Бұзаулар алдындағы және одан кейінгі кезең, транзиттік фаза деп аталады,ол лактацияның жақсы басталуы үшін өте маңызды. Дене температурасын үнемі өлшеу – бұл фазада жануарлардың денсаулығын бақылаудың қарапайым да және арзан әдісі.
Бұл қарапайым шара жақындап келе жатқан босану кезеңін анықтауға мүмкіндік береді: бұзаулар алдында бірнеше күн бұрын дене температурасы 39,0-39,5°C дейін көтеріледі. Температура 0,5-1,0°C төмендегесе, келесі 12-24 сағат ішінде сиыр бұзаулайды деп күтуге болады.
Егер бұзаулағаннан кейін дене температурасы 38,2°C-тан төмен түссе, бұл кальций жетіспеушілігінің алғашқы белгісі болуы мүмкін. Осылайша, сүт безгегімен күресу шаралары ерте басталуы мүмкін. Тәбеттің болмауымен қатар, 38,2°C-тан төмен температура кетоздың белгісі болуы мүмкін.
Алайда, егер бұзаулағаннан кейін дене температурасы 39,5°C-тан жоғары көтерілсе, бұл қабыну процесінің айқын белгісі. Себептер, мысалы, шудың түспегені немесе желіннің қатты қабынуы болуы мүмкін.
Жануардың денсаулығының әдеттегі мониторингімен қатар, дене температурасын өлшеу – бұл бұзаулау уақытын анықтаудың және метаболикалық бұзылуларды немесе қабынуды ерте анықтаудың қарапайым әдісі.
Осы тақырып бойынша KFM жобасының “Дене температурасы бізге нені білдіреді?” атты жаднамасын оқұға ұсынамыз.
Уве Веддиге
Графика: KFM/Gasteiner