«Тездетіп істеп бересіз бе…» — бұл қазіргі еңбек әлеміндегі ең жиі өтініш. Бірақ бұл әріптестер өтінішінің астарында көбіне жымысқы жүйе жатады. Үнемі «иә» деп жауап беретін адамның көмегін пайдалануды басқалар тез әдетке айналдырады.
Ауыл шаруашылығы — бұл жай ғана жұмыс орны емес. Барлығы табысқа жетудің негізін қалайтын «бірлікке» шақырады. Бірақ астарлы ынтымақтастық көбінесе көмектесуге дайын әріптестерді пайдалану болады. Көбінесе бәрі біреудің өтінішін орындау немесе демалыстағы әріптесінің орнына жұмыс жасаудан басталады. Бірақ бір сәтте сіз өзіңіздің жұмысыңызды ғана емес, әріптестеріңіздің жұмысын да орындайтыныңызды байқайсыз.
Бізге шекараны белгілеу неге соншалықты қиын? Мәселе заманауи командалық рухтың өзегінде жатыр. «Жоқ» деп айтуға «батылы барған» адамды командамен/ұжыммен бірігіп жұмыс істей алмайды деп айыптайды. Сізді пайдаланып отырған әріптестеріңіз „жайлы“ адам олардың жұмысын орындайтынына үйреніп кетеді. Олар адал және үйлесімділікке ұмтылатын адамдарды пайдаланады.
Шекара бұзылып, сізді пайдалану басталғанын қалай тануға болады?
Бір қызығы, басқаларға емес, үнемі тек өзіңізге сондай өтінішпен келеді. Сіз үнемі өзіңіздің негізгі қызметіңізге мүлдем қатысы жоқ міндеттерді орындап жүресіз. Сіздің негізгі міндеттеріңіз орындалмай қалады, өйткені сіз үнемі басқаларға көмектесесіз. Сіздің қосымша жұмысыңыз енді игілік ретінде қарастырылмайды, ал қалыпты болып саналады.
Мұндай динамиканың салдары қатерлі. Көптің жұмысын бір-екі адам істеп жүре береді деген ұстанымға негізделген команда тұрақсыз және тиімсіз. Ол инновация емес, ашу-ыза тудырады. Өзі мен басқалардың арасында шеқара қоя білу қажет және ол кәсібиліктің маңызды белгісі болып табылады. Әріптестер — шарттық қарым-қатынас шеңберіндегі серіктер ғана, сол шеңбердең аспайды.
Сондықтан, егер ынтымақтастық біржақтылыққа әкелетін болса, нақты «жоқ» дейтін кез келді. Өйткені, «қызметке қызмет» екі жақты болуы керек.
Уве Веддиге
Фото © KFM: Көмектесуге дайын болу әрине жақсы, бірақ кейбір әріптестер мұны өз міндеттерін басқаларға жүктеп демалу үшін пайдаланады.