Жаһандық климат проблемалары – бұл факт. Сүт өнеркәсібі сонымен қатар шығарындыларды одан әрі азайтуға және экологиялық маңызды циклдарды біріктіруге тырысуда.
Германияның ауылшаруашылығы шығарындылардың мөлшері төмендегенін хабарлайды: 1990 жылдан 2022 жылға дейін жыл сайынғы жылыжайлық газдар шығарындылары 71,6-дан 52,2 миллион тоннаға дейін төмендеді. Сол кезеңде метан шығарындылары шамамен 27% – ға қысқарды. Бұл ауыл шаруашылығы секторы 2023 жылға арналған климаттық мақсаттарға қол жеткізгенін білдіреді. Дегенмен, әсіресе метан шығарындылары қоғамдық пікірталастардың тақырыбы болып келеді.
Барлық пайымдаулар барысында шөптер мен өсімдіктердің басқа бөліктерін адам сіңіре/қорыта алмайтындығын ұмытпау керек. Ал сиырлар оларды құнды негізгі азыққа айналдыра алады. Сонымен олар метанды ауаға шығарады, ол кейіннен СО2 түрінде атмосферада ыдырағанға дейін болады. Сиырлар жейтін шөптер мен басқа өсімдіктер атмосферадан СО2-ны қайтадан байланыстырады және осылайша цикл жалғаса береді.
Германиядағы сүт сиырларының CO2 мөлшері әлемдегі орташа деңгейден екі есе аз. Бұған жайылымдардың жоғары үлесі және сұранысқа бағдарланған азықтандыру, мал ұстау жүйесі және салалас процестердің үнемі дамуы ықпал етеді.
Дереккөз: Initiative Milch, қысқартқан Уве Веддиге
Фото: Веддиге