Мастер-тренерлерді даярлау бағдарламасының жартысынан көбі аяқталды және біздің болашақ жаттықтырушыларымыздың сүт өндіру саласындағы заманауи және маңызды білімдері бар. Өткен апта алдыңғы семинарлардың үздіксіз жалғасы болды, өйткені мақсатты асылдандыру жұмыстарын жүргізу үшін ферма меңгерушісі өз табынын қай бағытта дамытқысы келетінін және қандай мақсаттарға ұмтылатынын білуі керек. Сонымен қатар, бұл жұмыс Қазақстанда субсидияланады және бақыланады.
Сүт өнімдерін өндіру бойынша консультант мал шаруашылығында жеткілікті білімге ие болуы керек және осы мәселе бойынша сауатты кеңес бере алуы керек.
Қазақстандағы селекциялық жұмыстар жөніндегі уәкілетті орган – ірі қара малдың сүтті және аралас тұқымдарының Республикалық Палатасы. Оның бас сарапшысы Асхат Чиндалиев ҚФМ-мен бірлесе отырып, “сүтті ірі қара малды селекциялық-асылдандыру жұмыстары” тақырыбында семинар ұйымдастырды.
Ағымдағы жылдың 18-20 маусым аралығында “Байсерке-Агро” ғылыми-өндірістік орталығының қатысушыларын геномдық, индекстік және дәстүрлі бағалау сияқты малды бағалаудың әдеттегі әдістерімен таныстырды. Содан кейін бірінші төлдейтін сиырлардың сыртқы белгілерін бағалауын (сызықтық бағалау) үйрету бөлімі мал қорада өткізілді.
Айнагүл Аяғанова
Сурет: KFM