About Uwe Weddige

This author has not yet filled in any details.
So far Uwe Weddige has created 1010 blog entries.
8 11, 2023

«Cүт жобасының 4 жылы «…

2023-11-08T11:25:27+00:008. ноября 2023|

пилоттық шаруашылықтармен, қауымдастықтармен, Астана мен Берлиндегі екі ауыл шаруашылығы министрлігімен, сүт саласының көптеген сарапшыларымен, сондай-ақ басқа да жобалармен сындарлы ынтымақтастықта өтті.

«Рахмет» деп айтуға, қол жеткізілген нәтижелерге қарап, әлі не істеу керектігі туралы ойлануға уақыт келді. Қазіргі уақытта бір ғана нәрсе айтуға болады: жобаның бағыты  жаңартылып, мақсаттары біраз өзгертілді, бірақ ол өзінің жұмысын жалғастыруда.

Бұл туралы толығырақ біздің ақпараттық бюллетенімізден оқи аласыздар.

Фото: KFM

7 11, 2023

Құрамында антибиотик қалдықтары бар сүт бермеңіздер

2023-11-07T09:35:09+00:007. ноября 2023|

Антибиотиктермен емделген сиырлардың сүтін пайдалану үнемді болуы мүмкін, бірақ антибиотиктер мен микоплазма сияқты патогендік бактериялардың қалдықтары проблемаларға әкелуі мүмкін. Көбінесе мұндай сүтпен қоректенетін бұзаулардың нәжісімен антибиотиктерге төзімді патогендер сыртқа шығарылып аурулар таратылады.

Бұзауларға не беруге болады? Бұзаудың денсаулығы әрқашан да бірінші орында. Сондықтан:

  • желіні ауру сиырлардың сүтін бермеңіз (мысалы, E. coli немесе Pasteurella spp.). Бұзаулаға инфекция жұғып, ауырып қалуы мүмкін.
  • Инфекциялармен ауыратын сиырлардың ұызын бермеңіздер.
  • Шикі сүтті және әсіресе уызды бөлме температурасында сақтамаңыздар. Ондағы микроорганизмдер тез көбейеді.
  • Сүтінің құрамында антибиотик қалдықтары болуы мүмкін сиырлардың сүтін бермеңіздер. Бұл микробтардың антибиотиктерге төзімділік дамыту қаупін тудырады және бүкіл табынның денсаулығына ұзаққа созылатын зиян келтіреді.

Дереккөз: Ma et al., 2022: «Антибиотикпен өнделген сүтті беру бұзаулардың өсу қарқынына, метаболизміне, антиоксиданттық күйіне және иммунитетіне әсері тұралы шолу».

Фото: KFM

3 11, 2023

Қыста бұзау өсіру

2023-11-03T15:32:44+00:003. ноября 2023|

Суық күндері бұзаулар едәуір көбірек азық қажет етеді және олардың күнделікті салмақ қосуы  азаяды. Сонымен қатар, дененің қорғаныс жүйесі әлсірейді. Патогендік микроорганизмдер оңай таралады және бұзау ауруының қаупі арта түседі. Диарея мен пневмония жиі кездеседі.

Күнделікті салмақ қосуының төмендегені мен  қосымша емдеу шығындарынан басқа, бұл жерде бірінші төлдеу мерзімі кештеу болатынына және болашақта сүт өнімділігінің төмендеуіне байланысты шығындар туралы да айта кету керек.

Осыған байланысты бұзауларды азықтандыруды да суықтан болатын стресске бейімдеу керек. Әдетте, сүт алмастырғыш мөлшері 150 г/литр құрайды. Температура 5 °C-тан төмен түскеннен кейін мөлшерін 160 г/литр суға дейін арттыру керек, ал берілетін сүттін мөлшерін шамамен 20% арттыру керек.

Бұл тақырып бойынша KFM жобасының «Қыста бұзауларды азықтандыру», «Сүт алмастырғыш мөлшері тұралы» және «Төсеніштің терендігін бағалау шкаласы» атты жадынамаларын жүктеп алуға болады.

Уве Веддиге

Сурет: Naturstall-Shop

31 10, 2023

Сүрлемнің өздігінен қызу мәселесі

2023-10-30T16:55:09+00:0031. октября 2023|

Қазақстанның көптеген өңірлерінде жүгеріден жақсы өнім алынды. Енді сүрлемнің оны малға бергенше қызып кетпеуі маңызды. Шығындардың көпшілігі жүгері сүрлемін ашқанда және алып шығарғанда ғана болады, әсіресе сүрлем қызып, біртіндеп нашарлаған кезде.

Жүгері сүрлемінің тым ерте ашылуы жиі кездесетін қателік. Сүрлем кем дегенде алты апта, тіпті сегіз апта бойы жабық тұруы керек.

Сүрлемді апта сайын кем дегенде 2,50 метрге дейін алып отыру керек. Бірақ көбінесе сүрлем үйінділері тым биік немесе тым қысқа болады. Оны тиісті мөлшерде біртіндеп алмағандықтан кіріп кеткен ауа  қажетсіз флораның қызуы мен көбеюіне ықпал етеді. Егер бұған қоршаған ортаның жоғары температурасы қосылса, бұл жағымсыз флораның  көбеюін одан әрі жылдамдатады.

Сүрлемді алу да оның қызуына әсер етеді. Егер жүгері сүрлемі техника көмегімен тартылып алынса және сонымен бірге алынған жердің тұтастығы бұзылса, онда ауа жемшөп үйіндісінің терең қабатына өтіп кетеді. Бұл ашытқылардың, саңырауқұлақтардың және ацетобактериялардың көбеюіне ықпал етеді.

Тез бұзылатын сүрлемнің қызыу көптеген шаруашылықтар үшін маңызды мәселе болып табылады. Болашақта ашытқы құрамын азайту үшін ұсақтап кесу және жеткілікті түрде тығыздау сияқты сүрлемді дайындау бойынша технологиялық шараларды қолдану қажет.

Уве Веддиге

Фото: KFM

25 10, 2023

ҚФМ: жобаның бірінші кезеңі сәтті өтті

2023-10-25T04:13:51+01:0025. октября 2023|

2020 жылдың басынан бастап KFM жобасының халықаралық және ұлттық сарапшылар тобы Қазақстанның солтүстік өңірлеріндегі сүт шаруашылықтарының техникалық және басқарушы қызметкерлерінің біліктілігін арттырумен айналысады.

Жоба ұжымының практикалық жұмысы техникалық және басқарушы персоналдың білім деңгейі мен дағдыларын едәуір арттырды. Сонымен қатар, кеңес алған барлық шаруашылықтарда көптеген мүмкіндіктер мен ресурстарды пайдалануға мүмкіндік туды.

«Нәтижесінде пилоттық фермаларда еңбек өнімділігі артып, сүт сапасы жақсарды. Бұған жем — шөпті талдау, жұмыс процестерінің хаттамалары және сүт өндірудің барлық бағыттары бойынша түрлі оқу курстары ықпал етті», — деп Уве Веддиге жоба басшылығының отырысында жобаның өткен кезеңін қорытындылады. Оның пікірінше, жұмыс нәтижелері өсудің айтарлықтай әлеуетін көрсетеді. Өзекті мәселелер жергілікті кәсіпорындармен де, ауылшаруашылық әкімшілігімен де ынтымақтастықты қажет етеді. «Салада жүйелі өзгерістер болмаса, нәтиже болмайды», — деп қосты неміс сарапшысы.

Екінші кезеңде сүт жобасы қол жеткізілген нәтижелерді бекітіп, фермерлерді қолдау жұмыстарын республиканың солтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлеріне кеңейтеді деп жоспарлануда. Алматы облысында «Байсерке-Агро» оқу-ғылыми-өндірістік орталығының негізінде сүт өндірушілер үшін консультациялық-сервистік орталық құру жоспарланып отыр. Жоба Қазақстанның сүт шаруашылықтарында білікті кадрлар тапшылығын қысқартуға елеулі үлес қосады.

Уве Веддиге

Фото: KFM

20 10, 2023

Құлақ сырғаларын дұрыс орнату

2023-10-25T04:06:24+01:0020. октября 2023|

Құлақ сырғаларын \ биркаларын ауыртпай салу екіталай. Бірақ дұрыс орынды таңдау арқылы жараның тез жазылуына және ауырсынуды жеңілдетуге әсер етуге болады.

Егер құлақ сырғалары екі үлкен шеміршек буылтығы арасының мүмкіндігінше ортасына енгізілсе, тамырлар аз зақымдалады. Сондай-ақ, акупунктуралық нүктелері бар құлақтың шетіндегі және түбіне жақын жерлерге тимеу маңызды.

Жануардың әмандығы үшін құлақ сырғаларын туылғаннан кейін бірден емес, келесі күндері тағу ұсынылады. Осылайша, уыз ішу процесі мен жануар мен адам арасындағы қарым-қатынастың дамуына кедергі келтірілмейді. Бұл жағдайда жануарды бекітіп, ауырсынуды басатын дәріні, мысалы, суық спрейді қолдану ұсынылады.

Уве Веддиге

Фото: Веддиге

17 10, 2023

«2023 жылдың үздік сауыншысы»

2023-10-17T06:19:45+01:0017. октября 2023|

Қазақстан үздік сауыншы іздеуде. KFM жобасы сауыншыларды «ҚазАгро» көрмесінде «2023 жылдың үздік сауыншысы» байқауында өз шеберліктерін көрсетуге шақырады.

KFM жобасынан Айнагүл Аяғанова мен Уве Веддиге көрме залының фойесінде резеңке желіні бар сиырдың макетін орнатады.

Келушілердің әрқайсысына екі минут ішінде өз шеберліктерін көрсетуге мүмкіндік беріледі. Сиырдың желінің ұстап көрмеген қатысушылар да нағыз мамандармен қатар қатыса алады. Екі минут ішінде шығарылған сүт мөлшері нәтижелерді салыстырудың негізгі критерийі болады.

Байқаудың барлық қатысушыларына сыйлық беріледі, ал  әр күннің үздіктерін арнайы жүлделер күтіп түр.

Уве Веддиге

Фото: KFM

12 10, 2023

Қысқа алдын-ала дайындалу қажет

2023-10-11T05:26:46+01:0012. октября 2023|

Ауа райы әлі жылы болса да, алдағы төтенше ауа райы жағдайын ескере отырып дайындалу керек.

Сауын сиырларға әрқашан таза су болғанын қамтамасыз ету керек. Су құбырларының қатып қалуы қыста ең кең тараған проблема болып келеді. Сондықтан құбырлар мен мал суаратын құрылғыларға арналған жылытқыштарды орнату керек. Сондай-ақ, судың үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ететін жылыту және айналымдық сорғысы бар айналым жүйелері жақсы келеді.

Астаулардағы биметалдық клапандар астаудың мұздауына жол бермейді. Дегенмен, бұл судың шетінен асып төгіліуне, ал ол мұздың пайда болуына әкелуі мүмкін. Кешке суды өшіріп, құбырларды толығымен босату да көмектесуі мүмкін. Келесі күні таңертең суды жай ғана қайта қосу керек болады.

Сауын залдарында да мұз қату қаупі бар. Жаңа сауын залдарында көбінесе жылыту жүйесі орнатылған болып келеді. Дегенмен, жылу бірден қайтадан шығып кетпейтіндей етіп герметизация жасау керек. Сиырлар суықтан қорықпайды, бірақ сауыншылар температурасы реттелетін сауын бөлмелерін жақсы көреді.

Ұзаққа созылған аяз кезінде де күнделікті жұмыс азды-көпті біркелкі өтуі үшін қажетті шараларды қолдану әрдайым мүмкін. Одан кейін қыс та келе берсін.

Уве Веддиге

Фото: KFM

10 10, 2023

Басқаруды жеңілдету

2023-10-10T04:58:27+01:0010. октября 2023|

Көптеген шаруашылықтар үшін «кәсіпкерлік мінез-құлық, қызметкерлерді ынталандыру және пікірталасты кәсіби тұрде жүргізу » болашақта өндірістік табысты айтарлықтай жақсартуға болатын үлкен кәсіпкерлік ресурстар болып табылады.

Сарапшы-кеңесші Уве Кафтанмен бірге KFM жобасының ұжымы Чаглинкадағы Неміс аграрлық орталығында бір күндік семинар ұйымдастырды. Сонымен қатар, неміс сарапшысы Солтүстік Қазақстандағы 3 фермерлік шаруашылыққа барып кеңес берді. Іс-шараларға барлығы 9 шаруашылықтан 21 басқарушы қатысты. Семинар барысында қатысушылар әсіресе басқару мен ынталандыруға байланысты көп таралған мәселелерін қызығушылықпен талқалады. Уве Кафтанның көмегімен олар персоналды тиімді басқару және еңбекті ұйымдастыру үшін практикалық шешімдер әзірледі.

«Болашақта Қазақстанда алдынғы қатарда ең жақсы өндірістік білімі бар шаруашылықтар емес, өз қызметкерлерін орташадан жоғары деңгейде ынталандыра алатын шаруашылықтар болады», — деп қорытындылады Солтүстік Қазақстан облысының фермер қожалығының басшысы шаруашылықты басқаруға деген көзқарас туралы өз ойларын қорытындылады.

Уве Веддиге

Фото: KFM

5 10, 2023

Қырғызстандағы ауылшаруашылық конгресc

2023-10-06T05:34:08+01:005. октября 2023|

Жақында Орталық Азия мен Еуропадан келген 250-ден астам қатысушы Қырғызстандағы Ыстықкөлдің таңғажайып қарлы тауларының аясында өсімдік шаруашылығы, бау-бақша және мал шаруашылығындағы тік және көлденең интеграцияның тиімді үлгілері туралы көбірек мәлімет алмасу үшін кездестіі. Әсіресе мал шаруашылығын кәсібилендіру Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстанның ауылдық аудандарында жоғары құнды құруға кең мүмкіндіктер ашады.

Осыған байланысты Уве Веддиге «Сапалы сүт өндіруге 7 қадам» туралы презентация жасады. «Өңірге бөлшек сауда желілері арқылы сатуға жарамды жоғары сапалы және біртекті өнімдерді өндіру үшін технологиялық процестерді жаңғырту қажет», — деп атап өтті KFM жобасының жетекшісі, сөзін өндірістік компаниялар мен ауылшаруашылық бірлестіктерінің сарапшыларына  жолдап.

«Конгресс аймақтық агроөнеркәсіптік кешен мамандарына жаңғырту үшін құнды құралдарды ұсынды және экономика мен қаржыландыру модельдерімен, сондай-ақ сүт, дәнді дақылдар мен картоп өндірісін дамыту стратегияларымен таныстырды»,-деп түсіндірді іс-шараны ұйымдастырушы, неміс Ауылшаруашылық қоғамының (DLG) өкілі д-р Ольга Хунгер.

Уве Веддиге

Фото: KFM

Go to Top