5 11, 2024

Сиырларды емдеу әдісі: месқарынға зондпен сұйықтық жіберу

2024-11-05T06:28:39+00:005. ноября 2024|

Сиырлардың асқазанына зонд арқылы сұйықтық жіберу халықтық медицинадан бастау алады. Сұйықтық — ол көбінесе дәрілік ерітінді — тікелей жануардың асқазанына жіберіледі. Бұл әдіс дәстүрлі және заманауи мал шаруашылықтарында кездеседі.

Асқазан-ішек жолдарының бұзылуы сияқты ауруларды емдеуден басқа, бүгінгі күні бұл әдіс азық қоспаларын, дәрумендер мен минералдарды енгізу үшін де қолданылады.

Мысалы, кальций қоспалары бар ерітінділерді беру гипокальциемияның алдын алуда маңызды рөл атқарады. E. coli-дан туындаған маститтен кейін детоксикацияны сақтауға арналған заттарды да тез және тиімді енгізуге болады. Туылғаннан кейін бірден зонд арқылы сұйықтық жіберу месқарынның тез толтырылуына әкеледі және осылайша ұлтабардың ығысуына қарсы тұрады. Кетоз кезінде, малдың азықты тұтынуы нашарланған кезінде немесе операциядан кейін қосымша энергия беру және тәбетті ынталандыру үшін де осы әдіс қолданылады.

Қорытындылай келе, зонд арқылы сұйықтық берудің көптеген артықшылықтары бар, ол сиырларды емдеудің құнды әдісі болып келеді. Жетілдірілген процедуралар енгізілген сәттен бастап ол ірі қара малдың ауруларын емдеу мен алдын алу шаралары үшін маңызды рөл атқарады.

Уве Веддиге

Сурет: KFM

31 10, 2024

Орегано майы: бұзау қорасында қолданыла ма?

2024-10-31T08:32:25+00:0031. октября 2024|

Екі жаңа зерттеу барысында орегано эфир майының бұзаулардың диетасына әсері қарастырылды.

Грекия ғалымдары орегано эфир майының жас бұзаулардың диареясына әсерін зерттеді. Бұзаулардың жартысына өмірдің алғашқы 10 күнінде орегано эфир майының 1 кг дене салмағына 12,5 мг берілді, ал екінші топқа берілмеді. Орегано майын қабылдаған топ диареямен сирек ауырды. Орегано майының ең тиімді әсері патогендердің әсер ету деңгейі төмен болған кезде байқалды. Мұндай жағдайларда май әсіресе аш ішекте колибактериялардың шамадан тыс өсуін тежейтін болса керек.

Қытайда жүргізілген екінші зерттеу емшектен шығарғаннан кейін бұзаулардың рационында монензинді орегано эфир майымен алмастыру әлеуетін қарастырды. Монензин — бұл сүт өнімділігін де, жануарлардың салмағын да арттыратын бактерияға қарсы және паразиттерге қарсы препарат.

TMR-де құрғақ заттың әр 1 кг 36 мг мөлшерінде орегано эфир майы қосылып берілген бұзаулар монензин қабылдаған топ сияқты қоспасыз бақылау топтарына қарағанда салмақтың айтарлықтай өсуін көрсетті. Орегано эфир майын қолданудың өзі монензиннің орнына қолданылатын тиімді балама бола алатын сияқты, бір жағынан бұл антибиотик емес, екіншіден өсуді ынталандыратын артықшылықтары бар.

Уве Веддиге, www.dairyherd.com сайт материалдары негізінде

Фото: KFM

29 10, 2024

Жүйе бойынша суалту

2024-10-29T05:23:59+00:0029. октября 2024|

Көптеген желін аурулары суалту кезеңінде пайда болады, суалтудан кейінгі алғашқы екі апта және төлдегенге дейінгі соңғы екі апта әсіресе маңызды кезеңдер болып табылады. Осы уақытта емшек ұштарының жабық болғаны өте маңызды.

Сау жануарларда емшектің шырышты қабығында секреция пайда болады. Бұл «кератин тығыны» деп аталады, суалту кезеңінде  мастит қоздырғыштарының енуінен қорғайды.

Емшек каналы көбінесе жабылмай қалады, әсіресе оның ұшында кератинделген өсінділері бар оңай сауылатын сиырларда. Бұл гиперкератоздар қазақстандық сиырларда кең таралған және дұрыс сауылмағандықтан пайда болады. Нәтижесінде олар инфекция қаупін арттырады.

Ішкі емшек тығыздағышы жеткілікті ме, әлде желіндегі мастит қоздырғыштарын жою үшін антибиотикті қолдану қажет пе, осы бойынша шешім қабылдау көбінесе қиын болады.

KFM бұл мәселені біраз анықтай түседі: команда жақында бақылау парақтары мен жадынамалардың кең сериясын екі жаңа ақпараттық жаднамамен толықтырды: «Дұрыс суалту» және «Тығыздағышты дұрыс пайдалану«. Екі жаднамада да дұрыс шешім қабылдау және дәрі-дәрмектерді қолдану туралы нақты мәлімет бар.

Уве Веддиге

Фото: DLG

25 10, 2024

ҚазАгро: «Үздік сауыншы 2024» байқауы өтті

2024-10-25T07:31:25+01:0025. октября 2024|

Биыл Орталық Азиядағы ең ірі ауыл шаруашылығы көрмесі ауыл шаруашылығының тұрақты дамуы мен аграрлық секторға заманауи технологияларды енгізу үшін қуатты серпін береді. Алғашқы мәліметтер бойынша Астанадағы көрме өткен жылдың нәтижелерінен асып түсті. Осы күндері 320-дан астам экспоненттердің стендтерін көруге 20 000-нан астам адам  келді: https: //kazagroexpo.kz/ru / немесе https://kazagroexpo.kz/en/.

Көрме фойесінде «Қазақстан өзінің ең жақсы сауыншысын іздейді» деген ұранымен жарыс өтіп жатқан кезде көп адам жиналады. KFM барлық сауыншыларды «ҚазАгро» көрмесінде «Үздік сауыншы 2024» байқауында өз шеберліктерін көрсетуге шақырды.

KFM сүт жобасынан Айнагүл Аяғанова кіреберісте жасанды желіні бар сиырдың ағаш макетін орнатып қойған. Келушілердің әрқайсысы отыз секунд  ішінде өз шеберліктерін көрсете алады. Алғаш рет сиыр сауып көретін келушілер конкурсқа нағыз кәсіпқойлармен қатар қатысты. Жеңімпаз отыз секундта ең көп сауылған сүт мөлшеріне қарай анықталды. Барлық қатысушыларға шағын сыйлықтар берілді, ал ең үздіктер үшін бұл күндері тамаша сыйлықтар дайындалған.

Уве Веддиге

Фото: KFM

21 10, 2024

ҚазАгро көрмесі: Германия серіктес ел ретінде

2024-10-21T07:13:10+01:0021. октября 2024|

Германия Орталық Азиядағы ауыл шаруашылығы және фермерлік жөніндегі ең маңызды салалық іс-шара «KазАгро/КазФарм» көрмесіне серіктес ретінде қатысады. Ауыл шаруашылығы көрмесі 2024 жылғы 22-24 қазан аралығында Астанада өтеді. Көрмеге 25-тен астам неміс компаниялары қатысады. Германия мен Қазақстан арасындағы диалогты дамыту бойынша ауқымды мамандандырылған бағдарлама дайындалып жатыр. Германия мен Қазақстан арасындағы диалог жобасы cол іскерлік бағдарламаның жүзеге асырылуына қолдау көрсетеді.

Германияны серіктес ел ретінде тарту Қазақстан мен Германия арасындағы ауыл шаруашылығы секторындағы бұрыннан келе жатқан әріптестік қатынастарды одан әрі нығайтады. Неміс компаниялары мен мекемелері Орталық Азияның ірі нарықтарының бірінде өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы және жем-шөп өндірісі үшін ең жаңа технологияларды, өнімдер мен қызметтерді, сондай-ақ ауыл шаруашылығы технологияларын ұсынады.

Көрме бағдарламасы Қазақстан мен Германияның сарапшылары ауыл шаруашылығындағы проблемалар мен шешімдер туралы пікір алмасатын мамандандырылған іс-шаралар сериясымен толықтырылатын болады. Бұл серіктестік бизнес үшін жаңа мүмкіндіктерді іздеуге, желілерді кеңейтуге және ауыл шаруашылығындағы екіжақты өзара алмасуды күшейтуге мүмкіндік береді. Толығырақ: www.agrardialog-kaz.de/de/veranstaltungen/deutschland

Мәтін: APD

Графика: КазАгро/ КазФарм

17 10, 2024

Тұяқ кесуді үйрену керек

2024-10-17T09:42:30+01:0017. октября 2024|

Әр қадам сайын тұяқтар белгілі бір дәрежеде тозады, ал жұмсақ жермен жүргенде тұяқтар жерге батып тұяққа түсетін жүктемені азайтады  бірақ ол тек жайылымда ғана мұмкін. Қорада, керісінше, жануарлар қатты жермен жүреді. Жерге аяқ басқан кезде алдымен табанның жұмсақ жеріне, одан кейін сыртқы тұяққа, кейін ішкі тұяққа салмақ тұседі. Қатты жерде тұяқ жерге батып кете алмайды. “Тұяқтың ұшы қажалмай, ұзара береді, әсіресе артқы сыртқы тұяқтар шамадан тыс ынталандырылған сайын өсе береді”, – деп түсіндіреді Хольгер Пловка.

Феровтан келген тұяқ кесу бойынша неміс сарапшысы 2024 жылдың 21-26 қазаны аралығында (үш күндік екі тренинг) Байсерке-Агро фермасында тәжірибелі және тәжірибесіз тұяқ кесу мамандарын оқытады. 3 күндік оқу курсынан өткеннен кейін қатысушылар тұяқ кесу маманы деген  сертификатын ала алады.

“Тұяқ проблемаларын мен көбінесе малдың тұрып-жататын жері нашар фермаларда кездестіремін”, – дейді неміс сарапшысы өз тәжірибесінен. Егер сиырлардың тұрып қайта жатуына орын аз болса немесе сол орыны қатты, ылғалды және лас болса, онда жануарлар көп уақыт бойы тұрып қалады”. “Тұру – тұяққа у сияқты әсер етеді”, – дейді Пловка,”көң қырғыш тым ұзақ үзіліс жасайтындықтан, жүретін жерлері лас және ылғалды болғандықтан да тұяқтарға зақым келеді

Тұяқ кесу тренигіне сұраныс жоғары. Әрбір қатысушының тәжірибелі тұяқ кесу маманының басшылығымен жұмыс істеуге жеткілікті уақыты болады.

Тіркелу үшін телефон нөмірі: +7776 230 58 78.

Уве Веддиге

Сурет: KFM

11 10, 2024

Оқу ғылыми-өндірістік орталығында практикалық курстар басталды

2024-10-11T06:52:27+01:0011. октября 2024|

Біз фермаларға кеңес беруге барған сайын «білікті жұмыс күшінің жетіспеушілігі» мәселесі сүт өндірісінде де бар екенін көріп жүрміз. Көптеген шаруашылықтар өсіп келеді, барлығы дерлік өндірістің тиімділігіін арттырғысы келеді, ал кейбіреулері бизнестің жаңа бағыттарын ашады. Нәтижесінде білікті жұмыс күшіне үлкен сұраныс туындайды.

Жақында тағылымгер мамандар бір апта бойы практикалық дағдыларды үйренді. Олар сондай-ақ сүт өндірісі туралы кең білім алып, жануарлардың күйін сыртқы белгілері бойынша анықтауды үйренді. Шынында да, барлық техникалық қолдауға қарамастан, фермердің «қырағы көзі» оның таптырмас қасиеті болып қала береді. Кәсіпқойлар мен студенттерге арналған осы апталық «практикалық курс» барысында қатысушылар мал шаруашылығында әртүрлі практикалық дағдыларды үйренеді және пысықтайды. Мұнда басты назар күнделікті сауу процесін үйренуде болды. Алайда, бұзауларды азықтандыру, күту, жаңа бұзаулаған сиырларды күту және тұяқ кесу тақырыптары да назардан тыс қалмайды.

Оқу ғылыми-өндірістік орталығы сонымен қатар сүт өндірісіне байланысты тақырыптар  бойынша кең каталогты ұсынады. 2024 жылы келесі курстар мен іс-шараларды өткізу күндері:

— Практикалық курстар: 04 — 08.11; 25 — 29.11; 02 — 06.12. және 09-13. 12. 2024

— Тұяқ кесу: 21-22. 10; 23-24. 10 және 25-26. 10. 2024

— Қора күні: 29.10.2024

— Бұзаулар күні: 30.10.2024

Қосымша ақпарат алу үшін Бақытгүл Токеноваға хабарласыңыздар, телефон: +77762305878, e-mail: unpcbayserke-agro@mail.ru.

Уве Веддиге

Фото: KFM

8 10, 2024

Қыс келе жатыр!

2024-10-08T04:06:35+01:008. октября 2024|

Қыстың ерте және күрт басталуы Қазақстанда қалыпты құбылыс болып саналады. Дегенмен, әрбір шаруашылық қыста артық жұмыс жасамайтындай суық мезгілге дайындала алады. Су құбырлары жиі қатып қалады, ал сауын сиырлардың алдында әрқашан таза су болуы керек.

Осындайда суды үнемі қыздыратын және оның ағынын қамтамасыз ететін арнайы сорғылары бар айналым жүйелерін пайдаланған дұрыс. Егер айналымды қамтамасыз ету мүмкін болмаса, ыдыстардағы қарапайым биметалл клапандары тұрақты су ағынының арқасында қату қаупін азайта алады.

Алайда, суды төгу құралы қорада мұз пайда болмайтындай етіп жасалуы керек. Сауын бөлмелері де қатып қалу қаупіне ұшырайды. Жаңа сауу орталықтары көбінесе жылы ауамен жылытылады. Ескі сауу залдарында мобильді желдеткіш жылытқыштар өздерін жақсы жағынан көрсетті. Әсіресе сауу арасында сауу залы жылу кетпеуі үшін жақсы жабылуы керек. Терезелер мен есіктерді жабық болуы керек, ал күту аймағын перделермен жабуға болады. Сиырлар суыққа шыдамды, ал сауыншыларға сауын залында реттелген температурада жұмыс істеген әлдеқайда жақсы болады.

Қыстың басталуына дейін сиырлар жататын жердің қалай жабылатынын және ашылатынын тексеру керек. Қатты аязда, әсіресе жел кезінде, олар ешбір кедергісіз жабылуы керек. Шуақты күндерде және қатты аяз болмаған күндері олар қорадан артық ылғалды кетіру үшін оңай ашылуы керек.

Ұзаққа созылған аязда скреперлер жолда жиі қатып қалып жатады. Бұл жағдайда үзіліс уақыты өте қысқа болатын скреперлерді қолданған дұрыс. Дегенмен, клапандардың қатып қалуы көбінесе техникалық қызмет пен тексеру шығындарының артылуына әкеледі. Төтенше жағдайларда жолдарды техникалық тұз сеуіп жібітуге болады. Жануарлар тайғақ еден үстімен көп жүре алмайды, сондықтан жем үстелінде әрқашан жеткілікті жем болуы керек.

Уве Веддиге

Фото: KFM

3 10, 2024

Желіннің денсаулығына әсер ететін көптеген факторлар

2024-10-03T06:10:47+01:003. октября 2024|

«Мен маститке қарсы не істей аламын?»- бұл біздің кеңес беру жұмысымызда жиі кездесетін сұрақ. Дегенмен, созылмалы қабыну кезінде өнімділіктің төмендеуін желіннің денсаулығын жақсарту арқылы айтарлықтай азайтуға болады.

Атап айтқанда, стресс факторлары, мысалы, қорадағы сиырлар тығыздығы, иерархия, қорадағы климат және т.б. метаболизмге, демек, желіннің денсаулығына әсер етеді. Кальцийдің жетіспеушілігіне көбінесе назар аударылмайды. Бұл емшек сфинктерінің бұлшықеттерінің жұмысына теріс әсер етеді және осылайша микробтардың сүт безіне енуіне ықпал етеді.

Желінде қалатын сүт мөлшері көп болғандығы да  желіннің қабынуына әкелуі мүмкін. Егер сиырлардың 20% — дан астамының әр емшегінен 15 секунд ішінде 4 рет толық ағынды қалдық сүт сауылатын болса, шара қолдану керек. Басқа ықтимал себептерге алдын-ала иітіп алмағандығы, емшектердің нашар күйіне байланысты сүт ағынының жеткіліксіздігі, сауу аппараттарының дұрыс орналаспауы және сауу жүйесіндегі техникалық ақаулар жатады.

Емшектердің өзгеру себептерін анықтау әсіресе көп уақытты қажет етеді. Бақылау тізімі өте көлемді: сауу ұзақтығы, сүт ағыны 1 кг/мин. төмен немесе бос желіннің әрі қарай сауылуы, вакуум деңгейі және құралдың дұрыс кигізілмеуі. Көбінесе бактериялардың көп болуының себебі — ескірген немесе сәйкес келмейтін резеңкелер.

Микробтар сауыншылар  колдарының терісінде де қалады және осылайша сиырдан сиырға тарайды. Мұны қолғап кию арқылы азайтуға болады. Бастапқы сүт ағынын сауып алуға арнайы стаканды пайдалану арқылы да құрамында патогендер бар сүттің сауу бөлмесінің еденіне немесе жануарлардың аяқтарына тиіп әріқарай таралыуына жол бермейді. «Бір сиырға бір шүберек» әдісімен желінді құрғақ тазалау да инфекция қаупін азайтуға көмектеседі. Қосымша ақпаратты KFM жобасының «Сауу процесі» және «Сауу құрылғысы» чек-парақтарынан, сондай-ақ «Сауы қуралының резеңке таспаларын ауыстыру туралы»  жадынамадан табуға болады.

Уве Веддиге

Фото: KFM

1 10, 2024

Көбінесе байқалмай қалатын көрініс: азықты таңдап жеу

2024-10-01T07:20:08+01:001. октября 2024|

Қазақстандағы көптеген сүт өндірушілер өз фермаларында сиырлардың азықты теріп жеу мәселесіне аса назар аудармайды. Олар көбінесе жемшөпті бақылаумен айналысады, құрғақ затты тұтыну мөлшерін анықтайды, TMR-ге су қосады және жемшөп араластырғышты толтыру юойынша эксперимент жасайды.

Дегенмен, жануарлардың 50% — дан астамы жем араластырғыш сигналы естілген кезде жем үстеліне жақындайтынын байқауға болады. Бұл жануарлар жемшөпті сұрыптайды, ең жақсысын таңдап, шоколад тәрізді бөліктерін «рахаттанып» жейді, ал кейінірек келген жануарларға тек қалдықтары қалады. Нәтижесінде, жануарлардың екі тобында да олардың қажеттіліктеріне сәйкес азықтанбауына байланысты қиындықтар туындайды. Оның салдары әрдайым қатты ауыр болмаса да,  көбінесе тұяқтардың денсаулығы нашарлайды, сиырлар желін инфекцияларына бейім болады және салмақтары кенет өзгеріп тұрады. Сиырлардың денсаулығы қол жетімді негізгі азықты көп тұтынғанда ғана жақсы болады. Алайда, бұған жемнің сұрыпталуына жол бермеген жағдайда ғана қол жеткізуге болады. Жануарлардың «тәттілерді» іздеуге жұмсаған әр минутында олар құрғақ затты тұтынуға қажет уақытын өткізіп алады. Біздің «Сүт сиырларының азықты тұтынуын арттыру бойынша 10 кеңес» жадынамасын және «Сауылатын сиырларды азықтандыру» бақылау тізімін қараңыздар. Сондай-ақ, біз сіздерге денсаулық пен сүт өнімділігін жақсарту  мақсатында табыныңызды қалай азықтандыру және қандай бақылау механизмдерін енгізу керектігін осында көрсетуге әрқашан дайынбыз.

Уве Веддиге

Фото: KFM

Go to Top