About Uwe Weddige

This author has not yet filled in any details.
So far Uwe Weddige has created 937 blog entries.
8 01, 2025

2025 жылға қандай жоспарларыңыз бар?

2025-01-08T04:08:50+00:008. января 2025|

Жыл басында кәсіби қызмет саласында әдетте біршама тыныш болады, кеңес бойынша тек бірнеше сұраныс келіп түседі, ал 2025 жылғы жаңа семинар бағдарламасына дайындық негізінен аяқталған болады.

Мен алдағы айларда не істегім келетінін жоспарлау ойлау үшін жаңа жылдың алғашқы күндерін пайдаланғанды ұнатамын. Ал сіздерде жағдай қалай? Сіздер және сізддердің командаларыңыз 2025 жылға қандай мақсаттар қойдыңыздар? Сіз не істегіңіз келеді? Сіз не үйренгіңіз келеді? Жедел мақсаттарды үжыммен алдын ала талқылаңыз және оларды бірге анықтаңыз:

  1. Мақсаттарды жазып қойыңыз.
  2. Мақсатқа жету күнін анықтаңыз.
  3. Кезең бойынша мақсаттарды белгілеңіз.
  4. Мотивация үшін оларды көзге түсетін жерге іліп қойыңыз!
  5. Ешқашан 3-тен артық негізгі мақсат жазбаңыз!

Көптеген шаруашылықтарда эструсты бақылаудың жаңа жүйесін алу немесе жаңа бұзаулаған  сиырларды ұстау менеджментің енгізу сияқты мақсаттар қойылып жатады. Демалу, біліктілікті арттыру және ұжымды біріктіру сияқты «жұмсақ дағдылар» / «soft skills» туралы ұмытпаңыздар! Сіздер мақсаттарыңыздың біріне қол жеткізгеннен кейін, оны қызметкерлеріңізбен бірге атап өтіңіздер. Бұл сіздердің шаруашылықтарыңызды одан әрі дамытуға көмектеседі және сіздерде келесі мақсаттар үшін жаңа идеялар пайда болуына түрткі болады.

Уве Веддиге

Графика: KFM

31 12, 2024

Жаңа жылдарыңызбен!

2024-12-31T05:19:42+00:0031. декабря 2024|

Құрметті KFM жобасының достары мен серіктестері!

Біздің жобаның бесінші жылы және сонымен бірге Аркабайда бірінші жыл – іс-шараларға толы жыл болды. Сондықтан өткен жылы қол жеткізген жетістіктеріміз үшін және 2025 жылға арналған перспективалар үшін РАХМЕТ айту біз үшін маңызды. Біз әріптестік ұйымдар мен жобаларға, Астана мен Берлиндегі екі ауыл шаруашылығы министрлігіне, УНПЦ және «Байсерке Агро» әріптестерімізге, сондай-ақ бізді әрқашан сүйемелдеп, қолдап келген сүтті мал шаруашылығы секторының көптеген сарапшыларына ерекше алғыс білдіреміз.

Сонымен қатар біз қыркүйек айынан бастап семинар бағдарламасының едәуір бөлігін өте білімді және еңбекқор әріптестер ретінде өткізіп келген  төрт жаңа мастер-тренерлерімізге өте ризамыз.

2024 жылы құзыреттілік орталығын құру бойынша үлкен жұмыс атқарылды және біздің оқу фермамызда, «Байсерке Агро» сүт фермасында көп нәрсеге қол жеткізілді. Енді біз өткізілетін семинарлар мен кеңес беру қызметтерін сұранысқа сәйкес келтіруіміз керек, сонымен қатар көптеген басқа тілектер, идеялар мен тұжырымдамалар негізінде қосымша іс-шаралар әзірлеуіміз керек. Сіздер 2025 жылы жобамызды одан әрі қолдайды деп сенеміз. Сіздерге 2025 жылдың сәтті өтуін, денсаулық пен бақыт тілейміз.

Сіздердің KFM ұжымыңыз

Графика: KFM

26 12, 2024

Желіннің денсаулығы & Co

2024-12-26T06:06:19+00:0026. декабря 2024|

Көптеген табындар тепе-теңдікке жете алмайды. Қашанда бір жерде проблема бар сияқты: жануарлардың денсаулығына немесе сүтке байланысты. Төлдеуден кейінгі талықсу, мастит және соматикалық жасушалардың көп мөлшері метаболикалық аурулармен кезектесіп тұрады және сіз себептерін анықтай алмайсыз ба?

Сіз өзіңіздің табыныңыздың  иммундық жүйесі тұрақты, күшті  болғанын қалайсыз, өйткені қазір жануарлар әр инфекцияны жұқтырады, ал сауым мөлшері де ойдағыдай емес. Мәселе қайда жатыр? Ветеринардың біліктілігінде ме, немесе азықтандыру туралы білімде ме? Ешқашан ұмытпаңыздар: азықтандыру жануарлардың денсаулығына тікелей әсер етеді, сонымен қатар шығындардың ең үлкен факторы болып табылады.

Сондықтан сіздің мақсатыңыз — табын мен ферма үшін дұрыс шешім қабылдау үшін азықтандыру бойынша сарапшы болу. Азықтандырудағы қателіктерден құтылсаңыздар, жұмыс уақытын үнемдейсіз, ұйқысыз түндерден ғана емес, ең алдымен шығындардан да арыласыз. Жануарлардың қазіргі сүт мөлшері мен денсаулық жағдайы ғана емес, сонымен қатар ферманың болашағы да азықтандыруға байланысты.

«Жақсы жемшөп = сау сиыр!» тақырыбы бойынша сіздер Арқабайдағы Сүт өндіру құзыреттілігі орталығындағы семинарлар мен тренингтерден біле аласыздар.

Уве Веддиге

Фото: KFM

24 12, 2024

Ауыл шаруашылығынсыз шоколад болмас еді

2024-12-24T06:14:09+00:0024. декабря 2024|

Шоколад пен Рождество бір-біріне арналған. Көптеген адамдар ауыл шаруашылығынсыз шоколад болмайтынын түсінбейтің де шығар…. Бұл тәтті тағамның әрбір үзімінде какао бұршақтары мен дәмдеуіштер бар, барлық тәттіге құмар адамдар біледі оны,  шоколад құрамындағы маңызды  тағы бір бөлігі  — қант. Ол егістікте өсірілген қант қызылшасынан немесе қант құрағысынан алынады. Және, әрине, сүт туралы ұмытпаңыздар. Мүмкін, сондықтан көптеген сорттар сүтті шоколад деп аталады. Мұқият қарасаңыздар, фермерлер бізді қоймаларымыз бен тоңазытқыштарымызды толтыратын барлық нәрселермен қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен қатар олар көптеген кішкентай және үлкен тағамдарға негіз болатын өнімдерді шығарады. Шоколад, торт, ірімшік, шұжық, алма, банан немесе нан болсын, бәрі ауыл шаруашылығынан келеді.

Осы бір себептің өзінен ақ  ауыл шаруашылығы тек «азықтануды» ғана емес, сонымен бірге өркендеу мен бейбітшілікті де білдіреді. Ауыл шаруашылығы – болашақ, фермерлер қажет, олар Орталық Еуропада немесе Орталық Азияда болсын, біздің қоғам үшін таптырмас болып табылады. Кәсіби шектеулер, заңнамалық талаптар, бюрократия және экономикалық тәуекелдерге байланысты барлық ашуларға қарамастан, әсіресе фермерлер өздерінің қандай керемет, жауапты және маңызды жұмыс атқаратынын әрқашан есте сақтағандары маңызды.

Осыны ескере отырып мен Сіздерге мереке күндеріңізді жақсы өткізулеріңізді тілеймін,

Құрметпен Уве Веддиге

Сурет: KFM

19 12, 2024

Кіші фермаларда сиырларды дұрыс азықтандыру

2024-12-19T05:07:28+00:0019. декабря 2024|

Отандық жеке қосалқы шаруашылықтар Қазақстанда сүт өндіруде маңызды рөл атқарады.

KFM жобасы негізінен сүт өндіретін кәсіби шаруашылықтармен жұмыс істесе де, шағын фермалар үшін көптеген ақпарат пен практикалық білім ұсынады. 5 желтоқсанда Зеренді ауылында жеке қосалқы және фермерлік шаруашылықтардан 60-тан астам мүдделі фермерлер жиналды: Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігінің (АШМ) қолдауымен Айнагүл Аяғанова (KFM) екінші рет сүт өндірушілердің осы ерекше тобы үшін семинар ұйымдастырды. «Біз іс — шараға Ақмола облысынан 60-тан астам қатысушының келгеніне қуаныштымыз», — дейді Светлана Пучкова. АШМ-нің жауапты өкілі мұны маңызды және қызықты тақырыппен ғана емес, сонымен қатар «ауылшаруашылық білім беру іс-шаралары үшін ең жақсы»жыл мезгілімен байланысты деп түсіндірді.

Айңагүл Аяғанова сүтті сиырларды азықтандыру және күтіп-бағу бойынша маңызды тақырыптарды талдап, шағын табындарға ерекше назар аударды. KFM жобасының азықтандыру бойынша сарапшысы өз презентациясында ең маңызды тақырыптарды қозғады. Содан кейін ол бір сағаттан астам уақыт бөліп, қатысушылардың көптеген сұрақтарына жауап берді.

Айнагүл Аяғанова

Фото: KFM

18 12, 2024

Bressel&Lade сүрлем алу шөміші өзінің тиімділігін дәлелдеді

2024-12-18T04:18:29+00:0018. декабря 2024|

Бірнеше аптадан бері Арқабай ауылындағы Байсерке-Агро компаниясы  траншеялардан  сүрлем алу үшін жаңа техниканы қолданып келеді. Қолданыстағы телескопиялық тиегішке қазір Вressel&Lade сүрлем алу шөміші орнатылған. 500 сауын сиыры бар сүт өндіретін ферма Алматыдан 20  км жерде орналасқан және 2024 жылдан бастап сол жерде Германияның қолдауымен құрылған сүт өндіру саласындағы біліктілікті арттыру орталығы да орналасқан.

«Сүрлемге ауаның түсу қаупі жиі кездеседі, әсіресе температура жоғары болғанда немесе сүрлемнің  мөлшері аз болса», — дейді ферма басшысы Ларс Майер. Төменгі Саксониядан келген мал шаруашылығы маманы «тіпті тәжірибесі аз жүргізушілер де жаңа жабдықпен сүрлемді біркелкі кесе алады, ал сүрлем өзінің анаэробты тұрақтылығын сақтайды» деп қосады.

Сүрлем  неғұрлым оңай алынса, сүрлем массасын алу процесі және  көлік құралғысы соғұрлым аз зақымдалады. Ені 200 см сүрлем шөмішін дөңгелек және төртбұрышты шөп теңдерін көтеріп жылжыту үшін де пайдалануға болады. Бұл уақытты үнемдейді және малды азықтандыру жүмыстарын жеңілдетеді, өйткені қосымша құралдарды ауыстырудың қажеті жоқ. Өте берік конструкциясының арқасында бірнеше күн қолданғаннан кейін бұл қондырмалар әртүрлі жұмыстарда қолданылатын болды. TMR дайындау бойынша кеңестерді KFM жобасының «Жем араластырғышты толтыру» атты тегін жадынамасынан алуға болады

Уве Веддиге

Фото: KFM

14 12, 2024

Фермадағы салауатты өмір

2024-12-14T01:47:14+00:0014. декабря 2024|

Ғылым фермада өскен балалар қалалық балаларға қарағанда аллергиямен сирек аурады дейді. Бірақ неге бұлай?

Мюнхендегі Гельмгольц демікпе және аллергияның алдын алу институтының жетекшісі Эрика Фон Мутиус фермалардағы балалар жұтатын шаңда көптеген эндотоксиндер бар екенін анықтады. Олар баланың иммундық қорғанысын ынталандырады және осылайша иммундық жүйенің кейінгі жалған реакцияларының (аллергия) алдын алады. Нәтижесінде прогрессивті қабыну тоқтайды.

Сондай-ақ, фермадағы өмір ішек микробиомасының дамуына ықпал ететіні анықталды. Әр түрлі зерттеулер шикі сүтті үнемі тұтынатын балалар демікпеден, аллергиядан және респираторлық инфекциялардан жақсы қорғалғанын көрсетеді. Сондықтан қазіргі уақытта Mutius балалардағы аллергияның алдын алу жолдарын табу үшін сиыр сүтінің әсерін зерттеп жатыр.

Жалпы, зерттеулер көрсеткендей, манифестті демікпесі бар балаларда ферма шаңымен ынталандыру әсерінен кейін туа біткен иммундық жүйенің кейбір жасушаларының деңгейі төмендейді. Зерттеушілер балалардағы демікпе мен басқа аллергиялардың алдын алу үшін, сондай-ақ ауру балаларға көмектесу үшін қора шаңында пайдалы заттар бар ма екенің зерттейді.

Дереккөз: ntv.de, өндеген Уве Веддиге

Фото: Айнагүл Аяганова

10 12, 2024

Бұзауларға арналған «киім»

2024-12-10T04:23:40+00:0010. декабря 2024|

Жаңа туылған бұзаулар жылу жоғалтуға бейім. Ғылыми зерттеулер көрсеткендей, қоршаған ортаның төмен температурасы емшектен шығарылғанға дейінгі орташа тәуліктік салмақтың төмендеуімен байланысты.

Жылу шамдары азықтандыру кезеңінде бұзаулардың өсу қарқынына оң әсер еткенімен, бұзау кеудешелері мұндай әсер етпейді деп айтылады.

Дегенмен, тәжірибелі фермерлер суық мезгілде арнайы бұзау кеудешелерін пайдаланады. Төменгі Саксония ауылшаруашылық палатасының қызметкері Генрике Янсен:» бұл кеудешелер бұзаулардың иммундық жүйесін күшейтеді және оларды суықтан туындаған стресстен қорғайды», — дейді. Бұзау өсіру бойынша сарапшы сонымен қатар суықтан қорғау әсіресе диарея сияқты аурудан әлсіреген бұзаулар үшін маңызды екенін атап көрсетеді.

Жаңа туылған бұзауларды сүлгімен немесе сабанмен сүртіп кептіру керек, әсіресе қыста туылғаннан кейін және жүні құрғағанша жылы боксқа салу керек, әйтпесе олар көп жылу жоғалтады. Денедегі төмен температура бұзаулардың азықты нашар қабылдауына және сүтті баяу қорытуына әкеледі. Суық күндері сізге көбірек сүт қажет болады. Сондықтан консультанттар төмен температурада азықтың мөлшерін және/немесе концентрациясын едәуір арттыруды ұсынады. ҚФМ-нің «Қыста бұзау өсіру» парақшасын оқыңыз.

 

Уве Веддиге

Сурет: Веддиге

6 12, 2024

Сүт шаруашылығы және тұрақты даму

2024-12-06T08:50:14+00:006. декабря 2024|

Жаһандық климат проблемалары — бұл факт. Сүт өнеркәсібі сонымен қатар шығарындыларды одан әрі азайтуға және экологиялық маңызды циклдарды біріктіруге тырысуда.

Германияның ауылшаруашылығы шығарындылардың мөлшері төмендегенін хабарлайды: 1990 жылдан 2022 жылға дейін жыл сайынғы жылыжайлық газдар шығарындылары 71,6-дан 52,2 миллион тоннаға дейін төмендеді. Сол кезеңде метан шығарындылары шамамен 27% — ға қысқарды. Бұл ауыл шаруашылығы секторы 2023 жылға арналған климаттық мақсаттарға қол жеткізгенін білдіреді. Дегенмен, әсіресе метан шығарындылары қоғамдық пікірталастардың тақырыбы болып келеді.

Барлық пайымдаулар барысында шөптер мен өсімдіктердің басқа бөліктерін адам сіңіре/қорыта алмайтындығын ұмытпау керек. Ал сиырлар оларды құнды негізгі азыққа айналдыра алады. Сонымен олар метанды ауаға шығарады, ол кейіннен СО2 түрінде атмосферада ыдырағанға дейін болады. Сиырлар жейтін шөптер мен басқа өсімдіктер атмосферадан СО2-ны қайтадан байланыстырады және осылайша цикл жалғаса береді.

Германиядағы сүт сиырларының CO2 мөлшері әлемдегі орташа деңгейден екі есе аз. Бұған жайылымдардың жоғары үлесі және сұранысқа бағдарланған азықтандыру, мал ұстау жүйесі және салалас процестердің үнемі дамуы ықпал етеді.

Дереккөз: Initiative Milch, қысқартқан Уве Веддиге

Фото: Веддиге

3 12, 2024

Иглу үйшіктері қыста

2024-12-03T04:40:53+00:003. декабря 2024|

Бұзау өсіру үшін иглу пайдалану көптеген фермаларда стандартты тәжірибеге айналды. Кішкентай ақ үйшіктер көптеген жылдар бойы барлық климаттық аймақтарда өзін дәлелдеді.

Әр түрлі ғылыми зерттеулер мен қорытындылар бұзауларды иглуста ұстауды оңтайлы жүйе деп сипаттайды. Осы мәліметтерге сәйкес, диарея, мысалы, қораларда үйшіктерге қарағанда ауыр өтеді. Тұрақты таза ауа, жеткілікті жарық және көптеген экологиялық факторлар бұзаулардың денсаулығын, өміршеңдігін және әл-ауқатын айтарлықтай жақсартады.

Дегенмен, иглустағы ең жақсы ауа және жарық режимі берік шатырдың астында дұрыс орнатылған жағдайда ғана мүмкін болады. Жануарлар іс жүзінде далада, бірақ суық жел мен жаңбырға ұшырамайды. Бұзауларға әсіресе өтінді жел зиянды. Ауа ағынының жылдамдығы 0,2 м/с-тан аспауын қадағалау керек. Әр түрлі ауа-райында қарапайым өлшеу құралымен тексеріп тұру (суретті қараңыз) қажет.

Әрбір келесі бұзаулар тобын орналастырар алдында үйшіктерді тиісті түрде тазалап, дезинфекциялау керек. Содан кейін бұзауды суық жерден оқшаулау үшін жеткілікті түрде қалың қылып сабан төсеу керек. Қосымша ақпарат алу үшін KFM-нің «Nesting-Score» атты бұзаулар төсеніші қандай болатындығы тұралы тегін жадынамасын оқыңыздар.

Қыста жануарлардың ең жақсы төсеніші бар болса да бұзауларға кеудеше «кигізу» керек. Бұл қарапайым шара бұзауларға энергия деңгейін реттеуге көмектеседі. Олар сонда аурмайды, құрғақ сүтті аз қажет етеді және тезірек салмақ қосады.

Уве Веддиге

Фото: KFM

Go to Top