған.

Қазақстандық сүт өндірісінде тәжірибе жинақтауға бағытталған KFM жобасының ауқымды қолдауы екі көшбасшыға қатты әсер етті.

Уве Веддиге

Сурет: Фошепот

18 09, 2024

Жүгері жинау: бақылаудың маңызды пункттері

2024-09-18T12:57:11+01:0018. сентября 2024|

Жүгерінің пісетін уақыты қашан? Егін жинауды бастауға бола ма? Сабағына және собығына қарап тексеретін тест қалай жасалады?

KFM жобасымен жүгеріні жинау оңайырақ және тиянақты болады! Егістіктің қалай бағаланатындығын және ол үшін қолданатын техникалық әдістерді үйреніңіздер. Біздің практикалық сабақтарымызда сіздер сүрлемденетін жүгеріні жинау туралы сұрақтарыңызға жауап таба аласыздар.

Күні: 19.09.2024, уақыты:10.00 15.00 сағ.

Өтетін орны: Байсерке Агро, Өтеген батыр көшесі, 3/1, Арқабай ауылы

Бағдарлама:

10.00         Сәлемдесу, жүгері алқабына бару

10.15          Жүгерінің пісетін уақыты қашан?

Жүгерінің піскенін анықтау әдістері

Жүгері ұсақтағышын баптау

12.00         Түскі ас

13.00         Ұсақтау сапасын, құрғақ зат пен крахмал мөлшерін анықтау

14.00        Ұсақталған массаны сүрлем траншеясында сақтау: тығыздау және ауа кірмейтіндей қылып пленкамен жабу

15.00         Қорытынды пікірталас

Тренинг өткізетін спикерлер:

Ларс Майер (Байсерке Агро), Юрий Игрунов (Байсерке Агро), Уве Веддиге (KFM).

Тіркелу бойынша байланысушы тұлға:  Бақытгүл Токенова, тел: +77762305878, e-mail: unpcbayserke-agro@mail.ru.  

 

Фото: Веддиге

17 09, 2024

ЕвроТир көрмесі жақындап келеді

2024-09-17T05:21:16+01:0017. сентября 2024|

2024 жылы ЕвроТир көрмесі Ганноверде мал шаруашылығы саласындағы сарапшыларды қайта жинайды. Бұл көрме инновацияларға, шешімдерге және қалыптасқан нарықтарға жан-жақты шолу жасайды.

Халықаралық мал шаруашылығы саласы 2024 жылдың 12-15 қарашасы аралығында Ганноверде соңғы технологияларды, шешімдерді және бизнес қызметтерін ұсынады. Келушілер ірі қара мал, шошқа және құс шаруашылығына арналған шешімдерді таба алады.

Арнайы бағдарламалар ешкі, қой, жылқы, теңіз жануарларына және т.б. қатысты тақырыптарды қамтиды. Конференциялар барысында қатысушылар климат пен тұрақтылық, қораны пайдалану жүйелері, өңдеу және маркетинг, цифрландыру, қайта өңдеу, ұсыныстар және т. б. сияқты тақырыптар мен тенденциялармен таныса алады.

Көрмеге кәсіби фермерлер мен дилерлерді қосқанда 141 елден кемінде 106 000 келуші қатысады деп жоспарланып отыр. 1 800-ден астам көрме қатысушылары келушілерге өз өнімдері мен шешімдерін ұсынады. 400-ден астам конференциялар мен іс-шаралар көрме бағдарламасын толықтырады.

Уве Веддиге

Графика: DLG

13 09, 2024

Жүгеріні жинау: ұсақтау сапасын тексеру

2024-09-13T08:53:12+01:0013. сентября 2024|

Сауылатын сүт мөлшері тек табын сау болғанда және ол жемді көп мөлшерде жейтін болса ғана көбеюі мүмкін. Ол үшін азық дайындау барысында ұсақтау ұзындығы құрғақ заттың құрамына сәйкес келуі керек, сонымен қатар жүгері дәндерін мүмкіндігінше бәрін ұсақтау керек. Бұны егін жинау кезінде ғана қадағалап, реттей аласыздар. Сондықтан жүгеріні жинау барысындағы ең маңызды адамдар-сүрлемді нығыздайтын трактор жүргізушісі және егін тексеретін инспектор.

Әр сағат сайын астықтың құрғақ зат құрамын кептіргішті немесе микротолқынды пешті қолданып анықтап, ұнтақтау ұзындығын реттеу қажет. Електің көмегімен тексеруші тым ұзын бөлшектерді «іздейді». Екінші жағынан, дәндердің ұсақталуын қарапайым суды қолданып талдау арқылы оңай бағалауға болады. Ол үшін бір литр жүгері сүрлемді бір шелек суға салады; бөлшектенбеген/жарылмаған жүгері дәндері мен олардың бөлшектері тез түбіне түседі.

Ұсақтау сапасының нысаналы көрсеткіштері:

  • Барлық жүгері дәндері кем дегенде төртке бөлінеді немесе ұсақталады.
  • Өсімдіктің барлық бөліктері жеткілікті қысқа, соның ішінде кішкентай жапырақтар да. Ұнтақтау ұзындығы ұнтақталған материалдың құрамындағы құрғақ затқа байланысты.
  • Шабу биіктігі кем дегенде 25 см болуы керек. Биіктігі неғұрлым жоғары болса, энергия тығыздығы соғұрлым жоғары болады. Бұл жемді тұтынуға оң әсер етеді.

Егін жинау кезінде ұсақтау ұзындығын бақыламайтын және кейіннен дәндердің ұсақталу деңгейі мен жемшөпті таңдауда проблемалары бар фермалар бір сиырға шаққанда жылына 75-тен 100 000 теңгеге дейін (жылына 150-200 еуро) жоғалтады.

Сүрлемді дайындау туралы толығырақ KFM ақпараттық бюллетенінен оқи аласыз, оны мына жерден тегін жүктеп алуға болады.

Уве Веддиге

Фото: KFM

10 09, 2024

Бұзаулардың бір-бірін емуі

2025-04-09T05:37:07+01:0010. сентября 2024|

Мұрын сақиналары бұзаулардың бір-бірін емуін тоқтату үшін жиі қолданылады. Бірақ өкінішке орай, мұрын сақиналары оның себебімен күреспейді. Алайда, бұзауларға кем дегенде 8-10 литр, ең жақсысы 10-12 литр сұт берілсе, бұл әуестіктін өшетіні белгілі.

Бұзаулар өмірінің бірінші аптасында күніне шамамен 10 литр немесе одан да көп сүт іше алады. Егер олар күніне 4 литр ғана ішсе, онда олар өмірінің бірінші аптасында салмағын жоғалтады. Сүт немесе сүт алмастырғышын көбірек беру ішектің денсаулығына немесе ұлтабар толып кетіп, сүт месқарынға кетуіне әсер етпейді.

Бір-бірін соруға ішінара аштық әсер етеді және бұзаулар сүт немесе сүт алмастырғыштарды шектеулі мөлшерде ғана ішсе, көбейеді. Сондықтан оны болдырмау үшін бір бергендегі сүт мөлшерін және сүттің жалпы мөлшерін көбейту пайдалы болуы мүмкін.

Егер бұзаулар емуге жеткілікті уақыт жұмсамаса, бұл оларды қоршаған ортадағы басқа заттарды емуге итермелейді. Азықтану ұзақтығын ұзарту үшін ағымы баяу емізіктерді қолданған жөн.  Жаңа туылған бұзауларға ағыны баяу, қаттырақ емізіктерге ауыспас бұрын, бастапқыда жұмсақ «уыз емізігін» қолданған дұрыс.

Ашық шелекпен салыстырғанда емізік арқылы азықтандыру өзара емуді едәуір азайтады. Емізіктің көмегімен бұзаулар ему инстинктін азықтанған кезінде де, одан кейін де баса алады.

Шамасы, ағымы баяу емізік арқылы азықтандыру — бұл қалыптан тыс ему әрекетін азайтудың ең тиімді стратегиясы.

Қосымша кеңестерді KFM-жобасының «Бұзаулардың бір бірің емуі» атты жаднамасынан алуға болады.

Уве Веддиге

Сурет: ADT

5 09, 2024

Quadrant қолданыста

2024-09-05T06:46:37+01:005. сентября 2024|

Сабан — егіншілік пен мал шаруашылығын байланыстырып тұратын маңызды буын.

Жыл сайын біз жануарларға арналған төсеніш ретінде 800 тоннадан астам сабанды, сондай-ақ сиырларға арналған азықтың құрамдас бөлігі ретінде және жас мал мен бұзауларды азықтандыру үшін 500 тонна пішен сығымдаймыз.

Сабан сиыр қорасындағы резеңке төсеніштердің үстіне салынатындай бұзаулардың үйшіктері және топ болып ұсталынатын бокстарға да гигиеналық төсеме ретінде қажет. Сиыр тұрып-жататын бокстарға пайдалану үшін сорғы көңмен бірге сорып алатындай оны майдалап ұсақтайды.

Бұрын тек домалақ теідер қолданылған, бірақ оларды тасымалдау және сақтау ұзақ уақытты қажет етті. Claas QUADRANT 5300 шөпті сығымдайтын жинағышын сатып алу арқылы енді өлшемі 90 x 120 x 240 см болатындай төрт бүрышты тең жасауға болады.

Домалақ теңмен салыстырғанда, сабанды осылай жинау енді аз уақытты алады. Мұндай теңнің үлкен салмағы және бір-бірінің үстіне оңай жиналуы доңғалақты тиегіштер мен жүк көліктерінің жүргізушілерінің жұмысын жеңілдетеді. Төрт бұрышты теңдерді кішкентай тиегіштермен қорада оңай жылжытуға және таратуға болады.

Уве Веддиге

Фото: KFM

3 09, 2024

Жүгері: егін жинауға дайындық

2024-09-03T08:47:31+01:003. сентября 2024|

Жүгеріні жинау уақыты жақындап келеді, оны ұсақтайтын техника жұмысқа кіріскенге дейін бірнеше күн ғана қалды. Бірақ оған дейін көп дайындық қажет:

Әрқашан неше гектар жердегі жүгеріні жинау керектігі, қанша бригада баратыны және сүрлемді кім нығыздайтыныны белгіленіп қойылу керек. Өрістердің қандай ретпен жиналатындығын анықтайтын график болғаны дұрыс. Алқаптар, алқап шекаралары және кірме жолдар цифрлық алқаптар картасына енгізіледі немесе картада белгіленеді.

Сүрлемге арналған орынды да дайындау керек:

  • Сүрлем траншеясына өту және одан шығу жолдары ештеңе кедергі болмайтындай ашық болуы керек.
  • Сүрлем шұңқырының қабырғаларына пленка тартылып қойылған.
  • Сүрлемнің бүкіл ұзындығы бойынша астына төселетін және үстіне жабатын пленкалар дайын.
  • Түпқоймаларда пленканы басып қоятындай құм дорбалары жеткілікті.
  • Шаруашылық басшысы әр сағат сайын ұсақтау ұзындығын және барлық дәндердің ұнтақталғанын тексереді.

Сүрлем траншеясындағы ең маңызды нәрсе:

  • Нығыздайтын тракторлардың жалпы салмағы бір сағатта жиналатын өнімнің салмағына (тонна құрғақ зат) сәйкес келуі керек.
  • Нығыздайтын тракторлардың шиналарындағы ауа қысымы кемінде 2 бар болғаны дұрыс. Тракторлар максималды 4 км / сағ жылдамдықпен үзіліссіз жұмыс істейді, келесі қабатты салмай тұрып бүкіл траншеядағы сүрлемді екі-үш рет айналып өтеді. Жүгерінің әр қабатының қалыңдығы 20 см-ден аспайды.
  • Егінді жинап болып, тіркемелерді босатқаннан кейін тракторлар сүрлем жабылғанша тағы бір сағат бойы оны нығыздауын жалғастырады.

Сүрленетін жүгерінің піскендігін анықтауға арналған нұсқаулық ретінде сіз KFM жобасының «Жүгеріні жинау мерзімін анықтау» жаднамасын тегін жүктей аласыздар.

Уве Веддиге

Фото: KFM

29 08, 2024

Сиырлардың ластанғаны нені білдіреді

2024-08-29T05:37:24+01:0029. августа 2024|

Сиырлардың қатты ластанғаны олардың өздерін жайсыз күйге түсіреді және тұяқ пен желін ауруларына, терінің тітіркенуіне және өнімділіктің төмендеуіне әкеледі. Аяқтардың, желіннің, төстің және қарынның ластануы негізінен лас бокстардан және қатты ластанған жолдардан болады. Көп жағдайда скрепер сирек іске қосылады және төсеніштері бар бокстарға сабан салу қажет емес деген пікір басым келеді.

  • Жотасы ластанса: бұл қорадағы климат пен шаңнан туындауы мүмкін. Сабан төсемеде шаң аз екеніне және ауа айналымының жақсы екеніне көз жеткізіңіздер. Тарауыш щеткалар жануарлардың жағдайын жақсартуы мүмкін.
  • Жамбасы лас болса: көң мен қи уақтылы шығарылмағандықтан немесе жататын бокстар тым кішкентай екенін көрсетеді. Төсек пен өткелдердің таза екеніне көз жеткізіңіз. Сонымен қатар, бокстардың өлшемдері (ұзындығы, ені, мойын штангасының орналасуы) жануарлардың үлкендігіне сәйкес келуі керек.
  • Желін лас болуы оның денсаулығы мен сүт гигиенасына әсер етеді, сонымен қатар сауу залында желінді тазарту үшін уақыт кетеді және қосымша жүмыс жасалады.

Сиыр тұрып-жататын жер жұмсақ және құрғақ болуы керек. Жануарларды таза ұстаудың ең оңай жолы-күн сайын 0,3-0,5 кг ұсақталған сабан салып тұру. Кәдімгі скреперлер мен сорғы жүйелеріне ол кедергі болмайды. Ағаш жоңқалары қолайсыз, өйткені абразивті әсерінен және ұсақ ағаш бөлшектерінен теріге зақым келуі мүмкін, сонымен қатар мастит қаупі арта түседі.

Сондай-ақ, KFM жобасының «Желін тазалығы», «Сиырлар өтетін жолдарды тексеру» және «Сиырлардың жайлылығы» атты бақылау парақтарын нұсқаулық ретінде пайдаланып, бокстардың дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіздер.

Уве Веддиге

Фото: KFM

Go to Top