About Uwe Weddige

This author has not yet filled in any details.
So far Uwe Weddige has created 1010 blog entries.
4 07, 2023

Сүрлем қоймаларын тазалайтын уақыт келді!

2023-07-04T08:07:20+01:004. июля 2023|

Жаңа маусым басталмас бұрын барлық сүрлем траншеялары тазаланып, тексерілуі керек. Енді қажетті жөндеуді жоспарлаудың немесе оны өзіңіз жасаудың уақыты келді. Сіз не нәрсеге назар аударуыңыз керек?

  1. Қолайлы мерзім: егін жинау алдында ғана мұқият тазалауға және қажетті техникалық қызмет көрсету шараларына уақыт бар. Күрделі жөндеуге уақыт қалдыру үшін әрқашан жеткілікті уақыт жоспарлаңыз. Ақыр соңында, бетон немесе бояу сияқты көптеген материалдардың қатаюына бірнеше күн қажет.
  2. Мұқият тазалау: бірінші қадам — едендер мен қабырғалардағы барлық сүрлем қалдықтарын тазалау. Сүрлем бетіне қажетсіз зақым келтірмеу үшін жоғары қысымды тазартқыш қолданып жасалатын кейінгі дымқыл тазалау барысында абай болыңыз.
  3. Ақауларды анықтаңыз: бетон жарықшақтары, қабырғалардағы жарықтар, едендегі тесіктер… мұндай зақым көбінесе тазалау кезінде ғана көрінеді. Мамандардың мұқият жөндеуін қажет ететін орындар жиі кездеседі.
  4. Жөндеу жұмыстарын жүргізу: қатты зақымданған жерлер және тозған еден плиткалары кәсіби жөндеуді қажет етеді және көп уақытты алады. Атап айтқанда, еден плитасындағы және траншея қабырғаларындағы тесіктер немесе жарықтар сүрлмеді шығарып алу техникасын қолдану кезінде және сүрлем шырындарының әсерінен болатын зақымдануды болдырмау үшін мұқият жөнделуі керек.

Уве Веддиге

Фото: KFM

3 07, 2023

Тек 10 грамм?

2023-07-03T08:02:38+01:003. июля 2023|

Күніне он грамм ет және айына бір жұмыртқа: Неміс тамақтану қоғамының (DGE) жоспарланған жаңа ұсыныстары үлкен дүрбелең тудырды.

DGE өкілі кеңес беру процесі әлі аяқталмағанын түсіндіргенімен, ол: «болашақта біздің ұсыныстарымыз өсімдік тағамдарының одан да көп бөлігін қамтиды, өйткені ол адам мен планетаның денсаулығына бірдей пайдалы», — деді.

Германияның фермерлер қауымдастығы DGE-ді оның жаңа ұсыныстары жеткілікті эксперттік негіздемесіз саяси жағдайға негізделген деп айыптайды. Ет тұтынуды жаппай азайту кезінде халықтың белгілі бір топтарын қоректік заттармен қамтамасыз етудегі тапшылық бағдарламаланады, мысалы, маңызды аминқышқылдары, кальций, темір, йод және D дәрумені. Оның айтуынша, сараптамаға негізделген айқын критерийлер мен ұсыныстар қажет.

Уве Веддиге

Фото: Веддиге

27 06, 2023

Мұқият күтімнің нәтижесінде сиырлар сау

2023-06-27T09:31:10+01:0027. июня 2023|

Құрметті оқырмандар,

сиырлар тұрақтылықты жақсы көреді, олар өзгерісті қаламайды. Олар әсіресе азықтандыру барысындағы өзгерістер мен қателіктерге сезімтал. Егер сиырлар жемді сұрыптап, ең жақсы бөліктерді таңдаса, оның салдары қандай болатыны туралы осы шығарылымда бөлісеміз.

Тұяқ аурулары — көптеген табындардың проблемасы. Бірақ азықтандыру тұяқтардың денсаулығына қалай әсер етеді? Біздің әдейі диеталық кеңестерімізді оқыңыздар.

Дәл осындай жағдай желіннің денсаулығына да қатысты. Бұл сауу техникасына, желіннің тазалығының жеткіліксіздігіне байланысты ма? Бақылау нүктелері туралы көбірек біліңіз және ай сайын патогендердің қысым деңгейін анықтаңыздар.

KFM жобасының консультациялық тәжірибесінде ауырсынып жүрген сиырлар қайта-қайта кездесіп тұрады. Сиырлар ауырғанын білдірмей шыдап жүреді. Ондай жануарларды емдеу мақсатымен тезірек анықтау үшін неге назар аудару керектігін оқыңыздар.

Осы бағытта сіздерге біздің ақпараттық бюллетеньді оқу пайдалы болады деп үміттенемін.

Уве Веддиге

26 06, 2023

Алматы облысында сүт өндірушілерге арналған консалтингтік қызмет орталығын құру жоспарланып отыр

2023-06-26T05:40:01+01:0026. июня 2023|

Алматы облысында «Байсерке-Агро»оқу-ғылыми-өндірістік орталығының базасында сүт өндірушілерге арналған консалтингтік қызмет орталығын құру жоспарланып отыр. Жоба Қазақстанның сүт өндіретін шаруашылықтарында білікті кадрлардың жетіспеушілігі мәселесін шешуге көмектеседі. Бұл туралы жақында Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жобаны іске асыруды ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев пен «сүт жобасының» басшысы Уве Веддиге талқылады. Сондай-ақ, KFM жобасының бағдарламасын оңтүстік аймақтарға кеңейту мәселесі талқыланды.

Жобаны іске асыру басталғаннан бері халықаралық және отандық сарапшылардан құралған KFM командасы Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы 16 пилоттық шаруашылықта техникалық және басқару персоналына кеңес береді және олардың біліктілігін арттырады.

«Практикалық жұмыс сиырлардың өнімділігін арттыруға, жемшөпке талдау жүргізуге, жұмыс хаттамаларын құруға және сақтауға және т.б. бағытталған. Жұмыс нәтижелері өсу үшін айтарлықтай әлеуетті көрсетті және жергілікті кәсіпорындармен де, саладағы жүйелі өзгерістермен де одан әрі ынтымақтастықты талап ететін бірқатар өзекті мәселелерді анықтады», — деп атап өтті министр.

“Сүт жобасы” жұмысының екінші кезеңінде қол жеткізілген нәтижелерді бекітіп, республиканың солтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлеріне фермерлерді қолдау аймағын кеңейтіп, білікті мамандар даярлайды.

Қазақстан АШМ баспасөз қызметі, қысқартылған нұсқасы Уве Веддиге

Фото: АШМ

23 06, 2023

Сиырларға берілетін су: 3 маңызды кеңес

2023-06-23T04:05:34+01:0023. июня 2023|

Қазақстандық қораларда мал суаратын қондырғылардың саны жиі жеткіліксіз болады, өйткені көптеген жобалаушылар аязда қатып қаладау деген жерлерде ондай қондырғыларды орнатпайды. Жылы күндері бұл су ішетін жерлерде тым көп сиырлар жиналып тұрады, соңында әлсіз жануарлар шөлін қандыра алмай қала береді.

1-кеңес: қондырғыларды жеткілікті мөлшерде орнатыңыздар! Бір қондырғы ең көбі 20 сиырға есептелуі керек. Бір сиырға қондырғының ұзындығынан 10 см ден жоспарлануы керек. Қорадағы мал суаратын қондырғылар санын есептеңіздер. Олардың саны мен көлемі сиырлардың санына сәйкес келе ме?

2-кеңес: судың ағыны өте маңызды. Әсіресе, қондырғының қасындағы орындардың жетіспеушілігі жағдайында, қондырғыға судың тез ағуы сиырлар әлі су ішіп жатқанда оларды қайта толтыру үшін өте маңызды. Әр қондырғыдағы су ағыны кем дегенде 20 л/мин болуын қамтамасыз етіңіздер.

3-кеңес: тазалыққа назар аударыңыздар! Барлық мал суаратын қондырғыларды күніне бір рет щеткамен тазалау міндетті шарт болып табылады. Әсіресе жылы күндері бактериялар көбейетін пленкалардың пайда болу қаупі артады.

Толығырақ ақпаратты KFM жобасының «Сумен қамтамасыз ету» және «Малға беретін судың сапасын қамтамасыз ету» жадынамаларынан таба аласыздар.

Уве Веддиге

Фото: KFM

19 06, 2023

Егер сиыр сүт бермесе

2023-06-19T06:20:19+01:0019. июня 2023|

Сиырдың қынабына ауаны үрлеу сүт безіне окситоциннің бөлінуін тудырады. Бұл синтетикалық жолмен өндірілген окситоцинді қолдануды азайтуға болатындығын білдіреді. Сүт өндіріші фермерлерінің окситоциннің табиғи бөлінуі туралы ежелгі білімдері енді қайта қолдануда.

Бұл тәсіл одан да көп нәтиже бере алады: жануарлар роботпен немесе сауу қондырғысымен сауылған кезінде болсын, жануарларды ауырсындырмай және қиналтпай «BlowFIXX» көмегімен тыныштандырады. Бұл процесс барлық қатысушылар үшін стресс пен жазатайым оқиғалар қаупін айтарлықтай төмендетеді.

BlowFIXX ұзындығы шамамен 30 см тот баспайтын болаттан жасалған түтіктен (пластикалық тұтқасы бар түзу немесе имек), ұзындығы шамамен 1,20 м силикон түтіктен және ауыстырылатын ұшынан тұрады. BlowFIXX-ті қынапқа енгізгеннен кейін (шамамен 10-20 см жеткілікті), сіз 2 тыныс алу кезінде шамамен 4-5 литр ауаны үрлеп, тыныштандыратын әсерді бірден көресіз.

Бұл әдіс жас сиырларды сауу кезінде ғана емес, сонымен қатар желін инфекцияларын жергілікті емдеу шаралары,  желіннің жүнін алу, тұяқтарды аздап өңдеу, тікішекті тексеру, вакцинация және дәрі-дәрмектерді беру кезінде де пайдалы.

Уве Веддиге

Фото: KFM

15 06, 2023

Су ойлағанымыздан маңыздырақ

2023-06-15T06:01:06+01:0015. июня 2023|

Су — бұзау өсірудің жиі назардан тыс қалатын аспектісі. Зерттеулер көрсеткендей, көптеген фермалар бұзауларға өте кеш кезеңдерде ғана су береді. Алайда, сарапшылардың көпшілігі өмірдің бірінші күнінен бастап бұзауларға жеткілікті су беру керек деп бірауыздан келіседі.

Бұл шара месқарынның дамуын жақсартудың ең қарапайым және үнемді стратегияларының бірі болып табылады және осылайша бұзауларды емшектен жеңіл айырууға дайындайды.

  • Стартерді жеуді жақсартады: суды қалаған кезінде еркін іше алатын бұзаулар бастапқы жемді көбірек тұтынады және тезірек өсе бастайды.
  • Месқарынның дамуын жақсарту: бұзау жұтқан сүт ұлтабарға кетеді. Екінші жағынан, бұзаулар су ішкенде, ол месқарынға түсіп, бұзауларға арналған стартердің ашыуына ықпал етеді, бұл өз кезегінде месқарынның дамуына жақсы әсер етеді.

Тәжірибиелік кеңестер

Бөлек шелектер: сүт шелектерінің әрқашан емізігі болады, ал су шелектерінің үсті ашық. Азық берілетін шелектер жемшөп суға түспеуі үшін су шелектерінен бөлек болуы керек.

Тазалау: таза шелектер дене салмағының күнделікті өсуіне ықпал ететіні дәлелденген, шелектерді күніне екі рет тазалау ұсынылады.

Судың сапасы: судағы минералдардың көп болуы, микробтармен және қоршаған ортадағы заттармен  ластануы, сондай-ақ оның ішіндегі қатты заттардың болуы бұзаулардың азық тұтынуын азайтады, месқарынның дамуына кедергі жасайды  және осылайша денсаулықты нашарлатады.

Уве Веддиге

Фото: Веддиге

12 06, 2023

Жануарлардың денсаулығы жақсарып келеді

2023-06-12T05:46:33+01:0012. июня 2023|

Сиырлардың сау және өнімді болғаны сүт өндірудің негізгі алғышарты болып табылады. Күтіп бағу жағдайлары мен гигиенаны оңтайландыру сияқты алдын-алу шаралары жануарлардың денсаулығын сақтау мен жақсартудың маңызды құралы болып табылады.

Осыған байланысты барлық дерлік KFM жобасының пилоттық шаруашылықтарында айтарлықтай прогресс байқалады. Екі ветеринар Әсет Ерғалиев пен д-р Йоахим Клин фермаларға барған кезде осындай қорытындыға келіп отыр. «Біздің тренингтерімізге сүйенсек, вакцинация вакцина өндірушілерінің алдын ала белгіленген стратегияларына емес, сұранысқа негізделген», — деп атап өтті неміс сарапшысы д-р Клин. Оның қазақстандық әріптесі Әсет Ерғалиев тұяқ күтімі бойынша тренингтер мен жануарлар денсаулығы бойынша семинарлардың әсерін ерекше атап өтті: «Қарқынды практикалық сабақтардың арқасында теориялық білім алумен ұштастыра отырып, жақсы жетістіктерге қол жеткізілді».

Дегенмен, екеуі де әлі де көп нәрсе істеу керек екенін атап өтті: әсіресе бұзауларды жеткілікті сүтпен, сумен, шөппен және мюслимен қамтамасыз етуге, сондай-ақ сауын сиырларды өнімділігіне сәйкес азықтандыруға көп көңіл бөлу керек. Сонымен қатар, көптеген фермалар суалған сиырларды азықтандыру бойынша қарқынды жұмыс істеуі керек.

Алдағы бірнеше аптада KFM жобаcы тұяқтарды күту және сауын сиырларды азықтандыру бойынша тренингтер ұйымдастырады. Егер қатысатын болсаңыздар, Айнагүл Аягановаға +7 701 910 3375 телефон арқылы хабарласыңыздар.

Уве Веддиге

Фото: KFM.

8 06, 2023

Сауу аппаратының емізік рәзенкелері мәңгілік емес

2023-06-08T06:58:19+01:008. июня 2023|

Сауу жүйелерін жоспарлы тексеру кезінде тозған емізік рәзенкелері кездесіп жатады. Олар желіннің денсаулығына қауіп төндіреді!

Материал тозып тұрақсыз болғандықтан кластер жоғары көтеріліп кетеді. Осының салдарынан емшек түбі қысылып қалады. Егер резеңкеде қандай да болса жарықшақтар болса, желін терісі қысылып қалады. Екеуі де сиырларға ауыр тиеді, сондықтан емізік резеңкесі зақымдалған аппаратпен кейбір сиырларды толығымен сауу мүмкін емес.

Сауу жүйесінің резеңке бөлшектеріндегі жарықшақтар әрқашан желіннің гигиенасы мен денсаулығына қауіп төндіреді. Емізік резеңкесінің өзегіндегі жарықшақтар әсіресе қауіпті. Олар арқылы сүт пульсациялық камераға түседі және бактериялар мен басқа микробтар үшін оңтайлы көректік алаңы болып табылады.

Сауу және тазалау процесі материалды  тоздырады, ол кедір-бұдырлы және осал болады. Микрожарықшақтар пайда болады, әсіресе резеңке  өзегінде. Сондықтан өндірушілер қара рәзеңкелерді 2500 сауудан кейін, ал силикон рәзенкелерді 5000 сауудан кейін ауыстыруды ұсынады. Басқа өндірушілер 750 немесе 1500 сағат жұмыс істегеннен кейін ауыстыруға кеңес береді. Ақауларды тез анықтап, оларды жою үшін сауу жүйесінің барлық резеңке бөлшектерін айына кемінде бір рет мұқият тексеру қажет.

Тозған, кеуекті немесе ескі рәзенкелер желіннің денсаулығына үлкен қауіп төндіреді. Гигиеналық мәселелерден басқа, икемділіктің төмендеуі желінге ауыр тиеді және сауу жылдамдығының төмендеуіне әкеледі.

Уве Веддиге

Фото: Веддиге

1 06, 2023

Ең жақсы терапия — гигиенаға көбірек мән беру

2023-06-01T05:12:46+01:001. июня 2023|

Streptococcus uberis бүкіл әлем бойынша клиникалық және субклиникалық желін инфекцияларының көпшілігінің себебі болып табылады. Қоздырғыш сиыр көңінде және шламда кездеседі, сонымен қатар сау сиырлардың нәжісімен шығарылуы мүмкін. Сондықтан қоршаған ортаны таз ұстау шаралары жақсы сауу процессімен қатар сиырлардың  денсалығын нығайту үшін  маңызды.

Желіннің бір бөлігінде Streptococcus uberis болған сиырлардың желін тіндерінің зақымдануына байланысты қайта жұқтыру қаупі артады. Жедел желін инфекцияларымен қатар созылмалы желін инфекциялары да белгілі.

Алдын ала зертханалық диагностика жасап уақтылы емдеу маңызды. Ұзақ мерзімді перспективада инфекцияның пайда болуын азайту үшін қорадағы жағдайларды, азықтандыруды, суалған сиырларды күтіп-бағуды және сауу процесін сауу техникасымен бірге қадағалап тұру қажет.

Жақында қоршаған ортаға байланысты деп саналатын маститтің қоздырғышы S. uberis сиырдан сиырға берілуі мүмкін екендігі алғаш рет көрсетілді. S. uberis инфекциясының пайда болуын болдырмау үшін терапияны күшейтуге емес, сиыр жататын және жүретін жерлердегі гигиенаны жақсарту сияқты профилактикалық шараларға назар аудару керек.

Уве Веддиге

Фото: Веддиге

Go to Top