About Uwe Weddige

This author has not yet filled in any details.
So far Uwe Weddige has created 1010 blog entries.
15 08, 2023

Жазда да сау желін!

2023-08-13T05:36:08+01:0015. августа 2023|

Осы жазда, басқа жылдардағыдай, пилоттық шаруашылықтардың сауын табындарында соматикалық жасушалар санының өсуі және мастит ауруы байқалады. Бірақ мұның себебі жалғыз күннің ыстығы ғана емес. Алайда, емдеп қана қоймай, оның себептерін табу және жою қажет.

Жазда жоғары температураға байланысты нәжіс пен қоқыста мастит тудыруы мүмкін микробтардың концентрациясы айтарлықтай артады. Егер жануарлар саууға лас желінмен келсе, онда инфекция қаупі артады. Әсіресе, егер сауу режимі мен гигиена оңтайлы болмаса.

Жылу стрессі иммундық жүйенің жұмысына теріс әсер етеді және осылайша аурулардың дамуына апарады. Сонымен қатар, температура жоғарылаған сайын жемшөп тұтыну азаяды. Суалған сиырлар бұзаулағаннан кейінгі кезеңде ауруларға өте сезімтал, ал бірінші бұзаулаған сиырларда кетоз, шудың түспей қалуы, сүт безгегі/парез және метрит пен мастит сияқты инфекциялар байқалады.

Сауын сиырлардың тәбеті төмендейді және олар жиі ауыра бастайды. Сонымен қатар, жемшөптің қарапайым гигиенасы, саңырауқұлақтардың өсуі және срлемнің қайта жылынуы жепшөпті тұтынуды төмендетеді және физиологиялық ас қорытуды бұзады. Метаболикалық бұзылулар мен өнімділіктің төмендеуінің алдын алу мүмкін емес болады.

Егер толық аралас рацион/TMR дұрыс жасалмаса немесе жануарлар оны іріктеп жесе, бұл да теріс әсер етеді. Егер бұған сиыр ұстаудың нашар жағдайлары немесе тұяқ денсаулығының нашарлығы сияқты басқа стресс факторлары қосылса, онда жануарлардың денсаулығына қатысты жағдай өте ауыр болады.

Сондықтан жылы айларда көптеген фермаларда желін инфекцияларының ауыр жағдайлары жиі кездеседі.

Бұл қарапайым тілде «коли» мастит деп аталатын ауру негізінен қабынуға қарсы препараттармен сәтті емделеді. Сонымен қатар, сиырдың денесінде қан айналымын тұрақтандыру үшін сумен жеткілікті қамтамасыз ету маңызды.

Осы тақырып бойынша KFM жобасының «Желін денсаулығын тексеру» атты тексеру тізімін оқыңыздар.

Уве Веддиге

Фото: KFM

10 08, 2023

Уақытты пайдаланып, жүгері жинауға дайындалыңыздар

2023-08-12T07:47:46+01:0010. августа 2023|

Жүгері жинауға  бірнеше апта қалды. Ұнтақтағыштың пышақтарын қайрап қана қоймай, сонымен қатар бақылау тақтасын мұқият реттеп, жүгері ұнтақтағыштың жұмысын тексеру қажет. Сондықтан алдын ала тексеріп алу артық болмайды.

Осыны ұмытау керек:

  • Сүрлемнің астына салатын мен жабылғы пленкалары, сондай-ақ сүрлем бетін құстардан сақтайтын торлар көбінесе ұзақ жеткізіледі, сондықтан алдын ала тапсырыс беріңіздер!
  • Сүрлем траншеяларын жөндеңіз және тазалаңыздар!
  • Пленканы бастыруға арналатын құм салынған қапшықтар пайдалануға дайын түрде тұрсын.

Ең маңыздысы:

Жемшөп жинайтын комбайн қашан іске қосылады:

  • Жұмыстардың нақты кестесі болуы керек, алқаптардың кезегі, қанша техника барады және сүрлемді кім нығыздайды.
  • Егістіктер, егістік шекараларын, кедергілерді және кірме жолдарды сандық /дигиталды қартаға енгізу немесе оларды картаға түсіру пайдалы.
  • Осы уақыттан кешіктірмей сүрлем траншеясының қабырғаларына пленка жайылады.

Бақылау, бақылау …

  • Сүрлемнің бірінші бөлігін әкелгеннен бастап бақылау қажет: құрғақ заттың құрамын, кесу ұзындығы мен барлық дәндердің ұсақталғандығын кем дегенде жарты сағат сайын тексеріп тұру керек.

Траншеядағы ең маңыздысы: нығыздау, нығыздау, нығыздау!

  • Ауыр дөнгелекті трактор шиналарындағы ауа қысымы кем дегенде 2 бар болуы керек.
  • Трактор сағатына 4 км-ден аспайтын жылдамдықпен жұмыс істейді және келесі қабаттың кезегі келгенге дейін сүрлем бойымен екі-үш рет өтеді. Қабаттың қалыңдығы 20-30 см-ден аспауы керек
  • Ең соңында трактор тағы бір сағат бойы бастырып жүреді (артық емес), содан кейін сүрлем жабылады.

Егін жинауға дайындық

  • Неміс сарапшысы Маркус Хаушильдпен бірге KFM командасы 2023 жылы Солтүстік Қазақстанда тренингтер өткізуді жалғастырады. Өткізілетін күндері мен орындары жақын арада жарияланады.

Тақырып туралы толығырақ: KFM жобасының «Жүгері жинау уақыты туралы«, «Сүрлемдеу барысындағы қателіктер» және «Сүрлемді дұрыс жабу»  атты жаднамаларында оқи аласыздар.

Уве Веддиге

Фото: Веддиге

8 08, 2023

Сүт өзі шығады…

2023-07-26T09:05:31+01:008. августа 2023|

Жақында Германияның солтүстігіне келген қазақстандық делегация да бұл тұжырымға таң қалды. Сүт мөлшері көбейген сайын проблемалар көбейетіні жиі атап өтіледі. Сондықтан Германиядағы ең жақсы сүт өндірушілердің бірінің бұл сөзі одан да таңқаларлық. Жылына 13,500 кг, бір сиырға күніне 41 кг сүт және өмір бойы тиімділігі 22,4 кг — бұл «оның» сандары: Реесумдағы сүт фермасынан Франк Кордес.

«Біз 770 сиыр ұстамаймыз! Жоқ, біз бір сиырды 770 рет ұстаймыз!»- бұл Бременнің оңтүстік-шығысындағы осы әсерлі ферманың бүкіл командасының жетістігінің ұраны. Табыс ферма басшысының дұрыстығын растайды, ол: «жануарлардың әл-ауқаты мен денсаулығы тиісті деңгейде болуы керек, сонда сүт өздігінен келеді», — деп атап көрсетеді.

432 га жем-шөп алқаптарын қызмет көрсетуші өңдейді, фермада шамамен 1350 бас ірі қара бар. Көп жерлерде «бәрі қарапайым болуы керек» ұраны ұсталынады, сондықтан барлық сауылатын сиырларға бірдей рацион дайындалады, ал бұзауларға алғашқы 21 күнде тойғанша сүт беріледі. Азықтандыру үшін өздігінен жүретін жем араластырғышы бар, ал сауу 20 сиырға арналған SwingOver сауын залында автоматты түрде жүзеге асырылады. Қызметкерлері мен өзінің сиырлары туралы айтқанда Кордестің көздері жайнай түседі. 25 қызметкерден тұратын ынтасы жоғары ұжым, оның ішінде үш жоғары білікті табын менеджері әсерлі жетістіктерімен мақтана алады. Табыстың кілтін сүт өндірушісі өз қызметкерлерін үнемі оқытуда көреді. Ол жақсы қызметкерлерін басқа жерге шақырылып кетуі мүмкін деп қорықпайды. «Егер дайындық деңгейі төмендесе, сол қиынырақ болар еді», — деп алаңдайды ол.

Уве Веддиге

Фото: KFM

3 08, 2023

Картоп сүті жаңа хайп па?

2023-07-26T03:51:51+01:003. августа 2023|

Көптеген вегандар картоп сүтіне ынталы. Ол сиыр сүтіне жаңа балама ретінде қарастырылады. Шведтік «Startup VEG of Lund» компаниясы нарықта 2021 жылдан бастап өзінің инновациялық «DUG»картоп сусынымен табысты болып келеді.

Бұл өсімдік негізіндегі сусын Ұлыбританияда да өте танымал. Сусын негізінен картоптан тұрады және құрамында лактоза, жаңғақтар, соя немесе глютен сияқты қарапайым аллергендер жоқ. Сусынға картоптан басқа рапс майы, су, қант, бұршақ ақуызы, фолий қышқылы және түрлі дәрумендер кіреді. Экологиялық тепе-теңдік сиыр сүтіне қарағанда айтарлықтай жақсы деп айтылады. Сұлы сүтімен салыстырғанда бұл сусынға қажет шикізат өсіру үшін аз жер керек. Әдетте аймақтық картоп пайдаланылады.

«Сүтті» үйде де дайындауға болады. Ол үшін картоп үгілмелі болғанша пісіріледі, пюре жасалады және қалау бойынша тәттіленеді. Сүзілген сүтті сұйытып тоңазытқышта бірнеше күн сақтауға болады. Картоп сүтінің дәмі тұтынушыларға қаншалықты ұнайтынын әлі анықтау керек!

Уве Веддиге

Фото: Веддиге

1 08, 2023

Бұзауларды бақылау үшін сенсор пайдалану?

2023-07-25T09:43:10+01:001. августа 2023|

Жаңа жүйелер бұзау ауруларын олар пайда болғанға дейін үш күн бұрын анықтауға мүмкіндік береді. Ол туылғаннан кейінгі бірінші күннен бастап жеке бокста ұсталатын бұзауларға қолданылады.

Әрбір жеке бокстағы сенсор бұзаудың жүріп-тұруын тіркейді. Орнатылған инфрақызыл технологияның көмегімен тиісті бұзаудың қозғалысы өлшенеді. Осы мәліметтер негізінде қозғалыстардың сипатын түсіндіруге болады. Сервер бұл деректерді алгоритм арқылы үздіксіз бағалайды және алаңдататын бұзауларды анықтайды.

Нормадан кез келген ауытқулар туралы ақпарат қосымша арқылы табын менеджерінің смартфонына түседі. Табын менеджері нақты уақыт режимінде хабарлама алады, бұл оған бұзауларға мүмкіндігінше ертерек көніл бөлуге және емдеуге мүмкіндік береді.

Пайдаланушылар бүкіл табындағы жануарлардың денсаулығы мен әл-ауқатының жақсарып келе жатқанын қанағаттандықпен атап өтті. Жеке жануарлардағы ауруларды ерте анықтау және емдеу олардың таралуын тиімді төмендетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, кейбір шаруашылықтар алынған мәліметтерді тікелей ветеринарға жібереді.

Бұзау бокстарына немесе иглустарына датчиктерді орнату бірнеше минут қана уақыт алады. Орталық блок та тез орнатылады.

Уве Веддиге

Фото: https://landwirt-media.com/bovitools-milchblockaden-loesen/

27 07, 2023

Климат: 200 000 сиыр сойылсын?

2023-07-24T09:01:11+01:0027. июля 2023|

Ирландияның жасыл аралы ірі қара малымен және ет және сүт өнеркәсібімен танымал. Енді Дублин үкіметі өз пайымдауында фермерлерді толғандыртты:

Үкіметтің ішкі құжатында климатты қорғау бойынша қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін алдағы жылдары мал басын 10% — ға қысқарту қажет делінген. Осыған байланысты Ауыл шаруашылығы министрлігі 2025 жылға қарай шамамен 200 000 сиыр союды ұсынады. Бұл шараның шығыны 600 миллион еуроны құрайды деп болжануда.

Ирландия фермерлер одағының президенті Тим Куллинан бұл жағдайда ет пен сүт өндірісі басқа елдерге ауысатынын ескертті. Ирландияның сүт жеткізушілер қауымдастығының басшысы Пэт Маккормак сүт өнеркәсібіне шабуыл жасалып жатқаны қынжыларлық деп санайды. Оның айтуынша, көліктің немесе авиацияның СО2 шығарындылары мал шаруашылығына қарағанда көбірек өсті.

Сарапшылар Ирландияда ет пен сүт өндірісі көптеген басқа елдерге қарағанда аз климаттық шығарындыларға әкелетінін атап өтті. Бұл сиырлар негізінен жайылымдағы шөптермен қоректенетіндей малды жайылымда ұстаудың біршама арзан жүйесінің арқасында мүмкін.

Уве Веддиге

Фото: Веддиге

20 07, 2023

Қазақстандық табын басқарушылар Германияда

2023-07-20T04:07:19+01:0020. июля 2023|

Жақында біздің пилоттық шаруашылықтарымыздың жекелеген қызметкерлері Германияда өз білімдері мен дағдыларын кеңейтуге мүмкіндік алды. Жануарлармен жұмыс істеу терең білімді, үлкен интуиция мен кең практикалық дағдыларды қажет етеді. Сондықтан қазақстандық табын басқарушылары, зоотехниктер мен ветеринарлар жеңдерін түріп, Хаус Дюссе / Haus Düsse атты ауылшаруашылық эксперименттік және оқу орталығында қарқынды оқу бағдарламасына қатысты.

Азықтандыру мен саууды үйретуден бастап, туылғаннан кейін бұзауды алғашқы күтуден бастап, тұяқ күтіміне дейін және жалпы ірі қара малмен жұмыс істеуге дейін барлығы ұсынылды. Жануарлардың әл-ауқаты мен денсаулығы сияқты маңызды тақырыптар да назардан тыс қалмады. Бір апталық оқу барысында басты назар «қарап тұрмаңыз, әрекет етіңіз» ұранына сәйкес практикалық сабақтарға аударылды.

Уве Веддиге

Сурет: ADT

18 07, 2023

Тұяқ денсаулығының негізі қашар жасында қалыптасады

2026-04-24T06:35:24+01:0018. июля 2023|

Жас сүтті сиырлардың ақсандауы көбінесе қашар жасынан басталады. Висконсин-Мэдисон университетінің профессоры Найджел Кук көптеген аурулардың осы кезеңде басталатынына сенімді.

«Атап айтқанда, Dermatitis digitalis (DD немесе Mortellaro) Мортелларо  — бұл өте жұқпалы ауру, ол малды байламай ұстайтын қораларда таралады», — деп түсіндіреді Найджел Кук. Ол кейбір табындарда қашарларының 30 пайызында Мортелларо жаралары кездесетінін байқады.

Жас қашардың өкшесінде және тұяқшаларының арасында пайда болатын бұл қою қызыл, құлпынай тәрізді және түкті өсінділер өте ауырсындырады. Олар сондай-ақ сиырлардың өмірінің соңына дейін созылмалы және емделуі қиын ауруға айналуы мүмкін. Бұл өз кезегінде тұрақты күйзеліске, жүріп-тұруының шектелуіне және өнімділік әлеуетінің төмендеуіне әкеледі.

Ол тұяқша дерматитінің зақымдану белгілерін анықтау үшін қашарлар мен сиырларды үнемі және мұқият тексеруді және тұяқ ванналарын қолдану арқылы жарасы бар жануарларды дереу емдеуді ұсынады. Құрғақ орта да сауын сиырдың өмірінің алғашқы кезеңінде Мортелларо қаупін азайтады. Сонымен қатар, Кук жемшөпке органикалық микроэлементтерді, әсіресе мырышты қосу арқылы Мортеллароның алдын алу шараларына оң ықпал етуге болатынын анықтады.

Уве Веддиге

Фото: KFM

14 07, 2023

Неміс оқу орталықтары үлгі бола ма?

2023-07-14T15:36:17+01:0014. июля 2023|

Сүт өндіру саласындағы біліктілікті арттыру үшін «Байсерке-Агро» оқу — өндірістік орталығының базасында неміс моделі бойынша «сүт орталығын» құру жоспарлануда.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің, «Байсерке-Агро» компаниясы мен Қазақ агротехникалық университетінің өкілдері Германияның солтүстігінде жұмыс сапарында. Сапар бағдарламасы Уве Веддигенің жетекшілігімен KFM қазақстандық-германдық «сүт»жобасы аясында ұйымдастырылды.

Қазақ делегациясы Аренсбургтегі Денис Фелкердің консультациялық бюросына, Блэкендорфтағы Футтеркамп оқу-тәжірибе орталығына (LVZ) және Эхемдегі аграрлық білім беру орталығына (LBZ) барып, консультациялық және оқу орталықтарының міндеттерімен танысты.

Сүт өндірушілерге жұмысты орындайтын көптеген білікті жұмысшылар қажет. Азықтандыру, сауу, тұяқ күтімі немесе табынды басқару болсын — тапсырмалар әртүрлі және күрделі.

Алматыда құрылады деп жоспарланған орталық білікті кадрлардың жетіспеушілігі мәселесін шешуге, жаңа және жұмыс істеп тұрған сүт фермалары қызметкерлерінің құзыреттілігін арттыруға, сондай-ақ жастарды сүт өндірісі саласындағы жұмысқа тартуға көмектеседі.

Светлана Пучкова және Уве Веддиге

Фото: Уве Веддиге

10 07, 2023

Трихофитиядан емдеуге арналған ультракүлгін шамдар

2023-07-10T04:55:06+01:0010. июля 2023|

Саңырауқұлақ ауруы трихофития (бұзаутаз) жас малды өсіру кезінде өнімділіктің төмендеуіне әкеліп қана қоймай, адамдарға айтарлықтай қауіп төндіруі мүмкін. Ультракүлгін-С шамдарын пайдалану тиімді және арзан әдіс болып табылады.

Бұл ауру  малдың  қышынуын тудырады, бұл өз кезегінде жемшөп жеуді және осылайша өнімділікті төмендетеді. Бүкіл табынды вакцинациялау симптомдардан арылта алады, жеке жануарларды аурудың өткір кезеңінде кремдермен емдеу, керісінше, көбінесе айтарлықтай әсер етпейді.

Қораның ішіндегі оңтайлы климат пен жарық өте жағымды профилактикалық әсер етуі мүмкін. Босағаннан кейін бұзау қораларын тазалау және дезинфекциялау маңызды алдын алу шаралары болып табылады. Қорадағы сиыр щеткалары мен жабдықтар көбінесе ауруларды тасымалдаушы болып келеді, оны ұмытпау керек.

Ультракүлгін С шамдарын қолдану іс жүзінде осы саңырауқұлақ ауруымен күресуде ерекше тиімділігін дәлелдеді. Фермалар емдеудің өте жақсы нәтижелері туралы хабарлайды. Шамдар барлық бактерияларға, саңырауқұлақтарға және вирустарға қарсы дезинфекциялық әсер етеді.

Қолдануға арналған практикалық кеңестер:

— шамдарды шамамен 2,5-3,0 м биіктікте іліп қойыңыз;

— профилактикалық әсер ету үшін жарықтандырудың тәуліктік ұзақтығы 2-3 сағаттан аспайды, неғұрлым ауыр инфекция жағдайында ұлғаюы мүмкін;

— таймер орнатылған түнде қосыңыз;

— шамамен 20-25 м2 аумақ үшін бір шам жеткілікті;

— аптасына кемінде бір рет дымқыл шүберекпен сүртіңіз (әйтпесе радиация азаяды);

— Назар аударыңыз: егер қорада адамдар болса, шамдарды қоспаңыз.

Уве Веддиге

Фото: KFM

Go to Top