Сауу жұмыстары мен сауу техникасы сүттің сапасы мен желіннің денсаулығына айтарлықтай әсер етеді. Сауу құрал-жабдықтарын үнемі тексеріп отырғанда ғана ақаулықтарды уақтылы анықтауға және тез түзетуге болады. Д-р Михаэль Хубаль жақында Байсерке-Агро орталығына келген. Бір апталық курста Төменгі Саксония ауылшаруашылық палатасының сауу техникасы және желін денсаулығы жөніндегі кеңесшісі Аркабайдағы сүт өндіру саласындағы құзыреттілікті арттыру орталығында ферманың сауу бригадалары мен болашақ жаттықтырушыларды оқытты.
Басты назар желінді тазарту, сұттің алғашқы тамшыларын бөлек сауып алу және стимуляцияға аударылды. Қатысушылардың бірі: “Михаэль Хубальдың сауу аппаратын дұрыс кигізу бойынша кеңестері бізге жақсырақ және тезірек сауға көмектеседі”, – деп атап өтті.
Бірақ сауу жүйесін тексеру де назардан тыс қалған жоқ. Төменгі Саксониядан келген сарапшы өзінің өлшеу жабдықтарымен вакуумды реттеуді ғана емес, сонымен қатар емізік шыныаяқтарындағы пульсация мен оның жұмысын да тексерді. “Бұл негізінен сауу техникасының дұрыс орнатылғанына және дұрыс жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізу үшін ақауларды тексеру”, – деп түсіндіреді кеңесші.
Уве Веддиге
Фото: KFM