30 06, 2026

Цифрлық оқыту арқылы кәсіби құзыреттілікті дамыту

2026-06-30T13:12:26+01:0030. июня 2026|

KFM – «Қазақстанның сүт саласында құзыреттілікті арттыру» жобасы аясында цифрлық оқу материалдары арқылы сапалы білім беру ресурстарына қолжетімділікті кеңейтеді. Жобаның YouTube арнасында және веб-сайтында жарияланған оқу бейнематериалдары сүт өндіруші фермерлерге, кеңесшілерге, оқытушыларға және сала мамандарына кез келген уақытта әрі кез келген жерде пайдалануға болатын тәжірибеге негізделген, қолжетімді білім ұсынады.

Цифрлық оқу ресурстары дәстүрлі оқыту тәсілдерін толықтырып, кәсіби білім беру мен үздіксіз біліктілікті жетілдіру үдерісінің маңызды бөлігіне айналып отыр.

Цифрлық оқу ресурстары білімге қолжетімділікті кеңейтіп, өздігінен білім алуды қолдайды және әртүрлі өңірлер мен ұйымдар арасында кәсіби тәжірибе мен білімнің тиімді алмасуына мүмкіндік береді.

Цифрлық оқу материалдарының қорын қалыптастыру арқылы KFM жобасы Қазақстанның сүт саласындағы кәсіби құзыреттілікті дамытуға үлес қосып, болашақтағы сын-қатерлерге жауап бере алатын білікті мамандарды ұзақ мерзімді даярлауға қолдау көрсетеді.

Біз кәсіби білім беру мен білім алмасуда оқу үдерісінен тыс ұзақ мерзімді оң нәтижесін беретін заманауи тәсілдерді дамытуға мән береміз.

Хенрик Дельфс және Уве Веддиге

Сурет: © KFM

29 06, 2026

Азықтандырудағы қателіктерді анықтау

2026-06-29T06:57:22+01:0029. июня 2026|

Фермаларда кеңес беру барысында сүттегі несепнәр деңгейінің бақыланбайтыны жиі анықталады. Ал бұл көрсеткіш жануарларға ақуыз бен энергияның жеткілікті деңгейде беріліп жатқанын тез бағалауға мүмкіндік береді және азықтандырудың дұрыстығын анықтаудың тиімді құралы болып табылады.

Оңтайлы деңгейі — 15–25 мг/100 мл. Егер көрсеткіш 15 мг/100 мл-ден төмен болса, бұл рационда ақуыздың жетіспеушілігін білдіреді.

Егер жетіспеушілік бірнеше апта немесе ай бойы сақталса, бұл ең алдымен месқарында жасұнықтың қорытылуын нашарлатады. Нәтижесінде негізгі азықтың сіңірілуі төмендеп, сауым азаяды. Көрсеткіштің 10 мг/100 мл-ден төмендеуіне жол бермеу маңызды.

Екінші жағынан, несепнәрдің 30 мг/100 мл-ден жоғары көрсеткіштері, ең алдымен, лактацияның бірінші жартысындағы сиырларға теріс әсер етеді. Энергия жоғалтумен қатар, несепнәрдің жоғары мөлшері бауырға қосымша жүктеме түсіреді. Сонымен қатар, азықтандырудағы мұндай жағдай жатырдағы pH деңгейінің өзгеруіне әкелуі мүмкін. Бұл өз кезегінде ұрықтанған аналық жасушаның жатыр қабырғасына бекінуін нашарлатады.

Энергиямен қамтамасыз етілуін бағалаудың маңызды көрсеткіші — сүттегі ақуыз мөлшері; оңтайлы деңгейі 3,2–3,8%. 3,1%-дан төмен мәндер энергия тапшылығын, ал 3,8%-дан жоғары ақуыз деңгейі оның артық екенін көрсетеді.

Метаболикалық кетоз (ацетонемия) ауруына байланысты энергия тапшылығын май-ақуыз арақатынасы арқылы қосымша анықтауға болады. Көрсеткіші 1,5-тен жоғары сиырларда бұзаулағаннан кейінгі алғашқы төрт айда кетоздың даму қаупі жоғары болады.

Қосымша ақпаратты KFM-нің «Несепнәр көрсеткіштері бойынша азықтандырудағы қателіктерді анықтау» жадынамасынан табуға болады.
Уве Веддиге
Фото © KFM

24 06, 2026

«Ауыл шаруашылығының болашағы әйелдер көшбасшылық рөл атқарған жерде қалыптасады»

2026-06-24T09:59:17+01:0024. июня 2026|

БҰҰ жариялаған Халықаралық ауыл шаруашылығындағы әйелдер жылы аясында KFM жобасы аграрлық сектордағы әйелдердің жетістіктеріне, тәжірибесіне және шабыт беретін өмір жолдарына арналған арнайы іс-шара ұйымдастырды. Ауыл шаруашылығы өндірісі мен ғылым саласының алты көрнекті өкілі өздерінің өмірлік оқиғаларымен, кәсіби тәжірибелерімен бөлісіп, еңбек жолында еңсерген қиындықтары туралы әңгімеледі. Олардың баяндамалары қазіргі ауыл шаруашылығындағы әйелдердің өзгеріп келе жатқан рөліне қатысты құнды түсінік берді.

Талқылаулар келесі маңызды тақырыптарға арналды:

  • Жұмыс, отбасы және бала тәрбиесін үйлестіру
  • Жеке және кәсіби жетістік тарихтары
  • Әйелдердің аграрлық секторға қосып отырған үлесінің артуы
  • Ауыл шаруашылығындағы болашақ әйел буыны үшін ашылатын мүмкіндіктер мен кездесетін сын-қатерлер

Шара әйелдердің ауыл шаруашылығы саласындағы қосылған құн тізбегінің барлық буындарында — фермер, зерттеуші, кәсіпкер, кеңесші және басшы ретінде — барған сайын маңызды рөл атқарып келе жатқанын көрсетті. Олардың іске деген адалдығы, табандылығы мен жаңашылдық әлеуеті ауыл шаруашылығының неғұрлым тұрақты әрі инклюзивті болашағын қалыптастыруға ықпал етеді. Өз тәжірибелерімен бөлісіп, аграрлық саладағы мақсаттарына жетуге ұмтылған өзге жандарға шабыт берген барлық баяндамашылар мен қатысушыларға шынайы алғысымызды білдіреміз.

Лена Экштайн (ADT)

Фото © KFM

22 06, 2026

EUROTIER 2026 көрмесінде өтетін MilkyWay іс-шарасы

2026-06-22T06:44:46+01:0022. июня 2026|

Шаруашылығыңыздағы ірі азықпен қамтамасыз ету жүйесіне жан-жақты баға бергіңіз келе ме? Онда Ганновер қаласында өтетін EuroTier көрмесіне келуге кеңес береміз.

DLG-нің (Германия ауыл шаруашылығы қоғамы) жемшөп пен субстраттарды консервілеу жөніндегі практикалық нұсқаулығының жаңа басылымының жарық көруіне орай, осы салалық басылымның авторлары бүкіл өндірістік үдерісті таныстырады: жемшөп дақылдарын өсіруден бастап өнімді жинау, сақтау, консервілеу және малға беру кезеңдеріне дейін.

Негізгі назар тұрақты өнімділікті арттыру мәселесіне аударылады: фермерлер сауын сиырлардың жай-күйін барынша ескере отырып, жоғары өнімділікке қалай қол жеткізе алады? Қолда бар ресурстарды қалай тиімді пайдалануға болады? Және ең бастысы – қазіргі нарық жағдайында бәсекеге қабілеттілікті қалай сақтап қалуға болады?

Ірі азық сапасы тақырыбы EuroTier 2026 көрмесіндегі «Milky Way» арнайы экспозициясының басты бағыттарының бірі болады. Мұнда ірі қара мал өсірушілер сүт өндірісі мен сауын сиырларды күтіп-бағуды табысты, тұрақты әрі тиімді жүргізуге қажетті барлық шешімдермен таныса алады. Үш павильонда келушілерге «TopTierTreff», «Barn Robot Event», сондай-ақ ірі азық өндірісі мен сауу технологияларына арналған арнайы экспозициялар ұсынылады.

EuroTier Milky Way бағдарламасының басқа да негізгі бағыттары қатарында селекция мен генетика саласындағы жетістіктер, заманауи мал шаруашылығы технологиялары және тікелей өнім өткізу шешімдері бар. Сонымен қатар, саланың өзекті мәселелеріне арналған практикалық шешімдер таныстырылады. Арнайы презентациялар, баяндамалар, сарапшылар пікірталастары және гидтердің сүйемелдеуімен өтетін экскурсиялар көрме бағдарламасын толықтыра түседі.

Дереккөз: DLG ақпараты, құрастырған Уве Веддиге

Фото © DLG рұқсатымен / Жайылымнан стақанға дейінгі инновациялар

16 06, 2026

Ыстықтан болатын стресстің қысырлыққа әсері

2026-06-16T12:30:42+01:0016. июня 2026|

Стресс ағзаға салмақ түсіреді, ал кейбір жануарларға ол әртүрлі әсер етеді. Бұл ауыртпалықтың деңгейі стрестің фертильділікке қаншалықты әсер ететінін айқындайды. Ірі қара малдың негізгі стресс факторларына қоршаған ортаның әсері, аурулар, өндірістік жүктемелер, рационның өзгеруі және психологиялық стресс жатады.

Стресс тудыратын физиологиялық жүктеме жатырдың саулығына, аналық жасушалардың сапасына, аналық бездердің жұмысына және эмбриондардың даму мүмкіндігіне теріс ықпал етеді.

Сауын сиырлары жылу стресіне ерекше сезімтал, себебі жоғары сүт өнімділігімен қатар ағзада метаболикалық жылу да пайда болады.

Осылайша, жылулық стресс пен жоғары өнімділік малдың буаздық кезеңіне теріс ықпал етеді. Сауын сиырлардың жем-шөпті аз жеуіне бір жағынан қоршаған ортаның стресстік факторлары себеп болса, екінші жағынан, бұл тек жылулық стресстен туындайтын метаболикалық өзгерістердің салдары болып табылады.

Жаз мезгілінде сауын сиырлардың ыстықтан болатын стресі күнделікті мәселеге айналады. Бұл буаздық барысын тікелей нашарлатады. Сондықтан сиыр қораларында желдетудің автоматты жүйелерін орнату және оларды дұрыс пайдалану аса қажет.

Қосымша ақпаратты KFM-нің «Осьтік желдеткіштерді орнату» және «Casablanca желдеткіштерін орнату» ақпараттық парақшаларынан табуға болады

Уве Веддиге

Фото: бұл сиырға біраз салқындық қажет © KFM

11 06, 2026

Бұзаулардағы жылу стрессі

2026-06-11T07:14:41+01:0011. июня 2026|

Ыстықтан тек сауын сиырлар ғана зардап шекпейді. Бұзау үйшіктері де тікелей күн сәулесі астында тез жылынуы мүмкін.

20°С-тан жоғары температурада бұзаулар да көлеңкелі жерлерді іздейді. Бұзаулар терлеп, ауыздарын ашып, ақыры ағзасы сусызданғанша ауыр тыныс алады. Бұлшықеттері дірілдеп, құрысу пайда болады. Дене қызуы 40°С-қа дейін көтерілуі мүмкін.

Жаз мезгілінде жануарлар суды көбірек қажет етеді, ал сүт алмастырғыш арқылы түсетін сұйықтық көлемі азаяды. Бұзаулардың алдында кез келген уақытта жеткілікті мөлшерде таза су болуы керек!

Үйшікті көлеңкелі жерге қою немесе тентпен күн сәулесінен қорғау керек. Үйшіктегі ауа айналымын жақсарту үшін барлық тесіктерді ашып, мүмкіндігінше үйшікті тастармен «тіреу» керек. Жеке үйшіктер арасындағы қашықтықтың алыстау болуы да ауа айналымын жақсартады.

Егер бұзаулар қорада ұсталса, терезелер мен перделерді ашып, қосымша желдеткіштерді пайдалану керек. Бірақ бұзаулар тікелей өтпелі желге ұшырамауы тиіс. Желсіз әрі ыстық күндері сыртта болса да желдеткіштер әсерінен олар жеңілденіп қалады. Ыстық күндері бұзауларды басқа қораға/топқа ауыстыру, мүйіздерін күйдіру, көңді жинау сияқты әрекеттерден міндетті түрде бас тарту керек.

Уве Веддиге

Фото: Бұл бұзаулар көлеңкедегі орынға риза болар еді © KFM

9 06, 2026

Сауы процесі тым баяу ма?

2026-06-08T12:21:39+01:009. июня 2026|

Топтық сауу залында сағатына 4–5 цикл орындауға болады, ал карусельді сауу залында — 6 циклға дейін. Егер сауу процесі тым ұзаққа созылса, оның себебі сиырларға (мысалы, ұзақ сауылатын сиырлар), дайындық және аяқтау жұмыстарына, сондай-ақ малды айдауға байланысты болуы мүмкін. Жағдайды талдауға әр сиырдың сауу ұзақтығы туралы бағдарламалық деректер және жұмыс барысындағы әлсіз тұстарды анықтайтын тәулік бойы жүргізілетін жеделдетілген бейнетүсірілім көмектеседі.

Желінге алғаш қол тиген сәттен бастап сауу басталғанға дейін екі реттік сауымда кемінде 60 секунд, ал үш реттік сауымда 90 секунд өтуі тиіс. Шамамен 120 секундтан кейін окситоциннің әсері әлсіреп, сүттің шығуы төмендейді. Дайындық уақытының тым қысқа немесе, керісінше, тым ұзақ болуы «бос» саууға әкеледі. Бұл емшекке артық жүктеме түсіріп, жалпы сауым уақытын ұзартады.

Кез келген жағдайда алдымен сүттің алғашқы ағындарын сауып алады, содан кейін емшектерді тазалап, құрғату қажет. Егер алдын ала ерітіндегі батыру қолданылса, оны алғашқы ағындарды сауғанға дейін де, кейін де жасауға болады.

Сауу аппаратын шешу мерзімі шегін 400–800 г/мин аралығында реттеу ұсынылады. Алайда бұл тек сауы процесі дұрыс ұйымдастырылып, сүт беру тұрақты болған жағдайда ғана тиімді болады.

Сауыншыларды оқыту және тәжірибелі сүт шаруашылығы кеңесшілерінің үдерісті тұрақты бақылауы ұзақ мерзімде сауым сапасын жоғары деңгейде ұстауға мүмкіндік береді. Нәтижесінде күнделікті сауым уақыты қысқарып, өнімділік артады және желін саулығы жақсарады.

Сауы жылдамдығын тексеру бойынша кеңестер KFM-нің жақында жарық көрген «Сауу жылдамдығы туралы» атты тегін нұсқаулығында берілген.

Уве Веддиге

Фото © Weddige

5 06, 2026

Сиырлар құрғақ төсенішті жақсы көреді

2026-06-05T06:50:40+01:005. июня 2026|

Мал қорада ұсталатын сиырларда жайылымдағы сиырларға қарағанда ұстау жағдайына байланысты маститтің даму қаупі жоғары болады. Бұл ретте төсеніш материалдары қоршаған орта арқылы жұғатын патогендердің негізгі көзі болып табылады. Сондықтан инфекция қаупін азайту үшін бокстағы төсеніштің құрғақ және бактериологиялық тұрғыда қауіпсіз болуы маңызды. Сонымен қатар, жайлылық — жатып демалатын және жатып күйіс қайтаратын сиырлар үшін, олардың өнімділігі мен саулығы үшін маңызды.

Сиырлар құрғақ төсенішті өте жақсы көреді. Ылғалды төсеніштер сиырларда стресс тудырады, өйткені үстемдік етуші сиырлар ең құрғақ жерлерді иеленеді.

Сиыр жатқанда, оның желіндері мен емшектері жататың жердің бетіне тиіп тұрады. Төсеніш тек құрғақ қана емес, сонымен қатар оның патогенді бактериялары мүмкіндігінше аз болуы керек.

Төсеніш нәжіспен және зәрмен, сондай-ақ басқа көздерден келген бактериялармен ластанады. Алайда төсенішті дұрыс таңдау және оны жүйелі түрде ауыстыру инфекция қаупін азайтуға көмектеседі. Төсеніш материалдарының әртүрлілігі олардың гигиеналық жарамдылығының кең ауқымын көрсетеді. KFM-нің «Жақсы төсеніш мастит қаупін азайтады» деген жақында жарияланған жадынамасын қараңыздар.

Желін мен сирақ буындарының тазалығына қарап төсеніштердің сапасы мен тазалығы туралы білуге болады. Бұл мәселе бойынша KFM-нің тиісті жадынамалары www.kfm-kasachstan.net  сайтында бар.

Уве Веддиге

Фото © Веддиге

2 06, 2026

Биоқауіпсіздікті сақтау

2026-06-02T07:23:47+01:002. июня 2026|

Биоқауіпсіздік популяциялар, табындар немесе жануарлар топтары арасында осы уақытқа дейін кездеспеген аурулардың алдын алуға, сондай-ақ аурудың табын ішінде таралуын шектеуге бағытталуы тиіс.

Мақсаты — ірі қара мал табындарына ауру тудыратын микроорганизмдердің енуіне және инфекцияның ауру жануарлар арқылы таралуына жол бермеу.

Биоқауіпсіздік шараларының мақсаты:

  • жануарлардың денсаулығын қорғау және олардың күтімі мен жағдайын жақсарту,
  • қауіпсіз азық-түлік өнімдерін өндіру арқылы тұтынушыларды қорғау,
  • фермерлердің денсаулығын сақтау және оларды зооноздардан қорғау,
  • өндірістің экономикалық тиімділігін қамтамасыз ету және заңнамалық талаптарды сақтау.

Ең жиі жұқтыру жолы — жануарлар арасындағы тікелей байланыс, мұнда қоздырғыш, мысалы, ауа немесе бөлінділер арқылы жұғады. Ауру қоздырғыштарының таралуының жиілігі бойынша екінші жолы — адамдар мен көлік арқылы.

Жануарлар саулығын басқару, жануарларды сатып алу, көлік құралдары мен келушілердің қозғалысын бақылау, сондай-ақ зиянкестер мен шыбындарға қарсы күрес саласындағы биоқауіпсіздік шаралары жануарлар мен адамдарды аурулардан қорғайды. Шаруашылықтың барлық қызметкерлері бұл сақтық шараларын сақтауға ұмтылуы тиіс — соның ішінде өз қауіпсіздігі үшін де!

Жақында шыққан KFM-нің «Мал шаруашылығындағы биоқауіпсіздік» атты жадынамасында шаруашылығыңызды қорғау бойынша құнды кеңестер берілген.

Уве Веддиге

Фото: Сүт таситын көліктер де биоқауіпсіздікке қауіп төндіреді © KFM

28 05, 2026

Мастит: сүт сынамаларын дұрыс алу

2026-05-28T08:03:44+01:0028. мая 2026|

Желіннің қабынуы жиі пайда болып, көбінесе осымен бір мезгілде резервуардағы сүттегі самтикалық жасушалар мөлшері жоғарылайды. Нақты диагностика процеске қандай қоздырғыштар қатысатынын және емдеуді қалай жүргізуге болатынын анықтауға мүмкіндік береді. Лабораториялық талдауды, әсіресе соматикалық жасушалар саны көбейгенде, желін қабынғандаа немесе емнің нәтижесі болмаған жағдайда міндетті түрде өткізу керек.

Кез келген зерттеудің ақпараттық құндылығы сынамаларды дұрыс таңдауға байланысты. Ең оңтайлысы —желіннің әр төрттен бір бөлігінен алынған алғашқы сауылған (сауар алдында тазалау үшін емшек ұшындағы сүтті сауып тастағаннан кейінгі сүт) сүт сынамалары. Клиникалық симптомдар тек бір бөлігінде байқалса да, барлық бөлігінен сынама алу керек. Бұл зертханаға сау және ауру бөліктерді /емшектерді салыстыруға және субклиникалық инфекцияларды анықтауға мүмкіндік береді.

Маститті мақсатты емдеу сауу залынан басталады: тек дұрыс алынған сүт сынамалары ғана қоздырғыштың дәйекті диагнозын қоюға және жауапты, негізделген және тиімді терапияны қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сынаманы дұрыс алмаған жағдайда зерттеу нәтижесіне ғана емес, ең жаманы жануарлардың денсаулығына да қауіп төнеді. Сондықтан естен шығармаған жөн: диагностика сынаманы дұрыс алудан басталады.

Сүт сынамаларын алу бойынша нұсқаулықтарды KFM-нің «Сүт сынамаларын алу» атты жақында шыққан жаднамасынан таба аласыздар.

Уве Веддиге

Фото © Boehringer Ingelheim

Go to Top