Шағын шаруашылықтар – негізгі проблемалар неде?Неміс сарапшысы жақында оңтүстік Қазақстанда жағдайды талдап, семинарларға, оқу курстарына және консультациялық қызметтерге қажеттіліктерді анықтау үшін болды. Үш облыста – Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарында – доктор Ульрих Шмидт сүт өндірудегі проблемалар мен мүмкіндіктерге қатысты көптеген шағын сүт өндірушілер мен өңдеушілерден сұхбат алды.
Қазақстандық “Атамекен” кәсіпкерлер палатасының әйелдер ұйымымен, ауыл шаруашылығы әкімшілігімен және жергілікті әкімдіктермен байланыс шағын фермерлік шаруашылықтардың жағдайы туралы құнды мәліметтер алуға мүмкіндік берді. Бұл деректер аулдардағы жеке үй шаруашылықтар топтарына арналған оқыту курстарын әзірлеу кезінде пайдаланылатын болады.
Ветеринарлық гигиена, тамақтандыру, сүт гигиенасы және фермераралық ынтымақтастық сияқты тақырыптар тез арада манызды деп анықталды. Сондықтан KFM жобасы тиісті үй шаруашылықтары немесе ауылдық қоғамдық ұйымдар үшін жылына кемінде үш курс ұсынатын болады. Курстарды ұйымдастыру кезінде жұмыс істейтін әйелдердің сабақтарды өткізу уақыты мен орны тұрғысынан мүмкіндіктері ескерілетін болады.
Уве Веддиге
Фото: KFM