About Uwe Weddige

This author has not yet filled in any details.
So far Uwe Weddige has created 881 blog entries.
5 03, 2024

Пилоттық фермалар: іріктеу өтіп жатыр!

2024-03-05T03:37:08+00:005. марта 2024|

Неміс-қазақстандық сүт жобасы 2019 жылдың қараша айында Ақмола, Павлодар, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы пилоттық шаруашылықтарды іріктеуден басталған еді. Халықаралық және қазақстандық сарапшылардың қолдауымен KFM ұжымы осы шаруашылықтарда ауқымды жаңа сараптама жасай алды. Басқарудан бастап қарапайым қолмен жұмыс істеуге дейінгі барлық деңгейлер ескерілді. Көптеген шаруашылықтар өз нәтижелерін едәуір арттырды, тіпті олардың бірі өз аймағындағы ең табысты сүт өндірушілердің біріне айналды.

Жоба Алматы маңындағы Аркабай ауылындағы «Байсерке» ҰБО-ға көшкеннен кейін 2023 жылдың қараша айында KFM ұжымы Жамбыл, Түркістан және Алматы облыстарында тағы сегіз пилоттық ферманы іріктеп алуды жоспарлап отыр. Келесі бірнеше апта ішінде KFM ұжымындағы Айнагүл Аяганова мен Уве Веддиге 30-ға жуық фермерлерге барып, лайықты шаруашылықтарды таңдайды.

Тізімге 50-ден 600-ге дейін сиыры бар және кеңес беру мен тәлімгерлік арқылы біліктілігін арттырғысы келетін сүт өндірушілер алынады. Алғашқы сапарлар барысында қарқынды кеңес берудің осы түріне жауапты тұлғалардың үлкен қызығушылығы бар екені анықталды.

Келесі KFM ақпараттық бюллетендерінде сіздер таңдалған шаруашылықтар мен олардың мақсаттары туралы көбірек біле аласыздар.

Уве Веддиге

Фото: KFM

29 02, 2024

Желінді тазартатын майлықтарды дұрыс жуыңыздар!

2024-02-29T06:46:54+00:0029. февраля 2024|

Сиыр қорасы қаншалықты таза болса да, кез келген фермада сауу алдында желінді тазаламай жұмыс бастау мүмкін емес. Қағаз майлықтарын пайдалану тазалау жұмыстарын үнемдейді. Алайда, желіндер тым лас болған жағдайда олардың пайдасы шамалы. Мақта немесе микроталшықты майлықтардың тазарту әсері қағаз майлықтарға қарағанда әлдеқайда жақсы. Сонымен қатар көптеген сауыншылардың пікірінше осындай майлықтар желінге де, қолға да жайлы.

Алайда гигиенаны сақтау керек:

  • кір жуғыш машинаны тазартатын құралмен машинаны ай сайын тазалаңыздар,
  • бактериялық жүктемені тексеру үшін жуылған майлықтарды үнемі бактериологиялық талдаудан өткізу керек,
  • толық жүктелген кір жуғыш машиналарда тазарту әсері өзара үйкеліс арқылы жоғары болады,
  • кір жуғыш машинадағы талшық сүзгісін үнемі тазалап тұрыңыздар және
  • жуу үшін пайдаланатын судың сапасына назар аударыңыздар.

Желін майлықтарын 60 °C температурада дезинфекциялық жуғыш заттармен жуып, 90 °C температурада қайнатыңыздар немесе ыстық ауамен құрғатыңыздар. Дегенмен, дезинфекциялық жуғыш заттарды немесе кептіргіштерді пайдаланған кезде көптеген микроталшықты майлықтардың қолдану мерзімі қысқарады.

Назар аударыңыздар: әр сиыр үшін бөлек майлық қолданылуы керек, әйтпесе субклиникалық мастит қаупі айтарлықтай артады!

Уве Веддиге

Фото: KFM

27 02, 2024

Тұяққа арналған ванна: мөлшерін қадағалаңыздар!

2024-02-27T04:03:22+00:0027. февраля 2024|

Сіз фермаңызда тұяқ күтімін үнемі жасап тұрасыз ба? Соған қарамастан, сиырларыңыз жиі ақсай бере ме? Көбінесе бұл сиыр қорасында жүруге арналған ылғалды және лас жерлерге байланысты, бірақ тұяққа арналған ванна да инфекцияның себебі болуы мүмкін. Біздің консультацияларымыз кезінде біз белсенді ингредиенттердің дұрыс мөлшерленбегенін талай рет байқадық.

Тұяққа арналған ерітпені шамадан тыс мөлшерлеу кезінде ол теріні тітіркендіреді және зақымдайды. Ол жұқпалы аурулардың көзіне айналады және осылайша жағдайды жақсартқанның орнына нашарлатады. Ал қосылатын заттардың  мөлшері жеткіліксіз болса, керісінше, ондай ванна еңбек шығындары мен шығындары тұрғысынан тиімсіз. Дезинфекциялық ванна көбінесе «инфекциялық ваннаға» айналады. Тұяқты тазалайтын ереітінді қосылған ваннаның алдында тұяқты алдын ала тазалауға арналған тағы бір ванна орнатыңыздар. Осылайша, тұяққа арналған негізгі ванна аз ластанады.

Алдын ала тазалауға арналаған ванна  мен негізгі ваннаның арасы 1,5-тен 3,0 м-ге дейін болуы тиіс, Тазалау ерітіндісін әр 150 жануардан кейін кешіктірмей ауыстыру керек. Жаңа ерітінді құймас бұрын ваннаны мұқият жуыңыздар. Тұяқ  ваннасының алдындағы және артындағы аумақ әрқашан таза болуы және жүйелі түрде тазалануы тиіс.

Ванна ерітіндісінің мөлшері препараттың шоғырлануы мен тұяқты ваннаның көлемін ескере отырып, дәл есептеудің көмегімен анықталуы тиіс. Оны есептеп шығару мысалдары бар біздің жаднамамызды жүктеп алыңыздар.

Тұяққа арналған күту, тазарту ванналары микробтардың жалпы қысымын төмендетеді, бірақ оны емдей алмайды. Тұяқ ванналары қандай жақсы болса да, тұяқтарды тұрақты түрде өндеу, сонымен қатар мал жүріп-тұратын жерлердің тазалығы өте маңызды екендігі тұралы ұмытпау керек.

Уве Веддиге

Сурет: KFM

23 02, 2024

Уыз: тазалығын қадағалаңыздар!

2024-02-23T05:20:53+00:0023. февраля 2024|

Сапалы уыз — әрқашанда бұзауларды өсірудің негізін қалайды. Бірақ «жоғары сапалы уыз» дегеніміз не?

Уыз құрамында жаңа туған бұзауды қажетті иммундық қорғаныспен қамтамасыз ететін иммуноглобулиндер бар. Сапаны рефрактометрмен анықтауға болады. Егер бәрі жақсы болса, бұзаудың жақсы сиыр болып өсуіне ештеңе кедергі бола амайды. Әлде бола ала ма?

Біз тексерілген сиырлардың басым көпшілігінің уызында иммуноглобулиндердің жеткілікті мөлшері бар екенін, бірақ бұзаулардың 20% — дан азы иммуноглобулиндерді жеткілікті мөлшерде алатынын жиі байқап жүрміз.

Бастапқыдан сапалы уыз да күшті бактериялық ластанудан нашарлайтыны анық.

Сиырдың желінінен сауу машинасы арқылы ішуге арналған шелекке дейінгі жолда уызға деген бактериялық жүктеме үнемі арта береді. Егер желінде бактериялық жүктеме әлі де 10 000 CFU / мл болса, онда емізікте миллионнан астам CFU/мл анықтауға болады. Дегенмен, ыдыс пен емізікті мұқият тазалаған кезде бактериялардың деңгейі жоғарыламайтыны анықталған.

Қорытынды: тиісті тазалау құралдары мен ыстық суды пайдаланып уыз берілетін ыдысты мұқият тазалау және уызды дұрыс сақтау арқылы қажетті иммундық ахуалды қамтамасыз етуге болады. Уыздың тазалығы арқылы сақталатын қорды біз міндетті түрде пайдалануымыз керек!

Уве Веддиге

Фото: KFM

20 02, 2024

Әйелдер: ауыл шаруашылығындағы көшбасшылар?

2024-02-20T04:08:59+00:0020. февраля 2024|

Әрбір төртінші қазақстандық ферманы әйел басқарады. 83 800 қазақстандық әйел сиырларды сауып, жылыжайларда қызанақ өсіріп қана қоймай, салықтар мен субсидиялармен айналысады, сондай-ақ асыл тұқымды мал сатып алады.

Әйелдердің жалақысы әлі де ер адамдарға  қарағанда айтарлықтай төмен. Ерекшелік тек басшылар  арасында: ауылшаруашылық компанияларының әйел бас директорлары ұқсас лауазымдардағы еркектерге қарағанда айына 37% — ға көп табыс табады. Сектордағы басқа басшылық лауазымдар бойынша осыған ұқсас жағдай.

Физикалық ауыр еңбекке байланысты кәсіптердегі номиналды жалақыны салыстырса жағдай басқа. Еркек мал өсірушілер, агрономдар, жұмысшылар, жылқы өсірушілер және көкөніс өсірушілер әйелдерге қарағанда 8-25% көп табыс табады. Тек шопан кәсібінде жағдай басқаша: Қазақстандағы әйел шопандар еркек шопандарға қарағанда 20 % — ға көп ақша табады.

Германияда да шаруа қожалықтарын басқаратын әйелдер саны артып келеді. 2020 жылы Германияда 28 412 әйел басшы болды, ол барлық шаруа қожалықтарын алғанда 10,8 % құрады. Он жыл бұрын бұл көрсеткіш 8,6% құрайтын.

Заңды тұлғалар ретінде ұйымдастырылған ірі компанияларда 14,3% құрайтын әйел басшылардың үлесі отбасылық шаруашылықтарға қарағанда — 10,9% — ға айтарлықтай жоғары.

Алайда, оң тенденцияға қарамастан, Германия Еуропадағы шкаланың төменгі жағында. Литва мен Латвияда барлық шаруа қожалықтарының 45 пайызын, ал Эстонияда 33 пайызын әйелдер басқарады. Румынияда, Италияда және Австрияда әйел басшыларының үлесі шамамен үштен бірін құрайды. Орташа еуропалық көрсеткіш 29 пайызды құрайды.

Көптеген басқа елдермен салыстырғанда Германияға бұл көрсеткішті әлі де көтере түсуге болады.

Уве Веддиге

Фото: KFM

15 02, 2024

Жәндіктерден алынатын ақуыздар

2024-02-15T08:48:57+00:0015. февраля 2024|

Ет тұтыну көптеген өсімдік тағамдарына қарағанда климатқа әлдеқайда көп әсер етеді деп саналады. Бұлшықет өсіру үшін жануарларға ақуызға бай бордақылау азығы қажет, оны көп жағдайларда алыстан тасымалдауға тура келеді.

Жаңа тұжырымдамаға сәйкес, фермерлер жәндіктерді өсімдік қалдықтарымен қоректендіреді, содан кейін оларды тауықтарға, шошқаларға немесе балықтарға береді. Осылайша, қалдықтардан, мал азығынан және ауылшаруашылық өнімдерінен құралған экономиканың аймақтық циклі құрылады.

Мөлшеріне байланысты автоматтандырылған құрылғылар жылына 30°C температурада 300-ден 1500 тоннаға дейін «қара сарбаз» деп аталатын шыбынының құртын шығарады, содан кейін бес күндік жас құрттар жеті күн бойы ауылшаруашылық пен азық-түлік өндірісінің органикалық қалдықтарымен азықтандырылады. Оларға шөп, жүзім күнжарасы, сыра ұнтағы және көкөністердің қалдықтары жатады. Мұндай қалдықтарды жәндіктерге беру арқылы компаниялар көмірқышқыл газының атмосфераға шығарындыларын азайта алады.

Неміс мал азығын өндірушілер қауымдастығы осындай балама жемді құптайды, бірақ оған әлі нақты баға бермеді.

Болашақта жәндіктердің жануарларға жем ретінде қолданылу маңыздылығы әлі жете анықталмаған.

Уве Веддиге

Фото: Farminsect

13 02, 2024

Желіннің саулығы басты назарда

2024-02-13T06:27:59+00:0013. февраля 2024|

Құрметті оқырмандар,

тек сау сиырлар ғана көп сүт береді және фермаларыңызда ұзақ мерзім сауылады. Табын мен жеке жануарлардың денсаулығын қадағалаумен қатар, мал ұстау жағдайы, азықтандыру және басқару мәселелерін тұтастық тәсілмен қарастыру табысқа жетудің кілті болып табылады. Мал ұстау және азықтандыру жағдайларының сапасы мен ойластырылғандығы әрқашан жануарлардың денсаулық көрсеткіштеріне әсер етеді.

Осы ақпараттық бюллетенімізден  табындағы сиырлардың желіндерінің денсаулығын қалай жақсартуға болатынын біліп, қораңыздағы жағдайды сын көзбен қарап шығыңыздар.

Біздің ақпараттық бюллетень мазмұны сіздер үшін пайдалы болады деп үміттенеміз.

Сіздердің KFM ұжымдарыңыз

Фото: Веддиге

7 02, 2024

SIMA 2024 өткізілмейтін болды

2024-02-07T05:48:24+00:007. февраля 2024|

Бастапқыда Sima 2024 көрмесі Парижде 24-27 қараша аралығында өтуі керек еді. Енді көрменің өткізілмейтіні белгілі болды. Мұның себебі – болжам бойынша ауылшаруашылық техникасы нарығындағы айтарлықтай құлдырау. Маңызды себептердің бірі экспоненттердің баяу тіркелгені болуы мүмкін. John Deere 2023 жылдың ақпанында көрмеге қатысудан бас тарту туралы шешімін жариялады, ал Pöttinger — 2023 жылдың маусымында.

Компанияның пікірінше, пандемия әсер еткен жылдар ішінде көрме ландшафты мен келушілердің беталысы  айтарлықтай өзгерді. «Біз өз ресурстарымызды тұтынушылармен  байланыс орнату үшін неғұрлым мақсатты түрде пайдаланамыз», — деп түсіндірді Pöttinger өкілі.

Көрме басшылығы іс-шараны ақпаннан қарашаға ауыстыру туралы шешім қабылдағаннан бері SIMA қиындықтарға тап болды. Көптеген көрмеге қатысушылар 2022 жылы көрмеге қатысудан бас тартты немесе кішігірім көрме стендтеріне тапсырыс берді. Қараша айында SIMA көрмесі Италияның Болонья қаласындағы EIMA көрмесімен бәсекелес болады, ол көрме 2022 жылы ең көп қатысушылар мен келушілер саны бойынша әдеттегідей тағы бір рекордқа жеткен.

Уве Веддиге

Фото: Entreprises Agricole

6 02, 2024

Метан тракторларға жанармай ретінде?

2024-02-06T05:47:54+00:006. февраля 2024|

Сиыр күн сайын климатқа зиянды 600-ден 650 литрге дейін метан шығарады. Зерттеушілер бұл газды сиыр қорасынан алудың практикалық технологиясын жасауға тырысуда. Ол метанды ауылшаруашылық техникасын жүргізу үшін пайдалануға болады.

Футтеркамптағы сиырлардың метан шығарындыларын азайту жолдарын қарастырып жатқан жобадан айырмашылығы (біз бұл туралы 2024 жылдың 1 ақпанында хабарлаған болатынбыз), «MethAnLand» жобасы шығарындыларды олардың пайда болған жерінен тікелей шығаруға бағытталған.

Думмерсторфтағы ауылшаруашылық жануарларының биологиясы ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары сиырлар шығаратын метанды сорып алу және оны моторларға жанармай ретінде пайдалану әдісін қарастыруда. Екі сатылы процесс барысында көмірқышқыл газы бөлініп, метан сұйылтылуы керек.

Думмерсдорф сарапшыларының деректері бойынша, бір сиыр күн сайын 650 литрге дейін метан шығарады. Болашақта ауыл шаруашылығындағы бұл шығарындыларды тиімді түрде азайтуға болады. Биометанды тракторларға пайдалану қазірдің өзінде бар, бірақ Думмерсторф зерттеушілерінің сиырлар дем алатын ауадан метанды алу идеясы әлем бойынша бірегей әдіс болып табылады.

Ендігі мақсат — қораларға орнатуға болатын практикалық техниканы әзірлеу. Қазіргі уақытта эксперименттер Думмерсторфтағы тәжірибелік сиыр қорасында жүргізілуде. Дегенмен, идеяның мал шаруашылығында қолданылуына дейін тағы 10-20 жыл өтуі мүмкін. Германия үкіметі зерттеулерге қаржылық қолдау көрсетеді.

Уве Веддиге

Фото: Веддиге

1 02, 2024

Метан ингибиторлары басты назарда

2024-02-01T04:44:36+00:001. февраля 2024|

Шлезвиг-Гольштейн ауылшаруашылық палатасы ірі қара малға метан ингибиторларын қолдану мүмкіндігін зерттеп жатыр. Мақсат — климатқа зиянды газдың шығарындыларын азайту.

Арнайы жемшөп қоспалары сүтті сиырлардың көміртегі ізіне қалай әсер ететінін білу үшін метан ингибиторларын қолдануды егжей-тегжейлі зерттеу қажет.

Жоба Футтеркамп атты оқу-тәжірибе орталығында жүзеге асырылады.

Метан климатқа әсер ететін парниктік газдардың бірі болып табылады және мал шаруашылығында негізінен күйіс қайыратын жануарлардың ас қорытуында ыдырау өнімі ретінде және көңді сақтау кезінде аз мөлшерде түзіледі. Мал шаруашылығындағы метан шығарындылары 47 % құрайды және ауыл шаруашылығы секторындағы шығарындылардың ең үлкен көзі болып табылады. «Соңғы жылдары мал шаруашылығында метан шығарындыларын азайту үшін көбірек қосымша жем әзірленуде. Алайда оларды практикалық ауылшаруашылығында қолдану тәжірибесі іс жүзінде жоқ.

Жобаның басында Футтеркамптың сүт табынындағы метан шығарындылары қазірдің өзінде жиналған мәліметтер негізінде анықталады. Бұл сүттегі май қышқылдарының мөлшері, сауу және азықтандыру сияқты параметрлерді ескереді. Екінші кезеңде Bovaer жем қоспасымен жемдеу сынағы болады, оны өндіруші метан шығарындыларын 30% — ға азайтуы керек деп санайды.

Сонымен қатар, белгілі бір жануарларда метанды үнемі өлшеу жүргізіледі. Метанды өлшеуден басқа, сауу, жем мен суды тұтыну және руминация белсенділігі тіркеледі және талданады.

Уве Веддиге

Фото: Футтеркамптағы сүтті сиырлар (Веддиге)

Go to Top