About Uwe Weddige

This author has not yet filled in any details.
So far Uwe Weddige has created 581 blog entries.
19 04, 2024

Жапония: сиыр немесе зебра?

2024-04-19T07:23:46+01:0019. апреля 2024|

Жапондық ірі қара мал – Күншығыс елінде өзінің ең жақсы Вагю сиыр етімен танымал төрт тұқымның бірі. Алайда, фермерлер ұзақ уақыт бойы сиырларға шыбындар мен сона сияқты жәндіктер әсер етеді деп шағымданады. Бұл сиырларда стресс, ыңғайсыздық және ауырсынуды тудырады, тіпті бүкіл табынның көбеюіне әсер етеді. Ямагата префектурасы ғалымдарының зерттеулеріне сәйкес, шыбындар жолақты сиырларға онша жоламайды, ал көбінесе жүні кәдімгі біркелкі сиырларды мазалайды. Осы себепті, осы провинциядағы мал өсірушілер жануарларының үстін зебраның жолақтарына ұқсатып жұмсақ ағартқышпен және бояумен бояй бастады.

“Көптеген фермерлер малдарын жайылуға жіберуден қорқады, өйткені оларға соналар мен масалар жиі шабуыл жасайды”, – дейді провинцияның Ауыл шаруашылығын дамыту бөлімінің қызметкері. “Бірақ қазір біз зебра жолақтарына ұқсатып бояу арқылы малдың демалуына және сау өсуіне көмектесе аламыз”.

Ғалымдар сиырларды бақылау арқылы бұл шешімнің тиімділігін қадағалады. Олар зебра жолақтарымен боялған сиырларды қарапайым сиырлармен бірге жайылымға жіберді.

Зерттеу көрсеткендей, жолақсыз сиырларға минутына шамамен 16 рет шабуыл жасалады, ал “жолақты сиырларға” минутына 5 рет жақындайды. Зерттеушілер бұл құбылысқа әлі ғылыми түсініктеме бере алмады.

Minh Hoa (жаңалықтар газеті, Tri tric журналы) Фото: PLOS ONE

11 04, 2024

Сүт жолы

2024-04-11T06:50:23+01:0011. апреля 2024|

Жаңа сүт сауын залынан салқындатқыш танкке түседі. Бірақ одан әрі не болады? Шикі сүт қалай және қайда йогурт, кварк, май және басқа да сүт өнімдеріне айналады?

Салқындатқыш танкіде жаңа піскен шикі сүт 4-8 градус Цельсийге дейін тез салқындатылады және сақталады. Температурасын, иісін және шикі сүттің түсін тексергеннен кейін оны сүт тасығышқа жібереді.

Сүт таситын машина сүт зауытына келгенде, барлық көлемдегі жинақталған сынама ветеринарлық препараттардың қалдықтарының бар-жоғына тексеріледі және pH деңгейі анықталады. Бұдан басқа, жекелеген жеткізушілердің үлгілері бірқатар параметрлер бойынша іріктемелі талдауға жатады.

Одан әрі өңдеу үшін сүт үлкен центрифугаларда майсыздандырылған сүтке және кілегейге бөлінеді. Бұл екі компонент өнімдердің кең спектрін өндіру үшін негіз болып табылады.

Сүт өндіру кезінде қатаң гигиенаны сақтаған кезде де әлеуетті патогенді микроорганизмдерді жүз пайыз жою мүмкін болмағандықтан, оны термиялық өңдеуден өткізеді. Пастерлеу кезінде сүтті 72-75 градус Цельсийге дейін 15-30 секунд бойы қыздырады, содан кейін бірден салқындатады. Пастерлеу сүттегі ауру тудыратын барлық микроорганизмдердің жойылуына, ал барлық маңызды витаминдердің едәуір дәрежеде сақталуына кепілдік береді. Одан кейін «гомогендеу» процессі өтеді. Бұл ретте сүттегі май тамшылары 150-300 бар қысыммен ұсақталады. Бұл сүттің үстінен кілегей қабатының пайда болмауын, сондай-ақ адам ағзасының сүтті жеңіл сіңіруін қамтамасыз етеді.

Майсыздандырылған сүт пен кілегей барлық қалған сүт өнімдері үшін де негіз болып табылады. Мысалы, жақсы сүтті сиырдан бір тәулікте сауылған 27 кг суттен 27 литр қаймағы алынбаған сүт, немесе 6 қорап сары май, шамамен 2 кг майсыздандырылған сүт немесе шамамен 3 кг қатты ірімшік өндіруге болады.

DIALOG MILCH, қысқартқан Уве Веддиге

Фото: KFM

9 04, 2024

Сау тұяқтар – сау сиырлар

2024-04-09T09:01:06+01:009. апреля 2024|

Жайылымдағы сиырлардың тұяқтары әр қадам сайын қажалады, ал жұмсақ жерде жұргенде тұяққа салмақ азырақ тұседі. Екінші жағынан, қорада ұстаған ірі қара мал қатты жерде жүреді. Жануарлар қатты бетон ұстімен жүргенде алдымен майтабанға басып, содан кейін сыртқы тұяққа, одан кейін ішкі тұяққа басып жүреді. Қатты жерде тұяқ жерге батып кете алмайды. “Тұяқтың ұшы қажалмай, ұзара береді, әсіресе артқы сыртқы тұяқтар шамадан тыс ынталандырылған сайын өсе береді”, – деп түсіндіреді Хольгер Пловка.

Германиядан келген тұяқ кесу бойынша маман қазіргі уақытта Байсерке-Агро фермасында KFM жобасы аясында мастер-тренерлерді оқытып жүр. 5 күндік оқу курсын аяқтағаннан кейін қатысушылар өздерінің күткен сертификаттарын ала алады.

“Тұяқ проблемаларын мен көбінесе малдың тұрып-жататын жері нашар фермаларда көремін”, – дейді неміс сарапшысы өз тәжірибесінен. Егер сиырлардың тұрып қайта жатуына орын аз болса немесе сол орыны қатты, ылғалды және лас болса, онда жануарлар көп уақыт бойы тұрып қалады”. “Тұру – тұяққа у сияқты әсер етеді”, – дейді Пловка,”көң қырғыш тым ұзақ үзіліс жасайтындықтан, жүретін жерлері лас және ылғалды болғандықтан да тұяқтарға зақым келеді”.

Тұяқтарды өңдеу бойынша оқытуға сұраныс жоғары. Әрбір қатысушының тәжірибелі тұяқ кесу маманының қадағалауымен жұмыс істеуге жеткілікті уақыты бар. KFM ұжымы осы жазда тағы да басқа оқу курстарын ұсынуды жалғастырады.

Уве Веддиге

Фото: KFM

5 04, 2024

Фермерлерді оқытуда симуляторлар қолданылады

2024-04-05T13:28:33+01:005. апреля 2024|

Теориялық білімнен басқа, ауыл шаруашылығы мамандары кең практикалық дағдыларға ие болуы керек. Бұған бұзаулардың мүйізін күйдіру сияқты жануарлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары туралы білім де кіреді. Оны үйрену үшін жасайтын тиісті жаттығулар әрқашан жануарлар мен адамдардың жарақат алу қаупіне байланысты ерекше проблема болып табылады. Сондықтан, Хаус Дюсстегі ғылыми-зерттеу және оқыту орталығында цифрлық қолдауы бар үлгі/симулятор әзірленді, оның көмегімен болашақ мамандарға мүйіз күйдіруді бұзауларды қинамай ұлгімен/симулятормен жаттығу жасап  қауіпсіз түрде үйрете алады.

Бастапқыда теориялық материал әртүрлі сандық құралдар қолдану арқылы оқытылады. Планшеттердің көмегімен оқушылар планшетте кеңейтілген шындықта (AR) қимылдайды. Кейінірек олар “point & click” көмегімен кеңістікті шарлау кезінде қосымша оқу материалын зерттеу үшін виртуалды шындық көзілдірігі мен 360° бейнені пайдаланады.

Содан кейін білім алушылар алған білімдерін үш блоктан тұратын үлгіде пысықтайды: бас моделі, демонстрациялық құрал және визуализация блогы. Мүйіз күйдіру  кезіндегі қимыл ретін модельдің басындағы демонстрациялық құрал көмегімен жасауға болады. Бейнелеу блогы кері байланысты қамтамасыз етеді және қимылдарды реттейді. Қажетті қозғалыстар графикалық түрде көрсетіледі, бағдаршам жүйесі қолданылады. Осылайша, мамандар нұсқаушының қатысуымен қолдың дұрыс қимылдары мен қозғалыс тізбегін үйренеді. Оларды студент меңгергенше қайталауға болады.

Бұл әдіс мамандарға өз бетінше материалдық және кәсіби білім алуға және алған дағдыларын нақты практикалық жағдайларда қолдануға мүмкіндік береді.

Солтүстік Рейн-Вестфалия Ауыл шаруашылығы палатасы, өңдеген Уве Веддиге

Сурет: LWK NRW

2 04, 2024

Мастер-тренерлерді оқыту басталды

2024-04-02T10:37:40+01:002. апреля 2024|

Алдағы апталарда “Байсерке-Агро” оқу орталығында барлық іс-шара сүтті ірі қара малдың, жас малдың және бұзаудың айналасында болады. Сонымен қатар жемшөп өндіру, құрылыс, технология, электр қуаты мен газбен қамтамасыз ету, бизнесті басқару тақырыптарына да мастер-тренерлерге арналған оқудың бірінші ағымында назар аударылады. Қатысушылардың кейбіреулері қазірдің өзінде тәжірибелі мамандар, бірнеше қатысушылар Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институтында және “Байсерке Агро” – да жұмыс істейді, сонымен қатар сүт өндірісінде алғашқы тәжірибесі бар аграрлық университеттің студенттері де бар. Барлығының мақсаты – мамандандырылған тақырыптар бойынша дағдыларды игеріп қана қоймай, сонымен қатар кеңес берудегі әдістемелік және дидактикалық құралдарды үйрену. Соңғы бірнеше айда KFM ұжымы “жаттықтырушыларды оқыту” тұжырымдамасына сәйкес төрт ай ішінде білікті “мастер-тренерлердің“ бірінші тобын оқыту мен дайындаудың кешенді жоспарын әзірледі.

Олардың міндеті 2024 жылдың күзінен бастап келесі мастер-тренерлер топтарын және көптеген мамандар мен менеджерлерді оқыту болады. “Біз сондай – ақ 2024 жылдың күзінен бастап сүт өндіру саласының он болашақ кеңесшілерінің бірінші тобын оқытамыз деп отырмыз”, – дейді KFM жобасының жетекшісі Уве Веддиге, жоспарланған іс-шараларды таныстыра келе. Он ай ішінде Германияның ауылшаруашылық палаталарының оқу бағдарламалары негізінде мал шаруашылығы мен технологиялық процестердің, ферма мен бизнесті басқару, сондай-ақ кеңес беру дидактикасы бойынша оқыту жүргізіледі.

Уве Веддиге

Фото: KFM

 

27 03, 2024

Қажетті іс: қораны күнделікті тексеру!

2024-03-27T07:55:25+00:0027. марта 2024|

Сүтті сиырлар  табынының өнімділігі әрқашан генетикалық бейімділік факторларына, ұстау жағдайларына және сіздің басқаруыңызға байланысты.

Ұстау жағдайында және басқаруда бар әлеуетті айқындапалып, пайдалану өте маңызды. Сіз малды жаңа немесе ескі қорада ұстайтыныңыз маңызды емес. Сіздің міндетіңіз – әрдайым жақсартудың үнемді жолдарын іздеу.

Бәріні мұқият тексеруге уақыт бөліңіз. Жануарлар таза ма, ақсап жүрген жоқ па? Жалпы қандай әсер қалдырады?

Басқа фермаға сын көзбен қарайтын қонақ сияқты қораңызды аралап шығыңыз. Келесі тармақтарға назар аударыңыз:

  • Менің жануарларым сиыр қораның тиісті аймағының қандай болуын қалайды? Жануарлардың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін не істей аламын? Бұл, ең алдымен, жарықтандыру, қорадағы климат және кеңістік сияқты факторларға қатысты.
  • Сиырларыңыз бокста жата кету үшін қанша уақыт кетеді? Ең дұрысы, олар боксқа кіргеннен кейін 2 минуттан кейін жата кетеді. Таңертең барлық сиырларыңыздың жатқанын байқасаңыз да, бұл бокстың жайлы болғандығының белгісі емес. Себебі көптеген сиырлар түнде ұзағырақ жатады.
  • Сиырларыңыз жемшөп салынған жерге жету үшін оңай тұра ма? Сауын бөлмесіне немесе роботқа бару оларға жайлы ма, және олардың күйлеу белгілері анық білінеді ме? Жүретін жерлер тым тайғақ және лас емес пе?
  • Жемшөптін тазалығынан басқа, сиырларыңыздың жем жеуін жақсарту үшін жем мен судың үнемі қамтамасыз етіліуі маңызды. Жемшөп салынатын жер әрбір сиырға жеткілікті жақын және таза ма? Жемшөп торы мен мойын түтігі дұрыс биіктікте орнатылуы керек. Суару құрылғылары жеткілікті ме? Су ағыны дұрыс па және барлық құрылғылар күнделікті тазаланады ма?

Дениз Фёлькер, өндеген Уве Веддиге

Фото: KFM

19 03, 2024

Жыл сайын қайталана беретін бұзаутаз ауруы

2024-03-19T05:56:11+00:0019. марта 2024|

Әсіресе қыста көптеген табындарда бұзаулар мен ірі қара малдардың үстіндегі түксіз жерлерді көруге болады. Бұл трихофития ауруы бұзау мен ірі қара мал қораларында тұрақты қонақ болып кеткен сияқты. Аурудың таралуына ылғалды ауа, күн сәулесінің аз болуы және бит сияқты тері паразиттері, сондай-ақ ластанған мал щеткалары ықпал етеді.

Әсіресе қыс мезгілінен кейін күн сәулесінің көп түсуі, ауаның таза болғаны, сондай-ақ тұрақты гигиеналық және тазалау шаралар әрине көмектесе алады. Көптеген мал өсірушілер Ilex aquifolium бұтақтарыңың  және әртүрлі кремдер мен майлардың тиімділігін атап өтеді. Тек ең жақсы экологиялық жағдайлар мен вакцинация трихофитиядан (трихофитоз) жақсы қорғай алады. Вакцинацияны профилактикалық және емдік мақсатта қолдануға болады.

Назар аударыңыз: ауруды жұқтырып алған жануарлармен тығыз байланыста болатын фермерлерге де жұғуы мүмкін. Трихофитияның өте төзімді және өте жұқпалы қоздырғышы негізінен ауру жануарлармен тікелей байланыс арқылы таралады. Сондай-ақ жайылымдағы инвентарьға, қорадағы жабдыққа немесе техникаға жай ғана қол тигізу арқылы жұтырып алу мүмкін.

Сондықтан ауруды емдеу жануарлардың денсаулығын сақтау үшін ғана емес, сонымен бірге өз денсаулығыңызды сақтау үшін де маңызды.

Бұл аурумен сәтті күресу туралы толығырақ ҚФМ-нің “Ірі қара малдың трихофитиясы туралы” жаднамасынан біле аласыздар.

Уве Веддиге

Сурет: KFM

15 03, 2024

Мастерринд: үздіктер көрмесі

2024-03-15T10:06:53+00:0015. марта 2024|

Залда шамамен 2500 және тікелей эфирде 1000-нан астам көрермен керемет сәтті аукционды бақылап отырды, 51 жануар аукционда орташа бағасы 8984 еуроға сатылды.

Залдағы алғашқы лепті үндер катологтың 11 нөмірлі жұлдызы шыққында естілді, ол төлдгеннен кейін де керемет экстерьерімен таң қалдырды. Максималды бағасы 12000 еуроға сатылып, ол жергілікті асыл тұқымды шаруашылықта қалатын болды.

“Sky High” – SYNETICS Sega p RDC бұқасынан шыққан бұл бұзаудың атының өзі бәрін айтып тұр! Жалпы асыл тұқымдық құндылығы 162, мүйізсіз және қызыл факторымен ол 26 700 еуро сомасында эмбриондар бойынша келісімшарттар әкелді. Қарқынды сауда-саттықтан кейін Нидерландыдан келген сатып алушы оны 52000 еуроға сатып алды.

61000 еуроға Gentry есімді SYNETICS бұқасының қызы сатылды. Дүние жүзіндегі көптеген асыл тұқымдық көрсеткіштердің жүйелеріндегі астрономиялық сандарды ескерсек, бұл таңқаларлық емес.

Геномдық жағынан “ең биіктегі жұлдыздар ” тобындағы үшінші – SYNETICS бұқаның қызы Vox Tonka. Feit Red P қызы, жалпы асыл тұқымды құндылығы 161 және керемет экстерьері 148 балл, иелерінің көз алдында неміс селекционерлер қауымдастығына 31 000 еуроға сатылды.

Аукционшы Майкл Хелльвинкель сапалы бірегей топтама өте жақсы қабылданғанын, сондай-ақ  жас көрермендердердің көп болғанын және жаңа сатып алушылар осы кешті ерекше еткенін атап өтті.

Мастерринд, мәтінін қысқартқан Уве Веддиге

Фото: Мастерринд

12 03, 2024

Түркия вегетариандық ірімшікке тыйым салды

2024-03-12T04:34:33+00:0012. марта 2024|

Түркиядағы заң өндірушілерге нарыққа вегетариандық ірімшік шығаруға тыйым салады.

Жақында Түркияның орман және ауыл шаруашылығы министрлігінің вегетариандық балама ірімшіктерді өндіруге және сатуға тыйым салатын жарлығы күшіне енді. Енді өндірушілерге айыппұлдар мен одан әрі шектеулер қойылады. Қаулы тұтынушылардың құқықтарын қорғау үшін қабылданған.

Тыйым тек атауында “ірімшік” сөзі бар тағамдарға ғана емес, сонымен қатар ірімшікке ұқсас деп саналатын кез келген тағамдарға қатысты. Түрік азық-түлік кодексіне сәйкес, олар сүттен жасалған сияқты болып көрінетін өнімдерді өсімдік майы немесе басқа тағамдық ингредиенттер негізінде жасау мүмкін емес. Бұл дегеніміз, іс жүзінде Түркияда ірімшікке ұқсайтын өсімдік негізіндегі өнімдерді сатуға болмайды.

Қазіргі уақытта ЕО-да өнімдерге тыйым салынбаған. Алайда, “бадам сүті” сияқты терминдерге 2017 жылдан бастап тыйым салынған. Сүт деп тек жануарлардың “қалыпты желін секрециясынан” алынған өнімдер ғана аталуы мүмкін.  Бұл “Ірімшік” және “сүт”атауларына да қатысты. ЕО Парламенті өсімдік негізіндегі ет алмастырғыштарды таңбалауды шектеу туралы шешім әлі қабылдамады, бірақ Франция осы мәселеде бір қадам алда. “Вегетариандық шұжық” немесе “вегетариандық стейк” терминдеріне тыйым 2023 жылдың шілде айының басында ғана енгізілді. 2023 жылдың 1 қазанынан бастап “шұжық”, “бекон” және “стейк” деп аталатын тағамдарда ет болуы керек. Дегенмен, болашақта вегетариандық алмастырғыш өнімдердің қалай аталатыны әлі белгісіз.

Уве Веддиге

Фото: Stiftung Warentest

7 03, 2024

ЕО мен Орталық Азия бір-біріне жақындай түсуде

2024-03-07T05:06:50+00:007. марта 2024|

Еуропалық және халықаралық қаржы институттары Еуропа мен Орталық Азия арасындағы тұрақты көлік желісін дамытуға 10 миллиард еуро бөледі.

Қаңтар айының соңында Орталық Азия мен Еуропа елдерінің делегациялары Брюссельде кездесіп, Орталық Азия мен Еуропа арасындағы бағытты әзірлеуге бастамашы болды, ол тауарларды баратын жеріне 15 күн ішінде жеткізуді қамтамасыз етеді.

Транскаспий немесе орта дәліз Каспий теңізі арқылы Азияны Еуропамен байланыстырады. Ол Қытай, Қазақстан, Әзірбайжан, Грузия, Түркия және басқа елдер арқылы өтеді. Бұл оны Солтүстік дәлізге, Ресей, Беларусь және Польша арқылы өтетін құрлық жолына балама етеді.

Ұзындығы 11 000 шақырым болатын Транскаспий халықаралық көлік бағытын зерттеулердің соңғысы оны бәсекеге қабілетті және жылдам маршрутты дамыту әлеуеті бар екенін растайды. Бұл бағыт солтүстік бағытпен салыстырганда 2000 шақырымға қысқа. Өткен жылдың қараша айында Қазақстан, Әзірбайжан және Грузия ережелері мен бағалары бірыңғай болатын бірлескен логистикалық компания құрды. Бұл тауарларды тасымалдауды едәуір жеделдете алады және осылайша трансконтинентальды сауда саласындағы компанияларды тарта алады.

Алайда дәліздің функционалдығы аймақтағы геосаяси климатқа байланысты. Сондықтан жобаны табысты іске асыру үшін өңірдің барлық елдерінің қолдауы қажет.

Уве Веддиге

Фото: Джозеп Боррел “Global Gateway” форумында, Еуропалық комиссия

Go to Top