About Uwe Weddige

This author has not yet filled in any details.
So far Uwe Weddige has created 881 blog entries.
11 03, 2025

Қыста да сүрлем қызып кете ме?

2025-03-11T08:27:09+00:0011. марта 2025|

Сүрлемнің қызу қаупі тек жазда ғана болмайды. Сіз бәрін дұрыс жасадыңыз және сүрлемдеу процесі аяқталған сияқты ма? Осыған қарамастан, сүрлемде бар ашытқы сүрлем ашылғанда оны қайта қыздыруы мүмкін. Бірақ бұл үшін оған оттегі қажет. Қалдық қант пен сүт қышқылы ашытқыларды көректендіреді, нәтижесінде сүрлемнің рН деңгейі жоғарылайды. Сүрлемнің қызуы, ең алдымен, сүрлемнің энергияны жоғалтатынын білдіреді. Әрбір 10 °C температураға қызыған сайын күніне бір килограмм құрғақ затқа шаққанда шамамен 0,1 МДж NEL жоғалады. Сүрлемнің зақымданғанын температура зондымен немесе жылу камерасымен тез анықтауға болады.

Сүрлемді арнайы техникамен алмағандықтан кесілген/бөлінген жерін қопсытып тастау немесе  сүрлемді жеткілікті тығыздамау оның қызуына апарады. Сүрлемде оттегі неғұрлым көп болса, соғұрлым ашытқы көбейеді және сүрлем көгеріп кетеді. Сүрлемді траншеядан тиісті  жылдамдықпен алмаса да ашытқы мен зең көбейеді. Егер қыста аптасына траншеядан алу барысында 1,5 метрге жылжу жеткілікті болса, жазда 3 метр немесе одан да көп алу қажет. Сүрлемдеу кезінде құрғақ заттың мөлшері де қайта қызыуна әсер етуі мүмкін. Құрғақ сүрлемді тығыздау әлдеқайда қиын.

Сүрлемді қопсытпай кесіп /бөліп алу өте маңызды; сүрлеміңізді сақтау үшін барлық қопсытылып шашылған қалдықтарды күніне кемінде бір рет толығымен алып тастау керек. Егер сүрлемді алу жылдамдығын ұстану мүмкін болмаса, алынғын шетін сұйылтылған пропион қышқылымен тұрақтандыруға болады. Пропион қышқылы ашытқы мен зеңнің өсуі мен көбеюін тоқтатады. Алайда, бұл ерітінді тек сепкен жеріне ғана әсер етеді. Егер ашытқы сүрлемнің алынатын жерінен терең таралып кетсе, шығын болуы сөзсіз.

Осы тақырып бойынша KFM жобасының  «Сүрлемдеу барысындағы қателіктер» атты жаднамасында да мәлімет бар.

Уве Веддиге

Фото: Жемшөп араластырғышына тиегенде қатты қызған сүрлемнен бу шығады © KFM

7 03, 2025

Agritechnica 2025 – не жаңалық бар?

2025-03-07T06:19:45+00:007. марта 2025|

Агритехника 2025 көрмесі 9-15 қараша аралығында Ганновер қаласындағы көрме орталығында өтеді. Биылғы жылы ауыл шаруашылығы техникасының дүниежүзілік үздік көрмесі «Тouch Smart Efficiency» (Сенсорлық интеллекттің тиімділігі) ұранымен өтеді және тағы да ауыл шаруашылығының болашағына қатысты мәселелерін талқылауға арналған алаңға айналады.

Биыл көрменің бағдарламасында бөлек тақырыптарға арналған күндер жоспарланған. «7 күн — 7 тақырып» ұранымен өтетін Агритехника 2025 тақырыптық көрме күндері келушілердің әртүрлі топтарына бағытталады. Мысалы, 10 және 11 қарашадағы екі Агробизнес күні ауылшаруашылық дилерлер, мердігерлер мен ірі фермалардың ұсыныстарына  арналады.

«Инновациялар және баспасөз күні» (9 қараша), «Халықаралық фермерлер күні» (12 қараша), «Цифрлық ферма күні» (13 қараша), «Жас маман күні» (14 қараша) және  «Фермерлікті мерекелеу» басқа да арнайы топтар мен тақырыптарға арналады.

Ганноверде экспоненттер егіншілік пен өсімдік шаруашылығы бойынша халықаралық көрменің ең ауқымды және алуан түрлі бағдарламасын ұсынады: бүріккіштерден дрондарға дейін, тракторлардан автономды жабдық жүйелеріне дейін, астық жинайтын комбайндардан бастап цифрлық көмек жүйелеріне дейін.

Толығырақ https://www.agritechnica.com/en/about-the-fair

Уве Веддиге

Фото: Ірі фермаларға арналған жемшөп араластырғышы ©Веддиге

6 03, 2025

KFM жобасы бойынша магистрлік диссертация

2025-03-07T03:58:02+00:006. марта 2025|

Қазақстан мен Германия арасындағы ынтымақтастық жобасы қазақстандық әріптестерге сүт өндіру жөніндегі оқу орталығын құруда қолдау көрсетеді. Сонымен қатар жоба сүт өндіру бойынша кеңесшілерді оқытуға, олардың біліктілігін арттыруға бағытталған. Жобаның мақсаты-сүт сапасын, жануарлардың әл-ауқаты мен денсаулығын жақсарту және сүт өндіретін барлық фермалардың кірістерін арттыру. Бакдәулет Тұрсынбай өзінің магистрлік диссертациясы шеңберінде Аркабайда оқу орталығын құру және оның жұмысын ұйымдастыруға байланысты мәселелермен және еліміздің мүмкіндігінше үлкен аумағын қамтитын сүт өндіру бойынша кеңес беру қызметін дамыту стратегиясымен айналысады.

Осының негізі ретінде Вайенштефан-Трисдорф қолданбалы ғылымдар университетінде ауыл шаруашылығы менеджментін оқитын 27 жастағы магистрант алдағы алты ай ішінде қазақстандық сүт өндірісінің жағдайына кешенді зерттеу жүргізеді, оның негізінде оқыту мен консультациялық қызметтерді дамуту жолындағы кедергілерді, мүмкіндіктер мен шешімдерді анықтайтын болады. Осы магистрлік диссертацияның нәтижелері сарапшылар мен Қазақстан Үкіметіне сүт саласын одан әрі дамыту үшін ұсынылатын болады.

Уве Веддиге

Фото: Бақдәулет Тұрсынбай © KFM

27 02, 2025

Несепнәр көрсеткіштерін дұрыс талдау

2025-02-27T10:43:12+00:0027. февраля 2025|

Сүт құрамындағы несепнәр / мочевина мөлшері сиырдың ақуызды тұтынуы туралы ақпарат береді, өйткені ол ақуыз алмасуының «қалдықтары» болып табылады.

Сиырдың ағзасына азықпен бірге келетін ақуыздың көп бөлігі месқарындағы микробиологиялық ақуызға айналады, ал бұл энергияны қажет етеді. Егер ондай энергия болмаса немесе ол тым аз болса, аралық өнім — мочевина пайда болады. 100 мл сүттегі несепнәр мөлшері 20-25 мг  құалыпты болып саналады. 20 мг-нан төмен көрсеткіш месқарындағы ақуыздың жетіспеушілігін, ал 25 мг — ден жоғары көрсеткіш оның артық екенін көрсетеді.

Бірақ өте құбылмалы көрсеткіштер бізге азықтандыру рационы туралы нені білдіреді? Ол азық беру, араластыру техникасында кемшіліктер бар екендігінің немесе табыныңызда малдардың азықты тұтыну мөлшері қатты өзгеріп тұратындығын көрсетеді. Үнемі бірдей рацион болғаны азықтандуру үшін өте маңызды. Күн сайын біркелкі рацион болғаны жөн!

Сондықтан сүт цистернасындағы несепнәр/мочевиина құрамын үнемі тексеріп отырыңыздар. Оның көрсеткіштері неғұрлым тұрақты болса, табыныңызды жақсарту соғұрлым оңайырақ болатынын көресіз. Месқарын микробтары несепнәр мөлшері тұрақты деңгейде болса ғана максималды тиімділікпен жұмыс істейді. Микробтар жақсырақ бейімделуі үшін күнделікті рацион бірдей болуы керек.

Көрсеткіштердің тұрақсыз болғаны әрқашан да малдың азықтануы мен денсаулығында бар әлеуетін тиімді пайдаланбағандықтын белгісі болып табылады.

Уве Веддиге

Графика: Сүт ақуызы/мочевина © LFL Bayern

25 02, 2025

ҚФМ семинарларының кестесі енді желіде

2025-02-25T07:01:16+00:0025. февраля 2025|

Арқабайда сүт өндіру бойынша құзыреттілік орталығын дамыту қарқынды жүріп жатыр. KFM командасының басшылығымен Оқу ғылыми-өндірістік орталығында практикалық семинарлар мен тренингтерді өткізетін төрт мастер-тренер дайындалды, жемшөп пен сүт сапасын анықтайтын жеке зертханасы жұмысын бастады, ал сиыр қораларының бүкіл кешенінің көптеген жерлері мамандар мен басшыларды оқыту мақсатына сәйкес жаңа талаптарға бейімделді.

Соңғы бірнеше аптада KFM мамандары семинарлардың кешенді бағдарламасын дайындады. «Біз барлық деңгейдегі сүт фермаларына арналған көлемді тәжірибелік семинарлар мен оқу курстарын ұйымдастыра алдық», — дейді Уве Веддиге жаңа оқу бағдарламасы туралы.

Бағдарлама мамандар мен басшыларға, сондай-ақ мал дәрігерлері мен кеңесшілерге арналған. «Бізде оннан астам тәжірибелі қазақстандық және халықаралық тренерлер мен сарапшыларымыз бар. Біз көптеген жеке қосалқы шаруашылықтарын, сонымен қатар жаңа сүт кешендерін салуды жоспарлап отырған инвесторларды да ескердік», — деп толықтырды KFM жобасының жетекшісі.

Семинар кестесін https://ba-center.kz/schedule/ сайтынан қарап, жүктеп алуға болады. Семинарларға қатысудың ең оңай жолы — оларды онлайн брондау.

Уве Веддиге

Графика: © KFM

20 02, 2025

Бұзау & суық

2025-02-20T05:05:16+00:0020. февраля 2025|

Бұзаулар жазға қарағанда қыста жиі ауырады. Алайда мұның басты себебі ауа-райы емес, қоректік заттардың жеткіліксіз болуы. Соның салдарынан бұзаулар әлсіз болады.

Зерттеулер жыл мезгілі, азықтану деңгейі және бұзаулардың өлімі арасындағы тікелей байланысты талай рет көрсетті. Қыста бұның салдары жазға қарағанда одан да ауыр болады. Суық мезгілде жеткіліксіз азықтандыру бұзаулардың аурушандығын үш есе арттырады, ал шығындар бірнеше есе артады. Қысқа мерзімді перспективада бұзаулардың денсаулығына байланысты мәселелер, ал ұзақ мерзімді перспективада бірінші төлдеу жасы кері шегерілуіне байланысты проблемалар туындайды.

Жазда жақсы нәтиже беретін азықтандыру кестесін суық мезгіл жағдайларына бейімдеу керек. Ғылыми зерттеулерге сәйкес, жаздағыдай өсу қарқынын қамтамасыз ету үшін суық мезгілде бұзауларға 20-30% қосымша азық қажет.

Бұған өмірдің 3-ші күнінен бастап бұзауларға арналған жаңа мюсли немесе бұзауларға арналған ЖАР (TMR) жатады. Жылытылған ауыз су бұзауға дене температурасын ұстап тұруға көмектеседі. Осы тақырып бойынша KFM жобасының тегін «Қыста бұзау өсіру» атты жадынамасын оқыңыздар.

10 °C-тан төмен температурада да бұзауларға сызбасыз микроклимат және құрғақ сабан төсеніштері қажет. Жаңа туылған бұзауларды толығымен кептіріп алу керек. 5 °C-тан төмен температурада бұзау көрпешелері олардың дене температурасын сақтауға көмектеседі. KFM жобасының «Төсеніш тереңдігін бағалау шкаласы/ Nesting Score» жадынамасын оқыңыздар.

Уве Веддиге

Фото: Қыстағы бұзау және оның үйшігі© KFM

18 02, 2025

Азықты сұрыптауға жол бермеңіздер!

2025-03-10T11:48:15+00:0018. февраля 2025|

Коректі бөліктерді іздеу салдарынан азықтың өзгергені көбінесе байқалмай қалады. Бір нәрсені нақты айтуға болады: мал орнының тығыздығы немесе азық беру аралығының ұзақтығы мәселені ұшықтырады. Әлсіз және ауру малдардың азық үстелінен ығыстырылып, оларды азық «қалдықтарымен» ғана қанағаттануға мәжбүрлейді.
Сұрыптау белгілері келесі:
— азық тарату кезінде қорадағы қарбалас,
— TMR-ді тұмсығымен қазып және итеріп жеу («азық үстеліндегі шұңқырлар»),
— малдардың азықты әр мөлшерде тұтынуы,
— жануарлардың нәжісінің әртүрлі консистенциясы,
— сүт өнімділігі және сүт құрамының бір табында әр түрлі болуы,
— малдың қоңдылығының әртүрлі болуы.
Көбінесе ЖАР таратылғаннан кейін алты сағат ішінде толығымен өзгеріске ұшырайды және оның құрамы нашарлайды. Ірі азықпен салыстырғанда концентрацияланған азықтың үлесі тұрақты түрде төмендейді.
KFM ұжымы пенсильвания елеуішін, азық кептіргішін және NIRS құралын пайдалана отырып, өз талдаулары негізінде азықты сұрыптаудың әсерін көрсете алады.
Уве Веддиге
Фото: «Сиырлар ЖАР-дың қоректі бөліктерін іздеуде», © KFM

 

13 02, 2025

Мастит жойылмай жатыр ма?

2025-02-13T06:36:57+00:0013. февраля 2025|

Сіз сауу техникасы мен сауу процесін үнемі тексеріп тұрасыз ба? Қорадағы гигиена, күтім және климат тұрғысынан сіздерде бәрі ойдағыдай, бірақ әлі де желін денсаулығын реттей алмай жүрсіз бе?

Азықтандыруға қатысты қателіктер көбінесе ескерілмей қалады: атап айтқанда, ақуыз мөлшері өнімділікке сәйкес болуы керек. Ақуыздың мөлшері көп болғанда бауырға энергияны көп қажет ететін несепнәрді детоксикациялау үшін салмақ түседі, бұл өз кезегінде иммундық жүйеге теріс әсер етеді және соматикалық жасушалардың көбейуіне және маститке апарады.

Ақуыздың мөлшері тым аз болса, керісінше, месқарын микрофлорасының дамуын шектейді. Нәтижесінде сауын мөлшері азайып қана қоймай, энергияның жетіспеушілігі де пайда болады, өйткені месқарынның жетілмеген микрофлорасы азықты жеткілікті түрде ыдыратпайды. Нәтижесінде дененің көптеген қорғаныс функциялары зардап шегеді.

Негізгі азықтың құрғақ затын үнемі анықтау және құнарлы азықты, оның құрамын тиісті түрде оңтайландыру, сауым деректерін бағалау, малдың күйін, нәжісті, руминация белсенділігін және месқарынның толықтығын қадағалау — желіннің денсаулығы мен табынның өнімділігін оңтайландыру мақсатына жеткізетін маңызды көмек тәсілдері. Оларды қолданыңыздар, бұл оған тұрарлық.

Уве Веддиге

Фото: KFM

11 02, 2025

Жем араластырғыштарыңыз дұрыс жұмыс істей ме?

2025-02-11T04:46:23+00:0011. февраля 2025|

Тіпті ең жақсы жемнің сапасы де жем араластырғыштағы гигиенаны сақтамаудан нашарлауы мүмкін. Сондықтан белгіленген араластыру уақытын, толып кетпеуін қадағалау және үнемі техникалық қызмет көрсету ғана емес, сонымен қатар гигиенаны сақтау маңызды.

Күнделікті қолданғаннан ол ластанады да тозып кетеді. Сондықтан жем араластырғыштың бункерін үнемі тексеріп тұру өте маңызды.

  • Пышақтары қаншалықты өткір? Өтпейтін пышақтар жанармай шығынының көбейтеді және шнектің тез тозуына әкеледі.
  • Таразы дұрыс және дәл өлшейді ме? Мұны тексеру үшін араластырғыштың шетіне, мысалы, салмағы 25 кг қапты қоюға болады, ауытқу 10% — дан аспауы керек.
  • Жақсы араластыру үшін жем шнекті толығымен жауып тұруы керек. Алайда, араластырғышты тым толтырмау керек, әйтпесе барлық компоненттер жеткілікті деңгейде араласпайды.
  • Магниттерді үнемі тазалап, олардың жұмысын магниттелген затпен тексеріп тұру керек.
  • Қозғалтқыштағы май деңгейі қандай? Егер май деңгейі тым төмен болса, оны толтыру қажет. Сондай-ақ, майды уақытында ауыстыру қажет.
  • Шина қысымы нормаға сәйкес келе ме? Өндірушінің көрсеткіштеріне назар аударыңыздар.

Сауу қондырғысы сияқты, жем араластырғышы та күнде қолданылады. Сондықтан оны үнемі тазалап, тексеріп тұру керек. Кем дегенде 4 аптада бір рет тазалау керек.

Уве Веддиге

Фото:»Тозған пышақтар» © KFM

6 02, 2025

KFM семинарларының санын көбейту

2025-02-06T07:26:13+00:006. февраля 2025|

ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин «Қазақстанда сүт өндіруді тұрақты дамыту саласындағы кәсіпорындардың біліктілігін арттыру» (KFM) қазақстан-герман жобасының жетекшісі Уве Веддиге мырзамен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар Қазақстанда Арқабай ауылында «Байсерке-Агро» оқу және ғылыми-өндірістік орталығы (ОҒӨО) базасында шаруашылықтарға кеңес беру, сүт өндірушілерге арналған консалтингтік қызметтер орталығын дамыту барысын талқылады.

Жоба аясында шикізат өндірісінің барлық кезеңдерінде, әсіресе нарыққа бағытталған отбасылық фермаларға арналған кеңес беру қызметтері көрсетіледі. Уве Веддиге сүт-тауарлы фермаларға, соның ішінде отбасылық және өнеркәсіптік үлгідегі фермаларға арналған практикалық семинарлар мен тренингтер ұйымдастыруды ұсынды.

«Малға күтім жасау, оны күтіп-бағу және азықтандыру, жем-шөп дайындау және сақтау бойынша білім мен дағдыларды жетілдіру – мал өнімділігін арттыру және сапалы сүт өндіру үшін маңызды», – деп атап өтті кездесу барысында Аманғали Бердалин.

Кездесу қорытындысы бойынша 2025 жылы сүт өндірушілеріне арналған көптеген семинарлар өткізу туралы шешім қабылданды. Оқыту курстары ферма мамандарына арналатын болады, бұл өз кезегінде шаруашылықтардың тиімділігін арттыруға оң әсер етеді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/929324?lang=kk

Фото: ҚР АШМ

Go to Top