About Uwe Weddige

This author has not yet filled in any details.
So far Uwe Weddige has created 937 blog entries.
28 11, 2024

Көп келушілерді жинаған Ашық есік күні

2024-11-28T10:03:12+00:0028. ноября 2024|

«Байсерке-Агро» оқу ғылыми-өндірістік орталығы және KFM жобасы ұсынатын семинарлар мен тренингтер бағдарламасымен танысуға Аркабайда өткен 1-ші Ашық есік күніне сүт фермаларынан, университеттерден және ауылшаруашылық колледждерінен 40-тан астам мамандар жиналды.

Уве Веддиге KFM жобасының мақсаттарын қысқаша таныстырғаннан кейін Байсерке-Агро компаниясының жаңа басқарушысы Ларс Майер қонақтарға оқу ғылыми-өндірістік орталығының фермасына экскурсия өткізді. Ол сиыр қорасында, сауу орталығында және жаңадан салынған сүрлем қоймасында ауқымды құрылыс және жөндеу жұмыстары туралы айтып қана қоймай, сонымен қатар сүт өндірісінің өзі туралы сұрақтарға жауап берді.

Жемшөп контроллингі бойынша практикалық көрсетілім ерекше қызығушылық тудырды. Орталықтың мастер-тренерлері TMR сапасын тексеру және жем қорыту процесін қадағалау әдістерін көрсетті. Келушілердің бірі бұл тәсілді қарапайым, бірақ тиімді деп атады: «Барлық сүт өндірушілер бұл білімді үйреніп, оны іс жүзінде қолдануы керек».

Алматы маңындағы оқу орталығы сүт өндірушілер мен кеңесшілерге арналған 45-ке жуық түрлі оқу курстары мен семинарларын ұсынады. Барлық іс-шараларда теориялық білім практикалық дағдылармен тығыз байланысты. Бағдарламада ауыл шаруашылығы және ветеринария факультеттерінің студенттеріне арналған практикалық курстар да бар.

Уве Веддиге

Фото: KFM

26 11, 2024

Ғажайып құралдар мен сиқырлы ұнтақтар

2024-11-26T06:30:32+00:0026. ноября 2024|

Көптеген сүт өндірушілер менен таптырмайтын және қымбат деп сатылатын арнайы азық қоспаларының тиімділігі туралы сұрайды, олардың әсері мұқият тексерілгенде көбінесе күмән тұдарады.

Жақында біз кеңес беретін клиенттеріміздің бірінің фермасында табындағы ацидоз проблемасына қатысты қызу пікірталас болды. Қатысқан бір сауда өкілінің айтуынша, сиырларды сауықтыру үшін оның «ұнтағының» аз ақ мөлшері де жеткілікті болады. Бұл жағдайда TMR-ді өзгертудің қажеті жоқ делінген, сол рационның дұрыс емес екендігі біз үшін күмәнсіз болғанның өзінде де. Бұған сену қиын!

Біздің консультацияларымыздың мақсаты-ферма басшылары өздерінің малы мен рациондарының жай-күйінің нақты білуі. Сүттің құрамы мен оның мөлшері, сондай-ақ қоректік заттар мен минералдардың құрамымен бірге құрғақ затты тұтыну туралы сенімді мәліметтер қолында бар фермерлер ғана жақсы негізделген шешім қабылдай алады. Сол арқылы арзан және сапалы рационға жету жеңіл болады.

Және ұмытпаңыздар:

  • 10 теңге / 2 евроцент жем-шөп шығындары жылына 100 сиырға 10 миллион теңгеден / 20 000 еуродан асады. Сондықтан өнімдердің қажеттілігін үнемі тексеріп отыру керек.
  • Жақсы нәтиженің себебін білсеңіз ғана оған қайта жетуге болады. Кездейсоқ өзінен-өзі шешілген мәселе келесі жолы сіздерді табысқа жеткізбейді.

Тек азықтандыруды жақсы бақылау арқылы сіз дұрыс әрекет жасап азықтандыру процессіндегі проблемаларды шеше аласыз. Көбірек білгілеріңіз келе ме? Бізге хабарласыңыздар.

Айнагүл Аяғанова &Уве Веддиге

Foto: KFM

21 11, 2024

«Байсерке-Агро» оқу ғылыми-өндірістік орталығындағы Ашық есік күні

2024-11-21T06:23:43+00:0021. ноября 2024|

Біз барлық сүт өндірушілерін, сондай-ақ сарапшыларды, мамандарды, ауыл шаруашылығы жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттерін біздің ферманы көруге және біз ұсынатын семинарлар мен тренингтер бағдарламасымен танысуға шақырамыз.

Бағдарлама

  • Сәлемдесу, семинардың ашылуы
  • Байсерке-Агро фермасына экскурсия
  • Демонстрациялық көрсетілім және түсіндіру:
    • азықтандыруды және азықты араластыру сапасын тексеру,
    • құрғақ затты анықтау және фракцияларды талдау бойынша практикалық жаттығулар, сондай-ақ
    • NIRS қолдану және көңді електен өткізу арқылы ас қорытуды бақылау.
  • Демонстрациялық көрсетілім және келесі тақырыптар бойынша түсіндіру:
    • сүрлем траншеяларын салу, сүрлем траншеяларын басқару, сүрлемді траншеядан алу,
    • мал азығын араластыратын қондырғы (тазалығы, таразысы, пышақтары),
    • мал азығын араластыратын қондырғыны толтыру.
  • Қазақстандағы шаруашылықтар үшін практикалық шешімдер.

Түскі ас оқу орталығында ұйымдастырылады.

Мекенжайымыз:

Өтеген батыр көшесі 3/1,

041615 Арқабай, Талғар ауданы, Алматы облысы

https://2gis.kz/almaty/geo/9430047375160785/77.099292296916246,43.418181816741203

Біз алдын-ала осы телефон нөмірі бойынша тіркелуді сұраймыз: +7 776 230 58 78.

Сіздерді біздің оқу орталығымызда күтеміз!

KFM ұжымы

19 11, 2024

Суалған сиырларды қыста күтіп-бағу

2024-11-19T04:46:17+00:0019. ноября 2024|

Қыстың басталуымен сиырлар суықтан стрессті сезіне бастайды. Суалған сиырларды да қолайсыз күн райынан қорғау қажет. Суалу кезеңінде тек желін ғана емес, сонымен қатар сиырдың бүкіл ағзасы қалпына келеді. Сонымен қатар, өсіп келе жатқан бұзау және метаболизмнің күрт өзгеруі ағзаға айтарлықтай салмақ түсіреді. Бұл кезең алдағы лактацияның дұрыс және сәтті басталуы үшін өте маңызды. Тиісті азық беру, жеткілікті орын, жеткілікті күндізгі жарық, мінсіз гигиена, қорадағы жақсы климат және стресстің аз болғаны маңызды рөл атқарады.

Тәжірибелі табын менеджерлері сиырларын дене күйі (BCS) 3-тен 3,5-ке дейін болатындай азықтандырады. Бұл дене күйі төлдегенге дейін өзгеріссіз қалуы керек. BCS көрсеткішінің тым төмен болуы сүт өнімділігінің төмендеуіне әкеледі, ал семіздік туу проблемаларына, бауырдың зақымдалуына немесе кетоз сияқты метаболикалық ауруларға ықпал етеді.

Суалған сиырларға азық тұтыну мен месқарын көлемін сақтау үшін жоғары сапалы жем қажет. Сауылатын сиырларға арналған негізгі азыққа жоғары сапалы сабан қосу сиырдың месқарынын толтыру үшін тиімді екені дәлелденген, бірақ сонымен қатар ол сиырдың семіруіне алып келмейді. Транзиттік фазада жоғары энергиялы азық баяу енгізіледі, осылайша месқарын флорасы бастапқы фазада азыққа бейімделе алады. Бұл теріс энергия балансын және бұзаулағаннан кейін месқарынның қышқылдануын болдырмайды. Осы кезеңде сиырдың кальций алмасуы әсіресе қатты зардап шегеді. Қышқыл тұздарды азықтағы калийдің төмен концентрациясымен бірге енгізу көптеген фермаларда тиімді екендігі дәлелденді. Магниймені жеткілікті мөлшерде қамтамасыз ету де маңызды. Бейімделген күтім мен мақсатты азықтандыру суалған сиырлардың денсаулығы үшін өте маңызды және сәтті лактацияның негізін қалайды.

Уве Веддиге

Фото: KFM

14 11, 2024

Ерекше шелектер

2024-11-14T06:25:27+00:0014. ноября 2024|

Бұзау өсіру әлі күнге дейін сүт шаруашылығында аса жауапкершілікті талап ететін сала болып табылады. Атап айтқанда, азықтандыру гигиенасына көп көңіл бөлінеді. Шын мәнінде, бұзау тұратын иглустарда ашық шелектер өте жиі кездеседі, өйткені қақпақтарды ашып, оларды қайта жабу, әсіресе «сүт таксиімен» сүт әкеліп тарату кезінде, көп уақыт алады. Алайда, жазда шаң, ең алдымен, шыбындар ашық тұрған шелектерге өте оңай түседі.

Easyfill қақпағы бар шелектерімен Hiko компаниясы  бұл мәселенің қарапайым және ең алдымен практикалық шешімін ұсынады. Қақпақта өздігінен жабылатын тесік бар, ол арқылы кез-келген уақытта сүт таксиінің келтеқұбырын салып, шелекті толтыруға болады. Осындай қақпағы бар шелекті толтыру  іс жүзінде қақпақсыз шелекті толтырудан айырмашылығы жоқ, сондықтан жұмысшыларға ол ұнайды деп күтуге болады.

Easyfill қақпағы шелектерді тығыз жабады, бұл шаң немесе шыбын сияқты бөгде заттардың кіруіне жол бермейді.

DLG

Фото: Hiko (өндіруші)

7 11, 2024

Азықты ауыстыруға байланысты проблемалар бар ма?

2024-11-07T12:29:59+00:007. ноября 2024|

Соңғы кездері консультациялар барысында сүт ингредиенттерінің мөлшері жоғары деңгейде болса да, сауылатын сүт мөлшері төмендейтінін байқаймыз. Шамасы, жаңа жүгері сүрлемі ескі сүрлемдей «сүт бермейді» және күніне бір сиырдан 2 литр сүт аз алынадыі. Жемшөпті ауыстыру әрдайым қауіпті, бірақ міндетті түрде келесі қателіктерді жібермеуге тырысу керек:

  1. Сүрлемнің жаңа қорын көбінесе келесі күні таңертең ашып беруге тура келеді, өйткені жем тұтыну мөлшері төмендеу болады деп болжамдалған. Месқарын микробтары үшін ескі жүгері сүрлемін жаңасына ауыстырғанның өзінде жем айтарлықтай өзгерген сияқты болады.
  2. Көптеген фермаларда жемшөп екі-үш күн ішінде ауыстырылады. Бұл көптеген табындарға қиын түседі, әсіресе сүрлем энергия, ақуыз немесе жалпы қоректілігі жағынан айтарлықтай ерекшеленетін болса.
  3. Біз азықты ауыстырған кезде бір мезгілде тым көп параметрлер өзгеретінін бірнеше рет кездестірдік. Сүрлем өзгеріп қана қоймай, концентраттың жаңа компоненті де тексеріледі. Нәтижесінде өзгерістерді бағалау мүмкін емес болады.
  4. Азық-түлікті ауыстырудың салдарын кім қадағалайтыны жиі түсініксіз болып қалады. Құрғақ затты тұтынуды, нәжістің консистенциясын кім бақылайды, електен өткізудің нәтижелерін кім талдайды және қандай өзгерістер енгізу керектігін кім тексереді?
  5. Күнделікті азық беретін жұмысшылардың аусуы да жануарлардың басқа тағамға баяу және жеңіл үйренуін қиындатады. Егер азықты әрқашан бір адам беріп жүрсе, месқарын микробтары жақсы бейімделе алады.

Ұмытпаңыздар: азықты тұтыну тұрақты болып қалуы керек, ал нәжістің концентрациясы мен сүттің мөлшері көп өзгермеуі тиіс. Алайда, егер сіздер өздеріңіздің әдісіңізді құжаттап, талдасаңыздар ғана жақсы нәтижелерді қайталай аласыздар.

Уве Веддиге

Фото: Ларс Майер

5 11, 2024

Сиырларды емдеу әдісі: месқарынға зондпен сұйықтық жіберу

2024-11-05T06:28:39+00:005. ноября 2024|

Сиырлардың асқазанына зонд арқылы сұйықтық жіберу халықтық медицинадан бастау алады. Сұйықтық — ол көбінесе дәрілік ерітінді — тікелей жануардың асқазанына жіберіледі. Бұл әдіс дәстүрлі және заманауи мал шаруашылықтарында кездеседі.

Асқазан-ішек жолдарының бұзылуы сияқты ауруларды емдеуден басқа, бүгінгі күні бұл әдіс азық қоспаларын, дәрумендер мен минералдарды енгізу үшін де қолданылады.

Мысалы, кальций қоспалары бар ерітінділерді беру гипокальциемияның алдын алуда маңызды рөл атқарады. E. coli-дан туындаған маститтен кейін детоксикацияны сақтауға арналған заттарды да тез және тиімді енгізуге болады. Туылғаннан кейін бірден зонд арқылы сұйықтық жіберу месқарынның тез толтырылуына әкеледі және осылайша ұлтабардың ығысуына қарсы тұрады. Кетоз кезінде, малдың азықты тұтынуы нашарланған кезінде немесе операциядан кейін қосымша энергия беру және тәбетті ынталандыру үшін де осы әдіс қолданылады.

Қорытындылай келе, зонд арқылы сұйықтық берудің көптеген артықшылықтары бар, ол сиырларды емдеудің құнды әдісі болып келеді. Жетілдірілген процедуралар енгізілген сәттен бастап ол ірі қара малдың ауруларын емдеу мен алдын алу шаралары үшін маңызды рөл атқарады.

Уве Веддиге

Сурет: KFM

31 10, 2024

Орегано майы: бұзау қорасында қолданыла ма?

2024-10-31T08:32:25+00:0031. октября 2024|

Екі жаңа зерттеу барысында орегано эфир майының бұзаулардың диетасына әсері қарастырылды.

Грекия ғалымдары орегано эфир майының жас бұзаулардың диареясына әсерін зерттеді. Бұзаулардың жартысына өмірдің алғашқы 10 күнінде орегано эфир майының 1 кг дене салмағына 12,5 мг берілді, ал екінші топқа берілмеді. Орегано майын қабылдаған топ диареямен сирек ауырды. Орегано майының ең тиімді әсері патогендердің әсер ету деңгейі төмен болған кезде байқалды. Мұндай жағдайларда май әсіресе аш ішекте колибактериялардың шамадан тыс өсуін тежейтін болса керек.

Қытайда жүргізілген екінші зерттеу емшектен шығарғаннан кейін бұзаулардың рационында монензинді орегано эфир майымен алмастыру әлеуетін қарастырды. Монензин — бұл сүт өнімділігін де, жануарлардың салмағын да арттыратын бактерияға қарсы және паразиттерге қарсы препарат.

TMR-де құрғақ заттың әр 1 кг 36 мг мөлшерінде орегано эфир майы қосылып берілген бұзаулар монензин қабылдаған топ сияқты қоспасыз бақылау топтарына қарағанда салмақтың айтарлықтай өсуін көрсетті. Орегано эфир майын қолданудың өзі монензиннің орнына қолданылатын тиімді балама бола алатын сияқты, бір жағынан бұл антибиотик емес, екіншіден өсуді ынталандыратын артықшылықтары бар.

Уве Веддиге, www.dairyherd.com сайт материалдары негізінде

Фото: KFM

29 10, 2024

Жүйе бойынша суалту

2024-10-29T05:23:59+00:0029. октября 2024|

Көптеген желін аурулары суалту кезеңінде пайда болады, суалтудан кейінгі алғашқы екі апта және төлдегенге дейінгі соңғы екі апта әсіресе маңызды кезеңдер болып табылады. Осы уақытта емшек ұштарының жабық болғаны өте маңызды.

Сау жануарларда емшектің шырышты қабығында секреция пайда болады. Бұл «кератин тығыны» деп аталады, суалту кезеңінде  мастит қоздырғыштарының енуінен қорғайды.

Емшек каналы көбінесе жабылмай қалады, әсіресе оның ұшында кератинделген өсінділері бар оңай сауылатын сиырларда. Бұл гиперкератоздар қазақстандық сиырларда кең таралған және дұрыс сауылмағандықтан пайда болады. Нәтижесінде олар инфекция қаупін арттырады.

Ішкі емшек тығыздағышы жеткілікті ме, әлде желіндегі мастит қоздырғыштарын жою үшін антибиотикті қолдану қажет пе, осы бойынша шешім қабылдау көбінесе қиын болады.

KFM бұл мәселені біраз анықтай түседі: команда жақында бақылау парақтары мен жадынамалардың кең сериясын екі жаңа ақпараттық жаднамамен толықтырды: «Дұрыс суалту» және «Тығыздағышты дұрыс пайдалану«. Екі жаднамада да дұрыс шешім қабылдау және дәрі-дәрмектерді қолдану туралы нақты мәлімет бар.

Уве Веддиге

Фото: DLG

25 10, 2024

ҚазАгро: «Үздік сауыншы 2024» байқауы өтті

2024-10-25T07:31:25+01:0025. октября 2024|

Биыл Орталық Азиядағы ең ірі ауыл шаруашылығы көрмесі ауыл шаруашылығының тұрақты дамуы мен аграрлық секторға заманауи технологияларды енгізу үшін қуатты серпін береді. Алғашқы мәліметтер бойынша Астанадағы көрме өткен жылдың нәтижелерінен асып түсті. Осы күндері 320-дан астам экспоненттердің стендтерін көруге 20 000-нан астам адам  келді: https: //kazagroexpo.kz/ru / немесе https://kazagroexpo.kz/en/.

Көрме фойесінде «Қазақстан өзінің ең жақсы сауыншысын іздейді» деген ұранымен жарыс өтіп жатқан кезде көп адам жиналады. KFM барлық сауыншыларды «ҚазАгро» көрмесінде «Үздік сауыншы 2024» байқауында өз шеберліктерін көрсетуге шақырды.

KFM сүт жобасынан Айнагүл Аяғанова кіреберісте жасанды желіні бар сиырдың ағаш макетін орнатып қойған. Келушілердің әрқайсысы отыз секунд  ішінде өз шеберліктерін көрсете алады. Алғаш рет сиыр сауып көретін келушілер конкурсқа нағыз кәсіпқойлармен қатар қатысты. Жеңімпаз отыз секундта ең көп сауылған сүт мөлшеріне қарай анықталды. Барлық қатысушыларға шағын сыйлықтар берілді, ал ең үздіктер үшін бұл күндері тамаша сыйлықтар дайындалған.

Уве Веддиге

Фото: KFM

Go to Top