Сиыр ежелден суық климатқа шыдамды дала жануары болып табылады, сондықтан ол салыстырмалы температура диапазонында да өзін жайлы сезінеді. Сонымен қатар, сиырлар табын жануарлары боғандаықтан қораларды жоспарлау кезінде әрқашан олардың топтық әлеуметтік ерекшеліктерін ескеру қажет.
“Біз сиырдың қажеттіліктеріне назар аударуымыз керек” деген ұстаным Байсерке-Агро оқу орталығында өткен қора салу және оны жабдықтау бойынша көпкүндік семинардың ортақ тақырыбы болды.
Уве Веддиге ғимараттардың жайлылығы үшін манызды қасиеттеріне назар аударды. Бірақ ол қора климаты мен сиырлардың жатып-тұратын жерлеріне ғана емес, сонымен қатар көп еңбекті қажет ететін сауу залы мен мал емделетін немесе төлдейтін аймақтарға да тоқталды. “Дұрыс жоспарламаса жұмысшылар мұнда көп уақыт жоғалтып қана қоймай, сонымен қатар жұмысты да ойдағыдай істей алмайды”,-деп атап өтті Шлезвиг-Гольштейн ауыл шаруашылығы палатасының құрылыс жөніндегі бұрынғы кеңесшісі.
Автоматтандыру, цифрландыру және жасанды интеллект (ЖИI) жаһандық мегатрендтер болып саналса да, қандай техника қай жерде қолданылатынын мұқият қарастырған жөн. Мысал ретінде ол ірі компанияларда сауу жұмыстарын автоматтандырудың кейбір қадамдарын атап өтті. Екінші жағынан, азықтандыру, мал табынының өз төлінен өсіп-өнуі және қорадағы климат салаларында оңтайландыру әлеуетінің көлемі кең болады, оны міндетті түрде пайдалану керек. “Болашақта жасанды интеллект бізге жануарларды бақылауға көмектеседі және “мал иесінің қырағы көзінің” кору аймағын кеңейтеді”, – деп сенеді ауыл шаруашылығы инженері.
Уве Веддиге
Сурет: KFM