Сауылатын сүт мөлшері тек табын сау болғанда және ол жемді көп мөлшерде жейтін болса ғана көбеюі мүмкін. Ол үшін азық дайындау барысында ұсақтау ұзындығы құрғақ заттың құрамына сәйкес келуі керек, сонымен қатар жүгері дәндерін мүмкіндігінше бәрін ұсақтау керек. Бұны егін жинау кезінде ғана қадағалап, реттей аласыздар. Сондықтан жүгеріні жинау барысындағы ең маңызды адамдар-сүрлемді нығыздайтын трактор жүргізушісі және егін тексеретін инспектор.

Әр сағат сайын астықтың құрғақ зат құрамын кептіргішті немесе микротолқынды пешті қолданып анықтап, ұнтақтау ұзындығын реттеу қажет. Електің көмегімен тексеруші тым ұзын бөлшектерді “іздейді”. Екінші жағынан, дәндердің ұсақталуын қарапайым суды қолданып талдау арқылы оңай бағалауға болады. Ол үшін бір литр жүгері сүрлемді бір шелек суға салады; бөлшектенбеген/жарылмаған жүгері дәндері мен олардың бөлшектері тез түбіне түседі.

Ұсақтау сапасының нысаналы көрсеткіштері:

  • Барлық жүгері дәндері кем дегенде төртке бөлінеді немесе ұсақталады.
  • Өсімдіктің барлық бөліктері жеткілікті қысқа, соның ішінде кішкентай жапырақтар да. Ұнтақтау ұзындығы ұнтақталған материалдың құрамындағы құрғақ затқа байланысты.
  • Шабу биіктігі кем дегенде 25 см болуы керек. Биіктігі неғұрлым жоғары болса, энергия тығыздығы соғұрлым жоғары болады. Бұл жемді тұтынуға оң әсер етеді.

Егін жинау кезінде ұсақтау ұзындығын бақыламайтын және кейіннен дәндердің ұсақталу деңгейі мен жемшөпті таңдауда проблемалары бар фермалар бір сиырға шаққанда жылына 75-тен 100 000 теңгеге дейін (жылына 150-200 еуро) жоғалтады.

Сүрлемді дайындау туралы толығырақ KFM ақпараттық бюллетенінен оқи аласыз, оны мына жерден тегін жүктеп алуға болады.

Уве Веддиге

Фото: KFM