About Uwe Weddige

This author has not yet filled in any details.
So far Uwe Weddige has created 940 blog entries.
19 06, 2024

Шөп жинау: теңдер құрғақ па?

2024-06-19T08:20:48+01:0019. июня 2024|

Құрғақ заттың (ҚЗ) мөлшері 87% болуы керек, әйтпесе пішен көгеріп, қызып кетуі немесе өртеніп кету қаупі бар.

Егер қалдық ылғалдылық тым жоғары болса, микробтар дамиды. Олар шөптегі қоректік заттарды тұтынады. Нәтижесінде су, көмірқышқыл газы және жылу пайда болады. Әсіресе үлкен және тығыз сығымданған шөп теңдеріне бұл қауіпті болады. Егер жылу шыға алмаса, микроорганизмдер жұмысын жалғастырады және температура көтеріле береді. Шамамен 70 °C шегіне жеткенде, шөп өздігінен жанып кетеді.

Қатты сезілетін қышқыл немесе темекі иісі бар конденсаттың немесе зең пайда болғанын қадағалаңыз. Өрт қаупінен бөлек кез келген қажетсіз қызу құрғақ заттың әр бір килограмындағы 0,1-0,3 МДж NEL қоректік заттардың жоғалуына әкеледі.

Сығымдалған теңдердің температурасын тексеру үшін батыру зондтарын немесе зондтарды қолдануға болады. Сенімді нәтиже алу үшін бірнеше жерден қайталап өлшеу керек заманауи пішен жинағыштар ылғалдылықты көрсететін датчиктермен жабдықталған. Бұл ылғалдылықтың өзгеруіне байланысты тез шара қолдануға мүмкіндік береді.

Уве Веддиге

Фото: KFM

13 06, 2024

Кеңес беру: әлеуетін ашу

2024-06-13T06:56:49+01:0013. июня 2024|

Франк Ахельпёлер: «Байсерке-Агро» оқу ғылыми-өндірістік орталығында консалтинг пен практикалық жұмыстың үйлесімі үлкен әлеуетті ашуға мүмкіндік береді», — деп қорытындылады. Жақында неміс сарапшысы бір апта бойы Алматының жанындағы «сүт орталығында» болашақ жаттықтырушылар мен кеңесшілерді оқытты.

Консалтинг әдіснамасы бойынша іргелі мәселелерден басқа, оқу орталығы үшін консалтинг тұжырымдамасын әзірлеуге баса назар аударылды. Топ кеңесші рөліне ерекше назар аударылды. «Тапсырмаға байланысты кеңесші өзі үшін өз рөлін анықтап алуы керек, — деп атап өтті Төменгі Саксониялық агроинженер, — ол сөз сөйлеп, дәріс оқығысы келе ме, әлде нақты қажеттіліктің не екенін білу үшін тыңдаушы болғысы келе ме?»

Семинарға қатысушылар кең ауқымды арнайы білімнің қажеттілігін тез түсінді. Сонымен қатар, жиі сұранысқа ие модератордың рөлі үшін әлеуметтік құзыреттіліктің жоғары деңгейі қажет. «Оқу мен тәжірибені үйлестіре отырып, „Байсерке-Агро“ көптеген семинарлар мен тренингтер ұйымдастыра алады», — деді қатысушылардың бірі. Алғашқы топтық курстар 2024 жылдың қыркүйегінен бастап өтеді және азықтандыру және азықты сақтау, дұрыс сауу және желіннің денсаулығы, ветеринарлық мәселелер мен көбею, бұзау өсіру сияқты тақырыптарға арналатын болады. Егер тереңірек білім қажет болса, кеңесшілер фермаларда жеке кеңес беру қызметтерін де ұсына алады.

Уве Веддиге

Фото: KFM

6 06, 2024

Жоңышқа: Аркабайда жоңышқа шабу жұмыстары басталды

2024-06-06T07:26:11+01:006. июня 2024|

Жоңышқа шығымының алдыңғы бағалауларына сүйене отырып, «Байсерке Агро» компаниясы жақында жоңышқа шабуға кірісті. 28°C-қа дейінгі күндізгі температурасымен, жеңіл желі мен төмен ылғалдылығымен ерекшеленген осы күндердің ауа-райы ең жақсы жағдайды қамтамасыз етіп тұр. MacDon роликті шөп шапқышпен шабылғаннан кейін,жоңышқа  орымдарда төрт-алты сағатқа қалдырылса, бұл құрғақ зат көрсеткіші шамамен 40% жету үшін жеткілікті.

Қолайлы орама техникасы болмағандықтан CLAAS Jaguar 870 комбайн негізінен орамдарды тікелей жинап алады. Алайда, оның өнімділігі осымен шектеліп қоймайды. Тек пышақтары үнемі қайралып, қарсы пышақ дұрыс реттелсе жоңышқа жақсы ұсақталады.

Қанттың жоғары мөлшері, демек, ашыту үшін жақсы жағдайлар жабысқақ, ұсақталған шөпте айқын білінеді. Дегенмен, ашыту процесін қолдау үшін» Bonsilage Alfa » қолданылады, ол ашыту процесін қолдап қана қоймай, азықтың қайта қызуын азайтуға көмектесетін сүрлем қоспасы.

Жоңышқа асфальтталған сүрлем алаңында сақталады. Пішендемені жаятын трактор ретінде қайырмасы және қосымша балласты бар CLAAS Xerion 4500 қолданылады. Ауыр доңғалақты тиегіш тығыздау жұмысын қосымша орындайды.

Үстін жабу үшін астына полидресс пленкасы және оның үстіне сол өндірушінің қалыңдығы 150 мкм жабын пленкасы, сонымен қатар қолайлы салмақ салғыштар дайын.

Уве Веддиге

Фото: KFM

4 06, 2024

Жоңышқа: шабу күнін анықтау

2024-06-04T06:52:41+01:004. июня 2024|

Жоңышқа шабу уақытын белгілеу әрқашан күрделі шешім болып табылады. Өнімділік пен сапа бір-бірімен тығыз байланысты. Жоңышқаның гүлдене бастағаннан бастап толық гүлденуге дейін сіңімділігі күніне 1 % төмендейді. Бұл ерте шабылса (гүлденер алдында), шығымы аз болады, бірақ сапасы жоғары болады. Керісінше, жетілген кезеңде шабу (толық гүлдену) сапасы төмен жоғары шығым береді. Жоңышқа шабудың оңтайлы уақыты — өсімдіктердің 5-10% гүлдеген кезі.

«Байсерке-Агро» фермасы биыл алғаш рет жоңышқа шауып алады және аймақта ол бойынша тәжірибе аз. Сондықтан KFM ұжымы жоңышқаның өсуін қарқынды бақылап қана қоймай, масса мен құрғақ заттарды анықтау үшін егін алқабынан бірнеше нақты үлгілерді алып тексерді. Жоспарланып отырған оңтайлы шығымы 1 гектардан 6 және 10 тонна балғын масса. Бұл уақытта құрғақ заттың мөлшері 24 — 29%  болды.

Уве Веддиге

Фото: KFM

30 05, 2024

Жаздағы сүрлем

2024-05-30T07:28:49+01:0030. мая 2024|

Жаз мезгілінің жоғары температуралары тіпті оңтайлы азықтың да қайта қызуына ықпал ете алады. Сондықтан жалпы консультативтік тәжірибеде сүрлемнің қайта қызуы тұрақты мәселе болып табылады.

Бұл қызудың негізгі себепшісі ашытқылар. Олар іс жүзінде жабық сүрлемнің ашылуы мен оттегінің кіргенін күтеді. Қалдық қант пен сүт қышқылы олар үшін қуат көзі болып табылады.

Қызу ең алдымен азықтың энергияны жоғалтуын білдіреді. Әдетте, температура әрбір 10 °C жоғарланған сайын тәулігіне құрғақ заттың әрбір килограммынан 0,1 МДж NEL жоғалады. Температура 15-тен 40 °C-қа дейін тез көтерілуі мүмкін, әсіресе тығыздалуы қиын жерлерде. Жақсы тығыздалған сүрлемнің температурасы жазда да 25 °C-тан аспауы керек. Мұны термометр немесе тепловизормен тексеруге болады. Егер сүрлем қызса, ол жемшөп араластырғышта және жемшөп үстелінде қызуын жалғастырады, бұл сиырлардың құрғақ затты тұтынуын және өнімділігін төмендетеді.

Кесіп алынған жер тегіс болмаса, сүрлем қатты тығызданбаған және алу жылдамдығы баяу болғаны қызу процесіне жағдай жасайды. Егер қыста аптасына 1,5 метр жем алып отыру жеткілікті деп саналса, жазда бұл көрсеткіш аптасына 3 метр болуы керек.

Бағыт егін жинау кезінде белгіленеді: құрғақ сүрлемді тығыздау қиынырақ. Осының салдарынан сүт қышқылды ашу процесі әлсірегенде сүрлемді тұрақтандыратын қоспалар қолдану керек.

Сүрлем де, ТМR/ЖАР (жалпы аралас рацион) да қызбауы керек, өйткені бұл малдың азықты тұтынуын төмендетеді және денсаулығына қауіп төндіреді, сонымен қатар маститпен ауратын сиырлар саны көбейіп кетуі мұмкін.

Уве Веддиге

Фото: KFM

23 05, 2024

Сиырлар инсулині бар сүт береді

2024-05-23T08:23:58+01:0023. мая 2024|

Инсулин қант диабетімен ауыратындар үшін өте маңызды. Осы уақытқа дейін бұл зат ашытқы мен бактериялардың көмегімен өндірілген. Әлемнің көптеген аймақтарында инсулин жетіспейді және бүкіл әлемде бұл аурудан зардап шегетін адамдар саны артып келеді.

Тарихта алғашқы рет сүтінде адам инсулині бар сиыр өсіріліп отыр. Оның сүті генетикалық түрлендірілген ашытқыны немесе бактериялық штаммдарды қолдана отырып, инсулин өндірудің дәстүрлі әдісіне балама болып табылады.

Генетикалық модификацияның соңғы әдістерін қолдана отырып, ғалымдар адам ДНҚ-ның белгілі бір сегментін сиыр эмбриондарының ДНҚ ядроларына енгізді. Осының нәтижесінде сиырлардың біреуінен тұған бұзау өсіп, инсулині бар сүт беретін болды.

Әрі қарай зерттеушілер инсулині бар сүт өндіретін сиырлар табынын шығару үшін ерекше сиырды клондағысы келеді. Мұндай табын бір күні бүкіл әлем бойынша миллиондаған адамдар үшін инсулин шығара алады. 100-ге жуық сиыр АҚШ-тың барлық қажеттілігін жаба алады.

«Биотехнология» журналы, қысқартып өндеген Уве Веддиге

Фото: KFM

16 05, 2024

Антибиотикпен емделінетін сиырлардың сүтімен не істеу керек?

2024-05-16T09:21:29+01:0016. мая 2024|

Бір қарағанда, емдеу жасалып жатқан сиырлардың сүтін пайдалану орынды сияқты. Дегенмен, оны пайдаланбаған дұрыс, өйткені бұзауларды ондай сүтпен азықтандыру көбінесе антибиотиктердің бақылаусыз жеткізілуіне әкеледі. Желін сүтіндегі антибиотик қалдықтарының ішек флорасына әсері және жалпы төзімді патогендердің дамуы көптеген проблема тұдырады.

  • Ішек флорасының бұзылуы: антибиотиктер ішек микробиотасының тепе-теңдігіне әсер етуі мүмкін, өйткені антибиотиктер жақсы бактерияларды тіпті жойып тастайды. Бұзылған ішек флорасы ас қорыту проблемалары мен диареяға әкелуі мүмкін.
  • Төзімді бактериялардың дамуы: антибиотиктерді қолдану төзімді бактериялардың дамуына және селекциясына ықпал етуі мүмкін. Сондықтан бұл төзімділік басқа бактерияларға да берілу қаупі бар.
  • Жануарлардың денсаулығына қауіп: төзімді бактериялар ауыр инфекцияларға әкелуі мүмкін, оларды емдеу қиын, өйткені қарапайым антибиотиктер тиімсіз болуы мүмкін.
  • Адамға берілуі: төзімді бактериялар адамдарға берілуі мүмкін.

Сонымен қатар, мұндай сүтте көбеюге қабілетті төзімді/резистентті бактериялар болуы мүмкін. Пастерлеу кезінде де бактериялардың 90 % — ы өледі. Пастерлеуге дейін немесе одан кейін сүтті мұқият өңдемесе, ондай сүтті беру қаупі одан әрі артады. Төзімділіктің берілу қаупін болдырмау және емдеуге төзімді ауруларды болдырмау үшін, бұзауларға антибиотикпен емделінетін сиырлардың сүтін бермеген дұрыс.

Уве Веддиге

Фото: KFM

14 05, 2024

Уыз беруге қатысты қадағаланатын бес жайт

2024-05-15T11:23:47+01:0014. мая 2024|

«Барлық бұзаулардың 50% -дан астамында өмірінің алғашқы бірнеше аптасында денсаулығына байланысты проблемалар бар», — деп хабарлады KFM жобасынан Уве Веддиге. Бұзаулардың денсаулығында ең көп кездесетін проблемалар іш өту және өкпе мен кіндік қабынуы болып табылады. Бұл жерде бұзауларды уызбен азықтандыру маңызды рөл атқаратынын неміс сарапшысы атап өтті: «Уызбен азықтандыру жүйесі жақсы болатын фермаларда бұзаулардың ауруларымен проблемалар сирек кездеседі».

  • Сапасы: рефрактометр арқылы ингредиенттерді тексеріңіз!
  • Мөлшері: ішуге ұсынылатын мөлшері — шамамен 3-4 литр.
  • Жылдамдық: уыз неғұрлым ерте берілсе, соғұрлым көп мөлшерде сіңеді.
  • Құжаттама: сүттің мөлшерін, қай сиырдан алынғанын және уақытын жазыңыздар!
  • Тазалық: барлық контейнерлер сүт қалдықтарынан және кез келген биопленкадан тазартылуы тиіс!

Бұзау туа салысымен тез арада уыз ішуі керек. «Туылған кезі мен сүтті бірінші рет қабылдау арасындағы уақыт неғұрлым ұзақ болса, бұзау оның компоненттерін нашар сіңіреді», — дейді Веддиге. Көптеген фермаларда бұзауларды тәулік бойы бақылау жақсы нәтиже беріп жүр. Бұл сондай-ақ бұзауды дереу азықтандыруға мүмкіндік береді.

Уызды тез беруден басқа, сүттің тазалығы да маңызды. Егер шелек немесе бөтелке лас болса, онда бұзаудың ағзасына иммуноглобулиндер ғана түсіп қоймай, біз қалағаннан әлдеқайда көп микробтар түседі.

Уыздың сапасы сиырдың жасына емес, оның суалған кезені қаншалықты ұзақ болатынына және осы уақытта немен азықтанатынына байланысты. Егер сиыр бұзауды жеткілікті мөлшерде уызбен қамтамасыз етуге жеткілікті сүт өндірмесе, қорда мұздатылған уыз болғаны дұрыс.

Уве Веддиге

Сурет: KFM

9 05, 2024

Фактілерді тексеру: сүт және денсаулық

2024-05-02T06:41:06+01:009. мая 2024|

Халықаралық сүт федерациясының (IDF) сарапшылары жақында фактологиялық шолулар барысында сүт, ірімшік және йогурттың денсаулыққа әсері туралы ақпаратты қорытындылады.

Азық-түліктің құрамы және олардың адам рационына әсері қайта қаралды. Сонымен қатар, кардиологиялық және гастроэнтерологиялық аспектілер, қимыл-тірек аппаратының денсаулығы және медицина контекстінде метаболизм бойынша соңғы ғылыми зерттеулер жиналды. Тамақтың тек оның ингредиенттерінің жиынтығы ретінде бағаланбайтынына ерекше назар аударылды, сондай-ақ метаболизм процесінде қоректік заттардың өзара әсерін ескеру қажет.

Түрлі өнімдерге қатысты негізгі қорытындылар:

  • Ауыз сүт: обырды зерттеудің дүниежүзілік қоры лактоза және казеин сияқты сүт компоненттері кальцийдің қолжетімділігін арттырады және осылайша ішек обырынан қорғайды деген қорытындыға келді.
  • Ірімшік: егер зерттеу нәтижелерін жинақтасақ, ірімшікті тұтынудың денсаулыққа бейтарап немесе жағымды әсері туралы айтуға болады, осыған байланысты тіс саулылығы жақсаруы мүмкін.
  • Йогурт: 2-ші типті диабетке және ішек денсаулығына оң әсері ғылыми зерттеулермен дәлелденді. Зерттеулер көрсеткендей, йогурт семіздікке бейімділікті төмендетеді және оны жейтін тұтынушыларда жоғары қан қысымы проблемасы сирек кездеседі.

VDM-Schnell-Information 01-2024

Сурет: KFM

7 05, 2024

Малдың азықты тұтыну мөлшері: азық құрғақ затының мөлшері шынымен де 24 кг ба?

2024-05-13T07:50:20+01:007. мая 2024|

Әрбір табын басқарушыcы сиырлардың қажеттіліктеріне сәйкес қоректік заттармен қамтамасыз етілуін бақылау үшін өз сиырларының азық құрғақ затын тұтыну мөлшерін білуі тиіс.

Азықты тұтыну негізінен 3 факторға байланысты.

  1. Жануарлармен байланысты және азықты тұтыну деңгейіне әсер ететін факторлар — бұл лактацияның жай-күйі, лактациялардың саны, тірі салмағы мен сауым сүт мөлшері. Лактацияның алғашқы апталарында сауым күрт өсетіндіктен, бұл кезеңде жемнің жоғары энергетикалық тығыздығы маңызды. Мал азығын тұтыну да сауымның өсуімен ұлғаяды. Алайда мал тұқымы азықты тұтынуға да әсер етеді.
  2. Азықты көбірек тұтынуға байланысты ең маңызды фактор дәмді, хош иісті және энергияға бай жемшөп болып табылады. Азықтағы энергияның жұғымдылығы мен құрамы да оның желінуіне үлкен әсер етеді. Судың жоғары мөлшері, қоқыстың көптігі және құрамындағы шабылған қатаң азықтың ұзындығы азықтың тұтынуын едәуір азайтады. Артық кетпеңіздер: егер рационның құрылымдық тиімділігі тым төмендесе, бұл азық беру процесіне байланысты ауруларға әкеледі.
  3. Қоршаған орта факторларының арасында бірінші кезекте қоршаған ортаның температурасын атап өткен жөн. Жоғары температура азықты тұтынуға теріс әсер етеді. Сүт сиырлары ылғалды және жылы климаттық жағдайларға қарағанда суық және құрғақ ауа райына жақсы төзеді. Алайда, жем-шөпті тұтынуға сондай-ақ жануарларды азықтандыру мен ұстау жағдайының барлық процесі әсер етеді, мысалы, азықты тарату және сүрлемді дайындау/сақтау және азықты уақытында сиырлардың алдына итермелеп тұру.

Қорытындылай келе, суалған сиырларға оңтайлы күтім жасалса және табынның денсаулығы жақсы болса, олар азықты жақсы жейді деп айтуға болады. Тек тұяқтары сау, ауырмайтын және стресске ұшырамайтын сүтті сиырлар азықты жақсы және жиі жейді. Бұл азықты тұтынудың жоғары деңгейіне қол жеткізудің негізгі алғышарты.

Уве Веддиге

Сурет: Веддиге

Go to Top