Жобаны жүзеге асыратын орындаушылар

Жобаны жүзеге асыратын орындаушылар vor Ort

Жобаны Германия Федералдық азық-түлік және ауыл шаруашылығы министрлігінің (BMEL) тапсырмасы бойынша ADT Project Consulting GmbH және Iak Agrar Consulting GmbH компанияларынан құралған консорциум жүзеге асырады. Екі серіктестің Қазақстанда 10 жылдан астам тәжірибесі бар. Екі компанияда да консалтинг, сондай-ақ тұрақты сүтті мал шаруашылығы үшін мамандарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру халықаралық жобалар шеңберіндегі жұмыстарының негізгі бағыттары болып табылады. Бұдан басқа, екі әріптестің де BMEL-дің екіжақты ынтымақтастық бағдарламасы аясында жобаларды жүзеге асыруда көпжылдық тәжірибесі бар.

www.adtproject.de  www.iakleipzig.de

Азық-түлік және ауыл шаруашылығы федералдық министрлігінің екі жақты ынтымақтастық бағдарламасы бойынша бас уәкілі

GFA Consulting Group GmbH Азық-түлік және ауыл шаруашылығы федералдық министрлігінің екіжақты ынтымақтастық бағдарламасы бойынша бас уәкілі болып табылады. GFA жобаның тұжырымдамалық іске асырылуын басқарады және оның барысын мониторингілеу үшін жауап береді.

GFA Consulting Group GmbH туралы қосымша ақпаратты мына сайтта табуға болады:

www.gfa-group.de