Сүт фермаларының саны тез өсуде, бірақ көбінесе жақсы дайындалған мамандар жетіспей жатады. Бұл тапшылықты жою үшін KFM жобасы өзінің кешенді оқыту және біліктілікті арттыру бағдарламасын белсендіруді жоспарлап отыр.

Біз семинарлар мен оқу курстарын өткізу үшін бірнеше жаттықтырушыларды/тренерларды қабылдаймыз. Бұл мамандар жаздан/күзден бастап шағын және ірі сүт өндіруші шаруашылықтарға  көптеген курстар өткізеді. Біз тәжірибе мен теория арасындағы тығыз байланысқа ерекше мән береміз. 2024 жылдың күзінен бастап “мастер-тренерлар” сүт өндіру бойынша кеңесшілердің бірінші тобын оқытады.

Үміткерлердің сүт өндіру немесе сүт өндіру бойынша кеңес беру саласында расталған тәжірибесі болуы және қарқынды түрде оқуға қызығушылығы болуы керек.

Болашақ жаттықтырушыларды оқыту төрт айлық бағдарламасы сүт өндіру, жем өндіру, құрылыс және шаруашылықты басқару сияқты салаларға бағытталған. Олар сонымен қатар әдістемелік және дидактикалық құралдарды пайдалануды үйренеді.

Оқу бағдарламасы наурыз айының басында басталып, маусым айының соңында бітіру емтиханымен аяқталады. Бағдарламаны сәтті аяқтаған соң қатысушылар  Германияда тағылымдамадан өтеді деп жоспарланған.

Оқуға қабылдау және оқу туралы сұрақтарға Айнагуль Аяганова (тел.: +7701 910 3375, e-mail: ainagul.ayaganova@adt.de) мен Сымбат Сагындыкова  (тел.:+7707 124 2466, e-mail: sagyndykova.sr@mail.ru)  жауап береді.

Уве Веддиге

Фото: KFM