About Uwe Weddige

This author has not yet filled in any details.
So far Uwe Weddige has created 937 blog entries.
17 09, 2024

ЕвроТир көрмесі жақындап келеді

2024-09-17T05:21:16+01:0017. сентября 2024|

2024 жылы ЕвроТир көрмесі Ганноверде мал шаруашылығы саласындағы сарапшыларды қайта жинайды. Бұл көрме инновацияларға, шешімдерге және қалыптасқан нарықтарға жан-жақты шолу жасайды.

Халықаралық мал шаруашылығы саласы 2024 жылдың 12-15 қарашасы аралығында Ганноверде соңғы технологияларды, шешімдерді және бизнес қызметтерін ұсынады. Келушілер ірі қара мал, шошқа және құс шаруашылығына арналған шешімдерді таба алады.

Арнайы бағдарламалар ешкі, қой, жылқы, теңіз жануарларына және т.б. қатысты тақырыптарды қамтиды. Конференциялар барысында қатысушылар климат пен тұрақтылық, қораны пайдалану жүйелері, өңдеу және маркетинг, цифрландыру, қайта өңдеу, ұсыныстар және т. б. сияқты тақырыптар мен тенденциялармен таныса алады.

Көрмеге кәсіби фермерлер мен дилерлерді қосқанда 141 елден кемінде 106 000 келуші қатысады деп жоспарланып отыр. 1 800-ден астам көрме қатысушылары келушілерге өз өнімдері мен шешімдерін ұсынады. 400-ден астам конференциялар мен іс-шаралар көрме бағдарламасын толықтырады.

Уве Веддиге

Графика: DLG

13 09, 2024

Жүгеріні жинау: ұсақтау сапасын тексеру

2024-09-13T08:53:12+01:0013. сентября 2024|

Сауылатын сүт мөлшері тек табын сау болғанда және ол жемді көп мөлшерде жейтін болса ғана көбеюі мүмкін. Ол үшін азық дайындау барысында ұсақтау ұзындығы құрғақ заттың құрамына сәйкес келуі керек, сонымен қатар жүгері дәндерін мүмкіндігінше бәрін ұсақтау керек. Бұны егін жинау кезінде ғана қадағалап, реттей аласыздар. Сондықтан жүгеріні жинау барысындағы ең маңызды адамдар-сүрлемді нығыздайтын трактор жүргізушісі және егін тексеретін инспектор.

Әр сағат сайын астықтың құрғақ зат құрамын кептіргішті немесе микротолқынды пешті қолданып анықтап, ұнтақтау ұзындығын реттеу қажет. Електің көмегімен тексеруші тым ұзын бөлшектерді «іздейді». Екінші жағынан, дәндердің ұсақталуын қарапайым суды қолданып талдау арқылы оңай бағалауға болады. Ол үшін бір литр жүгері сүрлемді бір шелек суға салады; бөлшектенбеген/жарылмаған жүгері дәндері мен олардың бөлшектері тез түбіне түседі.

Ұсақтау сапасының нысаналы көрсеткіштері:

  • Барлық жүгері дәндері кем дегенде төртке бөлінеді немесе ұсақталады.
  • Өсімдіктің барлық бөліктері жеткілікті қысқа, соның ішінде кішкентай жапырақтар да. Ұнтақтау ұзындығы ұнтақталған материалдың құрамындағы құрғақ затқа байланысты.
  • Шабу биіктігі кем дегенде 25 см болуы керек. Биіктігі неғұрлым жоғары болса, энергия тығыздығы соғұрлым жоғары болады. Бұл жемді тұтынуға оң әсер етеді.

Егін жинау кезінде ұсақтау ұзындығын бақыламайтын және кейіннен дәндердің ұсақталу деңгейі мен жемшөпті таңдауда проблемалары бар фермалар бір сиырға шаққанда жылына 75-тен 100 000 теңгеге дейін (жылына 150-200 еуро) жоғалтады.

Сүрлемді дайындау туралы толығырақ KFM ақпараттық бюллетенінен оқи аласыз, оны мына жерден тегін жүктеп алуға болады.

Уве Веддиге

Фото: KFM

10 09, 2024

Бұзаулардың бір-бірін емуі

2025-04-09T05:37:07+01:0010. сентября 2024|

Мұрын сақиналары бұзаулардың бір-бірін емуін тоқтату үшін жиі қолданылады. Бірақ өкінішке орай, мұрын сақиналары оның себебімен күреспейді. Алайда, бұзауларға кем дегенде 8-10 литр, ең жақсысы 10-12 литр сұт берілсе, бұл әуестіктін өшетіні белгілі.

Бұзаулар өмірінің бірінші аптасында күніне шамамен 10 литр немесе одан да көп сүт іше алады. Егер олар күніне 4 литр ғана ішсе, онда олар өмірінің бірінші аптасында салмағын жоғалтады. Сүт немесе сүт алмастырғышын көбірек беру ішектің денсаулығына немесе ұлтабар толып кетіп, сүт месқарынға кетуіне әсер етпейді.

Бір-бірін соруға ішінара аштық әсер етеді және бұзаулар сүт немесе сүт алмастырғыштарды шектеулі мөлшерде ғана ішсе, көбейеді. Сондықтан оны болдырмау үшін бір бергендегі сүт мөлшерін және сүттің жалпы мөлшерін көбейту пайдалы болуы мүмкін.

Егер бұзаулар емуге жеткілікті уақыт жұмсамаса, бұл оларды қоршаған ортадағы басқа заттарды емуге итермелейді. Азықтану ұзақтығын ұзарту үшін ағымы баяу емізіктерді қолданған жөн.  Жаңа туылған бұзауларға ағыны баяу, қаттырақ емізіктерге ауыспас бұрын, бастапқыда жұмсақ «уыз емізігін» қолданған дұрыс.

Ашық шелекпен салыстырғанда емізік арқылы азықтандыру өзара емуді едәуір азайтады. Емізіктің көмегімен бұзаулар ему инстинктін азықтанған кезінде де, одан кейін де баса алады.

Шамасы, ағымы баяу емізік арқылы азықтандыру — бұл қалыптан тыс ему әрекетін азайтудың ең тиімді стратегиясы.

Қосымша кеңестерді KFM-жобасының «Бұзаулардың бір бірің емуі» атты жаднамасынан алуға болады.

Уве Веддиге

Сурет: ADT

5 09, 2024

Quadrant қолданыста

2024-09-05T06:46:37+01:005. сентября 2024|

Сабан — егіншілік пен мал шаруашылығын байланыстырып тұратын маңызды буын.

Жыл сайын біз жануарларға арналған төсеніш ретінде 800 тоннадан астам сабанды, сондай-ақ сиырларға арналған азықтың құрамдас бөлігі ретінде және жас мал мен бұзауларды азықтандыру үшін 500 тонна пішен сығымдаймыз.

Сабан сиыр қорасындағы резеңке төсеніштердің үстіне салынатындай бұзаулардың үйшіктері және топ болып ұсталынатын бокстарға да гигиеналық төсеме ретінде қажет. Сиыр тұрып-жататын бокстарға пайдалану үшін сорғы көңмен бірге сорып алатындай оны майдалап ұсақтайды.

Бұрын тек домалақ теідер қолданылған, бірақ оларды тасымалдау және сақтау ұзақ уақытты қажет етті. Claas QUADRANT 5300 шөпті сығымдайтын жинағышын сатып алу арқылы енді өлшемі 90 x 120 x 240 см болатындай төрт бүрышты тең жасауға болады.

Домалақ теңмен салыстырғанда, сабанды осылай жинау енді аз уақытты алады. Мұндай теңнің үлкен салмағы және бір-бірінің үстіне оңай жиналуы доңғалақты тиегіштер мен жүк көліктерінің жүргізушілерінің жұмысын жеңілдетеді. Төрт бұрышты теңдерді кішкентай тиегіштермен қорада оңай жылжытуға және таратуға болады.

Уве Веддиге

Фото: KFM

3 09, 2024

Жүгері: егін жинауға дайындық

2024-09-03T08:47:31+01:003. сентября 2024|

Жүгеріні жинау уақыты жақындап келеді, оны ұсақтайтын техника жұмысқа кіріскенге дейін бірнеше күн ғана қалды. Бірақ оған дейін көп дайындық қажет:

Әрқашан неше гектар жердегі жүгеріні жинау керектігі, қанша бригада баратыны және сүрлемді кім нығыздайтыныны белгіленіп қойылу керек. Өрістердің қандай ретпен жиналатындығын анықтайтын график болғаны дұрыс. Алқаптар, алқап шекаралары және кірме жолдар цифрлық алқаптар картасына енгізіледі немесе картада белгіленеді.

Сүрлемге арналған орынды да дайындау керек:

  • Сүрлем траншеясына өту және одан шығу жолдары ештеңе кедергі болмайтындай ашық болуы керек.
  • Сүрлем шұңқырының қабырғаларына пленка тартылып қойылған.
  • Сүрлемнің бүкіл ұзындығы бойынша астына төселетін және үстіне жабатын пленкалар дайын.
  • Түпқоймаларда пленканы басып қоятындай құм дорбалары жеткілікті.
  • Шаруашылық басшысы әр сағат сайын ұсақтау ұзындығын және барлық дәндердің ұнтақталғанын тексереді.

Сүрлем траншеясындағы ең маңызды нәрсе:

  • Нығыздайтын тракторлардың жалпы салмағы бір сағатта жиналатын өнімнің салмағына (тонна құрғақ зат) сәйкес келуі керек.
  • Нығыздайтын тракторлардың шиналарындағы ауа қысымы кемінде 2 бар болғаны дұрыс. Тракторлар максималды 4 км / сағ жылдамдықпен үзіліссіз жұмыс істейді, келесі қабатты салмай тұрып бүкіл траншеядағы сүрлемді екі-үш рет айналып өтеді. Жүгерінің әр қабатының қалыңдығы 20 см-ден аспайды.
  • Егінді жинап болып, тіркемелерді босатқаннан кейін тракторлар сүрлем жабылғанша тағы бір сағат бойы оны нығыздауын жалғастырады.

Сүрленетін жүгерінің піскендігін анықтауға арналған нұсқаулық ретінде сіз KFM жобасының «Жүгеріні жинау мерзімін анықтау» жаднамасын тегін жүктей аласыздар.

Уве Веддиге

Фото: KFM

29 08, 2024

Сиырлардың ластанғаны нені білдіреді

2024-08-29T05:37:24+01:0029. августа 2024|

Сиырлардың қатты ластанғаны олардың өздерін жайсыз күйге түсіреді және тұяқ пен желін ауруларына, терінің тітіркенуіне және өнімділіктің төмендеуіне әкеледі. Аяқтардың, желіннің, төстің және қарынның ластануы негізінен лас бокстардан және қатты ластанған жолдардан болады. Көп жағдайда скрепер сирек іске қосылады және төсеніштері бар бокстарға сабан салу қажет емес деген пікір басым келеді.

  • Жотасы ластанса: бұл қорадағы климат пен шаңнан туындауы мүмкін. Сабан төсемеде шаң аз екеніне және ауа айналымының жақсы екеніне көз жеткізіңіздер. Тарауыш щеткалар жануарлардың жағдайын жақсартуы мүмкін.
  • Жамбасы лас болса: көң мен қи уақтылы шығарылмағандықтан немесе жататын бокстар тым кішкентай екенін көрсетеді. Төсек пен өткелдердің таза екеніне көз жеткізіңіз. Сонымен қатар, бокстардың өлшемдері (ұзындығы, ені, мойын штангасының орналасуы) жануарлардың үлкендігіне сәйкес келуі керек.
  • Желін лас болуы оның денсаулығы мен сүт гигиенасына әсер етеді, сонымен қатар сауу залында желінді тазарту үшін уақыт кетеді және қосымша жүмыс жасалады.

Сиыр тұрып-жататын жер жұмсақ және құрғақ болуы керек. Жануарларды таза ұстаудың ең оңай жолы-күн сайын 0,3-0,5 кг ұсақталған сабан салып тұру. Кәдімгі скреперлер мен сорғы жүйелеріне ол кедергі болмайды. Ағаш жоңқалары қолайсыз, өйткені абразивті әсерінен және ұсақ ағаш бөлшектерінен теріге зақым келуі мүмкін, сонымен қатар мастит қаупі арта түседі.

Сондай-ақ, KFM жобасының «Желін тазалығы», «Сиырлар өтетін жолдарды тексеру» және «Сиырлардың жайлылығы» атты бақылау парақтарын нұсқаулық ретінде пайдаланып, бокстардың дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіздер.

Уве Веддиге

Фото: KFM

26 08, 2024

Жүгері жинау: піскендігін анықтау

2024-08-26T06:14:08+01:0026. августа 2024|

Сүрленетін жүгеріні жинау кезеңі әрқашан техниканың болуына емес, өсімдіктердің пісуіне байланысты! Егер тым ерте жинаса, онда өнім аз болып шығады. Егер кеш жиналса, ұсақталған материалды жеткілікті түрде тығыздау қиынға соғады, нәтижесінде сүрлемнің сапасы нашарлайды! Егер оңтайлы уақытта жинамаса, астық өнімі 15 пайызға дейін айтарлықтай төмендеуі мүмкін.

Сүрленетеін жүгеріні жинаудың оңтайлы уақыты өсімдіктің жалпы құрамындағы құрғақ заттың (ҚЗ) көрсеткішіне байланысты, ол көрсеткіш 32-ден 36% — ға дейін болуы керек. Сонда астық өнімі мен сапа сәйкес келеді. Сонымен қатар, дәндердің пісіп жетілуі мен қалған өсімдіктің сіңімділігі арасындағы жақсы сәйкестік оңтайлы cүрленуін және осылайша азықтың жоғары сапалы болуын қамтамасыз етеді.

Жетілу дәрежесін анықтауға арналған нұсқаулық ретінде KFM жобасының «Жүгері жинау кезеңін анықтау» жаднамасын жүктеп алуға болады.

Уве Веддиге

Сурет: KFM

20 08, 2024

Мастер-тренерлер Трисдорфта

2024-08-20T14:50:08+01:0020. августа 2024|

Жақында Қазақстандағы сүт өндірісі бойынша құзыреттілік орталығының болашақ мастер-тренерлері Германияда өз білімдері мен дағдыларын кеңейте алды. Арқабайдағы орталықта төрт айлық қарқынды оқу курсы Германиядағы Вайенштефан-Трисдорф қолданбалы ғылымдар университетінде мазмұнды оқу бағдарламасымен аяқталды.

Қазақ зоотехниктері мен мал дәрігерлері азықтандыру және сауу бойынша тренингтерге қатысты, бағдарламада жаңа туған бұзауларға кұтім жасау, тұяқтарды өндеу және жалпы ірі қара малмен жұмыс істеу бойынша оқыту шаралары болды. Жануарларға тиімді жағдай жасау, олардың денсаулығы сияқты маңызды тақырыптар да назардан тыс қалмады. Екі апталық оқу бағдарламасы «тек қарап қана қоймай, іске кіріс» ұранына сәйкес практикалық сабақтарға бағытталған.

KFM командасының қолдауымен мастер-тренерлер алған білімдерімен болашақта семинарлар мен практикалық сабақтарда сүт фермаларының мамандарымен бөліседі.

Қыркүйек айының басынан бастап қызығушылық білдіретін тұлғалар Аркабайдағы «Байсерке» оқыту орталығында және басқа да фермаларда өтетін кең ауқымды практикалық оқу бағдарламаларына қатыса алады.

Уве Веддиге

Сурет: ADT

30 07, 2024

Сиырлардың ақсақтығын ерте анықтау

2024-08-03T05:12:51+01:0030. июля 2024|

Сиырлар ақсаған кезде олар оны ауырсынады. Бұл айтарлықтай экономикалық шығындарға әкелуі мүмкін. Сондықтан ақсақтықты мүмкіндігінше ертерек анықтау және емдеу немесе ең жақсы жағдайда оның алдын алу өте маңызды. Тіпті бір қарағанда сиыр тұрғанда немесе жүргенде арқасы доғадай бүгілгені сияқты ақсақтықтың белгілерін байқауға болады. Егер сиыр басын изеп жүрсе, бұл ақсағандықтан аяқтарына салмақ түсірмеуге тырысқанын көрсетеді. Ақсақ жануарларды стратегиялық тұрғыдан дұрыс және ерте анықтау үшін KFM командасы мал өсірушілерге KFM тексеру парағын қолданып бұл процессті күнделікті жұмысқа еңгізуді ұсынады. Онда қолданылатын ақсақтықты бағалау бес деңгейі бар:

  • 1- деңгей — қалыпты: сиыр қалыпты жүреді және тұрады,тұрған кезде арқасы түзу болады.
  • 2- деңгей — сәл ақсандайды: сиырдың арқасы тұрғанда қалыпты, бірақ жүру кезінде ол тұяқ ауырғандығын жеңілдету үшін сәл бүкірейеді.
  • 3- деңгей- орташа ақсандайды: сиырдың арқасы тұру және жүру кезінде доға тәрізді. Сиыр бір немесе бірнеше аяқпен қысқа қадамдар жасайды.
  • 4- деңгей — қатты ақсайды: сонымен қатар, сиыр кем дегенде бір аяғына салмақ түсіріп баса алмайды.
  • 5- деңгей — қатты ақсайды: сиыр енді бір аяққа мүлде салмақ түсірмейді немесе тұра алмайды/тұруға қиналады.

Сенімді нәтиже алу үшін, мүмкін болса, ақсайтын сиырларды тұрақты түрде бір адам бақылап анықтап жүруі керек. Табыннан артта қалатын жануарларға назар аудару керек. Дегенмен, ұстау жағдайы, оның ішінде қораның дұрыс емес өлшемдері, кедергілер мен көлеңке түсіп тұруы немесе қорадағы садыра сияқты гигиеналық мәселелерге байланысты ақсақтық пайда болуы мүмкін.

Уве Веддиге

Фото: KFM

26 07, 2024

Жылу стрессі бұзаулардың микробиомасына әсер етеді

2024-07-24T08:26:40+01:0026. июля 2024|

Қазіргі зерттеулер жылу стрессінің ішек тосқауылына теріс әсер ететінін және жергілікті және жүйелік қабынумен және ішектегі әртүрлі бактериялардың (дисбиоз) теңгерімсіздігімен байланысты екенін көрсетеді. Зерттеудің мақсаты жылу стрессіне ұшыраған Гольштейн бұқа бұзауларының қабынуға апаратын және қабынуға қарсы белгілер мен микробиома құрамын зерттеу болды.

Температурасы бақыланатын жерде орналастырылған жақсы дамыған 12 апталық бұзаулар жеті күн бойы жылу стресс жағдайында болды және термо-бейтарап жағдайда ұқсас топпен салыстырылды. Эксперимент аяқталғаннан кейін ғалымдар жылу стрессінен туындаған тоқ ішектегі бактериялық қауымдастықтардағы өзгерістерді талдады. Butyrivibrio spp көбеюі және бактериялардың метаболизміндегі өзгерістері ерекше байқалды. Ректальды температура мен қабынуға қарсы Eggerthii spp арасында күшті оң корреляция байқалды.

Бұл зерттеу жұмысы жылу стрессінің ішек тосқауылының қызметін бұзатындығын көрсетеді. Сонымен қатар, жылу стрессіне ұшыраған бұзаулардың тоқ ішегіндегі бутират өндіретін организмдер санының көбеюі тоқ ішектің шырышты қабығының жұмысын сақтау үшін сәтті реакцияны көрсетуі мүмкін, өйткені Butyrivibrio түрлері қабынуға қарсы ішек бактерияларының қатарына жатады.

Уве Веддиге доктор Хайкенің материалдары бойынша

Фото: KFM

Go to Top